Солтүстік Қазақстан
облысы
Тайынша
ауданы
КММ «Кантемир бастауыш
мектебі»
шағын – орталық
тобы
«Әкем, шешем және мен»
атты жанұялық
жарысы.
Өткізді:
шағын
орталығының
тәрбиешісі Жумабаева
Ж.К
2017 жыл
«Әкем, шешем және
мен» атты жанұялық
жарысы
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың спорт туралы білімдерін
кеңейту, қызығушылықтарын және бір-бірімен қарым-қатынасын
арттырып, достыққа баулу.
Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысып дұрыс жолға қою
және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып ынтымақтаса
жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болатындығына көз
жеткізу.
Іс-шараға қажетті
құралдар: ат, үйшіктегі қояндар, кегілдер, доптар, сәбіздер, үлкен
резеңке доп, қызыл, сары, жасыл түсті кішкене
доптар.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, балабақша ұжымы,
ұлағатты ұстаздар және бүлдіршіндер! Осы кішкентай спортшыларға
сәттілік тілей отырып, бүгінгі іс-шараны бастауға рұқсат
етіңіздер.
-Алға Қазақстан,
алға
Денсаулық бар байлығың
бойындаға
Жайнаған өміріңнін жасыл
бағы
Кастерлеп мәпелеп
аяласаң
Бойыңнан кетпес қуат
жасыңдағы.
- Ата-аналармен балабақша арасында өткелі тұрған «Әкем,
шешем және мен» атты жанұялық эстафеталық жарысымызға қош
келдіңіздер. Олай болса жарысқа қатысушы топтарды ортаға
шақырамыз.
1. «Прометей» тобы- қарсы
алыңыздар
2. «Бәйтерек» тобы- қарсы
алыңыздар
- Ойын бастамас бұрын әрбір жаңұяға әділ баға беретін
әділқазылар алқасымен таныс
болыңыздар
1. Жамбалхан – бастауыш сынп
мұғалімі
2. Алдашева У.Ж- мектеп
вожатый
3. Уватаева Г.С- мектеп
мед.бикесі
- Жарыс үш бөлімнен
тұрады
1 – бөлім : Командалар сәлемдеседі және өз ұрандарын айтып,
эмблемаларын қорғау.
2-бөлім: Эстафеталық жарыс
3-бөлім: Қимылды ойын
Тәрбиеші: -Қане, бір-бірімізді
қостаймыз
Бүгінгі жарысымызды
бастаймыз
«Жеңіске жетеміз!»
деп
Жалынды ұран
тастаймыз
Әр топ әділқазылар алқасына өздерін таныстырып өтеді,
эмблемаларын қорғайды.
«Спартак» тобы: Қатар өскен
құрдасқа
Жарыс ұнап тұрмыс
па
Куып жету жақсы
ғой
Озып шығу бір
басқа
«Бәйтерек» тобы: Ұшақтан да
ұшқырмыз
Желден озған
жүйрікпіз
Жарысуға
сендермен
Келіп тұрған
мықтымыз
2-бөлім: Эстафеталық
жарыс.
-
«Мергендер» ойыны /стрелок/
Ойынның шарты: Әрбір ойыншы атқа мініп кедергілер арасымен
жүрелей жүріп үйшіктегі қояндарды атқышпен ату керек, қай топ көп
қоян жинаса сол топ жеңіске
жетеді.
-
«Ұлпа қар» ойыны.
Ойынның шарты: Әкесі белгеленген орынға дейін жердегі
қардың біреуін алып, кедергілер арасымен жүгіріп шелекке дәлдеп
түсіру керек. әрі қарай анасы және балалары кезек-кезек әкесіне қар
тасып береді. Қар таусылғанша ойын осылай жалғаса
береді.
-
«Аққала» ойыны.
Ойынның шарты: Топ басшысы үрлемелі доппен кедергілер
арасымен секіріп, допты белгіленген орынға қойып қайтады. Келесі
ойыншылар кезек-кезек допты қойып аққала құрастырып шығады. Қай топ
бірінші болып аққала құрастырса, сол топ көп ұпай санын
еншіленеді
-
«Қояндар» ойыны
Ойынның шарты: Топ басшысы кезек-кезек құрсауды жылжыта
отырып, әр жерде тұрған ойыншыларды құрсаудың ішіне жинап, қайтып
келе жатқанда жердегі сәбіздерді шелекке жинап қайтуы
керек.
-
«Кенгуру» ойыны.
Ойынның шарты: Әрбір ойыншы беліне қалта байлап алып, үлкен
доппен кенгуруша кедергілер арасымен секіріп, жердегі қызыл, сары
түсті шарларды өздеріне берілген түстерді жинау
керек.
«Прометей» тобы- қызыл
түсті
«Бәйтерек» тобы- сары
түсті
-
«Олжа» ойыны
Ойынның шарты: Әкесі төртке дейін жасап қасындағы баласы
допты анасына аспандата лақтырады, анасы допты жерге түсірмей
шелекпен қағып алуы керек, шелектегі допты баласы қайта алып кері
лақтырады. әкесі жасауды тоқтатқанша ойын осылай жалғаса береді.
Соныңда қай топтың әкесі қалса сол топ жеңіске
жетеді.
3-бөлім: Қимылды ойын
«Секіргіштер» қимылды ойын.
Ойынның шарты: Ойыншылар шеңбер бойымен айнала тұрып,
бірінің оң жақ иығына қолдарын қойып, сол аяқтарын көтеріп шеңберді
бойлай музыка әуенімен секіріп жүреді. Қай ойыншы көтерген аяғын
жерге түсіріп алса, сол ойыншы ойыннан шығады. соңғы бір ойыншы
қалғанша ойын осылай жалғаса
береді.
Бағалау: «5»- өте жақсы
«4» - жақсы
«3» - орташа
Тәрбиеші: - Сөз кезегін әділқазыларға
береміз.
Қорытындысы жеңімпазды
құттықтау
Ата-аналарды алғыс хатпен
марапаттау
- жеңімпаз топтарға сыйлық
беру.
Тәрбиеші: - Бүгін міне оң болып әр
ісіміз
Жоғары боп күш-жігер,
намысымыз
Осылайша қуанышпен
думандатып,
Аяқталды, халайық,
жарысымыз