400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Акробатикалық жаттығулар орындау 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын құру және оларды дене жаттығуларын орындауда қолдану реттілігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

СҚО Мамлют ауданы « Краснознаменное орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Акробатикалық жаттығулар орындау

(сабақтың тақырыбы)


Бөлім 3

Гимнастикалық жаттығулар арқылы шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау

Педагогтың тегі,аты,әкесінің аты (болған жағдайда)


Джекенбаев Сеиткул Тулегенович

Күні

21.11.23ж

Сынып 5а

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Акробатикалық жаттығулар орындау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.2.2. Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау

Сабақтың мақсаты


Түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын құру және оларды дене жаттығуларын орындауда қолдану реттілігі

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

15минут

Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

1. Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

2. Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

3. Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.



Сабаққа спорттық киімменкелу. Қатарға тұру. Сәлемдесу. Рапорт тапсыру.Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысу. Техника қауіпсіздігін сақтау. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.


(ойыншылар саны бойынша), ысқырық, 1 доп, ысқырық, өлшегіш















Сабақтың ортасы

25 минут

Жұпта ең жақсы аударылып түсуді көрсететін оқушыларды таңдаңыз (унисон/бірізді көрсету) және оларды барлығына көрсетуді сұраңыз. Дене бөліктеріне және бұлшық еттерге назар аударыңыз, неліктен Сіз осы оқушыларды таңдағаныңызды түсіндіріңіз. Сұрақ қойыңыз: «Бірқалыпты» сөзі нені білдіреді? Біз бір қозғалыстан екіншісіне бірқалыпты өтуді қалай орындай аламыз?

«Унисон» және «бірізді» сөздерімен бізді нені мегзейміз? (бір уақытта бірдей жұмыс істей, бірінен соң бірі жұмыс істеу).

Акробатикалық жаттығулар орындау

(ЖЖ, Т, Ф) Оқушылар жұптарда бірге жұмыс істейді және маттардағы аударылып түсулерді бір уақытта және бірізді үйлестіру мүмкіндігін қарастырады. Содан кейін олар аударылып түсуді маттарда қарама-қарсы орындау мүмкіндігін қарастырады. Олар 2-3 идеяны біріктіреді және аударылып түсулердің қысқа реттілігін орындауды. Жұптарда немесе топтарда 5-7 акробатикалық элементтен қарапайым кешен құру: алға аударылып түсу, артқа аударылып түсу, домалау; кең адым/аюдың аударылып түсуі, отырып секіру және 360 градусқа бұрылып ыршып түсу, домалау. Аударылып түсулерді бір-бірімен қалай орындауға болатынына тәжірибе жүргізіңіз (мысалы, аударылып түсуді орындау кезінде қолдан ұстау және басына бас қойып жату).

Гимнастикалық төсенішке жатып, жауырмен аяғыңызды жоғорыға көтеру екі қолмен белімізді ұстау.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау


Гимнастика жаттығуларындағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын ретімен орындаңыз.

1. Қолыңызды тіреп отырыңыз, тізеңізді кеудеге жинақтаңыз. Жаттығуды 10-15 рет орындаңыз.

2. Гимнастикалық төсенішке жатып, аяғыңызды кеудеге жинап, жинақталыңыз. Жаттығуды 10-15 рет орындаңыз.

3. Алақаныңызды бір-біріне қарама-қарсы бағытта ұстаңыз, осы күйде, тез отырып топтасыңыз. Жаттығуды 10-15 рет орындаңыз.

4. Гимнастикалық төсенішке жатыңыз, тез арада отырып топтасыңыз. Жаттығуды 10-15 рет орындаңыз.

Дескриптор

- қолын тіреп отырып, тізесін кеудеге жинақтайды;

- гимнастикалық төсенішке жатып, аяғын кеудесіне жинақтайды;

- алақанын бір-біріне қарама-қарсы бағытта ұстап, тез отырып топтастырады;

- гимнастикалық төсенішке жатып, тез арада отырып топтастырады;

- гимнастика жаттығуларын ретімен орындайды көпір жасау.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау. Ең жақсы білім алушыны анықтаңыз, жіберілген қателерді көрсетіңіз.

Тыныс алу мен зейінді қалпына келтіру жаттығуларын орындау, дұрыс қалыпта болыңыз. Ұйымдастырылған күтім


Оқушылардың үй тапсырмасын мұқият тындауын қадағалау.

Үй тапсырмасы: жалпы дамыту жаттығуларын орындау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
04.06.2024
353
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі