400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

«Әкем, анам және мен» отбасылық эстафеталық сайысы.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Әкем, анам және мен» отбасылық эстафеталық сайысы. ата-ана мен бала арасындағы отбасылық сайыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы.

Барысы:

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,  ата-аналар және оқушылар қауымы! Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік ғасырдың тойы болсын, келе берер-дей келе, Тәуелсіздігіміздің 24 жылдық тойы құтты болсын!

 «Шынықсаң шымыр боласың Сауығып айдай толасың. 
Спортты серік ете біл, 
Жақсы азамат боласың. 
Жеңімпаз болу оңай ма, 
Арман болған талайға? 
Болмасаң да ұқсап бақ, 
Жарысқа түсіп қалайда».Бүгінгі «Әкем, анам және мен» спорттық  отбасылық сайысқа қош келдіңіздер!

 

2-жүргізуші: «Әкем, анам және мен» отбасылық  сайысы – отбасыларды спортқа баулиды. Ата-ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түседі!  Бұл жарыс - отбасылардың қатысуымен  өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама  бүгінде біздің мектепте 1 «А», «Б», «В», «Г» сыныптар оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр.

1-жүргізуші:

Отбасылар отыр сынға түскелі,

Сыналмақшы ептілік пен күштері.

Әрбірінің жігер-күші жалындап,

Жеңіс сәтін тағат таппай күткені.

Спорт десе таза біздің арымыз,

Жалындайды сайысқанда жанымыз.

Сайысатын отбасылар бүгінгі,

Қарсы алайық қошеметтеп бәріміз – деп бүгінгі сайысқа қатысатын отбасыларымызды құр-метпен ортаға шақырайық.


2-жүргізуші:

1-ші отбасы:__________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

2-ші отбасы: __________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

1-жүргізуші:

3-ші отбасы: __________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

4-ші отбасы: __________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

2-жүргізуші: Сайысымызды ашып беру үшін ортаға мектебіміздің ____________________

______________________________________________________________________________

1-жүргізуші: «Отан – отбасынан басталады», «Берік отбасы – қоғамның тірегі».


2-жүргізуші: Ендеше, Әкем, анам және мен атты отбасылық жарысымызды ашық деп жариялай отырып, сіздерге мейірім мен құрметті, сүйіспеншілік пен ізгілік сезімін ұялататын нұрлы сәттер тілей отыра, сіздердің құрметтеріңіз үшін әсем ән _________________________


1-жүргізуші:

Әділдікпен баға берер сайысқа,

Әділдікпен қара кылды жаруға.

Әділқазы алқаларын сайлайық,

«Үлгілі отбасын» таңдап бүгін алуға – деп әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер: _______________________________________________________________________

________________________________________________________________________________


2-жүргізуші:

Салауатты өмір салтын қолдаймыз,

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

Денсаулықты жанымызға серік қып,

Болашаққа аманат қып жолдаймыз! –дей келе сайысымызды бастаймыз.


1-жүргізуші: Бастасақ бастайық.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Шартты орындасаң ерінбей. Ендеше сайысымыздың шарттарымен танысайық. Сайысымыз-ды жеребе тастау арқылы екі топқа бөліп жарысамыз. Сайыс 8- кезеңнен тұрады.


1-кезең: Кім жылдам?

2-кезең: Пингвиндер мен Кенгурулер.

3- кезең: Ептілер мен Жылдамдар.

4- кезең: Бағбаншылар.

5- кезең: Үш шеңбер.

6- кезең: Секіртпе.

7- кезең: Жүйріктер.

8- кезең: Арқан тартыс.

Сайыс уақыт арқылы жүргізіледі. Сайыстың шарттары бұзылса 2 секунт қосылады уақыттқа сондықтанда сайыс шартын мұқият тыңдап, көріп отырыңыздар. 2 кезең сайын әділқазылар сайыскерлердің көрсеткішін айтып отырады.


2-жүргізуші:

Қане, босқа қарап тұрмайық,

Қажырланып, намысты қолдан бермей,

Балалар бірге осылай күш қосып,

Бүгін бізде бағымызды сынайық – деп 1-ші кезеңіміз Кім жылдам? кезеңін бастаймыз.

1-кезең: Кім жылдам?

Кедергілер арасымен доптарды қолдарына ұстап алып жүріп белгіленген жерден теннис шаригін алып кедергіден өтіп тура қайту. 1-ші әкесі 3 доп алып жүреді, 2-ші анасы 2 доп,

3-ші баласы 1 допты алып жүреді. Сайыс шарты түсінікті болса төрешілердің белгісі бойынша бастаймыз.


1-жүргізуші:

Ал қадірлі халайық,

Зердемізді салайық.

Белімізді буып алып, бекініп,

Күшімізді сынайық – деп келесі кезеңгеде келіп жеттік.



2-кезең: Пингвиндер мен Кенгурулер .

Бұл кезеңде әкесі допты екі аяғының арасына қысып, кедергілердің арасымен жүріп межелі жерге жеткен соң допты қойып, секіртпені алып, кедергіден айналып тура секіріп қайтады. Ал анасы секіртпемен барып, секіртпені қойып, допты алып аяғына қысып, кедергіден айна-лып тура қайтады. Баласы допты қолына ұстап кедергілердің арасынан өтіп, секіртпемен допты алып кедергіден айналып өтіп тура жүгіріп қайтады.


2 кезеңнің қортындысын тыңдайық соз әділқазылар сіздерде.


2-жүргізуші:

Ұшықтан да ұшқырмыз,

Желден озған жүйрікпіз.

Деп келіп тұрған отбасы,

Келесі кезеңді бастаймыз.


3- кезең: Ептілер мен Жылдамдар.

Әкесінің оң аяғы анасының сол аяқтары байланып кедергілер арасымен жүріп обручтің іші-нен отіп соңғы кедергіні айналып өтіп тура қайтады. Дәл осылай әкесімен баласы қайта- лайды. Дайын болсақ сайысымызды бастайық.


2-жүргізуші:

Шыққан соң бұл сайысқа талаптанып,

Отбасылар шығады сарапталып.

Қолдап тұрсақ кетпейме қанаттанып – деп Бағбаншылар кезеңінеде келдік.



4- кезең: Бағбаншылар.

Бұл кезеңде Әкесі батут добына отырып белгіленген жерге көкөністерді егіп, кедергіні айна-лып тура қайтады. Баласыда батут добына отырып әкесінің еккен көкөністерін лейкамен бір-бірден суарып кедергіден отіп қайтады, ал анасы көкөністерді жинап шығады.

Дайын болсақ отбасылар сіздерге сәттілік.


Ал енді әділқазылар 3 және 4 кезеңнің қортындысын хабарлап жіберіңіздер.


1-жүргізуші:

Ән мен биге басайық,

Арасында тағы бір.

Сайыскерлерге,

Би мен шашу шашайық.

Мектебіміздің жас бишілерін тамашалаңыздар._______________________________________


2-жүргізуші: Көзді ашып жұмғанша артымызға 4 бірдей кезеңді қалдырдық. Ендігі кезің Үш шеңбер деп аталады.


5- кезең: Үш шеңбер.

Бұл сайыстың шарты ара-қашықтығы сақталған үш обруч қойылған. Осы обручтердің ішіне доптарды жеке-жеке саламыз. 1-ші баласы, 1-ші обруч ішіне салып обручтердің арасымен өтіп бегіленген жерден айналып қайтады. 2-ші анасы, 2-ші обручке. 3-ші әкесі 3-ші обручке салып қайтады.Дәл осылай салған доптарын жинап шығады.

Түсінікті болса 5- кезеңімізді бастаймыз.


1-жүргізуші:

Денсаулық – бар байлығың басыңдағы,

Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.

Қастерлеп аяласаң, мәпелесең,

Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы – деп келесі кезеңгеде келіп жеттік.


6- кезең: Секіртпе.

Қойылған кедегімен обручтардың арасынан өтіп белгіленген жерден секіртпені алып бір ор-ында тұрып 5-рет секіріп, секіртпені орнына тастап тура жылдам мәреге келу. Бұл сайысты әкесі бастап баласы аяқтайды.

Шартымызды түсініп болсақ төрешілердің белгісінен кейін бастайық.

Құрметті әділқазылар 5 және 6 кезеңді қортындылап жіберіңіздер.


2-жүргізуші:

Шынықсаң, шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың – деп 7- кезең: Жүйріктерге өтейік.


7- кезең: Жүйріктер.

Бұл сайыста мата ішінен өтіп, маты үстінен 1- рет аунап өтіп, қойылған кедергінің астына өтіп белгіленген жерден айналып тура қайту. Әкесі бастап баласы аяқтайды.

1-жүргізуші:

Чемпион болу оңай ма,

Арман болған талайға.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда – дей келе соңғы 8-ші Арқан тартыс кезеңіне береміз.


8- кезең: Арқан тартыс.

Екі топтың сайыскерлері арқаннан ұстап, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өздеріне қарай бар күштерін сала тартады. Егер топ сайыскерлері сызықтан шығып кетсе немесе арқанда белгіленген сызықты ұстап қойса сол отбасы жеңіледі.

Дайын болсақ сайысымызды бастайық.


2-жүргізуші:

Әкем, анам көңіл қойса, дем беріп,

Спортты біз сүйер едік тең көріп.

Салауатты өмір салтын сақтайық,

Спорт қана қамалымыз ең биік.


1-жүргізуші: Мінекей құрметті спорт сүйер қауым біздің бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділқазылар мүшелері сайысымыздың жүйріктерін анықтағанша әсем әнге кезек берейік орындайтын: ___________________________________________________________


2-жүргізуші: Жарысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына береміз.


1-жүргізуші:

Қошеметтеп жеңіп шыққан отбасын,

Қол соғайық жеңісімен құттықтап.

Жастық әнің шалықта,

Жеңіске жет талайда.


2-жүргізуші:

«Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің өрлей берсін қайыспаңдар.

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар.


1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Жеңістер мен жеңілістерден тұратын өмір күресі аяқталмасын. Қатысудың өзі де жеңіс деген, жеңісті күндерде кездескенше.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
09.04.2019
1417
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі