400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әл-Фараби - мәдени мұра!"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әл-Фараби – мәдени мұра!»


2020 жылы шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы аталып өтеді.

Осыған орай «Минск негізгі мектебі» КММ-де ұйымдастырылған іс-шаралар жүргізілді. Мектеп оқушылар арасында тарих пәні мен қазақ әдебиеті мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Әлемнің екінші ұстазы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты: Ғұлама ойшылдың өмірбаянымен, отбасы мүшелерімен, білімімен, шығармаларымен таныстырып, кеңінен мағлұмат беру. Оқушыларға Әбу Насыр Әл-Фараби туралы деректер көрсетілді.

Оқушылар тарапынан:

- Ғалым қалай Әбу Насыр Әл-Фараби атанды?

-Қай тайпадан шыққан?

-Неше тілді меңгерген?

-Қай жерде жерленген?

-Не себепті әлемнің екінші ұстазы атанды?

-Ол нені зерттеді? және т.б сұрақтар қойылып, оқушылар арасында талқыланды.

Әлем мұрағаттары мен кітапханаларында сақталған Фараби мұрасын жинап, жүйелеп, зерттеп, ғылым игілігіне, ұлт мүддесіне жаратуда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жасалған «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде Әл-Фарабидің он томдық еңбектерінің жарыққа шығуы үлкен маңызға ие болды. Осыған орай мектеп кітапханасында «Әл-Фарабидің шығармашылығы – мәдени мұра» атты көрме ұйымдастырылды. Бұл – көрмеде Әл-Фарабидің кітап жинақтарымен, шығармаларымен, ойшылды зерттеген елі­міздің атақты ғалымдары Ә.Марғұлан, А.Көбесов, Р.Бердібай, А.Қасымжанов, Ә.Дербі­сәлі, тағы басқалар да ат салыс­қанын айтып, таныстырды.

Әл-Фараби Аристотельден кейінгі дүние жүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым, астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғаттану, социология, лингвистика, поэзия, философия ғылымдарын меңгеріп, 200-ге жуық трактаттар жазғандығын айтты.

Әл-Фараби сияқты ғұлама бабамыздың еңбектерін толық, жан-жақты зерттеп, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару жұмыстары жүріп жатыр. 2020 жылы тойланатын Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде, әлемдік мәдениеттің ұлы мерекесі өзінің туған жері Қазақстанда өтетініне бәрімізге мәлім.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
646
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі