400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Акробатикалық жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Акробатика жаттығуларын менгеру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді сабақ жоспары

Гимнастика арқылы ағзаны жетілдіру

Мектеп: Е. Айшуақұлы атындағы орта мектеп


Болатын күні


Мұғалім


Сынып 5


Қатысқандар саны


Сабақ тақырыбы

Акробатикалық жаттығуларды орындау

Оқыту мақсаты

5.1.2.1-қимыл қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар үйренеді

Өз бетімен акробатикалық элементтерді орындау

Оқушылардың көбісі үйренеді:

Өз бетімен барлық элементтерді рет- ретімен орындау.

Кейбір оқушылар үйренеді:

Күрделі акробатикалық элементтерді рет - ретімен орындау

Жетістік критерийлері

1.ҚТ сақтау

2.Акробатикалық элементтерді гимнастикалық талаптарға сәйкес орындау.

3. Акробатикалық элементтерді реттілігін сақтай отырып, гимнастикалық талаптарға сәйкес орындау

Тілдік мақсаттар:

Орыс тілі: тепе-теңдік, алдыға аударылып түсу, артқа аударылып түсу, орын ауыстыру, үлкен адым жасау, домалау

Қазақ тілі:

Ағылшын тілі:

Дағдылар :

1.Ынтымақтастық

2.Өзара көмек, сақтандыру

Жахандық азамат -тыққа баулу

Жауапкершілікті, сыйластықты ж/е өзіндік мәдениет пен қасиеттерді қадағалау

АКТ пайдалану қабілеті

Видео : акробатикалық элементтерді орындау үлгілері

Оқыту түпнұсқалылығы:

Акробатикалық элементтерді физикалық дайындыққа сәйкес орындау

Пәнаралық байланыс

  1. Физика

  2. ӨҚН

  3. Биология

Алдыңғы білімді қолдану

Оқушылардан гимнастикалық жаттығуларды орындау техникасын білу күтіледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған бөлімдері

Сабақтың жоспарланған барысы

Ресурстар




1 сабақ

Сабақ мақсаттарын түсіндіру, қауіпсіздік техникасын талқылау. Жетістік критерийлерін талқылау. Акробатикалық жаттығуларға қатысатын бұлшық еттер тобын анықтауға арналған тапсырма.арқа жаттығуларын орындау. Жылдамдық тапсырмаларына жүгіру. Ж.Д.Ж.

Гимнастикалық мат

Гимнастикалық матқа қатысты карточка тапсырмалар


2 сабақ

Акробатикалық жаттығуларын орындау. (П,Э,Ф). Оқушылар жұптық жұмыс жасап, айналымдардың үйлесу мүмкіндіктерін зерттейді. Содан соң сол

Айналымға арналған карточка тапсырмалар

Сабақтың басы 10*

Тақырыпты, сабақ барысын, бағалау критерийлерін, мақсаттарын жариялау және түсіндіру, сабақ соңындағы рефлекция туралы ескерту.

Сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Қауіпсіздік ережелерін қайталау. Сабақ мақсатын түсіндіру. Саптағы : «Оңға!», «Солға!», «Кері айнал!», «Алаңды айналып алдыға бас!» жаттығулары.

Жүріп келе жатып орындалатын жаттығулар

Алдыға жүру:

1.Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру.

2.Қол белде, өкшемен жүру.

3.Қол желкеде, жартылай отыра жүру.

4.Қол тізеде, отырып жүру, секіру.

Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулары:

1.Жеңіл жүгіру

2. тізені жоғары көтеріп жүгіру

3.Қолды артқа қойып, аяқты артқа сермеп жүгіру

4.Аяқтың басын алдыға сілтей жүгіру

5. Оң қапталмен қолды алдыға айналдыру

6. Сол қапталмен қолды артқа айналдыру

Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос орын болуы.

Сабақтың ортасы

25*

Ж.Д.Ж дамыта отырып, дененің шыдамдылығын жетілдіру. Домалау кезіндегі техниканы игеру, екі қолдың, екі аяқтың тыныс алу шыдамдылығы мен төзімділігін жетілдіру. Екі элементтің қосылысы, алдыға домалай екіншісінде (көпірше жасау), (екі қолдың көмегімен баспен тұру), артқа домалай екіншісінде жауырынға тұру тұру және екі қолды көтере бастапқы қалыпқа келу. Ойын ретінде эстафеталық, акробатикалық жаттығулар орындау.

1.Б.Қ. қол ұстасып, бір біріне қарама қарсы тұру. Бір қолды екі жаны арқылы жоғары мкөтеру, сол аяқты артта ұстау.

2.Б.Қ.

3.Екінші аяқпенен де осылай жасау. Барлық оқушылардың бірдей жасауын қадағалау. Б.Қ.қолдарын төмен ұстап, бір біріне арқаларын беріп тұрады.

1. Сол аяғын ұшымен жанға қояды,оң қолды жоғары көтеріп, солға қарай еңкейеді.

2.Б.Қ. Екінші жаққа да осылай жасау. Аяқты бүкпей түзу жасауын қадағалау.Б.Қ. бір – бірінің иықтарынан ұстап, алдыға еңкейіп, қарама – қарсы тұрады. Аяқтардың арасы алшақ.

1.Алдыға қарай серіппелі түрде еңкею.

2.солға бұрылу. Екінші жаққа бұрылыс жасай, осылай істеу. Аяқты бүкпеу керек. Б.Қ. қолдарын жоғары көтеріп ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады.

1. Сол аяқпен ілгері аттау, артқа шалқаю.

2. Б.Қ. екінші аяқпен де осылай жасау.

Б.Қ. қолдарын шынтақтан іліп алып, бір-біріне арқаларын беріп тұрады.

1. Жартылай отыру.

2.Б.Қ. келу.арқаларын түзу болуы керек. Б.Қ. серіктерінің иығына қолдарын салып, бір-біріне қарама – қарсы тұрады.

1.Сол аяқты алдыға –оңға қарай сілтеу.

2.Б.Қ. келу. Екінші аяқпен де осылай жасау. Аяқтарын түзу көтеруін қадағалау. Б.Қ. табандарын тіреп, аяқтарын тізеден бүгіп, қолдарынан ұстасып, гимнастикалық төсеніште қарама – қарсы отыру.

1.Сол аяқты жоғары көтеріп, созып ұстайды.

2.Б.Қ. 3-4 Оң аяқпен де осылай жасау.

Б.Қ. табандарын тіреп аяқтарын алшақ қойып бір-біріне қарама-қарсы отыру, оң қолдарымен ұстасады.

1.Біреуі алдыға еңкейсе, екіншісі шалқаяды.

2.Б.Қ.

3.Екінші жаққа қарап еңкею, шалқаю.

4.Бұл да сондай, бірақ сол қолмен ұстайды. Б.Қ. арқаларын бір-біріне беріп, аяқтарын тіке жазып отырады. Қолдарын көтеріп басынан ұстайды.

1. «А»алдыға еңкейеді. «Б» аяқтарын бүге, табанмен еденге тіреле «А-ның» иығына жатады.

2. Б.Қ.

3. Қайталау. Бір жаққа құламай қолдарын басынан ұстауын қадағалау.

Үлкен бос кеңістік.

Ысқырық, жалаушалар, фишкалар мен конустар



















Қолдарын жібермеуін қадағалау










Аяқтарын түзу ұстауын қадағалау.


Аяқтарын түзу ұстауын қадағалау.









Сабақтың соңы 5*

Сабақты қорытындылау: сабақ соңында нәтижелер қорытындыланып, не білгені, қалай жұмыс жасағандары қорытындыланады.

«Қосу-алу-жетілдіру»

«Қ» алаңында оқушылар сабақта ненің ұнағаныны жазады.

«А» алаңында сабақтағы қызықсыз, пайдасыз деп ойлаған сәттерді жазады.

«Ж» алаңында әлі де осы тақырып бойынша нені білгісі, үйренгісі келетінін жазады.

Киім ауыстыру бөлмесіне шығарып салу.

Маркерлер, фломастерлер, стикерлер.

Саралау – Көбірек қолдау көрсетуді Сіз қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Дене шынықтыру сабақтарында саралық тәсілдемеге оқушылардың мүмкіншіліктеріне қарай олардың дене саулығының, дене дайындығының орта деңгейіне, сондай-ақ тиісті білім, біліктер және дағдылар көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ерекше тәсілдеме жатады.

Дене дайындығының деңгейі төмен оқушыларды қолдану үшін: конустар мен фишкалар арқылы жүгіру.

Қабілетті оқушыларға: өз тобындағы ойыншыны көп құтқару

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарладыңыз?

Сабақтарда бағалауды мұғалім келесілер арқылы сабақ барысында жүзеге асырады:

Мадақтама. командалар қарама-қарсы тұрып бір-біріне мадақтама сөздер айтады және бір ұсыныс айтады, яғни қай жерін дұрыстауға болатыны туралы

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы: Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Жалпы бағалау

Сабақтың жақсы екі аспектісін көрсетіңіз (оқытуға, үйренуге қатысты)?

1;

2;

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйренуге қатысты)?

1;

2;

Сабақ барысында сыныптың немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиындықтары туралы не анықтадым, келесі сабақтарда неге көңілбөлу керек?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
536
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі