Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Актерлік шеберлік" оқу бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Актерлік шеберлік" үйірмеснің оқу бағдарламасы , 68 сағат
Материалдың қысқаша нұсқасы



Түсініктеме

«Актерлік шеберлік» үйірмесінде оқушылар тек қана көркемдік нәтижеге жету құралы, яғни спектакль қою ретінде ғана қарастырылмайды. Сонымен қатар, театр өнерімен шұғылдану оқушылардың ойлау қабілеті мен таным қызығушылығын белсендіру, қиялы мен елесін ояту, ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын оятуы өте маңызды. Үйірме - бұл мұғалімнің оқушылармен әріптестік қатынаста және нәтижеге қол жеткізу үшін жұмыс жасауына арналған. Үйірме жұмысы бірнеше бөлімдерден құралған бағдарламадан тұрады.

«Сөйлеу мәдениеті мен техникасы» бөлімінде тыныс алу, сөйлеу мүшелерінің еркін жұмыс жасауына бағытталған жаттығулар мен ойындар жүргізіледі. Сондай-ақ, нақты мәнер мен ойлау, орфоэпиялық заңдылықтар түсіндіріледі. Бөлімге байланыс қабілетін дамытатын, қысқаша ертегілер мен әңгімелер құрауға үйренетін, қарапайым іс-әрекеттерді таңдай білетін сөздік ойындар енгізілген.

«Сымбат пен мүсін икемділігі» бөлімінде баланың қозғалыс қабілеттерін, дене әрекетінің әдемі қимыл қозғалысын, оқу күшін жеңілдетуге бағытталған дамыту ойындары мен жаттығу жұмыстары жүргізіледі.

«Әдеп пен мәдениет» бөлімінде оқушылардың өмірдің мәні мен құндылықтарын түсіну, жалпы адамзаттық бағалы қасиеттерді ұғыну, сөйлесу мәдениеті мен өзін ұстай білу әдебін, эстетикалық мәдениетті білу үйретіледі.

«Театральдық ойын» бөлімінде оқушының тек қана кәсіби шеберлегін дамыту қарастырылмайды, сондай-ақ, ойын әрекетіндегі эстетикалық сезімін дамыту, құрдастары мен үлкендер түрлі жағдаяттар арасында өзін дұрыс ұстай білу тәртібі үйретіледі.

Мақсаты: Тарихи тұлғаларды сомдай отырып, әдеби тілмен сөйлеуге машықтану, өмір мен адам болмысының мәнін жете түсіну, оның табиғатын тануға баулу.

Міндеттері:

  • Оқушылырдың тіл байлығының молаюына, сөздік қорының артуына назар аудару;

  • Қазіргі қоғамда өз мүмкіндіктерін іске асыруға қабілетті жеке тұлғаны әлеуметтік белсенділікке тәрбиелеу;

  • Оқушының ұлттық санасын қалыптастыру, өз ұлтының жанашыры бола алатындай ұлттық рухты тәрбиелеу;

  • Ана тілін, дінін, тарихын, мәдениетін, өнерін, салт – дәстүрін, мәдени мұраларын қастерлеуге бағыттау;







Оқушының міндеттері:

  • Сабаққа түгел қатысуға

  • Бір –бірене мәдениетті сөйлеуге

  • Театрдың басқа да түрелерін білуге

  • Театр қойылымдарын кімдер жасайтынын білуге

  • Сахна мен көрермен залында өзін – өзі ұстау ережесін білуге

Бағдарламаны жүзеге асыру түрлері:

  • Бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті көркем әдебиеттер санының көп болуы.

  • Берілген рольді қызығушылықпен сомдау.

  • Оқушылар өздерін сахнада еркін сезіне білуі

  • Сахналық көрініс көрсету.

Күтілетін нәтиже

Тәрбиеленушілер актерлік шеберліктің теориялық қырын меңгере отырып, образдарды неғұрлым шынайы сомдауға үйренеді. Көркем шығармаларды сахналау арқылы тарих бетпердесіне үңіліп, дүниетанымын кеңейтеді, өткен дәуірдің жан азабы мен мерейін таниды. Сонымен қоса, жазушылық шеберліктерін шыңдай түсуінің арқасында сахналық қойылымның үлгілерін жаза білетіндей деңгейге көтеріледі. Демек, оқу курсының соңында тіл тазалығын сақтай білетін, әдеби мұраларымызды бағалай білетін тұлға қалыптасары анық.

Бұл бағдарлама бір оқу жылына есептелген. 2023 – 2024 оқу жылына арналған . Аптасына екі академиялық сағаттан екі рет өткізіледі. Бірінші оқу жылы 68 сағат.











Оқу – тақырыптық жоспар Бірінші оқу жылы

Тақырыптар


Сағат саны

Теориялық

Практикалық

Барлығы

І

Ұйымдастыру жұмыстары



2

ІІ

Сөйлеу мәдениеті мен техникасы

4

4

8

ІІІ

Сымбат, мүсін икемділігі

2

4

6

ІҮ

Әдеп пен мәдениет


10

10

Ү

Қимыл қозғалыс икемділігі


6

6

ҮІ

Театрландырылған көрініс

4

30

34


ҮІІ

Қорытынды сабақ



2


Барлығы

10

54

68





























Оқу – тақырыптық жоспар Бірінші оқу жылы

Тақырыптар


Сағ

саны

Мерзімі

І топ

ІІ топ

І

Ұйымдастыру жұмыстары

2



1

Ұйымдастыру жұмыстары Топ жинау, топқа бөлу

2



ІІ

Сөйлеу мәдениеті мен техникасы

8



1

Назар аударту дамыту ойындары

2



2

Түрлі әңгімелерден рольдік ойындарға этюдтер жасау

2



3

«Білім күні» сабағы. Оқу-білім тақырыбындағы шығарма-мен жұмыс жасау

2



4

Сөздік қорын байытуға ж/е назар аудартуды дамытуға арналған әзіл сөздік жұмбақтар

2



ІІІ

Сымбат, мүсін икемділігі

6



1

Психофизикалық тренинг, этюдке дайындық. Сымбат пен жүріс әсемділігін меңгеру

2



2

Сахналық «Көрерменге сөйлеу» этюдін үйрену. (танысу, тілек айту, айна)

2



3

Қозғалыс әсемділігі: жануарлар әрекетін бейнелеу.

2



ІҮ

Әдеп пен мәдениет

10



1

Әдептілік түсінігі. Әдептілік тақырыбындағы өлең-жырлар

2



2

Әдептілік тақырыбын дамыту. (сахналық этюдтар «Автобус», «сын» «Жол», «Керіс»)

2



3

Сөйлеу ережесі мен өзін-өзі ұстау тәртібінің ережесі. (сахналық этюдтар қою)

2



4

Пікірлесу және тәртіп ережелері. Көшеде, көлікте телефонмен сөйлес-гі, қоғамдық орын-ғы әдеп ереже-і

Оқушылар мысалы сах-қ этюдтер

2



5

Әдеп пен мәдениетке қатысты көріністер қарау, талдау.

2



Ү

Қимыл қозғалыс икемділігі

6



1

Қимыл икемділіігне жаттығулар Пантомимиканы дайындап көру

2



2

Затсыз этюд (инеге жіп салу, киім-ді чемоданға жинау, шай құю)

2



3

Қимыл қозғалыстың икемділігіне дайындық. Доптармен жаттығулар

2



ҮІ

Театрландырылған көрініс

18



1.

Театр құрылымымен, оның негізгі мамандары: актер, сценарист, сур-ші, грим-н т.б. таныстыру.

2



2

Грим техникасы

2



3

«Қызыл Телпек» ертегісінің сценариімен таныстыру. (жаңа нұсқа желісімен)

2



4

Мінез-құлқына, түр түсіне, рольде-дің ерекшеліктеріне қарай рольдерге бөлу.

2



5

1 – 2-3-4 көріністерге рольдермен жұмыс жасау.

2


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.12.2023
1935
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12