№6 «Нұрай»
балабақшасы
2016-2017 оқу
жылы
Тақырыбы: «Әкем,шешем және
мен»
(Спорттық
ойын-сауық)
ДШ нұсқаушысы:Аханова
А.А
Көкшетау
2016ж
Тақырыбы: «Әкем.шешем және мен
»
Мақсаты:
Білімділік: Бір ортақ мақсатты жұмыла
бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру.
Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға
шақыру. Дамытушылық: Отбасы мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты нығайту,
балалардың дене қимылдарын дамыту. Күш қуат пен
секіргіштікті дамыту.Тәрбиелік: Ата-аналар мен балалар елді,
Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге
құштар патриоттық күш сезімдерін ояту. Шапшандылық, ептілікке үйрету, жаны таза ұрпақты салауатты
өмір салтына тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар:
Ысқырық.
Сылдырмақ.Музыкалық әуен,гимнастикалық орындық,қызыл,жасыл
кішкентай доптар,обруч,үлкен доп, кедергілер, кеглилер,ат
,асық,медальдар.
Жүргізуші:Ендігі кезекте ортаға
сайысқа қатысушыларымызды шақырайық. Ата-аналар,балалар залға
бірінің артынан - бірі тізбектеліп
кіреді.
Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме
құрметті ата - аналар, балалар! Бүгінгі өткелі тұрған «Әкем,шешем
және мен» атты спорттық ойын - сауығымызға қош келдіңіздер! Көк
туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым –Ата заңым қабылданып.
(Музыка әуенімен Ән-ұран
айтылады)
Жүргізуші:Бізге тәуелсіздік туын,
қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние
жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген
Желтоқсан оқиғасына биыл 25 жыл толып
отыр.
Тәуелсіздік түскен жоқ қой
аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
Ендеше спорттық ойын -
сауығымызды бастамас бұрын әділ - қазы алқасын таныстырып
өтейін:
1. Балабақша әдіскері:Қарашаш Зейноловна.
2. Балабақша медбикесі: Зауре Талғатовна.
3. Балабақша психологы: Торқа Калиевна. Әділ қазылар жарыс
кезендерін 5 ұпаймен бағалайды.
Жүргізуші: Ал қанекей,жарысты
бастамас бұрын денелерімізді шынығып алайық. (Музыка әуені
ойналады)Қол ұстасып шеңбер бойы жүру,
жүгіру. Аяқты - аяққа таяп қойып, шеңбер бойы оңға, солға, өкшемен,
аяқтың ұшымен, жартылай бүгілген аяқпен жүру; жүргізуші белгісі
бойынша қарқынды өзгерте, жүгірумен алмастыра
жүру;
Қолды түрлі қалыпта ұстап
жүгіру (жоғары, алға, жан-жаққа созып, желкеде,
белде).
-«Корусель» жаттығуы-музыка
әуенімен бірге зал бойынша шашырап жүреді,музыка әуені тоқтаған
кезде ата-аналары балаларды көтеріп
айналдырады.
-«Кім мықты» ата-аналар
балаларға қарсы тұрады ,бір-бірінің алақандарын тіреп
итереді.
-«Ағаштар» ата-аналар аяқтарын
алға созып отырады, балалар қолды белге қойып
секіреді.
Жүргізуші:Ал
жарайсындар,жаттығуды орындадық.
«Күштілер», «Шымырлар» екі топқа бөлінеді .Енді мен
спорттық ойын - сауықтың кезеңдерімен таныстырып
өтейін:
1-
«Ат
жарыс»Атқа отырып ,алдында төрт белгінің арасынан жүгіріп,келесі
ойыншыға атты береді.
2-
«Асық ату».
Белгілі мәреде шеңбер ішінде асықтар қойылған. Қай отбасының
сайыскері асықты құлатып, шеңберден шығарса, сол топ көп ұпай
жинайды.
3-«Қақпа» ата-аналар қолды белге
қойып,аяқтын арасын ашып қояды.Балалар төтр тағамдап тұрып,аяқтын
арасымен өтеді.
4-«Шар үрлеу» белгі бойынша
ата-аналарға қолдарына шар беріледі,олар шарды үрлеп,балаларына
береді,балалары шарды ұстап көк белгіге
жүгіреді.
–
Бәрекелді не деген
шапшаңсыңдар.!Ата аналар,балалар сендер бүгінгі спорттық ойынға
белсенді атсалыстыңдар.
Ендігі кезекті әділ - қазы алқасы сіздерге сөз берейін. Балалар
жеңістерін құтты болсын. Әрқашан биіктерден көріне беріңдер.
Осымен «Әкем,шешем және мен» атты спорттық ойын - сауығымыз
аяқталды.. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын! Келіп
тамашалағандарыңызға рахмет.
Жеңімпаздарды
марапаттау.





