жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Әкеліңіз, көмектесейін!" 5-сынып
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 1-бөлім: Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер |
Мектеп: №113 Әл-Фараби атындағы жом |
||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Әкеліңіз, көмектесейін! |
||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Нарқулова Н |
||||||
|
СЫНЫП: 5 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
5.1.3.1 .Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердіңмағынасын түсіну. 5.3.3.1 .Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау. 5.5.1.1.Мәтін құрауда жалғау түрлерін дұрыс жалғау. |
||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар:Тұрмыстық тақырыпқа байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді, жазба жұмысын орындауда жалғау түрлерін ажыратады. Оқушылардың басым бөлігі: Сөз тіркестерін пайдаланады, фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсінеді. Кейбір оқушылар: Шағын, көлемді көркем әдеби шығармаларды түсінеді, тақырыбын анықтайды, тірек сөздер арқылы шағын мәтін жазады және сұрақтар құрастырады, өзіндік пікірін білдіреді. |
||||||
|
Бағалау критерийі (жетістік критерийлері,табыс критерийлері күтілетін нәтиже) |
Тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсінеді. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды тақырыбын анықтап,шағын мәтін жазады. Мәтін құрауда жалғау түрлерін дұрыс қолданады. |
||||||
|
Тілдік мақсатар: |
Тілдік дағдылар: Тыңдалым, оқылым. |
||||||
|
Терминология:Сыпайылық,апарысу,әкелісу, тәрбие, алғыс айту. |
|||||||
|
Сөз тіркестері: Үлкенді сыйлау, құрмет көрсету, |
|||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім:өзара сыйластық,сенімділік, қарым қатынасты қалыптастыру. |
||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Әдебиет(салт-дәстүрлермен байланысты болғандықтан),өзін-өзі тану (отбасылық құндылықтарды сақтау үшін, үлкендерді сыйлауды үйрету үшін байланыстырдым.) |
||||||
|
Алдыңғы оқу |
Отбасылық салт – дәстүрлерді біледі. |
||||||
|
Сабақтың жоспары |
|||||||
|
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|||||
|
Басталуы 8 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Үлкендерді сыйлау кластер» тренинг Оқушыларға парақтың ортасындағы шеңберге бір сұрақ жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар алты негізгі рөлін жазады. Мысалы:үлкенді сыйлау,сыпайылық.көмектесу т.б к
Үлкендерге қалай көмектеседі?
Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары» Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға қиып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді. Үй тапсырмасын сұрау «Миға
шабуыл» 1.Мәтінде қазақ отбасының қандай мерекелері мен дәстүрі туралы айтылған? 2.Батаның қандай түрлері бар? 3. Батаны кімдер береді? 4.Бата деген не? Дескриптор: -Қазақ отбасының мерекелері мен дәстүрі туралы біледі. -Бата не екенін түсінеді. -Батаның түрлерін біледі. Кері байланыс беру. Қ.Б.Жұлдызшалар арқылы |
«Үлкендерді сыйлау» тренинг. 1-топ: Құрмет 2-топ: Тәрбие «Миға шабуыл» әдісі |
|||||
|
Ортасы 20 минут |
Қызығушылықты
ояту. Дескриптор: -Тақырыпқа қатысы бар және оған қатысы жоқ сөздерді ажыратады. - Тақырыпқа қатысы бар сөздерді біріктіріп жинайды. -Неге алып тастағанын түсіндіреді. Кері байланыс беру. Қ.Б:Қошемет Диограмма 1-тапсырма.Диограмманы үлгі бойынша толтыр.
Атама газет әкелемін әкелемін
Атамның аяқкиімін тазалаймын та тазалаймын
Атамның киінуне көмектесемін
Дескриптор: -Үлгі бойынша диограмманы толтыра алады. -Отбасылық құндылықтарды сақтайды. -Сөйлемде тәуелденген сөздерді дұрыс қолданады. Кері байланыс беру. Қ.Б: Күлегештер арқылы бағалау
Сөздікпен
жұмыс 2-тапсырма.Суретке қара.Тірек сөзді пайдаланып, досыңмен бірге мәтін құра. «Аялы алақан»стратегиясы. Тірек сөздер: әжей, сөмке, апарысу, жолдан өту, көмектесу. Дескриптор: - Тірек сөздер арқылы тақырыпты анықтайды. -Тірек сөздерді дұрыс пайдаланады. -Ойын жүйелі жеткізеді. Кері байланыс беру. Қ.Б:Қошемет көрсету арқылы
бағалау 3-тапсырма. Мәтінді оқып,тақырып қой. Түсінгеніңді айт,қою әріппен берілген сөздердің аудармасын дәптеріңе жаз. «Түртіп отыру немесе мәтінге түсіндірме беру»әдісі арқылы. Адамдар бір-біріне құрмет көрсету керек. Бұл –сыпайылық пен әдептілікке жатады. Кішілер үлкендерге құрмет, үлкендер кішілерге үлгі көрсеткені дұрыс. Үлкенді сыйлау – жақсы қасиет. Әр бала өз үйінде атасын, әжесін, әкесі мен анасын құрметтегені жөн. Мектепте мұғалімдерге құрмет көрсету- жақсы тәрбиенің белгісі. Әлібек – өте тәрбиелі мейрімді, ақылды бала. Атасы оған ақыл айтып, жақсы істерге үйретеді. Әлібек атасының сөзін тыңдайды.Атасын сыйлайды. Әлібек көшеде үлкен кісілерге көмек берді. Оларға көшеден өтуге, автобустан түсуге көмектеседі.Үлкен кісілердің сөмкесі ауыр болса, үйіне апарысады. Олар Әлібекке алғысын айтады. Дескриптор: -Мәтінге тақырып қояды. -Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. -Мәтіндегі қою әріппен берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді. Кері байланыс беру. Қ.Б. «Марапат» арқылы бағалау |
«Тақы рып тық түйінді сөздер» әдісі Оқулық. Қазақ тілі мен әдебиеті «Бәйшешек» 5-сынып 1-бөлім Оқулық. «Аялы алақан» әдісі «Түртіп отыру немесе мәтінге түсіндірме беру» әдісі |
|||||
|
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут Үйге тапсырма |
«Бір минут» әдісі Жеке жұмыс 6-тапсырма.Мәтіннен тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жаз.Қосымшалардың жалғану ерекшелігін түсіндір. Дескриптор: -Мәтіннен тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жазады. -Қосымшалардың жалғану ерекшелігін түсіндіреді. -Тәуелдік жалғауы туралы білімін кеңейтеді. Кері байланыс беру. Қ.Б.Өзін-өзі
бағалау 8-тапсырма.Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып жаз. Біздің көмек... Сіздің көмек... Сендердің көмек... Олардың көмек... |
«Бір минут» әдісі |
|||||
|
Кері байланыс 2 минут |
«Рефлексиялық шеңбер» Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
|
Рефлексялық шеңбер |
|||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Үлгерімі төмен оқушылар мәтіндегі сөздердің мағынасын түсінеді және жазба жұмыс барысында жалғау түрлерін ажыратады. Қабілетті оқушылар тірек сөздер арқылы шағын мәтін жазады және сұрақтар құрастырады, өзіндік пікірін білдіреді. |
|
|||||
|
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Қалыптастырушы бағалау,қошемет арқылы , күлегештер арқылы,марапаттау арқылы, жұлдызша арқылы, «Бағдаршам»әдісі арқылы |
|
|||||
|
Рефлексия Сабақ / оқумақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
1.Сабақ шынайы мақсатқа құрылған. 2.Оқушылар үлкенге құрмет,кішіге – ізет етуді үйренді. 3.Сабақ барысында оқушылар белсенді болды. 4.Саралау шаралары тиімді болды. 5.Барлық оқушылар бағаланды. 6.Өз жоспарыма өзгертулер енгіздім. Уақытты тиімді пайдалана алдым. |
||||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың жүйелі жоспары. 2:Әдіс-тәсілдердің тиімді қолданылуы. Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушылардың белсенділігі,сабаққа деген ынтасы. 2:Оқу мақсатын нақты қойылуы. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? 1: Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізу. 2:Деңгейлік тапсырмаларды күрделендіру. |
|||||||
шағым қалдыра аласыз
ейін)






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген