|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.3.4.1 - денсаулықты нығайтуға бағытталған
арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін
түсіне білу
|
|
Басы
|
1.Саптық
жаттығулар - сапқа тұру, бұрылулар,саптық
адымдар. - бір қатардан екі қатарға
тұру.
2.Жүру - Аяқтың ұшымен қол
жоғарыда. - Қол желкеде, өкшемен
жүру. - қол белде табанның сыртымен
жүру. - қол белде табанның ішімен
жүру.
3.Жүгіру - тізені көтере
жүгіру. - өкшені артқа көтере
жүгіру. -сол жақ иықтан секіре
жүгіру. - оң жақ иықтан секіре
жүгіру.
4.Жүрудегі жалпы дамыту
жаттығулары: -Б.қ. оң қол жоғарыда, әр адым сайын қолды
ауыстырып
отырамыз. - Б.қ. қол кеуде алдында, қолды шынтақтан
артқа тарту және жаза
тарту. -Б.қ. қол иықта,қолды иықтан алдыға артқа
айналдыру. -Б.қ. қол белде, 1- алға еңкею сол аяқты
өкшеден қою.2 – қол белде артқа
шалқаю. 3-4 д.с. оң
жаққа.
|
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
|
Қол шапалақ
|
Тренинг жазылған
парақшалар
https://youtu.be/DYFLkgCSmoM?si=nUwtNd-WpN4cKrWi
https://youtu.be/TzwqnlYMqIg?si=RGSUWsf0ObmGmOO1
Музыканы пайдаланып,жаттығу
жасау
|
|
Ортасы
|
Жеңіл
атлетика
-
Дене шынықтыру және спортпен
шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию
керек.
-
Қысқа қашықтықтарда тек қана
өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға
болмайды.
-
Ойлы-қырлы жерлерде кездескен
кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т.б.) аспай-саспай
өтуді есте сақтаған жөн.
-
Жүгіру, секіру, лақтыру
алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат
етілмейді.
-
Тырма мен күректі сабақ өтетін
жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т.б. жабдықтардың үшкір
жағын (жүзін) қаратып қоюға
болмайды.
-
Спорт құралдарын (граната,
диск, найза т.б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын
қарап, бақылап алу қажет.
-
Ұзындыққа , биіктікке секірер
алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу
керек.
-
Лақтырушының оң жағында
тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға
болмайды.
-
Лақтырған ядроны қағып алуға
болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану
керек.
-
Жауын-шашында күндері
лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін
пайдалану керек.
1. Дұрыс жүгіру
техникасы
✅ Жүгіру барысында дененің қалпы
түзу болуы керек ✅
Қол қозғалысын үйлестіру:
шынтақ 90° бұрышта, қозғалыс алға-артқа бағытталуы
керек ✅
Табанмен дұрыс түсу (өкше –
табан – башпай)
2. Қысқа қашықтыққа
жүгіру
?♂️ 100 м және 200
м ✅
Жылдамдықты біртіндеп
арттыру ✅
Дұрыс тыныс алу (мұрынмен дем
алып, ауызбен шығару)
3. Орта және ұзақ
қашықтыққа жүгіру
?♂️ 400 м – 800 м – 1000
м ✅
Белгілі бір темпті
сақтау ✅
Аяқтың қадам ұзындығын
бақылау
4. Кедергілер арқылы
жүгіру
?♂️ Табиғи немесе қолдан жасалған
кедергілер арқылы жүгіру ✅
Қадамдар мен секірулерді
үйлестіру ✅
Тепе-теңдікті
сақтау
Ағзаны қалпына келтіру
жаттығулары
Оқушылар спорт залды айналып жүре отырып
тынысалуын қалпына келтіру. Қолды жоғары көтере отырып
мұрын мен терең
дем алады да, қолды түсіргенде демді ауызбен
шығарады.
|
Қозғалысты жеке және бірге орындауды көрсетедіі
;
|
Смайликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
Өзінің төзімділік деңгейін
бағалай алады.
Жүгіру барысында жіберген
қателіктерін талдайды.
|
Интерактивті тақта
Презентация көрсету
https://youtu.be/XoyggfRm0lY?si=sYWizJvHlSVhXunP
|
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия.
Күннің суретіне Білімімді толықтырған мәліметтер
қандай болды?
Айдың суретіне Сабақтың мен үшін қызықты тұстары
қандай болды?
Жердің суретіне Сабақта не қиын
болды?
|
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына
байланысты кері байланыс жасайды.
|
|
Рефлексия парағы
|