Әкем анам және мен

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әкем анам және мен

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорттық жарыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:

«Әкем, анам және мен»атты толағай отбасылық эстафеталық сайыс.

 

Мақсаты:

Балалардың  денсаулығын  нығайту, белсенділігін, ептілігін, шапшаңдығын  арттыру, денсаулықтың негізі қимыл, спорт екенін балаларға ұғындыру. Ата – аналардың балабақшамен тығыз байланысын дамыту және спортқа деген қызығушылықтарын артыру. Салауатты өмір салтын ұстану.


Қажетті құралдар: Доптар, кегельдер, қапшық, секіртпелер, арқан, шелек т.б.


 Жүргізуші:

Қайырлы күн құрметті қонақтар, әріптестер, балалар және спорт сүйер қауым! Бүгінгі халықаралық отбасы күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Әкем анам және мен» атты толағай отбасылық эстафеталық сайысымызға хош келдіңіздер!



Жүргізуші:

Денсаулық - ол шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық - ол күлуің
Көңіл - күйің жадырай.
Денсаулық - ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.


Олай болса құрметті қонақтар және спорт жанкүйерлері, жарысқа қатысушы отбасыларын қошеметпен қарсы алайық.

1. ________________ отбасы.

2. ________________отбасы.

3. ________________отбасы.


Спорт залға күй әуенімен ата – аналар балаларымен кіріп, үш қатарға тізіліп тұрады. Эстафеталық жарыс басталар алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.


Жарысты бастамас бұрын бүгінгі ойынға бағасын беретін әділқазылар алқасынтаныстырып өтейін.

  1. Балабақшамыздың меңгерушісі Шапатова С.Е

  2. Әдіскеріміз Ибат Б

  3. ___________________(Әділ – қазылар әр ойынды «3», «4», «5» деген ұпаймен бағалайды.)



«ТОЛАҒАЙ» отбасыларсайысы – отбасыларды спортқа баулиды.

Ата - ана мен баланың арасындағы, балабақша арасында бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түспек!

Олай олса жарысымызды бастаймыз.


Ойындардың шартын айтып өтем, ал іс жүзінде теледидардан видео көріністен қарап түсінетін боламыз.


1«Жүйрік ат» эстафетасыата-аналар екі аяқтың арасына доп қысып секіріп белгіленген жерге дейін барып келеді, балалар допты еденге соғып алып жүреді.

2«Секір-секір қалыспа» Секіртпемен жарыса белгіленген жерге дейін секіріп бару, қайтарда қап киіп секіріп келу.

3«Бәріміз бірге » сайысы. Ата-аналар бір-бірінің қол білектерінен ұстап, ортасына балаларын отырғызып, кедергіден секіріп өтіп белгіленген жерге барып келу.

4«Кім жылдам» әкелер басына шелек киіп,баланы арқаға көтеріп, ирелең жолдан өту, арқадағы бала жолды нұсқап отырады. Аналардың кезегінде балалар анасының белінен ұстап жолды нұсқап отырады.

5«Шығыршықтан өту»–әкелер бір адым аттап шығыршықты ұстап тұрады, анасы мен баласы шығыршықтан өтеді. Анасы шығыршықты ұстап тұрады- әкесі мен баласы өтеді. Келесі кезекте баласы шығыршық ұстап тұрады, әкесі мен анасы өтеді. Өстіп алма-кезек шығыршықтан өтіп белгіленген межеге барып келу.

6«Паравоз»- отбасы мүшелері бәрі бірге саптізбекте отырып жүріп белгіленген жерге барады, қайтарда қол ұстасып жүгіріп келу.

7«Мергендер» сайысы ойыншылар үлкен допқа отырып жарыса секіріп барып, 2м қашықтықтан шелекке кіші доптарды салу.

8Арқан тартыс; үш команда кезекпен тартысады.


Мінекій құрметті спорт жанкүйерлері біздің бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.


Әділ қазылар жеңіңпаз отбасыларды анықтағанша кезекті әсемәнге берейік.


Аяулымның орындауында «Балалық» әні. Қабыл алыңыздар.


Енді сөз кезегін әділқазыларға береміз.


Қорытынды: (жеңімпаздарды анықтау) Құттықтау, силықтармен марапаттау, грамота беру.


Жүргізуші:

Әкем, шешем көңіл қойса, дем беріп

Спортты біз сүйер едік тең көріп

Салауатты өмір салтын сақтайық

Спорт қана қамалымыз ең биік – деп бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз.

Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.12.2017
851
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі