А.Кемелбаева. "Шашты" әңгімесі. ҚМЖ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

А.Кемелбаева. "Шашты" әңгімесі. ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
А.Кемелбаеваның “Шашты” әңгімесінің тақырыбын, идеясын түсіндіру, әңгімедегі кейіпкерлердің мінез-құлқын, оқиғалардың өрбуін талдау. Әңгіме арқылы өмірдің құндылықтары мен маңызды мәселелерін оқушыларға ұғындыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

ТЕКСЕРІЛДІ

ПЦК төрағасы

____________ Әміртаева Ж.Н.
"____" ___________2024ж.



ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ № 21

(теориялық немесе өндірістік оқыту)


Модуль /пән атауы

ЖБП 2. Қазақ әдебиеті

Сабақ тақырыбы

А.Кемелбаева, «Шашты» әңгімесі

  1. Жалпы мәліметтер

Курс

Оқу жылы

Тобы

Күні

1

2024-2025

МД-24-9К

03.12.2024 / 05.12.2024

ДШ-24-9К3

03.12.2024 / 05.12.2024

Сабақ түрі

Теориялық

  1. Мақсаты, міндеттері


Мақсаты: А.Кемелбаеваның “Шашты” әңгімесінің тақырыбын, идеясын түсіндіру, әңгімедегі кейіпкерлердің мінез-құлқын, оқиғалардың өрбуін талдау. Әңгіме арқылы өмірдің құндылықтары мен маңызды мәселелерін оқушыларға ұғындыру.


Міндеттері:

- А.Кемелбаеваның өмірі мен шығармашылығын таныстыру;

- шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасап, көркемдік ерекшелігін анықтау;

- шығарманың тарихи маңыздылығын түсіндіру;

- оқушылардың шығармашылық қабілетін, өз ойын толық жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;

- оқушылардың әдеби шығарманы терең түсініп, талдай алу қабілетін дамыту.


  1. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі

- А.Кемелбаеваның өмірі мен шығармашылығын біледі;

- шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

- шығарманың көркемдік ерекшелігін анықтап, пікір білдіреді;

- шығармашылық қабілетін, өз ойын толық жеткізе білу дағдыларын дамытады;

- әдеби шығарманы терең түсініп, тарихи маңыздылығын талдайды.


4. Қажетті ресурстар


Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Қазақ әдебиеті оқулығы, А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінің мәтіні. Таратпа материалдар, кеспе парақтар, кестелер.

Техникалық құралдар, материалдар


Ноутбук, смартфон



5. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ


Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі

3-5 мин.

Білім алушылармен сәлемдесу, оларды түгелдеу. «Додекаэдр» әдісі арқылы аудиторияда жағымды атмосфера қалыптастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Білім алушылардың білімін тексеру

15-20 мин.


М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман эссесін толық оқып, шығармадағы образдар жүйесін, кейіпкерлер бейнесін жасау тапсырылған болатын.


Шығарма бойынша тапсырмалар:


І. "Мозаика" әдісі. Бір шумақ өлең жазылған қағаз әртүрлі қиындыға қиылады, артына сандар жазылады. Артындағы 1, 2, 3, 4 сандары бойынша топқа бөлінеді. Әр топ бір-бір өлең жолдарын құрастырып оқиды.



Ақыл-ойдан жүк тиеп теңіздейін телегей,

Желді күні желкенсіз жеке жүзген кемедей,

Менменсіген Мәскеуді, Парижді де тәкаппар

Таңғалдырған кім еді, Қаныш аға, Сіз емей?!


II. «Миға шабуыл» әдісімен қорытындылау.

Оқушыларға қысқаша сұрақтар қою арқылы өткен бөлімдерді еске түсіру:

- Қаныш Сәтбаевтың өміріне қатысты маңызды фактілер.

- Романның алғашқы бөлімдеріндегі негізгі идеялар мен авторлық позиция.

- Қаныш Сәтбаевтың тарихи тұлға ретіндегі ролі


Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру

40-45 мин.









Жоспар:

1. А.Кемелбаеваның шығармашылық өмірі мен әдеби мұрасы

2. «Шашты» әңгімесінің негізгі тақырыбы мен идеясы


Айгүл Жолдасбайқызы Кемелбаева 1965 жылы 21 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Семей өңірі, Абай ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген. Жазушы, әдебиеттанушы, кинодраматург, эссеші.

  • 1982 ж. қазақ орта мектебін бітірген.

  • 1984-87 жж. ҚазМУ-дің журналистика факультетінің 3 курсын оқыды.

  • 1989-94 жж. Москвадағы М.Горький атындағы Әдебиет институтының проза бөлімінде оқып бітірді. Мамандығы – әдеби қызметкер.

2001 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Баспасөзде 300-ден аса әдебиеттану мақалалары, эссе, аудармалары жарық көрген. 3 прозалық кітап пен 2 әдебиеттану-эссеистика кітабының авторы.


Жарық көрген кітаптары:

  • «Жетінші құрылыққа саяхат», повесть, «Жалын» баспасы, (1986)

  • «Тобылғысай», проза, «Елорда» баспасы, (2001),

  • «Мұнара», роман, Алматы, (2003),

  • «Мәжнүн жүрек», эсселер мен сұхбаттар жинағы, «Алаш» баспасы, (2013).

«Сөз хикмет», эсселер мен сұхбаттар жинағы, «Дәстүр» баспасы, (2016).

Фильмдері:

«Күнә», Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» атты әңгімесі бойынша Ш.Айманов атындағы Қазақфильм түсірген. Режиссері Болат Шәріп, 2005 ж.

«Сұлтан Оразалин», деректі фильм, 2013 ж.

«Сүлеймен Есқараев», деректі фильм, 2012 ж.

«Жиембет жырау», деректі фильм, 2014 ж.


Көптеген әдеби сыйлықтардың иегері. Әңгімелері орыс, түрік, әзірбайжан, неміс тілдеріне аударылған. Романы ағылшын тіліне аударылған. Антологияға енген бір әңгімесі БҰҰ-ның 6 тілінде шыққан: орыс, ағылшын, француз, араб, қытай, испан.

Отбасылы, екі қызы бар.


«Шашты» әңгімесінде дана қарт пен Кенжебек бейнесі суреттеледі. Жаугершілік заманда шапқыншылар өзге елді тұтқиылдан шауып, жылқыларды барымталап тұтқын ретінде үлбіреп тұрған сұлу қыздары мен батыр ерлерін еріксіз алып кететін. Ұлы даланың қатаң ережелері тұтқынға түскен бойжеткендерді күң етсе, ер азаматтарын құл қылатын. Алайда туған елге деген сағыныш еріксіз тұтқынды да тәуекелге бел буып, қашуға итермелейді екен.

Әңгімеде көтерілген мәселелер: ер-азаматтардың ар-намысы, шапқыншылыққа ұшыраған елдің күйі аса аяныш, үрей, қобалжу сезімдерін туғызады.

Әңгіменің бас кейіпкері қарапайым жылқышының бейнесінің негізінде бұқара халықтың күйін автор шебер жеткізеді. Сонда да неліктен әңгіменің басты мәселелерінің біріне ер адамдардың ар-намысын жатқызып отырмыз?-, деген сұрақ туындайды. Тұтқынға түсу – көшпелі рулар үшін қарғыс таңбалы, көк соққанмен тең. Жат жарылқамайды. Міне сондықтан, еркек баланы өлсе де аямайды. Тіпті әңгіменің бас кейіпкерлерінің бірі Кенжебекті де жау қолының оншалықты аямағандығын да байқап қаламыз. Кенжебек секілді талай адамдарды құл ретінде жұмсап, отбасын құруға да мүмкіндік бермейтін. Тек қара жұмысқа салып, қашқындар жазадан көз ашпайтын. Өз еркінен тыс тұтқынға түскен адамдардың өмірін, тағдырын ойыншық еткен жау қолындағы құл тірі адамның емес, тірі өліктің күйін кешкендей өмір сүрді. Қаншама адамның өмірі «Шашты» әңгімесіндегі дана қарттың балаға айтқан шерінен, жүрегіндегі терең жарасынан көрініс табады. Өзге елге құл болғасын, қанша еркекпін деп намыстанса да, жау үшін олардың құны тышқақ лақ ғұрлы жоқ.

«Шашты» әңгімесі тек сол замандағы жау қолына түскен халықтың күйін ғана емес, қасиетті жылқы малын бағудың қыр-сырын да атап көрсетеді. Қазақ халқының қатардағы тұлпарды, жүйрік сәйгүлікке айналдыратын көреген халық екендігін айта келе жылқы малын бағудың біз білмейтін ерекшеліктерін жеткізеді.

6. Сабақты бекіту (Сабақ бойынша бағалау - өлшеу материалдары, бағалау парақтары, жұмыс дәптері (қағаз және электрондық форматта)

10-13 мин.

Тапсырмалар:

  1. Топтық тапсырмалар:


1-топ. SWOT кестемен жұмыс: Тасқұл қартқа мінездеме

2-топ. Автордың оқиғалар желісін суреттеу әдісі?

3-топ. Шығарманың көркемдік ерекшелігін анықтап, талдау жасайды

Әр топ жауаптарын таныстырып, пікірлерімен бөліседі.


2. «Сұрақ-жауап» әдісі:

1. Әңгімеде қандай құндылықтар көрсетілген?

2. Оқиға арқылы автор қандай идеяны жеткізгісі келген?

3. Әңгімеде кейіпкерлердің мінез-құлқы оқиғаға қалай әсер етті?


7. Сабақ бойынша рефлексия

3-5 мин.

«Мұғалімге хат» әдісімен сабақты бекіту

Бүгінгі сабақта сіздер үшін не құнды, не қиын, не қызықты болды?

Оқушылар өз пікірлерін стикерге жазып, поштаға салады.

8. Үйге тапсырма

1-2 мин.

Шығарманы толық оқып, басты идеясын анықтау

Әңгімедегі маңызды цитаталарды тауып, олардың мағынасын түсіндіру.


9. Дайындаған педагог


Шалабаева К.А. ________________

Т.А.Ә. (қолы)




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2025
4585
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі