Тақырып бойынша 31 материал табылды

Акробатиканың жеңіл элементтері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары ЖИ пайдалынылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Каржауова Ильмира Нурсултановнаның қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: Акробатиканың жеңіл элементтері. Алға домалау, артқа домалау, жауырынға тұру


Бөлім:

3-бөлім Гимнастиканың негізгі элементтері

Педагогтің аты-жөні:

Каржауова Ильмира Нурсултановна

Күні:


Сынып:4

Қатысушылар саны: 27

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Акробатиканың жеңіл элементтері. Алға домалау, артқа домалау, жауырынға тұру

Оқу мақсаттары

4.1.2.2 Дене дамуына ықпал ететін түрлі жүйелі жаттығулар мен қозғалыстарды орындау сапасын арттыруды түсіну және көрсету

Сабақ мақсаттары

Оқушыларға акробатиканың жеңіл элементтерінің атауларын, орындалу тәртібін және қауіпсіздік ережелерін үйрету.

Құндылықтарды дарыту

Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік айы.

Оқушыларды кез келген іс-әрекетте жауапкершілікпен, табандылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Өз ісін шеберлікпен атқаруға ұмтылып, кәсіби дағдыларды меңгеру арқылы өз болашағына сеніммен қарауға бағыттау.

Бастапқы білім

Акробатикалық жаттығулар аяқы бүгіп және тіктеп жаттығу

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Кезеңі

Қызығушылықты ояту

8 мин


(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау.

Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару.

Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: оқушылардың көңіл-күйіне назар аудару.

Бағалау критерийлерін анықтау.

Техника қауіпсіздігін ескерту.

Жүру, жүгіру жаттығуларын көрсету, орындату.

Бой жазу жаттығуларын жасату.

Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылар сапқа тұрады. Сәлемдеседі. Рапорт береді.

Мұғалімді тыңдайды және нұсқауды орындайды.

Жүру, жүгіру жаттығуларын орындау.

Жаттығуға белсене қатысу,

ара қашықтық сақтау, қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Бой жазу жаттығуларын жасау.

Тыныс алу жаттығуларын орындау.


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың сабаққа белсенділігі артады.




Ысқырғыш.



ЖИ платформасы арқылы жаңа сабаққа кірісеміз.





Сабақтың

ортасы

30 минут





Жеке, жұптық, ұжымдық жұмыс



Оқушыларды топқа карточка арқылы бөлу.

Акробатикалық жаттығуларды көрнекілік арқылы көрсету: (YouTube сайтында көру) алға,артқа домалау,жауырынға тұру кезеңдерін түсіндіру.

Жаттығу карталарын таратады: «Алға домалау кезеңдері: иілу, аяқ буындарын жинау, денені домалау»

Жұп жасап, орындауды бақылауды сұрайды және қауіпсіздік ережелерін еске салады.

Т). «Ойлан, топтас, бөліс» әдісі.

Топтарға жаттықтыру тапсырмасын береді.


Қауіпсіздік бақылауын ұйымдастырып, коректорлық кері байланыс береді.


Құрылымды орындау кезінде қауіпсіздік пен орындалу сапасын бақылап, түзетеді.

Оқушылардың орындауын бақылап, қателіктерін түзетіңіз.


Қауіпсіздік шараларын түсіндіріңіз.


Оқушыларға көмек көрсету үшін қолдау жасаңыз.

Қимылдардың үйлесімділігін бақылаңыз.


Әр топ өздерінің орындаған элементтерін көрсетіп,

тәжірибелерімен бөліссін.


Оқушылардың жетістіктерін мадақтап, қателерін талқылаңыз.


Әр тапсырма бойынша пікір алмасу және талқылау

Оқушылар топқа бөлінеді.

Осы сілтеме бойынша видео роликті көру керек. https://youtu.be/y4lPkiQYD3w?si=AgUueQgBhw1ow4ZR

Оқушылар акробатикалық жаттығуларды қауіпсіздік ережесін сақтай отырып ретімен орындайды.

Алға домалау: Жиырылып отырады, бас екі тізенің арасына қарай еңкейтіледі. Қауіпсіздендіруші көмекші бала бір қолының алақанын оның желкесіне қояды. Аяқты тіреп итерілу қарсаңында және домалап түсудің алдында  қауіпсіздендіруші қолымен жаттығушының желкесіне басып, басын төсенішке тигізбей, екі тізесіне қарай жақындатады, сөйтіп,денені бірден аударып түсіруге көмектеседі.

Артқа қарай домалап түсуді үйренгенде жүйелілік барынша сақталған жөн. Артқа домалап түсуде әуелі шалқалап жатып, қолды иықтан асыра тіреу арқылы артқа тербетілу әдісімен басталады. Келесі кезен-жиырылып отырудан артқа домалап түсу, қолды тіреп тізерлеп отыру; домалап асып түсіп, аяқты алшақ қойып тіреп тұру; артқа қарай домалап асып түсу арқылы қолды тіреп отырғаннан кейін, жоғары секіру, аяқты бірге ұстап артқа қарай домалап асып түсу.

Жауырынға тұру бүгіліп отырған қалыптан артқа домалау және жауырынға тұру акробатикалық құрама жаттығуын орындау техникасы. Домалап түсу жаттығуын орындай отырып, бүгіліп отыру жағдайына тез келуге тырысу керек . Ол үшін жауырынға домалап түсу кезінде жамбастың еденнен жеңіл көтерілуіне көмек беру мақсатында қолды белсенді қимылға көшіру керек; жауырынға тұруға әрекет ету кезінде жауырынды гимнастикалық төсенішке қатты ұрып алудан сақтана отырып, арқаны дөнгелете бүгіп барып, иыққа тұра қою қажет.


«Қолмен белгі беру»


-Бейнероликті мұқият көреді.

-Топ ішінде бейнеролик желісін талқылайды.

-Өз ойын, пікірін топ ішінде бір-бірімен бөліседі.

-Топтар арасында топтық шешім бойынша пікір алмасады.

1.Берілген сурет бойынша оқушыла кезек-кезекпен жаттығуды қайталау

2.Асықпай,артық күш жұмсамай жаттығуларды жасаймыз

«От шашу» әдісі арқылы топтар арасында оқушылар бір-бірін бағалайды.



Оқушыларды ынталандыру мақсатында

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!











Презентация

Power Point



Ысқырық, фишкалар, гимнастикалық төсеніштер.


https://youtu.be/y4lPkiQYD3w?si=AgUueQgBhw1ow4ZR

ЖИ платформасы арқылы жаңа сабақты түсіндіреміз.










Сабақтың

соңы

7 минут

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.


«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12