Материалдар / Акробатикалық жаттығуларды орындау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Акробатикалық жаттығуларды орындау

Материал туралы қысқаша түсінік
Акробатикалық жаттығулар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2021
272
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспарлау


Сабақ тақырыбы:Акробатикалық жаттығуларды орындау

Мектеп: Қожакелді батыр атындағы Ақсуат орта мектебі

Күні:18.11.2020

Машыққкердің/студент-практиканттың Т.А.Ж.: Назіржанов Әділжан Қанатұлы

Сынып:


Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты

Қимыл қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау.

Жетістік критерийлері

Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады, техника қауіпсіздігін сақтай алады.

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар жасай алады:

. Жалпы дамыту жаттығуларын.

Оқушылардың басым бөлігі (көптеген оқушылар жасай алулары керек):

. Жаттығуларды дұрыс меңгеріп жүйлі орындауы.

Кейбір оқушылар жасай алуы тиіс:

.Спорт техникаларын.

Тілдік мақсат

Оқушылар (сипаттай алады): Спорттың адам денсаулығына тигізетін әсерін.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Үш тілді пайдалана отырып біз оқушыларға сөздік қорын дамытуға үлес қосамыз.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер (Тілдік стратегиялар: оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым):

Талқылауға арналған тақырып:

. Жаттығу кезінде қауып қатерден сақтану.

Сіз неліктен...екенін айта аласыз ба?

. Жаттығу кезінде дұрыс орындай білу керекпіз.

Жазбаша қолдаулар:

.Дұрыстап орындау ,жақсы,керемет ,жарайсың.

Құндылықтарды дарыту

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Физика,биология.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Бастапқы білім

Физикалық дене қуаттарын дамыту.

Сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған оқыту іс - әрекеттері

Оқыту ресурстары

Басы



15 минут

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Сәлемдесу. Рапорт бергізу. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтып түсіндіру, техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.Қауіпсіздік ережелері:1)сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға жіне т.б заттарды шешіп тастауы қажет,2)тырнақты қысқа қылып алып тастау кажет,3)спорт құралдарына ұқыппен қарау,4) жаттығу жасау барысында аралықты сақтау,5)спорт залдағы розеткаларға жоламау,6)мұғалімнің рұқсатынсыз спорт құралдарына тиіспеу,7) егер бір жағдай болса немесе оқушының бір жері ауырып тұрса мұғалімге дереу ескерту.Саптық жаттығу ларды орындату.Олар:оңға ,солға,шұғыл, кері,секіріп кері бұрылу түрлерін жасату.

Жүру: қолды жоғары көтерп, аяқтың ұшымен жүру.

Қолды жанға созып өкшемен жүру. Жартылай отырып, толық жүру.

Жүгіру:

Жеңіл жүгіріс, оң және сол қырымен қолды алға қарай айналдырып жүгіру, тізені көтеріп жүгіру, аяқты артқа сермеп жүгіру.

Жай жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

Жалпы дамыту жаттығулары.

1.Б.қ аяқ иық деңгейінде қол белде басты алға, артқа, оңға – солға 4 санына жасау.

2.Б.қ аяқ иық деңгейінде қол иықта 1-2 алдыға, 3-4 артқа айналдыру.

3.Б.қ аяқ иық деңгейінде қол кеуде тұсында 1-2 қол бүгілулі артқа, 3-4 толық жаза оң – сол қапталға бұрыла жасау.

4.Б.қ аяқ иық деңгейінде қол желкеде 1 оң шынтақты сол аяқтың тізесіне, 2 б.қ. 3-4 сол шынтақты оң аяқтың тізесіне тигізу.

5.Б.қ аяқ иық деңгейінде оң қол жоғарыда, сол қол белде 1-2 сол жаққа иіле, 3-4 келесі жаққа иіле.

6.Б.қ аяқ иық деңгейінде 1.қолды соза артқа шалқаю 2.иіле аяқ ұшына 3.қол алға жүрелей отыру 4.б.қ.

7.Б.қ аяқ иық деңгейінде қол белде 1 – 4 оңға, 1 – 4 санына солға белді айналдыру.

8.Б.қ аяқ иық деңгейінде 1 оң аяқты бүге жанға отыру, 2 б.қ 3 сол жаққа, 4 б.қ.

9.Б.қ аяқ иық деңгейінде 1 оң жаққа бұрыла тізеге отыру, 2 б.қ 3 сол жаққа, 4 б.қ.

10.Оң-сол, қос аяқпен секіру.

Үлкен бос кеңістік.

Ысқырық, фишкалар және доптар.

Ортасы


  1. инут

1)Акробатикалық жаттығу жасату. 1-ші тізені бүкпей алдыға еңкейіп жүру, 2-ші аяқты қосып ,ашып секіріп жүру, 3-ші екі жаққа кезек-кезек секіру, 4-ші ұлдар 10 рет отжимания жаттығуы, қыздар қолды алдыға созып, отырып тұру(приседания) жаттығуы, 5-ші мостикке тұру.Акробатикалық жаттығу артқа аунау, алдыға аунау және жауырынға тұруды үйрету.Артка аунау мен алыға аунау жаттығуы барысында бала бір қолын көтеріп, аяқтың ұшымен көтеріледі. Сосын отыру белгісін көрсетеді, екі қол алдында, екі тізе қосылған, бас жоғары тұрады, содан кейін аунау белгісін көрсетеді алдыға және артқа аунау, сосн жауырынға тұрады, сосн болған соң бала бастапқы қалыпқа тік тұрады.

2)(С, Ж, К, Ф) «Доппен қарсы эстафета» деп аталатын қимыл ойыны. Бұл ойынға екі баскетбол немесе волейбол добы керек. Екі команда екіге бөлініп бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Алдыңғы екі ойыншыға доп беріледі. Ойынды баяндау. Белгі бойынша, әр команданың бірінші тұрған ойыншыларды допты өздерінің қарсы жақтағы бөлігінің ойыншыларына әуелетіп береді. Ал, өздері допты қабылдап алған ойыншылар да ойынды осы тәртіппен жалғастырады. Доп ойынды бірінші бастаған ойыншыға қайта келгенде, ойын аяқталады.Барлығын мұғалім өзі қадағалап,бақылап отырады.

Үлкен бос кеңістік және доптар. Жаттығудың пайдасы:желке, белге тұз жиналмау үшін, омыртқа жоталары қалыпты жұмыс жасауы үшін, буын ауруларын алдын алады

Соңы


10 минут

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- деген сұрақтарға жауап береді.

Содан соң оқушылардан денсаулықтары жайлы сұралып, мұғалімге сұрақтарын қояды.Мұғалімге срақтары жоқ болса, онда мұғалім сабақты аяқтайды.

Рефлексия парағы.

Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту, Көбірек қолдау көрсету үшін Сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз?


Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін барлық білім алушылар түсінеді және қолданады, оны шешудің балама жолдарын ұсынады деп жоспарлап отырмын.


Қабілеті жоғары оқушыларға өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін қолдану және оны шешудің балама жолдарын ұсыну кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Бағалау – Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша тексеруді көздейсіз?




Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

Оқуды бақылау

Сұрақтар мен жауаптар

Бірін-бірі бағалау

Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Пәнаралық байланыс

Денсаулық пен қауіпсіздік ережелері

АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)



Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары қол жетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Берілген бөлімді өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Ия сабақтың мақсаты қол жетімді болды.


«Доппен қарсы эстафета» деп аталатын

қимыл ойынын үйренді.



Ия жүзеге асты деп ойлаймын.


Ия.



Жоқ ,өйткені жоспарыма өзгеріс енгізген жоқпын.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:ЖДЖ жаттығулар, қимыл ойындары және гимнастикалық жаттығулар толық жақсы олрындалды.

2: Оқушылардың бір біріне сыйластығын арттыру

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылардың қызығушылығы

2: Барлық сынып техниканы тез ұғып үйренуі.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Оқушыларға берілген жаттығуларды толық меңгерді.





Студент- практикант: ________Назіржанов Әділжан Қанатұлы___________

(қолы/ Т.А.Ә.)


Пән мұғалімі: _________Мухаметжанов Дулат Бақытбекович__________

(қолы/ Т.А.Ә.)


Практика жетекшісі: __________Жумадилова Бейбитгул Толеубековна_________

(қолы/ Т.А.Ә.)











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!