400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Акрабатиканың жеңіл элементтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене дамуына ықпал ететін жаттығулар орындау сапасын арттыруды түсінеді және көрсетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша денешынықтыру пәнінен жасалған қысқа мерзімді жоспар

Тақырыбы: Акробатиканың жеңіл элементтері

Мектеп: №92 «Ақсу» жалпы орта мектебі

Күні: 20.11.2020ж.

Мұғалімнің аты жөні: Хажиханов Фозил

4 «Б» сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

4.1.2.2 Дене дамуына ықпал ететін түрлі жүйелі жаттығулар мен қозғалыстарды орындау сапасын арттыруды түсінеді және көрсетеді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Дене дамуына ықпал ететін жаттығулар орындау сапасын арттыруды түсінеді және көрсетеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Жақсартуды қажет ететін жақтарын, қозғалыс сапасын арттыруды көрсетеді.

Кейбір оқушылар орындай алады: Спорттық акробатика және оның жеңіл элементтерін біледі.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Гимнастика, қозғалыс, күш, үйлесімділік және тепе-теңдік дағдыларын суреттейді және көрсетеді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Кеңістік /бағыт:артқа, алға, бір жақтан екінші жаққа.

Динамика: жылдам, баяу.Тізе, аяқ, іш, арқа, қол т.б.Байланыс, идеялар, іс-әрекеттер, бір ізділік.

Ептілік, тепе-теңдік, үйлесімділік, күш, жылдамдық.

Талқылануға арналған сұрақтар:

-Дене дамуына ықпал ететін тағыда қандай жаттығулар ұсына аласыңдар?

-Акробатикалық жаттығулар орындаудың техникасын үйренуден бұрын нені қатаң сақтау керек?

-Ілгері кейін домалап түсуде аяқ пен қол қимылдары өзара қалай байланысты?

-Көпір жасау жаттығуын орындаған кезде тәуекелдерді қалай азайтуға болады?

-Шынтақты жерге тіреп жауырынға тұру жаттығуы кезінде қандай тірек қозғалыс дағдыларын пайдаландыңдар?

Не себепті … деп ойлайсыз?

Спорттық акробатика құралдары не үшін керек деп ойлайсыз?

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың арасында достықты нығайту. Топтық жолдастық сыйластықты арттыру.

Пәнаралық байланыс

Математика, өзін-өзі тану, валеология, тіл дамыту, қазақ тілі.

АКТ пайдалану дағдысы

Слайд,ноутбук, проектор, экран, саз аппаратура, микрафон.

Алдыңғы оқыту

Жалпы дамытуға арналған жаттығулар




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы: 15 минут

3 минут



4 минут



8 минут

Сапта тұру, ынтымақтастықтың атмосферасын қалыптастыру, сәлемдесу.

Cабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Қауіпсіздік ережесімен сабаққа дайындығын ескеру.

Саптық жаттығулары: түзулен, тіктел, оң-ға, сол-ға, ай-нал, адым-да т.с.с

Арнайы жүру, жүгіру жаттығулары.

Жалпы денені дамытуға арналған жаттығулар (ЖДЖ)


Бос кеңістік, әуендік сүйемелдеу.

Ортасы: 20 минут

13минут






















7 минут

Акробатикалық жаттығулар.

1.Қолды жерге тірей жүруден,отырудан алға қарай домалап түсу.

2.Осы тәсілмен, тек аяқты айқастырып отыру қалпынан алға қарай домалап түсу.

3.Екі-үш домалап түсу тәсілдерін орындап үйрену.

4.Баскетбол добын құшақтай алға қарай қолды тіремей домалап түсу.

5.Гимнастика таяқшасын қолмен тізе тұсына горизонталь ұстап аунап түсу.

6.Қолды жерге тіреп және тіремей отыру қалпынан артқа қарай домалап түсу.

7.Қолды жерге тірей төрт тағандап тұрып оңға және солға қарай аунап түсу.

8. Осы тәсілмен, тек қолды жерге тірей жүрелеп отырған қалыптан аунап түсу.

9.Жүрелеп отырған қалыптан артқа аунап түсіп, арқамен жату. Сонан соң аяқты созып, жоғары көтеру. Шынтақты төсенішке, қолды белге тіреп, денені тік ұстау. Жауырынға тұру.

10.Баспен тұру, көпір жасау, бір-біріне көмек беру арқылы жартылай және толық шатқа отыру.


Қосымша орындалатын акробатикалық жаттығулар.

1.Екі оқушы бір-бірінің көмегімен, рөлдерді ауыстыру арқылы қолмен жүру.

2.Жерге қолды тірей етпеттеп жатып, шынтақты бүгіп, жазу.

3.Гимнастикалық орындықтың үстімен еңбектеп жүріп өту.

4. Гимнастикалық орындықтартың үстінен екі қолмен тартыла алға жылжып өту.

5. Гимнастикалық орындықтың үстімен жүріп келе жатып, қайта қағып алу.

6. Гимнастикалық орындықтың үстімен жүріп келе жатып, допты еденге ұрып қайта қағып алу.












Гимнастикалық орындықтар, Гимнастикалық маттар(төсеніш),

волейбол,

баскетбол

доптары,

гимнастикалық

таяқтар.


Соңы: 5 минут

5 минут

Тыныс алу ағзаларын қайта қалпына келтіру мақсатында «Менің жүрегім» ойын тренингін ұйымдастыру.

Қорытындылау

Сабақ барысында жіберілген қателігін айту, түзету.Ескерту, қалыптастыру-

шы бағалау.

Сабақтан шығарып салу.

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлаймыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түсіндіресіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын қадағалау.

Әрбірінің еңбегін ескеремін.Қимыл-қозғалыс үйлесімділігі мен қолмен, аяқпен итерілу күшін басқаларға үлгі етемін. Қабілетті оқушыларға күрделі тапсырма түрлерін беремін.

Сабақтың мақсаты мен міндеті орындалды.

Акробатиканың жеңіл элементтері үйретілді.Сабақ жақсы деңгейде өтті.Оқушыларды дұрыс саралау нәтижесінде, сабақ кезінде қиындықтар болған жоқ.

Қауіпсіздік техникасын қадағалау.



ІІ тоқсан

3-бөлім. Гимнастиканың негізгі элементтері

Тақырып: Акробатиканың негізгі элементтері

Оқу мақсаты: 4.1.2.2 Дене дамуына ықпал ететін түрлі жүйелі

жаттығулар мен қозғалыстарды орындау

сапасын арттыруды түсінеді және көрсетеді.

Бағалау критериі: Білім алушы

● Дене жаттығуларын орындау барысында

туындаған қиындықтарды анықтайды;

● Дене жаттығуларын орындау барысында

Туындайтын тәуекелдерді атайды;

● Қиындықтар мен тәуекелдердің алдын алу

Жолдарын ұсынады.

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі


Тапсырма:

Суреттерде бейнеленген жаттығуларды орында. Жаттығуларды орындау барысында туындаған қиындықтарды ата.Берілген жаттығуларды орындау барысында қандай тәуекелдер болуы мүмкін? Олардың алдын алудың жолдарын ай
ДShape1 ескриптор Білім алушы

  • берілген жаттығуларды талапқа сай орындайды;

  • туындаған қиындықтарды (аяқ күшінің әлсіздігі,итере

алмауы, салмағын көтере алмауы) атайды;

  • орындау барысында туындауы мүмкін тәуекелдерді (домалау кезінде мойынның қайырылып қалуы, саусақ буындарына күш түсуі, қолдың тайып кетуі т.б.)анықтайды;

  • қиындықтың алдын алу жолдарын (ретімен, бірқалыпты, бірнеше рет қайталау, досының көмегімен орындау және т.б.) ұсынады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі