Материалдар / "Ал , қанеки, жігіттер" спорттық-танымдық сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ал , қанеки, жігіттер" спорттық-танымдық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
"ал қанеки, жігіттер" сайысы спорттық-танымдық қызықыт сайыс, бірнеше бөлімдерден тұрады, материал дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1292
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дене тәрбиесінен сыныптан тыс шара

Сабақ тақырыбы : Ал,Кәнеки жігіттер!

Сабақ мақсаты :

  1. Оқушылар арасында қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау.Ойынға деген оқушылардың қызығушылықтарын ояту.

  2. Оқушылардың ойын арқылы ептіліктерін жетілдіру.Төзімділікке,бауырмалдыққа,шыншылдыққа баулу.

  3. Оқушылардың еліне,отанына деген сүйіспеншіліктерін ояту.Жерін, елін қадірлей білуге тәрбиелеу.


Сабақ көрнекілігі : Денсаулыққа байланысты нақыл сөз жазылған плакат.Суреттер.Шарлар.Доп.Жалауша.


Сабақ өтетін жер : Алаң


Сыныбы : 4-5 кл


Уақыты : 17.11.2012 ж


Сабақ барысы :

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Кіріспе

  3. Таныстыру

  4. Сұрақ-жауап

  5. Суреттер бойынша тапсырма

  6. Кім! ,епті?

  7. Қорытынды бөлімі.


І. Оқушыларды сапқа тұрғызу.Түгендеу.Амандасу. Сабаққа әзірлігін тексеру.


ІІ. Кіріспе :

Мұғалім : Салауатты өмір сүру дегеніміз :

  • әлеуметтік тұрмысты жақсарту;

  • бос уақытты дұрыс пайдалану;

  • білімін көтеру ;

  • денсаулығын нығайту;

  • тазалықты сақтау;

  • зиянды әдеттерден аулақ болу;

  • рухани және материалдық құндылықтарды саналы пайдалану ;

  • сапалы тамақтану;

Денсаулық – бірдің емес мыңның байлығы

және баршаға ортақ ең басты байлық.

Жалпы дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша,адамдар денсаулығы 18-20% сыртқы орта факторларының әсеріне, 18-20% тұқымқуалаушылыққа,яғни тегіне 49-50% оның өмір сүру салтына,тек 8-10% ғана денсаулық сақтау ұжымдарына байланысты екен.Шынында да дұрыс өмір салтын қалыпатастырмағаннан (әр жеке адам жағдайы,гигиенасы,тамақтануы, жүріс-тұрысы, зиянды әдеттер,тәрбиесі және т.б) денсаулық көрсеткіштері төмендеп,аурудың асқына түсетіндігі айқындалып отыр.Сондықтан өмір салтын дұрыс бағытқа өзгертіп,денсаулық мәдениетін көтеруге әркімнің өзі ынталы болғаны жөн.

«Денсаулық» өмірдің басқа игіліктеріне қарағанда әлде қайда құнды.Ел аузынан «Ауру патшадан дені сау қайыршы артық» деген сөз текке айтылмаған.Денсаулық – көтеріңкі көңіл-күй,үлкен бостандық,сергек қимыл.

«Тәні саудың жаны сау».Таңертең дене шынықтырумен айналысып,қимыл қозғалысы ширақ,жүріс-тұрысы өнегелі,бос сенделуден аулақ жүретін адамның ауруға бой бермейді. Бой сергіту,таза ауа,таза су,таза тамақ көпшілік көңілінде болуы керек.

ІІІ. Таныстыру.

Жарысқа қатысушылар өздерін таныстырады.Оқушы қандайда бір спорт түрін алып сол бойынша өзін таныстырады. Өздерінің өмір баянымен және үйлерінде спортшы аға немесе апалары болса сол туралы қысқаша мәлімет берулері керек.

IV. Сұрақ-жауап

Оқушыларға денсаулыққа және спортқа байланысты сұрақтар беріледі.Сұрақ бәріне бір қойылады.Бірінші қол көтерген оқушы жауап береді.Жауап дұрыс болмаса екінші қол көтерген оқушы жауап береді.

Сұрақтар :

  1. Шахмат тақтасы неше шаршыға бөлінген?

  2. Тігінен және көлденеңінен жүретін фигураны ата?

  3. Шахмат ойынында қанша түрлі фигура болады?

  4. Қысқы азиада ойыны қазақстанда қашан өтті?

  5. Қазақстан командасы осы азиада ойынында қанша медальға қол жеткізді?

  6. Доппен ойналатын ойындарды ата?

  7. Адам организміне керек табиғи заттарды атап бер?

  8. Сезім мүшелеріне не жатады?Қызметін ата.

  9. Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?

  10. Денсаулыққа не зиян келтіреді?

  11. Үстел басында өзіңді қалай ұстауың керек?

  12. Сопақ доппен ойналатын спорттық ойын қалай аталады? (регби)

  13. Билярд ойынында шарды ұратын таяқ қалай аталады?(Кии)

  14. Ми жұмысына арналған қазақтаң ұлттық спорт түрін атаңыз?

  15. Армрестлинк қандай спорт түрі?

  16. Футболда «ХетТрик» термині қандай мағына береді? (Бір ойыншы қатарынан үш гол соқса)

  17. Бокс алаңы қалай аталады?

  18. Жеңімпаз спортшыға берілетін медаль түрлерін атаңыз?

  19. Футболда бір тайм уақыты? /45 минут/

  20. Г әрпіне ұқсас жүріс жасайты шахмат фигурасын ата?

  21. Мұзда сырғанайтын аяқкиім?

  22. Қажымұқанның фамилиясы?

  23. Лондонда өткен олимпиада да алтын алған жерлестеріміз?

  24. Біз нешінші орынды иелендік?

  25. Жерлестеріміз қандай спорт түрінен алтынды көп алды?


V.Суреттер бойынша тапсырмалар

Әр оқушыға салынған суреттер қиындылары беріледі.Сол қиындылардан оқушылар бүтін сурет шығарулары керек.Шығарған суреттер бойынша әр оқушы қысқаша түсінік берулері керек.(Ат жарыстың,қыз қуудың,тенге алудың)


VI. Кім!,епті?

А) Эстафеталық ойын.Ойыншылар қатарға тұрғызылады.Бастаушының белгісінен кейін алдағы кедергілерден өтіп,қолындағы шелектегі суды белгіленген жердегі ыдысқа барып құяды.Кім тез және көп апарса сол жеңген болады.

В) Келесі бөлімде.Әр ойыншыны кезекпен жүргізіп шарды жару.Ойыншы белгілі жерге барып тұрады,көзі байланады,.Мұғалімнің берген бұйрықтары бойынша жүріп келіп,алдында тұрған шарға қолындағысын лақтырып жарады.

Г) Оқушылардың алдына жұқа тақтай және шеге,балға беріледі.1 минут уақыт беріледі.сол уақыт ішінде оқушылар алдарындағы тақтайға шегелерді біртіндеп қағулары керек.1 минут ішінде кім көп және дұрыс қақса сол женген болады.

Д) Ұзындықтарын бірдей етіп оқушыларға жұмыр ағаш береміз.Сол ағашты 1 минут ішінде аралап кесіп тастаулары керек.қай оқушы тез және көп кессе сол женген болады.

VII. Қорытынды бөлім

Оқушыларды сапқа тұрғызу.Жарыс бойынша қорытындылау.Жеңімпаздарды марапаттау.Жарысымыз аяқталды сау болыңыздар.Осындай жеңістерде көріне беріңіздер.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!