400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ә.Кекілбайұлы "Бір шоқ жиде" шығармасы бойынша сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
материал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне, жоғарғы сынып оқушыларына арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ә.Кекілбаевтың «Бір шоқ жиде» повесі бойынша сахналық қойылым сценариі

Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімдері: Мухашева Айсулу, Хасанова Инжу

Қатысушылар:

  1. Тілеу қарт

  2. Күдері

  3. Зейнеп (Тілеу қарттың кемпірі)

  4. Тұяқ (Тілеу қарттың баласы)

1-көрініс:

(Тілеудің үйі. Көрігін тықылдатып отырады. Жерге түскен шөп-шөңгені Тілеу қарт шымшуырмен шаян көргендей қысып алып, көріктің астындағы қызыл шоққа салып жібереді. Күдері есікті серпе ашып, кіріп келеді, сәлем жоқ, сауқат жоқ состиып:)

Күдері:

  • Тықытпай тасташы әрі. Басың қайтіп ауырмайды?! Күні бойы тықылдатасың да отырасың. Сен-ақ шаршамайды екенсің. (Аршындай басып төрге шығады. Кебісін сосын барып шешеді. Тілекең қолындағы шымшуырмен құрдасының аяқ киімін бір-бірлеп қысып алып босағаға жітіреді. Қонақ төрге отырар - отырмаста қалтасынан шақша суырады. Алақанына бір уыс насыбай төгеді. Өндіршегін әнтек созып, қолындағы қара барқын ұнтақты аузына лақ еткізіп құя салады. Тілеу қарт балғасына қарап, басын шайқап, бір мырс етеді, қасындағы тайпақ жез шылапшынды құрдасының алдына қарай сырғытады. Күдерінің шылапшында шаруасы шамалы. Астындағы алашаның бір жақ бұрышын көтеріп, шырт-шырт түкіріп, жантая кетеді. Аузындағы насыбайы сорыққанша үндемейді. Біраздан соң барып, шырыны кеткен көкжентекті табалдырыққа жеткізе бір-ақ ытқытып, шалқалай құлайды. Иығындағы шапанымен бетін тас бүркеніп алады да, сәлден кейін шаңқ ете қалады.)

Күдері:

  • Ау, меңіреу-ау, ең болмаса, ауыл-үйдің амандығын сұрамайсың ба? (Зергер тағы бір мырс етеді)





Күдері:

  • Ішің жарылып келгенде, бұл құлағыңды ұрайын ең болмаса, ернін қимылдатпайды-ау. Ау, меңіреу, шешең саған талғағанда, құдай біледі, сақау біреудің сарқытын жеген. (Күміске тиген ағаш балғаның тықылынан басқа үн жоқ. Күдері шыдай алмай құрдасы жақ жамбасына аударылады. )

Күдері:

  • Әй, сен біздің қатынды білесің ғой. (Зергердің қияқ мұрты жыбыр ете қалды.)

  • Оның оң жаққа түскен соң, төрт жыл жүріп барып көтерген баласы Төрткілбайды да білетін шығарсың. (Тілеу басын шайқайды.)

Күдері:

  • Оның, ең болмаса, бала қорқытатын ызғары бар-тұғын. Ортаншым Алшынбекті білетін бе едің? (Зергер құрдасына қырын бұрылып отырады. Үн жоқ)

Күдері:

  • Әне, өзіме тартқан, айналайын, сол еді ғой. Үй түгілі ел ұстайтын алтын азаматым еді ғой, балалар айтып келетін. Мына Тасқараның Төкені есеп шығарғанда, содан көшіріп алады деп. Сөйткен майқұлақ Төкен бүгінде совхоз директоры. Сол үйдегі келін әлгі әртіс қыздар көйлек қылып киетін жылытырақ матадан балағын салаңдатып, іш киім тігіп апты дейді. Төкен екеш Төкенге дейін совхоз билегенде, Алшынбекжаным дүркіретіп ауданды билеп отырмас па еді?! Бірақ жақсы құдайға да керек. Оны маңдайымызға сыйғызды ма?! (Зергер тағы мырс етеді. Күдері шапанының астынан басын көтеріп, құрдасына ала көзімен қарап, теріс аунап түседі, көпке дейін тым-тырыс жатады. Тық-тық балға дауысы. Күдері бір сарынды тықыл жүйкесіне тигендей орнынан атып тұрады. Зергердің қасында жатқан шымшуырды ап, босағадағы екі кебісті өзіне қарай тартады. Мәсінің сыртынан сұға сап, қалтасынан тағы да шақшасын алады. Тағы да аузына насыбай салады. Тағы да зергер жаққа көз тастайды. Сосын зірк еткізіп бір түкіреді. Орнынан шиыршық ата ұшып тұрып, киіз үйдің есігін тарс ұрып шығып кетеді. Тілеу сонда барып басын көтереді. Төрге қарайды. Құрдасының орнында қалған шөп-шөңге, жіптің сабағы болса, шымшуырмен іліп алып, отқа ытқытады).



Тілеу:

  • Е-е-ее, соғыс та басылды. Аман қалған ер – азаматтың бәрі елге қайтты. Жалғыз Тілепалдыжаннан еш хабар жоқ. Күлте сақал Күдеріге айтқызсам: Алтынбекжан екеуі оқуға келгенде, судай ағады. Сүйегі асыл кісіні орыс танымаушы ма еді?! Ол жақта еті пысық, көзі ашық жігіттерді алып қалып, ауылға келіп жатқандар кілең қолдарынан ештеңе келмейтіндер депті ғой мұртты шалдың өзі... Осы жерге күнде келіп бірдеңе айтып кететін құрдасым Күдері бәленің де білмейтіні жоқ-ай... Солай болса, солай-ақ болсын. Бірақ осыншама ақылымен төрт жыл қан кешіп, аман қалған боздақтарды екі көзі төрт боп отырған ата-аналарына ең болмаса, бір көрсетіп алу керек екенін неғып білмейді?!

2-көрініс:

(Көрігін басып отырған Тілеу қарт. Зейнеп жинап келген отынын қазандық жаққа төгіп жатып):

Зейнеп:

  • Шал-ау, жал басынан қарайған үш-төрт қара көрінеді.

Тілеу:

  • Бейуақ жүрген бұл не қылған аттылар? Тегін болмас. Тілепалдыжан емес пе екен?! (Осы кезде сахна сыртынан үйге жақындап келіп қалған аттың дүсірі естіледі. Зейнеп пен Тілеу шошынып бір-біріне қарап қалады. Күдері бастаған 4-5 шал сәлемдесіп төрге озды. Осы жерде мұңды күй қосылады. Шалдардың сөйлегені, естірткені қимыл арқылы беріледі).

3-көрініс:

(Бебеу күй ойнап тұрады. Тілеу ата-бабаларының бейітінің басына барады. Әйет оқиды. Бетін сипап, орнынан тұрып, жидеге барады. Ойланады. Балтамен бұтаны шауып алады. Сүйретіп үйіне алып келеді. Күйеуінің ырсылдып-күрсілдеп томар сүйретіп келе жатқанын көрген Зейнептің көзі атыздай болады. Бірақ үндемейді. Тілеу табалдырықтан аттай бере белін шешті. Тымағы мен шидемін әйеліне ұстатты. Зейнеп оларды керегенің басына іліп, қайтып кеп етігін тартты. Тілеу төрге озды. Зейнеп ішігін әкеліп иығына жабады да, сыртқа шығып кетеді).





Тілеу:

  • Иә, алла!- (деп есінеп алады да, жұмысын істей береді, домбыра жасап отырады. Зейнеп киіз жамап отырады. Тілеу жасап отырған заттың домбыра екенін байқаған Зейнеп сыртқа шығып кетеді де, көрерменге қарап:)

  • Құдайым-ау, бұның да Тілепалдыдан біржола күдер үзгені ме? Баяғыда атамыз да жеті ұлынан айырылғанда, осылай домбыра жасап, домбыраға мұңын шағып, зарын төкті дейтін еді ғой. Мына домбыра да сол бебеу күйді тартып, біздің де ұрпақсыз қалғанымызды айтқалы тұр ма?! (Сол кезде Тілеу орнынан тұрып, домбыраны керегенің басына іледі) (Күй). (Зейнеп үйге кіріп, Тілеудің заттарын жинастырып, дастархан жайып, үстіндегі тамақтардың бетін ашып дайындайды. Тілеу де отырып, екеуі жеті шелпектен ауыз тие бергенде, сырттан бақырған түйенің дауысы естілгенде, бата оқи келеген біреу екенін біліп, екеуі екі жерге шөгіп-шөгіп отыра кетеді. Басында қарқарадай жаулық, үстінде қара жадағай, екі беті бұлтиған қара торы әйел табалдырықтан аттай сала орнынан енді көтеріле берген Зейнепті құшақтай алады. Екі әйел бірінен-бірі асыра зарлады:

Зейнеп:

  • «Қиқулап ұшқан қырғауыл»,
    «Бозінгендей боздайын»,
    «Шырлай ұшқан бозторғай
    Сол айтар деп қояйын»,
    «Ақсұңқар құс зарлайды
    «Бауырынан өлсе баласы…»,
    «Тебіренбес сабырлым,
    Падишадай әмірлім,
    Бәйтеректей тамырлым»,
    «Қоңыраулы дауыстым»…



Жаңыл:

Есіктің алды жас қайың

Жапырағын баспайын,

Жалғыз да қалған жеделдес

Жоқтаусыз қалай тастайын.

Үлкен бір еді-ау шаңырақ,

Шаңырақ қалды-ау қаңырап.

Сосын иін тіресе отырып, солықтарын басты. Тілеу бастап, үшеуі қолдарын жайып, бата қылды. Қонақ әйел мырс-мырс жылап отырып Тілеуден амандық-саулық сұрасты:)

Жаңыл:

  • Амансыңдар ма? Қазаның арты қайырлы болсын. Арты жақсылық болсын. (Тілеу үндемей отыра береді).

Жаңыл:

  • Ойбоой, кебежедегі баламды алмаппын-ау. (деп орнынан көтеріледі). (Зейнеп те орнынан тұрады. Екеуі күбір-сыбыр сөйлесіп жүреді).

(Ораулы баланы төрге әкеліп қояды).

4-көрініс:

(Үшеуі дастархан басында отырады)

Жаңыл:

  • Күйеу жігіт пен Ерке қыз, мынау қырқынан әлі шықпаған жаман немені екеуіңе қара болсын деп алып келдім. Мырза құдайдың рақымы түсіп, ерке қыз құрсақ көтеріп жатса, бұл бесігін тербетер. Төріңде ұстаймын десең де, есігіңде ұстаймын десеңдер де, өздерің білесіңдер. Бас ауырар, балтыр сыздар дегендей, қастарыңызда өзіміз болмағанмен, көзіміз болсын! (Зейнеп жаулығының ұшымен аузын басып, отыра қалды. Тілеу қасындағы жастықты нығарлай ырғалып қойды. Жаңыл артында жатқан қалы қоржынды өзіне қарай тартып, екі шабуына қызыл салып тіккен ақ көйлек пен бір түйіншекті алып:)

  • Мынау, Ерке қыз, кішкентайыңа тігіп әкелген көйлегім мен көрімдігім. (Зейнептің алдына тастайды). (Бәрі орнынан тұрып, сыртқа шығады. Қайынсіңлісімен құшақтасып, Тілеудің қолын алады.)

Жаңыл:

  • - Ал сау тұрыңдар, амандықпен көріседі,-деп кетіп қалады.

Тілеу: (үйге кіріп, баланың бетіне қарап):

  • Тіфә, тіфә, жаман неме. Тәуба! Тәуба! (Зейнеп дастарханды реттестіре береді, сол кезде Күдері кіріп келеді)

Күдері:

-Ассалаумағалейкүм! Ал кішкентайдың бауы берік болсын! Ал балаңа ат қойдың ба?

Тілеу:

-Жоқ.

Күдері:

- Осы кезге дейін не деп келдіңдер?

Тілеу:

  • Сол жаман немені не дейтін едік? Жаман неме дей саламыз.

Күдері:

  • Жаман немесі несі? Атын Жақсылық қою керек.

Тілеу:

  • Апыр-ай, біздің тұқымда ондай ат болмаушы еді. Артымызда тұяқ болып қала ма деп отырмыз. Аты Тұяқ болсын.

(Күдері баланы қолына алып, оң құлағын аузына апарып:)

  • Әй, күшік, сенің атың – Тұяқ! Естисің бе, әй? Тұяқ Тұяқ! Тұяқ!

5-көрініс:

Тілеу:

  • Сөйткен Тұяқжан да ер жетті. Құдайға шүкір, келін түсірдім. Тек осы қызықты кемпірдің көрмей кеткені болмаса... Ееееййй, енді осының соңынан қара ергенін көрсем, мына жетім шаңырақтың өзіне құтхана мешіт екеніне көзін жеткізгендей қылып, баяғы Өтеу бабасының «бебеу күйін» тартқанын көрсем, арманым жоқ. (Тұяқ кіріп келеді).

  • Ә, балам, келдің бе? Бері жақындашы. - Осы сен домбыра ұстай білесің бе?

Тұяқ:

  • Мектепте үйірмеге қатысқам...











Тілеу:

  • Е, оның жақсы екен. Ана домбыраны алып берші. (Тұяқ домбыраны алып береді). Ендеше, тыңда. (Домбыраны алып, бұрауын келтіре бастайды. Құлағы әкесінде. Тілеу заржақ күйді бебеулетіп тартып ала жөнеледі. Көзі Тұяқта. Әкесінің күй тартқанына таң қалған Тұяқтың мойны салбырап сала береді. Тілеу күйді тартып болып, домбыраны төрге сүйеп, төр алдына жамбастай қисаяды).



7-көрініс:

(Тілеу мен Зейнептің бейітінің басында Күдері отыр. Әйет оқып, бетін сипап болып):

Күдері:

  • Бір кезде өзімді үйге отырмайтын кезбе санаушы едім, сондағы баратыным сенің құрым жаппаң екен ғой... Бүгінде үндемес құрдасым да, сабырлы Зейнеп те, пыс-пыс етіп бір тынбайтын көрік те – бәрі-бірі жым-жылас... Немерең дүниеге келді деп сүйінші сұрай барғанымда, орныңнан тұра алмадың-ау, жарықтығым. Әлгі жаман балаң мойнынан тастамайтын қара қобдишадан ата – бабаңның бебеу күйін тыңдап жатып, мына жалғаннан кете бардың-ау... Ешкімнің бетіне жел боп келмей, жағалас-жанталассыз ғұмыр кешкен жарықтығым-ай, о дүниеге де тым-тырыс, жайбарақат қалпың аттанып жүре бердің ғой... (Бір шоқ жидеге қарай келеді):

Әййй... айналып-толғанып, асты-үстіне түсетін Тұяғыңның қырқың өте сала, көшіп кеткені мені де қынжылтады... Бірақ мөлдіреген жас келіншегі мен қызылшақа сәбиін айдалаға қайтіп тастап кете алады? Оның орнында сенің өз беліңнен өрбіген бала болса, сүйтпес пе еді? Қазіргі жастардың қайсысы ата қонысты мекендеп, ата зиратты бағып отыр? Сонда адам ұрпақтың тілегін неге тілейді? Сенен қалған мал-дәулетті иемденіп, сенің бір кезде дүниеде болып, артыңда осынша ырзық, абырой қалдырғаныңа ырза боп өтер заман өткен екен. Сонда артыңда не қалады? Сонда сенен өрбіген ұрпаққа не бұйырады? Ол саған не үшін қарыздар болады? Апыр-ау, енді аң екеш аң да енесіне еріп, атасының баулығанына көнеді ғой. Сонда біз солар ғұрлы...

Әкесінің басын қарайтармын деген Тұяқ уәдесін ұмытып кеткен жоқ па екен?! Қазіргі жастар қара жүрек болмағанымен, құнтсыз ғой... Оның үстіне жұмыстан шыға ала ма? Құлықсыз кісіге дәлел аз ба? Құдай оны тек құлықсыздықтан сақтасын... Аруақ бәрін де өтерер... Бұл тек мен секілді Тілеудің көзін көре қалғандардың жүрегіне әсер етер зіл ғой...

Шіркін-ай, адамгершіліктің жолы неткен тар... Аладмшылықтың жолы неткен кең... Тұяққа өзін де, басқаларды да алдарқатам десе, себеп-сылтау жетіп жатыр-ау... (Машинаның гүрілі естіледі).(Үміт пен күдікке толы кәрі жүрек үгітіліп бара жатқандай)

Осы келе жатқан Тұяқ шығар... Дәл мынау мен келе жатқан қара жолдардың ар жағынан шығады. Мұнда жеткенше біраз бар. Жиде ағашқа бара тұрайын. Келіп жатса, сол жерден қарсы алайын... (Машинаның гүрілі бірте-бірте жақындап келеді).



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
23 ұстаз жүктеп алған
9 маусым
2082
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі