жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесіндегі өмір пәлсапасы
№36 орта мектеп
Орынбасарова Әсел
9 «Б» сынып оқушысы
Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесіндегі өмір пәлсапасы
Ғылыми жетекші:
қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Сейталиева Гуляим Жаналиевна
Тараз қаласы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ________________________________________________________ 3
«Шыңырау» повесіндегі өмір пәлсапасы____________________________ 6
ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ_________________________________________________
Философиядағы адам мен табиғат мәселесі______________________ 9
Тепе-теңдік, үйлесімділік – философиядағы «адам» және «су» концеп
тілері___________________________________________________________ 11
1.3.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесіндегі «шыңырау», «су» концептілері_ 12
ҚОРЫТЫНДЫ___________________________________________________ 14
«Судың да сұрауы бар»___________________________________________ 15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ____________________ ______ 16
Ғылыми жобаның өзектілігі. Дүниедегіеңбасты құндылық – өмір. Өмірдің қауіпсіздігі бірінші орынға қойылуы тиіс. Қауіпсіздік сақталмаған жағдайда, адамның ең қымбат дүниесі – өмірінен айырылып қалуы – қас-қағым сәт. Ең өкініштісі, адамның өз ішкі психологиялық жай-күйін қалыпты сақтай алмағандықтан мерт болатын жағдайлар қазіргі өмірде өзекті мәселеге айналды.
Қазіргі заман – ғылым мен техниканың қарыштап алға басқан заманы. Адамзат өркениеттің жоғары дамуына өткен сайын, оның жан дүниесі де бұрын-соңды тарихта болмаған құлдырауды басынан өткізуде. Адамның ішкі дүниесі табиғаттың сырын түсінуден қалып, небір апатты оқиғаларға себеп болуда. Сондықтан қоғамның барлық салаларында адам мен табиғат арасын үйлестіруге жан-жақты амалдар жасалуда.
Осы күнге дейін тіл мен таным мәселелері философия мен лингвистика ғылымы аясында жеке-жеке зерттелсе, бүгінде лингвистика ғылымында тіл мен танымды бірлікте қарастыру үрдіске айналды. Жазушылар да бұл мәселеден құр қалып жатқан жоқ. Оның шешуші жолы ретінде адамның алдымен өз ішінде үйлесімді, тепе-теңдікте болуы қажеттігі айтылады.
Сондықтан зерттеудің өзектілігі – Ә.Кекілбаев повесіндегі табиғат пен адамның арасындағы қарым-қатынасына жаңа жаһандық, философиялық көзқарас, жаңа концепция, жаңа тұжырымдама қалыптаса бастағанын көрсету болып табылады.
Табиғат – дала, адам – Еңсеп, оның ішкі сезімі, сын сағаттағы сезімі, қорқынышы, үрейі, қуанышы т.б. Жапонияда жасы 100-ден асып кеткен қариялардың саны 50 000 асып жығылады екен. Өйткені бүкіл дүние жүзінде ең алғаш рет өзінің эмоциясын бақылай алатын халық осылар болып шықты. Сондықтан адамның өз сезіміне ие болуы – адамның аманат жанын сақтап қалудың, өмірінің ұзақ болуының кепілі.
Адамның өмірі, тірі болуы – дүниедегі ең басты құндылық. Әр адам өз өмірін қорғауға міндетті.
Бұл жаһандық жаңа көзқарастың көркем әдебиеттегі көрінісін Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесіндегі Еңсептің ішкі жан дүниесі, оның психологиялық күйінің қозғалысы арқылы берілген.
Зерттеу нысаны. Адам мен табиғат концептілерінің танымдық мәні.
Зерттеудің пәні. Ш.Мұртаза әңгімелеріндегітабиғат пен адамның концептілері.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - жазушы әңгімелері негізінде «адам» мен «табиғат», «шыңырау», «су» концептілерін талдау, саралау және олардың танымдық сипатын анықтау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді орындау көзделеді:
- «концепт» ұғымдарына беріліп жүрген ғылыми түсініктемелерге тоқталу, өзіндік анықтама беру;
- «адам», «табиғат», «шыңырау», «су» концептілерінің философиялық, танымдық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің әдіснамалық негізіне жалпы тіл біліміндегі, қазақ тіл біліміндегі, философиялық ғылым салаларындағы адам мен табиғат тұжырымдамасына байланысты танымдық зерттеулер бойынша теориялық тұжырымдар алынды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Философия бойынша Аристотель, әл-Фараби, Бэкон, Абай, Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, Э.Фромм сияқты авторлардың көзқарастары назарға алынды.
Тіл білімінің зерттеушілері, соның ішінде отандық ғалымдар: авторлардың ғылыми еңбектері пайдаланылды.
Тақырыпты жан-жақты меңгеру жолында біршама сөздіктер мен энциклопедиялар: орысша-қазақша түсіндірме сөздік, Қазақ энциклопедиясы, Ашық энциклопедия пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу барысында зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми-теориялық, психологиялық және әдіснамалық әдебиеттерді талдау және жинақтау, танымдық тұрғыдан талдау, баяндау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.Бұл жобаның негізгі өзегі – Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесіндегі адам мен табиғат тұжырымдамасына, мәселелеріне алғашқы рет зерттелмеген материалда танымдық көзқарас тұрғысынан талдау жасалып, зерттеу нысанына айналып отыр. Ғылыми жаңалығы – жазушы шығармасының негізінде адам мен табиғат концептілерін тұжырымдау.Ә.Кекілбаев көркемдік әлемін адам мен табиғаттың ішкі байланысы тұрғысынан ең алғашқы рет ғылыми зерттеу болып табылады.
Әдіснамалық және теориялық негізі белгілі ғалымдардың еңбектері;
жобаның тұжырымын қалыптастыруда қазіргі ғалымдардың, зерттеушілердің шешімдері маңызды қызмет атқарады. Зерттеуде әдебиетті зерттеу тәжірибесі ескерілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- Ә.Кекілбаев өмір философиясын терең игерген жазушы.
- Өмір – ең басты құндылық. Өмір қауіпсіздігін сақтау – адамның ең басты міндеті.
- Табиғат – «тірі» және жұмбақ дүние. Сырын ұғу үшін адамның Адам өз ішінде үйлесімді болуы қажет, адам табиғаттың ішкі сырын тек өзінің ішкі дүниесінде тәртіп болғанда түсіне алады, тек сонда ғана табиғатпен тепе-теңдік сақталады. Үндестік болмаса, ажал құшады.
- Концептілер – философиялық тұжырымдар. «Шыңырау», «су» - концептілер.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 «Шыңырау» повесіндегі өмір пәлсапасы
«Сізге өмірлік пәлсапа қажет пе,дәлірегі қазақ даласының пәлсапасы қажет пе, онда Сіз шет жұрт жазушыларының атағына жығылып, бірыңғай құлай бермей, олардан тереңдік әлемі бай болмаса, еш олқы соқпайтын өз суреткеріңіз, өз ойшылыңыз Әбіштің шығармаларын да бір мезгіл оқып, ойға батып, бойға сіңіріп көріңізші!..» [1]
Қазақстан халық жазушысы Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі – Маңғыстау даласындағы әйгілі құдықшылар өмірі, құдықшылық кәсіптің қыр-сыры жазылған шығармасы. Повесть 1982 жылы жарыққа шықты. Жазушы Маңғыстаудағы құдықтардың тереңдігіне байланысты түрліше аталатынына тоқталған: «Ұйқыдағы арудың оянуы» еңбегінде екі құлаштан асқанды құдық, ал бес құлаштан асқан құдықтарды шыңырау дейді. Құдық суын қолдап, ал шыңырау суын тек шығырмен ғана тартатынын ескерген.
Повестке басты негіз болған – ел аузындағы шөл даладағы бірден-бір су көзі – құдық, құдықшылық кәсіпке байланысты жазылған «Шыңырау» повесіне арқау болған аңыздар, соның ішінде «Ақотты нар» аңызы және «Аңыздың ақыры» романындағы кейбір аңыз ел аузынан жиналып, көркемдік шешімі тұрғысынан сөз етілген.Аңыздың бірнеше нұсқасы ел аузынан жиналып, екшеле салыстырылып, жазушының көркемдік шешімімен қорытылған.
«Шыңырау» повесіндегі [2] жиынтық бейнеге басты негіз болған Маңғыстауда өмір сүрген өзінің өлмес, өшпес қолтаңбасын қалдырған әйгілі құдықшы – Қараш Бейнеубай Құлшарұлы. Шебер, аты аңызға айналған құдықшы 1864 жылы туған. Бабық руының ғұламасы Таймас ишанның шәкірті болған. Қай жерде су шығатынын білген керемет құдықшы, талай елдің шөлін қандырып, сауабын алған ерекше қабілетті, көріпкел адам болыпты. Маңғыстау ойы, Үстірт үстіндегі мол сулы жиырмаға жуық құдықтардың қазушысы. Оның революциядан бұрынғы «Қараш қазған» аталған құдығы әлі бар.
Қашаннан халқымыздың материалдық игілік көзі – тіршілік тұтқасы – су көздері болған.Құдық қазу – ертеден келе жатқан өнер. Су – тіршіліктің көзі болғандықтан, құдық қазу – тіршіліктің күретамыры іспеттес болған. Осы кәсіпсіз су да жоқ. Жер асты суы жантақ өскен жерде мол болатынын қазақ халқы ертеден білген.
«Шыңырау» повесіндегі өмір – шөл даладағы халықтың тіршілік үшін күресі. Қатаң да қатал, кейде мейірімді де жұмбақ, тылсым, терең сырлы табиғат пен табиғат алдында дәрменсіз, тәуелді, тағдыры да соған байлаулы боп, өмірін өткізетін адам – шығарманың арқауы. Мұндағы оқиға – адам – жапан далада талай құдық қазып,көптің мейірін қандырып,мерейін үстем еткен жан - Еңсеп пен табиғат – шыңырау – биік құз, таудың ұшар басы арасында өрбиді.
Байсал бай Үстірттегі ең шұрайлы жер – Шыңырау түбінен Еңсеп құдық қазып беруге өтініш жасайды. Бір-екі ақсақал тастақ жыраның құбыла бет құйрығын қолайлы көретінін айтады. Еңсеп құлақ аспайды. Еңбекке жарамды нарларды таңдап, құдық қазуға кіріседі. Шыңырау түбінде әртүрлі ойға шомылып, бірде қуанып, бірде қорқыныш ой арпалысады... Кенет қыл арқанды тартып тұрып, жәрдем беріп тұрған жігіттер: Еңсеп!-деп айқайлағанда, шыңырау ішінен дауыс шықпайды... Шыңырау «Еңсеп қазған» емес, «Еңсеп өлген» атанып кетеді.
-
шыңырау
әрекеті
психологиялық жай-күйі
Құдықтың ішіндегі теппе саңылауы жоқ қара түнек
Ішіне үңілсе, басы айналады
Жер астына бір теппе төмендеп, түскен сайын бір жас қартайғандай болды
Аяғын салбыратып, теппеге башпайын тіреді, башпайы мұздап қоя берді
Тершіп тұрған жауырыны оқыс мұздап, тұла бойы түршігіп кеткендей болды, тағы да төмендей берді
Сыз құдықтың салқын лебі сезілді
Қыл арқаннан шірене тартып тағы бір теппе төмен түсті
Сыз лебі манағыдай емес, күшейе түсті
Төмендеген сайын бақайы қырылып, қалтырап барады
Көзге түртсе көрінбес қара түнекте ол өмірі көрмеген бір дүлей аранын ашып, тісін сақ-сақ қайрап тұрғандай
Ту сыртына мұздай тер шығады, төменге бір қарамайды
Қара да емес, жым-жылас тас түнек. Екі жүз қадам жердің асты
Топырақ таусылып көк тасқа жетті.
Шыңырау – құдық қана емес, өлімге апарар жол сияқты. «Құдықтың ішіне үңілсең – басың айналады. Саңылауы жоқ қара түнек».
Еңсеп сол құдыққа түскен сайын әр түрлі көңіл-күйді басынан кешіреді. «Құдықтың ішіне аяғын салбыратып теппеге башпайын тіреді. Манадан бері күн қыздырып тастаған башпайы мұздап қоя берді». «Қыл арқаннан шірене тартып тағы бір теппе төмен түсті». «Сыз құдықтың салқын лебі енді шындап сезілді. Тершіп тұрған жауырыны оқыс мұздап, тұла бойы түршігіп кеткендей болды. Тағы да төмендей берді».
«Сыз лебі манағыдай емес, күшейе түсті. Төмендеген сайын бақайы қырылып, қалтырап барады. Әдетте, жоғары шыққанда, бір теппе биіктеген сайын көңілің өсіп сала береді».
«Көзін құдықта ашса да, жер астына түскен сайын бір жас қартайғандай болады. Аяғының астында, сонау көзге түртсе көрінбес қара түнекте ол өмірі көрмеген бір дүлей аранын ашып, тісін сақ-сақ қайрап тұрғандай ту сыртына мұздай тер шығады. Қашан аяғы жерге тірелгенше, төменге бір қарамайды, көзі көкте болып, жаңа ғана артында қалған жарық әлемнің сонау бір алақандай жұрнағына телмірумен болады».
«Топырақ таусылып көк тасқа жетті. Төңірегіндегі жаңағы бір қаракөлеңке, бұлыңғыр жарық та сарқылды. Қара да емес, жым-жылас тас түнек. Екі жүз қадам жердің асты...».
«Табанынан өткен суық шекесін тесіп барады. Мынау көрдің іші – үскіріп тұрған ақ боран».
«Еңсеп құдықтың аузын қаракөлеңке көмген сайын қорқып қалады; жер астында зарығып жалғыз отырған құдықшының онсыз да ойнақшумен болатын үркек жүрегін тас төбесіне шығаратын тағы бір көлденең кесапат па, қашан қасына жетіп, қолына ұстағанша сенбей, көктен көзін алмайды».
«Оның қолы қырық қайтара істеп әбден дағдыланып қалған үйреншікті жұмысқа кірісуі мұң екен, көңіліне қырық қайтара ойлап, қырық қайтара есіне алған, бірақ ойлаған сайын тереңдей түсетін тұңғиық ойлар қайта оралады».
Ой – кесел.
«Кенет қуанып кетті. Мынау судың сылдыры».
«Еңсеп ештеңеге алаңдамады. Тақтай тасты төкпектете соққылады. Осылай қазыңқырай түссе, ұлы арнаға да жетеді. Жүрегін қуаныш кернеп, өне бойынан әл кетіп бара жатқандай. Темір сүймен қолынан шығып кетпей шаққа тұр.
Еңсеп есін енді жинады».
2 Философиядағы адам мен табиғат мәселесі
. Ағартушы, саяхатшы ғалым Ш.Уәлиханов «Табиғат және адам, өмір мен өлім саналы ұғымға тіптен түсініксіз, таңғажайып құпия құбылыс болып келеді. Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар?» [3, 87] - деген еді. Содан бері бір жарым ғасыр өтсе де адам, табиғат – әлі де түсініксіз, әлі де құпия жерлері көп өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Адам – ерекше жаратылыс. Ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай, «Адам бойында ерекше жаралған, олар – дене құрылысы, жан құмарлығы және ой парасаты» [4].
Адам,табиғат – бізді қоршаған әлем, оның сыртқы (көзбен көретін, қолмен ұстайтын т.б) және ішкі (тек түйсікпен, санамен қабылдайтын) әлемі бар.
Адам – микрокосмос, әлем – макрокосмос, екеуінің арасында «баяғы көне заманнан бастап әлемнің бүтіндігі туралы идеясы бар болды және ұқсастық тұжырымдамасы дамыған. Шығыстың ұлы энциклопедияшы ғалымы Абу Райхан Беруни мың жыл бұрын айтқан: «Адамның денесі – әлеммен бірдей» [5].
Адам -– жан мен тәннен тұрады, екі қарама-қарсы күштердің – жарық пен қараңғының, ақ пен қараның, жақсылық пен жамандықтың т.б. күрес орны ретінде қарастырылды. Ортағасырлық дәуірде бұл жүйе бойынша адам, оның тағдыры жасаған Құдайдың еркінде (теоцентризм). Орта ғасырдағы діншіл философ Фома Аквинский [6] адамды дене мен жанның бірлігі, хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе деп санаған. Жан оның ұғымдарында мәңгілік өлмейтін жақсылық сәулесі болса, дене – ынтымақтастық аренасы, жанның ұясы. Сондықтан адамдар өмір бойы сайтандар тұзағынан босануға және құдайдың жарық дүниесіне шығуға ұмтылады.
Ашық энциклопедияда «адам тақырыбы – философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философиядағы адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп аталады. Оның негізгі сұрағы – «адам деген не» мәселесі.
Қазіргі уақытта адам төңірегіндегі мәселелердің алдыңғы қатарға шығып, Әлемнің барлық түкпірлерінде өзекті мәселеге айналуы, ең алдымен, нақты индивидтің күнделікті өмір сүруінде кездесіп отырған өмірлік мәселелердің ұдайы шешіліп отырылуы қажеттігінен туындап отыр.Қазіргі әдебиетте қалыптасып келе жатқан этикалық, философиялық, әлеуметтік жаңа көзқарастар – адам мен табиғаттың ішкі дүниесінің байланысы, табиғатты сырттай бақылаудан, қызықтаудан бас тартып, оның «ішкі дүниесіне» үңілуге тырысып, сананы саралау барысында қалыптасты.
Ол жазушылар шығармаларында өзіндік қолтаңбамен, өзіндік концепциямен көріне бастады.
Жазушылар өз шығармалары арқылы табиғат әлемі қандай жаңа қырларымен көзге түседі деген сауалға жауап іздейді. Бұл мәселе әр жазушының шығармашылығында әр түрлі деңгейде көрсетіледі.
Жаңа уақыт философиясында адамды өзін-өзі зерттеуге, әлемді адамның қажеттіліктері мен қызығушылығы, танымы арқылы көзқарасы (антропоцентризм) орын алды.
Уақыт өткен сайын бұл мәселелер жөніндегі «сырын ұқтым» деген сенімділіктен, жауаптардан гөрі, сұрақтардың көп туындайтынын байқауға болады
Табиғат пен адам тікелей байланысты. Адам табиғаттың ішкі әлемінің тылсым құпиясын өзінің ішкі дүниесімен, санасымен, түйсігімен сезеді. Адамның жаны неғұрлым таза болса, табиғаттың жалпы әлемімен соғұрлым жақын, үндестікте болмақ. Сондықтан бұл әлемде болып жатқан барлық құбылыстар – адамның өміріне, бойындағы болып жатқан барлық өзгерістерге тікелей әсер ете алады ( көңіл-күйіне, іс-әрекетіне, мақсат-міндеттеріне т.б).
Шетел философы Э.Фромм [7, 80] жазғандай, «адам табиғаттың ішінде де, сыртында да. Адам қай әлемде болсын өзін үйде сезінбейді, ол өзінің ішкі әлемінде – аң да, періште де, тән де, жан да. Жаны үнемі қарама-қайшылықта, бұл мәңгі күресінде ол жалғыз». Яғни адам дүниеге келіп, өмір сүретін сыртқы әлем ғана емес, адамның ішкі әлемі де – табиғат болып саналатындықтан, адам – күрделі құбылыс.
Философияда адамның бірнеше образдары бар: жаратылыс кереметі, табиғаттың бір биологиялық түрі, қозғаушы күш, әлеуметтік қозғалыстар мен кимыл-әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі.
Философияда судың үш образы бар: бастау немесе әлемдік апаттардың бірі, қозғалыс, өзгеріс, уақыт және сананың ағыны. Табиғат нысаны – су, әр түрлі мағынаға ие болып, өзінің болмысын табады. Философия, бір нысанға бағытталғанда, барынша әлемдік тұтастықтың бір бөлігі етуге, белгілі бір тұтастыққа енгізуге тырысады. Ал нысан, таным барысында, сол арқылы барлық әлем көрінетін нүктеге, орынға, орталыққа, ғарышқа айналады [51].
Әңгімелердегі «су» концептісін құрайтын – «өзен», «бұлақ», «теңіз», «жаңбыр», «тамшы». Олардың әрқайсысы концепт бола алады. Басқа да физикалық күйде көрінеді. Қар, сел, қиыршық.
«Өзен» концепті – өзен болмысының әр түрлі мағына тудыратын бейнелерде көрінуі. Өзен (қозғалыстағы су) – барлық нәрсеге ене алатын табиғат нысаны.
«Өзен» – әлемдік оқиға, топан су.
Су – табиғат нысаны, уақыттан тыс өмір сүретін үлкен «Әлемдік оқиға –топан су» - судың тасуы, ал теңіздің тасуы – жай оқиға.
Бірақ «топан су» символ ретінде, санамен «әлемдік оқиға» ретінде беріледі.
«Су тасқыны» миллион рет қайталанатын табиғат құбылысы, бұл нысанның әлемдік тұтастықта болуы және әлемнің бұл нысанда көрінуі
Өзен – тіршілік көзі, ылғалдылық, ылғал (тағам, дән) – өмір сүрудің негізгі шарты.
Өзеннің мінезі, соған сәйкес үні, дауысы бар.
Өзен – апат, стихия, қауіп-қатер. Өзен – ажал. Өзен қатер төндіріп қана қоймайды, жұтып та қояды, тереңіне де батырады.
Өзен – құрдым. Өзен тартылса, адамның да, жануардың да, құстың да, балықтың да, даланың да, жердің де күйі сұмдыққа айналады.
Өзен – адамға бағынышты. Бұғауланған өзен – тоған.
Жаңбыр – табиғат нысаны. Жаңбырдың мінезі бар. Бір мінезі долылық.
Сыртқы әлем – табиғат, соның ішінде аспанның, айдың, жұлдыздардың адам өмірінде алатын орны ерекше.
3 Тепе-теңдік, үйлесімділік – философиядағы «адам» және «су» концептілері
Табиғат пен адам арасындағы табиғи тепе-теңдікке негізделген қарым-қатынас орнауы үшін, адам өзінің «Саналы адам» ғылыми тұғырына көтерілуі тиіс. Ол үшін адам өз ішінде үйлесімді болуы тиіс. Сөздікте болашақтағы «адам» парасатты, иманды, елгезек те қарекетшіл, сонымен бірге сұлулықтан ләззат ала білетін, рухани кемел, жан-жақты дамыған тұлға. Ол қоғамдық тірлікте қайталанбас бітім, бірегей тұлға ретіндегі өзіндік «менімен» танылатын болады» [21].
Ниет – адам санасының ағыны, су – табиғат нысанының ағыны яғни қозғалысы.
Ниет – нийа деген араб сөзі [8]. Аудармасы – мақсат. Ниет – адам әрекетінің нақтылы мақсатын, мазмұнын бейнелейтін қозғаушы күш. Ниеттің мазмұны адамның қылығы мен пиғылында. «Пиғыл – қазақ қоғамдық санасындағы адамның ниеті, пейілі, ішкі пікірі дегенге саятын моральдық-психологиялық категория. Халықтық түсінікте адамның пиғылы оның басқаларға, ортақ іске, жекелеген амал-әрекетке, т.б. деген қатынасын анықтайтын, дәлірек айтқанда осы қатынастың оң не теріс сипаттарын көрсететін ерекше көңіл қалауы, діті. Пиғыл ұғымы қазақтың этномәдени санасында ислам дінінің құндылықтарымен берік байланыста қалыптасты. Діни түсінікте пиғыл пенденің ішкі райы, ынтасы, бір әрекетке немесе соны жасауға сәйкес ынтасы» [8].
Ниеттің бұзылуы – табиғаттың ішкі заңдылығына араласу. Табиғаттың заңдылығына араласу – табиғаттағы тепе-теңдіктің шайқалуы, адамдардың табиғатты, өздері-өздерін түсінуден қалуы, яғни теңіздің құрғауы, құм дауылының соғуы, жердің, судың сұлу сипатынан айрылуы, құбыжық, жылан кейіптеріне енуі, адамдардың жануарлардан, жәндіктерден, табиғаттан ажал табуы.
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа бүгінгі күнгі тың көзқарас, өміршең концепция – адамның табиғаттың бір бөлшегі екендігі, адамның табиғатқа тәуелділігі. Сондықтан адам мен табиғат арасында табиғи үйлесімділік орнатылып, тепе-теңдік сақталуы қажеттігі.
Дініміз бойынша да адам алдымен өз ішінде үйлесімді болуы керек. Өзінің ішінде қайшылықта болған адамнан қоғамға пайда келмейтіні ақиқатына сүйене отырып адамдардың жан дүниесінің үйлестігін орнатуы, бақытты қоғам құру үшін негізгі қағида болып саналады» [ ] (19 қыркүйек)
Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас сақталуы үшін, адам алдымен өз ішінде үйлесімді болуы қажет.
4Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесіндегі адам мен табиғат концептілері
21 ғасырдың басындағы қоғамдағы жаһандану үрдісі қазақ тіл біліміне де көптеген үлкен өзгерістер мен жаңалықтарды әкелді. Сондай жаңалықтардың бірі – ғылымдағы ғылыми көзқарастар мен үрдістердің өзара сабақтастықта қарастырылуы болып табылады.
Концепт – тіл білімінде ғылыми шеңберде кең қарастырылып, үнемі зерттеліп, бірақ әлі өзінің шешімін таппаған өзекті мәселелердің бірі. Ғалымдар арасында дау туғызушы басты сұрақ – адамның дүниені тану барысында тілде көрініс тапқан ұғым-түсініктердің қайсысы концепт болады және концепт болып табылса, оған қандай ерекшеліктер тән?
Концепт ұғымы тіл біліміне философиядан келген. Осы күнге дейін тіл мен таным мәселелері философия мен лингвистика ғылымы аясында жеке-жеке зерттелсе, бүгінде лингвистика ғылымында тіл мен танымды бірлікте қарастыру үрдіске айналып келеді. Ал танымдық ғылымның басты зерттеу нысанының бірі – концепт, яғни, тірек мағына ұғымы.
Таным (когниция) мен тілдің арасындағы байланысты, қарым-қатынасты, сәйкестікті білдіретін ғылым – когнитивтік тіл білімі («когнитивная лингвистика» терминінің авторы – Синди Лэмб). Когнитивтік лингвистика – қазақ тіл біліміндегі жаңа арна. Оның өз мақсаты, өз міндеті, зерттейтін өз нысаны мен өз әдіс-тәсілдері бар. Нақты, «танымдық тіл білімінің мақсаты – когнитивтік ғылымның ғылыми ұғымдары мен ұстанымдарына негізделген әдіс-тәсілдер арқылы таным мен тілдің арасында қарым-қатынас қалыптастыру. Ал міндеті – адамдарға объективті (реалды) дүние жөніндегі шындықты таныту, тіпті болмаса сол шындықты тануға жуықтау» [35;26].
Концепт термині латын тілінен енген, conceptus – «ой», «түсінік», «ұғым» деген мағынаны білдіреді. Бірақ «концепт», «ұғым» терминдерінің негізі бір болғанымен, мәні, маңызы бірдей емес. Ұғым – нысанның танылған маңызды белгілерінің жиынтық бейнесі болса, концепт – этностық ерекшеліктерімен байланысты менталдық құрылым, ол мазмұны жағынан белгілі нысан жайындағы білімнің жиынтығы» [40;32].
Концепт терминін тұжырым сөзімен ауыстырып қолдануды ұсынған көзқарастар да бар. «Тұжырым – «белгілі бір істің қорытындысы, байламы, шешімі». Ұғым белгілі бір мәнді, ұғымды меңзейтін нақты зат пен құбылыс атауы болса, тұжырым белгілі бір зат немесе құбылыс туралы жасалған ой-тұжырым, шыққан қорытынды, яғни концепт сияқты дара атаудан бөлек қолданылады. Тұжырым сөйлем немесе мәтін көлемінде болуы мүмкін» [26;32].
Ә.Кекілбаев повесіндегі су – бір жағынан тіршілік көзі, бірақ оған жету үшін төмендегі қиындықтардан өту керек.
-
СУҒА ЖЕТЕР ЖОЛ
Үш қонып, төртінші түнемелікке әзер жететін жерде
Жылмиған қара сұр жазықта
Құламаның құла дүзінде
Ала қырдың үстінде оқшау қылауытқан тастақ түменнің терістігінде
Жылмиған үстірт айнала ақ шың
ҚҰДЫҚТЫҢ ІШІ
Саңылауы жоқ қара түнек
зымыран
Сыз, салқын лепті
Көзге түртсе көрінбес қара түнек
Өмірі көрмеген бір дүлей аранын ашып, тісін сақ-сақ қайрап тұрғандай
Жым-жылас тас түнек
Түксиген тас қабырғалар
шұңқыр
Үскіріп тұрған ақ боранды көр
Қарасұр қабырғалы
Сұп-сұр қара тас, мелшиген меңіреу қара жер
Жеті қабат жердің асты
Үрейлі көлеңкелі, меңіреу қараңғы
Аждаһадай айқара басқан көр қараңғы
Қара көр қуыс
Тас қабаттың астында
Үлкен көз емес
Үлкен арнадан қашып шыққан ұры ағындар
СУ
СУДЫҢ ДЫБЫСЫ БАР
суыл
Суылдың ар жағында сылдырлайды
Түсініксіз суыл
Жер астынан шыққан беймәлім дыбыс
Жер астындағы сарын
Сарқыраған судың шуылы
Ақтүтек боп сарқырап жатқан ағын су
1СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ
2 СУ - АЖАЛ
«Сусырап жатқан өңір суға қарық болды да қалды»
«Еңсеп зіп-зілдей кірпіктерін әзер көтеріп, көзін ашып алып еді, жан-жағынан
Қорытындылай келе, концепт – мәдени реңкі күшті, ұлттық дүниетанымды ерекше таныта алатын қасиеті бар, ұлт үшін маңызы жоғары, кейде тіпті символ дәрежесіне көтерілген тілдік бірлік, ұғым-түсінік.
Концептілер (тұжырымдар) – жазушы туындыларындағы адам мен табиғат қарым-қатынасынан, әңгімелердің мазмұнынан нақты түсінік беретін жаңа көркемдік құрал екеніне көз жеткіздік. Адам, табиғат, оның құбылыстарына ортақ концептілер бар. Осы концептілердің өзгерістері, түстерін ойнату арқылы жазушылар кейіпкерлердің жан сырларын, тағдырлары, көңіл-күйлерін ұтымды бере біледі. Табиғат, пейзаж, су т.б. тек табиғатты суреттеу ғана емес, сол арқылы адамның ішкі дүниесінің нәзік қылдарын қозғап, мәңгілікке өту. Көзге көрініп тұрған орта – табиғат арқылы тылсым дүниені бейнелеуге тырысу. Яғни жазушы табиғат пен адам қарым-қатынасын жаңа көзқарас – адам мен табиғат әлемінің бізге көрінетін тұсымен шектелмейтіні, бізге беймәлім, тылсым, құпия әлемге ұласатыны жайлы ойы берілген.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ә.Кекілбаев – ойшыл суреткер. «Шыңырау» повесі – адамның қажырлы, жанқияр еңбегі, адамның осы құдық қазу барысындағы жан дүниесіндегі қарама-қайшылықтағы арпалысты шебер суреттей алған.
Еңсептің өмірінің қазіргісі мен кешегісі, ішкі, сыртқы дүниесі, тіршілік іүшін күресі, тіршілік көзі – суды табудағы жанталасқан әрекеті кезіндегі психологиялық күйі, жан дүниесіндегі арпалысы арқылы көрсете білген.
Бір жағынан Еңсеп сүйменімен құдық қазып, бар жан-тәнімен су көзін тауып, соған жетуді армандап, сол үшін жанқиярлықпен, өзін-өзі ұмыта соққыласа, екінші жағынан ой қаумалап, бірде қуанады, бірде қорқады, бірде үрейленеді, солайша сыртқы әрекетін, іс-қимылын бақылай алмай қалды. Жанталасып жатып, асығып, мүлт кетті. Бір мезет өзін бақылаудан шығарып алу – ажалына жеткізді.
«Шыңырау», «су» - философиялық концептілер. Өйткені олар өздерінің мағыналарының тар аясынан шығып, терең философиялық жүк арқалап тұр. Шыңырау – көр, аждаһа мекені, тас түнек, қуыс, ажал орны. Су – тіршілік көзі, ажал.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1Мырзатай Үйсінбайұлы. «Үш қиянда». – Алматы, 2000.
2 Ә.Кекілбаев «Шыңырау» повесі. – Алматы, 1982.
3 Уәлиханов Ш. Алтыншаһарға сапар. – Алматы: Атамұра, 2006. – 76 б.
4 Жазықбаев Д.М. Қазақ қоғамдық ой пікіріндегі философия мәселелері. – Алматы, 2009. – 24 б.
5Есіркепова Т.К. Философия. – Шымкент, 2008. – 129 б.
6 Аквинский Ф. Современные зарубежные исследования философии // Сборник обзоров и рефератов. – Москва, 1979. – с.
7 Нұрғалиев Қ.Т. Абай дүниетанымындағы адам мәселесі. – Алматы: Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2013. – 130 б.
8 Фромм Э. Природа человека. – Москва: Наука, 1968. – с186.
9 Мұсылман күнтізбесі. – Астана, 2015. – 372 б.
10 Рахимова А.М. Адамның интеллектуалдық сипатының концептуалдануы: ғыл. докт. дис. – Алматы, 2013. – 290 б.
11 Демьянков В.З. Понятие и концепт в художественной литературе и в научном языке // Вопросы филологии. Москва, 2001. – №1. – 35-47 б.
12 Оразалиева Э. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.
13 Саяси-түсіндірме сөздік. – Астана: жүйелі зерттеулер институты, 2007. – 616 б.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген