Сабақтың тақырыбы: Ақтөбе облысының экологиясы.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың Ақтөбе облысының экологиясы туралы алған білімдерін қорытындылау.
2. Географиялық картаны, бейнефильм, слайд көрсетілімдерін пайдаланып оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, табиғат заңдылықтарын терең түсініп зерттей білуге баулу.
3. Табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға , сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: Ақтөбе облысының әкімшілік картасы, слайд көрсетілімі, бейнефильм.
Сабақтың түрі: қорытындылау.
Сабақтың әдісі : сайыс («Білгір эколог» сайысы.)
Сабақтың жоспары:
1. Бәйге.
2. Полиглот.
3. Көкпар.
4. Қызықты бестік.
5. Жорға
6. Шешендік өнер.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ «Білгір эколог» сайысы: Сайысқа топтағы барлық оқушылар қатысады, олар әрбір кезең бойынша іріктеледі.
1. Бәйге. Сұрақтар:
1. Мұғалжар ауданындағы қоршаған ортаны негізгі ластаушылар?
(Жаңажол газ өңдеу зауыты, мұнай өндірісі объектілері, Мұғалжар қиыршықтас зауыты )
2. Ақтөбе хром қосындылары зауыты ауаны қандай заттармен ластайды?
(азот оксиді, фторлы газ, сульфаттар)
3. Ақтөбе қаласының ауасын ластайтын зауыттарды ата?
(Ақтөбе ферроқорытпа зауыты,хром қосындылары зауыты,селикатты
қабырғалық материалдар зауыты)
4. Өлкемізде болатын жел эрозиясының ең ауыр түрі (Шаңды қара дауыл)
5. Алты валентті хроммен тазартылмаған, ағыс суымен ластанған өзенді атаңыз? (Елек)
6. Ақтөбе облысының өзендерінің қоректену көздерін атаңыз?
(Қар, жаңбыр, жерасты сулары)
7. Жем, Темір өзендері суының құрамында қандай қауіпті элементтер
кездеседі? (фенол, аммиак)
8. Көктемгі су тасқыны кезінде жер беті сулары немен ластанады?
(Жануарлардың органикалық қалдықтарымен ластанады)
9. Елек өзенінің бассейнінде орналасқан тоғандарды атаңыз?
(Ақтөбе, Қарғалы, Сазды)
10. Елек өзенінің бормен ластануы қай зауыттың іске қосылуынан
кейін басталды? (Ақтөбе химия зауыты)
11. Ақтөбе облысының климаты қандай? (Шұғыл континенталды)
12. Ақтөбе облысы шығысында қандай облыстармен шектеседі?
(Қостанай, Қарағанды)
13. Торғай қорықшасы қай ауданның территориясында орналасқан? (Ырғыз)
14. Ақтөбе облысының 5 ірі өзенін атаңыз? (Елек, Қобда, Ойыл, Қарғалы, Ырғыз өзендері)
15. Ақтөбе облысы аумағымен қандай табиғат белдеуі өтеді? (Орманды дала, шөл, шөлейт)
16. Қаламыздағы қоқыс жинайтын мекемелерді атаңыз? (“Таза қала”, “Тазалық” )
17. Ақтөбе облысы солтүстігінде қандай мемлекетпен шектеседі? (Ресей Федерациясы)
18. Табиғат қорғаудың мақсат-міндеттерін, оның шараларын орындауға
негізделген бағдарлама? (Жасыл ел)
19. “Ауылдың гүлденуі – қаланың гүлденуі” атты бағдарлама қай жылдан бастап жұмыс жасай бастады? (2010 жыл)
20. Қоршаған ортаның ластануынан қандай қатерлі аурулар пайда болады? (Қатерлі ісік, аллергия, кемтар сәбилердің дүниеге келуі)
21. Далалықта және қуаң далалықта қандай шөп тектес өсімдіктер өседі?
(Далалықта-дақылдық,қуаң далалықта-жусандыөсімдіктер өседі)
22. Ақтөбе облысында кең тараған құстарды ата. (Қаз,үйрек, қасқалдақ, балықшы,құр)
23. Елек,Қарғалы өзендерінің аңғарын мекендейтін,денесі ұзынша келген салмағы 500 граммдай Қызыл кітапқа енген аң. (Қара күзен)
24. Өлкеміздегі сирек кездесетін өсімдіктерді, жануарларды,табиғат
ескерткіштерін сақтап қалудың бірден-бір жолы. (Қорықтар мен қорықшалар, табиғи бақтар ұйымдастыру)
25. Өлкеміздің шығысында кездесетін жер астында тіршілік етуге бейімделген, көзінің орнын түк басқан Қызыл кітапқа енген тышқан. (Алып соқыртышқан )
26. Облысымызда автокөліктердің ауаны ластау мөлшері қандай? (97000 тонна)
27.Ақтөбе облысындағы топырақтың аймақтарын ата. (Қара, қоюқызғылт, ашық қызғылт, қоңыр, сұр-қоңыр топырақтар)
28. Ақтөбе облысындағы егіске жарамды жер көлемі қанша? (4,3 млн гектар жер)
2. Полиглот.
1. Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді (Ауа-воздух-air)
2. Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың (Тұз-соль-salt)
3. Қыздырып соқсаң иленеді,
Балға мен төстен именеді (Темір-железо-iron)
4. Қара таудың басында,
Киік кетіп барады.
Қол-аяғы бауырына,
Тиіп кетіп барады (Тұман- туман-foggy)
5. Кең байтақ су,
Ішуге болмайды (Теңіз-море-sea)
6. Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады (Бұлт-облако-cloud)
7. Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер-земля-earth)
8. Ешбір тіреусіз күмбез,
Ешбір сүйеусіз күмбез.
Ешкім көтере алмайтын күмбез,
Ешкім төңкере алмайтын күмбез (Аспан-небо-sky)
9. Төбеден төнеді,
Тамшысын төгеді.
Сол кезде ой қаулап,
Бәйшешек өнеді (Жаңбыр-дождь)
10. Отта шалқиды,
Суда қалқиды (Ағаш-дерево-tree)
11. Мамықтай ұлпа,
Қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады (Қар-снег-snow)
12. Көтеріп орман,тоғай, тастың бәрін,
Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарың (Тау-гора-mountain)
3.Көкпар.
1. Өлкеміздің топырағы неліктен эрозияға ұшырайды?
(Ауа райы жағдайларының қолайсыздығынан) 10
2. Ақтөбе облысының өзендері қандай су алаптарына жатады?
(Каспий теңізінің және шағын көлдердің алабы) 20
3. Ақтөбе облысының климаты неліктен континенталдық?
(Мұхиттардан теңіздерден қашықта жатыр, биік таулар жоқ) 30
4. Ақтөбе облысында құстардың қанша түрі Қызыл кітапқа енгізілген? (35 түрі ) 40
5. Торғай мемлекеттік қорығы көлдерінің ландшафты неліктен
табиғи қалпын жоғалтуда? (Көлдерге құятын өзендердің ағысы азайып, жыл сайын тайызданып барады) 50
6. Торғай мемлекеттік қорығы қашан ұйымдастырылды? (1968 жылы) 10
7. Қаланы көркейту барысында қай өзен жасанды су көздерімен
толықтырылды? (Сазды өзені) 20
8. Ақтөбе облысында сүтқоректілердің қанша түрі Қазақстанның
Қызыл кітабына енгізілген?(10 түрі) 30
9. Облысымызда экология мәселесі қашан көтерілген?
(1949 жылы) 40
10. Ақтөбе қаласындағы автокөліктердің үлесіне ауаға шығарылатын зиянды заттардың қандай мөлшері тиеді? (50-66%) 50
4.Қызықты бестік.
1. Адам әрекеті тек жерді, ..... ғана емес, ..... да ластап келеді.
(Адам әрекеті тек жерді, суды ғана емес, ауаны да ластап келеді)
2. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем енгізудің мақсаты қоршаған ортаның ..... азайту, .... жағынан таза өндіріс .... жасауға ынталандыру. (Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем енгізудің мақсаты қоршаған ортаның ластануын азайту,экологиялық жағынан таза өндіріс технологиясын жасауға ынталандыру)
3. Соңғы кезде .... жағдайдың нашарлауына байланысты .... - газ өндіретін аудандарда тұратын халықтың .... жағдайы төмендей бастады. (Соңғы кезде экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты мұнай-газ өндіретін аудандарда тұратын халықтың денсаулық жағдайы төмендей бастады)
4. Арал маңы аймағында судың жетіспеуі, .... ....көтерілуі тыныс алу,өкпе және .... ауруларын тудыруда. (Арал маңы аймағында судың жетіспеуі, шаңды тұздың көтерілуі тыныс алу, өкпе және тері ауруларын тудыруда)
5 ..... - ..... мемлекеттік табиғи резерваты .... мәні бар, ерекше күзетілетін аумаққа жатады. (Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты халық- аралық мәні бар, ерекше күзетілетін аумаққа жатады.)
5. Жорға.
1. Ақтөбе облысында неше аудан бар? (12)
2. Ақтөбе облысы Республикамыздың қай бөлігінде орналасқан? (Солтүстік- батыс бөлігі)
3. Ақтөбе облысы неше агроклиматтық аудандарға бөлінеді? (5)
4.Ақтөбе облысында таудың атымен аталатын ауданды атаңыз? (Мұғалжар ауданы)
5. Ақтөбе бекінісі қашан қаланды? (1869жыл)
6. Елек өзені облысымызда қандай аудандарды ағып өтеді? (Алға, Ақтөбе, Мәртөк аудандары )
7. Мұғалжар тауы солтүстіктен оңтүстікке қарай неше км-ге созылып жатыр? (400км)
8. Торғай мемлекеттік қорығында қанша көл бар? (30 көл)
9. Ақтөбе облысының өзен - көлдері неге тәуелді? (Құрғақ ауа райына)
10. Байғанин ауданын мекендейтін Қызыл кітапқа енген жануар. (Қарақұйрық)
11. Ормандық өңір барлық аймақтың қандай үлесін алып жатыр? (1% )
12. Өлкемізде климаттың қуаңдығы қандай бағытта өзгереді? (Солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай күшейеді )
13.Байғанин ауданындағы Жарқамыс фермасында жер асты ядролық жарылысы қай жылы болды? (1987 жылы)
14. Жем, Ойыл өзендерінің аралығында мекендейтін, мойнында ақ-қара қауырсындардан түзілген “жағасы”бар Қызыл кітапқа енген құс (Жорға дуадақ )
6. Шешендік өнер.
1. «Егер мен эколог болсам ....»
2. «Егер мен экология пәнінің мұғалімі болсам ....»
Соңында «Білгір эколог» анықталады.
Ырғыз-Торғай резерваты туралы бейнефильм көрсетіледі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Актобе экологиясы

шағым қалдыра аласыз