400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

АКМЕОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ДЕҢГЕЙІН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Акмеология - кәсіби шеберлік шыңына жетудің жолдары оның заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бұл адам тану саласында жаңадан дамып келе жатқан жас ғылым саласы. Ол «акме» деген латын сөзінен алынған «шың» деген мағынаны білдіреді. Акмеологиялық бағытқа мыналар жатады: - ересек адамдардың өз бетінше даму заңдылықтары; - кәсіби шыңға я белгілі бір табысқа жету секторлары; - өзін-өзі тәрбиелеуге, білім беруге және бақылай білуіне үйретуге қызықтыру; - кәсіби шеберлік шыңына жету үшін ересек адамдардағы түзету, жетілдіру және қайта құра алатын қасиеттерді тиімді пайдалана білу Акмеология пәнінің мазмұны орыс халқының «Ғасыр жаса, ғасыр үйрен» деген мақалына саяды, ол ересек адамдарға өз кәсібін ғұмыр бойы жетілдіруге, шыңына шығуға үйретеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АКМЕОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ДЕҢГЕЙІН ДАМЫТУ


Балғазина Гүлфара Нұралықызы

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы №5 Хромтау гимназиясы


Жаңарған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты мақсаттарының бірі ретінде әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену бағыттары адамды жоғары маңызды құндылық деп танып, қоғамның дамуының өзегі болып табылатын болашақ мамандарды акмеологиялық тұрғыда білім алушылардың кәсіби деңгейін дамыту, даярлау сапасын жетілдіруді басты бағдар тұтады. Акмеология сөзіне тоқталып кетсем:

Акмеология  - кәсіби шеберлік шыңына жетудің жолдары оның заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бұл адам тану саласында жаңадан дамып келе жатқан жас ғылым саласы. Ол «акме» деген латын сөзінен алынған «шың» деген мағынаны білдіреді.

Акмеологиялық бағытқа мыналар жатады:

- ересек адамдардың өз бетінше даму заңдылықтары;

- кәсіби шыңға я белгілі бір табысқа жету  секторлары;

- өзін-өзі тәрбиелеуге, білім беруге және бақылай білуіне үйретуге қызықтыру;

- кәсіби шеберлік шыңына жету үшін ересек адамдардағы түзету, жетілдіру және қайта құра алатын қасиеттерді тиімді пайдалана білу

Акмеология пәнінің мазмұны орыс халқының «Ғасыр жаса, ғасыр үйрен»  деген мақалына саяды, ол ересек адамдарға өз кәсібін ғұмыр бойы жетілдіруге, шыңына шығуға үйретеді.

Оның сатылары:

·  Кәсіпке көрісу (оқу орнын таңдау);

·  Өз бетінше кәсіби қызметке кірісу;

·  Кәсіптік қызметте ұжыммен араласу;

·  Бір қалыпты жұмыс ырғағына еніп, кәсіп шыңын игеруге көрісу;

·  Қызмет құрылымындағы жас ерекшелігі;

·   Ұлғайған шақтағы кәсіби қызмет құрылымы т.б.

Демек, акмеология ғылымы ересек адамдарды кәсіби дамуды басқару мәселелерін, оның жас ерекшелігіне әсерін, қызығушылығын арттыра, өз бетінше жетілдіру, шығармашылық қабілетін кәсіби қызметтің шарықтау шегіне дейін жеткізетін саланы зерттейтін ғылым болды.

Тұғырлы білімдері мен кәсіби біліктерін оңтайлы сабақтастыра отырып, кәсіби міндеттерін шығармашылықпен шеше білетін жаңа тұрпатты маман даярлау үрдісін студенттердің дербес іс- әрекетінсіз елестету және оны жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан кәсіптік білім беретін оқу орындарында студенттерді кәсіби даярлау үрдісін жаңаша сипатта қарастырып, олардың шығармашылық дербестік сапаларын дамыту негізінде меңгерген білімдері мен білік, дағдыларын өзгермелі өмір жағдайында, болашақ кәсіби іс-әрекетінде шығармашылықпен қолдана білуге үйрету маңызды міндет.

Қазіргі таңда (Н. В. Кузьмин мен оның жолын жалғастырушылар)  оқытушылардың іс-әрекетін оқушылармен бірлесе, ықпалдастықпен шешуді қалыптастыратын мына негізгі заңдылықтары белгілі болып отыр:

- өзін - өзі сынай білу заңдылығы;

- өзін жоғарғы нәтижеге итермелеу заңдылығы;

- технологиялық заңдылықтар;

- орнықтылық заңдылығы;

- тұтастық заңдылығы;

Бұл заңдылықтар түрлі деңгейдегі оқытушыларды  қамтығандықтан, оларға тән жалпы  сипаттамаларға да тоқталуды жөн көрдім.

Өзін-өзі сынай білу заңдылығы  - бұл заңдылық кәсіби шеберлік деңгейіне жеткен әрбір азамат өз кәсіби қызметі мен жеке қасиеттеріне бақылау жасай алу қабілетіне ие. Кәсіптік мектеп оқшылары мен студенттеріне алдағы кәсібіне сыни көзқарас тұрғысынан қарап, оны өз бетінше дамытуға психологиялық жағынан дайындай бастауға баулу, тәрбиелеу тәрбиелі, кәсіптің қыр – сырын жетік білетін ұлағатты  ұстаздарға жүктелуі тиіс. Тәрбие құрамы ретінде білімдері мен істеріне оқытудың өзін - өзі  бақылау және бағалай білу сияқты маңызды факторларын алуына болады.

Жоғары көрсеткіштерге өзін-өзі ұсыну заңдылығы – бұл заңдылық өз кәсіп саласында  ұдайы ізденісте жүретін, кәсіби іс - әрекет бағытын тек жоғары жетістіктер биігінен көрінетін жұмыскерлерге ғана тән. Ол үшін мұғалім нашар жұмысшыларға тән белгілер мен олардың аз нәтижелі еңбектерімен салыстыра отырып, кәсіби шеберлік жолындағы ізденіске қызығушылық қабілетін оятуы тиіс.

Технологиялық заңдылықтар - өз ісінің шебері болғысы келген әрбір кәсіп иесі өз технологиясын жетілдіру арқылы табысқа жететіні белгілі, бір өнімді қайталай бермей оған өзінше нақыш беріп, жоғары нәтижеге жетуге тырысады. Оқытушы АҚЖ – ны жобалауды үйретеді, бағыт береді, өзінде бар игі қасиеттер, шеберліктерінің қыр – сырын білуге баулиды, жаңа технологияларды тиімді тәсілдермен пайдалануды үйретеді.

Орнықтылық заңдылығы - әрбір өз ісінің шебері маман, Авторлық  Қызмет жүйесін жасаған соң, оны теориялық жақтан негіздеп, ол қызметіне орнықтылық сипат бергісі келеді. Бұл болашақ маман қызметіне АҚЖ дүйесін шәкірт бойына қалыптастыруда олардағы өзін - өзі даму, білім, білік және дағдылық қасиеттеріне орнықтылық беруге оның басты және екінші кезектегі қызметтерін екшелей бастайды.

Біртұтастық заңдылығы – кәсіби шеберлік деңгейіне жеткен адам, өз қызметінің тиімді жақтары мен құралдарын сол сала емес, одан да ауқымды өзара байланыстағы бір – біріне тәуелді жүктемелерде бірегей жүзеге асырып, белгілі бір қызмет аясын кеңейткісі келеді.

Қысқаша айтқанда, ұстаз бен студент арасындағы танымдық және кәсіби қызметтер ауқымы шарықтау шегіне жетіп, өзара үйлесім табуы қажет. Кәсіптік білім саласында болашақ білімін өз бетінше ізденіп жүретін, оны дұрыс ұйымдастырып, өзін - өзі бақылай алатын шебер маманды тек кәсіп саласын толық меңгерген жоғарғы санатты ұстаздар ғана дайындай алады. Мұның бәрі акмеология ғылымына сүйене отырып, кезең – кезеңінен жас  маманды нәтижеге  баулуда, оны даяарлық сатыларынан өткізу кезінде біртіндеп қалыптасуы тиіс. Өмір тәжірибесі  көрсеткеніндей көптеген доғары білікті жұмысшылар, оған қажетті білім мен шеберлік деңгейіне жетудің осы қарапайым заңдылықтарын  ұштастыра алмай, түпкі мақсатқа қолжетімдігі шектеліп қалып жүр.

Сөйтіп, акмеология ғылымының заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, оқушы, студент не ізденуші жастардың кәсіби шеберлігін білім алу процесінде оқу орнының қабырғасында қалаған жөн.

Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, әлемдік ортада алдыңғы шептен орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына, қазіргі таңдағы оқытудың дидактикалық жаңа сипаты – жаңа оқыту технологияларын, оқу ақпараттарын ұтымды қолдану, шығармашылық оқыту түрлерін кеңінен пайдалануға байланысты. Ал шығармашылық іс-әрекет арқылы жаңа нәтижеге жету мен өзекті мәселенің шешімін табу шығармашылық дербестік негізінде жүзеге асады.

Шығармашылық дербестік – болашақ маманның танымдық-интеллектуалдық әлемін дамытып қана қоймай, кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан шығармашылық дербестікке жеке тұлғаның дамуына, оның рухани тұрғыда жетілуінде маңызды, білімдік және психологиялық мәні терең құндылық бағдар ретінде танудың маңызы зор.

Қазіргі заманғы жоғары мектеп дидактикасы студенттердің кәсіби құзыретті, ойлау белсенділігі жоғары, ізденімпаз, дербес, шығармашыл болып қалыптасуын әдіснамалық тұрғыда, қазіргі қоғам талаптарына сәйкес жаңаша негіздеуді қажет етеді.

Оқу үрдісінде шығармашылық дербестікті қалыптастыру проблемасының жаңа мүмкіндіктерін саралауда, өткен тарихи кезеңдердегі бұл мәселенің даму тарихында жинақталған мәліметтерді талдау негізінде, жаңаша бағдар мен құбылыстың мәнін, сипатын анықтауға мүмкіндік алдық.

Жаңа ғасыр біздің қоғамымыздың білім беру жүйесін "ашық ақпараттық қоғамның" қадам басуымен байланыстырады. Бүгінгі күні қоғамда ақпарат негіздеуші рөл атқарып, ақпараттық процестерді алумен, сақтаумен, өндеумен, оларды кеңінен пайдаланумен байланысты.

«Шығармашылық дербестік дегеніміз – танымдық белсенділігі мен қажетсінуі, мотивациясы негізінде қаланатын жеке тұлғаның іс-әрекетіндегі жаңаны жасаудағы креативтілігі мен жаңа нәтижеге қол жеткізуге ұмтылысынан танылатын, өзіндік жұмысы, ізденуі мен жаңашылдығын бейнелейтін жекетұлғалық сапасы».

Студенттердің шығармашылық дербестігін арттыру бағдары:

─ көкейкесті проблемаларды нақты белгілеу арқылы студенттерді ойландыруға, талдауға ынталандыру және белгілі деректерді, оқиғаларды, құбылыстарды салыстыра отырып, оны дамытуға қызығушылық туғызу;

─ жаңа білімді меңгеруде тапсырмалар мен өзекті мәселелердің шешудің стандартты емес басқа тәсілдерін табуға ынталандыру;

─ студенттің ізденімпаздық іс-әрекетіндегі өзіндік қорытындылар мен рефлексиялық талдау жасауда дербестігіне қолдау көрсету.

Студенттердің танымдық қызығушылығы, ізденімпаздығы мен интеллектуалдық белсенділігі оның шығармашылық іс-әрекет құрылымын анықтайды. Студент қоғам өміріндегі маңызды кәсіптік қызметке дайындалып жатқандықтан, оның оқу-танымдық, шығармашылық әрекеті болашақ кәсіби әрекетінің интеллектуалдық бейнесі болуы керек. Сондықтан студенттің іс-әрекетін кәсіби бағытталған, ал оның әлеуметтік және шығармашылық белсенділігі оның өмірлік жолын анықтаудағы ұмтылысы болып табылады.

Шығармашылық дербестік ─ студенттің танымдық қабiлеттерiн жетілдіруде жаңаны жасау мен жаңалық ашуға бағдарланушылық тұрғысында олардың өзіндік жұмысына басшылық жасау нәтижесiнде туындайды.

Сонымен, адам анатомиясы және физиологиясы пәнін оқытуда студенттердің шығармашылық дербестігінің қалыптасуына ықпал ететiн оқу-тәрбие үрдісiнiң факторларына тоқталсақ:

1) ғылымның қоғамдық прогресте алатын орны туралы мәлiмет, оқу-танымдық материалдар, оқу жоспарындағы мақсат-мiндеттердiң жүзеге асуы, адам анатомиясы және физиологиялық білім мазмұнын меңгерудегі мотивацияға байланысты;

2)студенттің мамандану бағыты мен кәсіби жетілу жоспарына меңгерiлетiн адам анатомиясы және физиологиялық бiлiмнiң сәйкестiгi;

3) оқу материалының мазмұнды, тиімді топтастырылған, әрі студенттердің қызығушылығын арттыратындай, дербестігін жетілдіріп, шығармашылық қабілетін қалыптастыратын деңгейде берілуі;

4) Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны оқытушысының кәсіби шеберлiгiнің жоғары деңгейде болуы;

5) студенттің жеке тұлғалық ерекшелiгi мен білім алуға, бақылау және зерттеу әрекеттеріне танымдық қажетсінуі;

6) адам анатомиясы және физиологиясы пәнін оқыту үрдісiндегi жағымды қарым-қатынас, ынтымақтастық, серіктестік және ұжымдық шығармашылық.

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында адам анатомиясы және физиологиясы саласында білім берудің оқу-әдістемелік кешенінсіз жоғарыда көрсетілген білім берудің негізгі тетіктері жүзеге аспайды. Ол үшін оқу-әдістемелік кешенді жасақтауда дидактикалық, әдістемелік жағынан білім мазмұнына қойылатын талаптар мен қоғам сұранысына лайықты етіп қамтамасыз ету қажет.

Мұндай мақсаттарда білім берудегі оқу әдістемелік кешен төмендегідей компоненттерден тұрады: а) жоспарлы ұйымдастыру компоненті; ә)дидактикалық компонент; б) техникалық-ақпараттық компонент.

Әр компонент құрылымы толықтай қамтамсыз етілуі шарт. Жоғарыда көрсетілген компоненттер бір-бірімен тығыз байланысты болып, бір-бірін толықтырып тұрады. Ғылыми зерттеулерді жалпылау нәтижесінде техникалық және кәсіптік оқу орындарында адам анатомиясы және физиологиялық білім беру құрылымын және оны құраушы бинарлық компоненттерін анықтауға мүмкіндік берді.

Мамандар даярлаудың мақсаты мен оның нәтижесі - жоғары оқу орындарында осындай мамандықтар бойынша даярланған әрбір студенттердің бойында өз кәсібі бойынша қалыптасқан білік, дағдылары мен дүниетанымынан, шеберлігі мен қабілетінен танылады. Соның нәтижесінде адам анатомиясы және физиологиясы пәнінің оқытылу сапасы да анықталады.

Шығармашылық іс-әрекет нәтижелері студенттің дербестігінің қалыптасуына, жеке тұлғасының дамуына, танымдық біліктерінің жетілуіне, психологиялық механизмдер арқылы оң әсерлері бар рефлексия нәтижесінде өз іс-әрекетіне жауапкершілік, өз болашағына және қоғам өміріндегі құндылықтар мен дұрыс көзқарас принциптерінің қалыптасуына мүмкіндік береді.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24.10.2019
2385
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі