400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетіне 70 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
1934 жылы құрылған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның жетекші білім беру және ғылыми орталығы болып табылады. Университет әр түрлі білім салаларының, соның ішінде Құқықтану саласының мамандарын даярлауда шешуші рөл атқарады. 1955 жылы ірге тасы қаланған Заң факультеті көптеген жаңару мен өзгерістерді басынан өткерді. Қазіргі таңда аталмыш факультет «Құқықтану», «Кеден ісі» және «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша мамандарды дайындайды. Студенттерді даярлау үдерісі жоғары білім негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Заң факультетінің студенттеріне магистратура және PhD докторантурасына түсуге мүмкіндіктер қарастырылған. Факультеттің айтарлықтай ғылыми әлеуеті мен кадрлық ресурсы бар. Оның құрамында ҚР Ұлттық ғылым академиясының 15 академигі, 30-ға жуық докторлар мен профессорлар, 70-тен астам ғылым кандидаттары, 30 PhD докторлар, сонымен қатар ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Жоғары Соты, Құқық қорғау органдары мен Ғылым академия
Материалдың қысқаша нұсқасы

Медиация – дауларды шешудің баламалы жолы

Қазіргі таңда дауларды сот арқылы шешуден басқа баламалы шешудің түрлері көп, соның бірі медиацияның құқықтық реттелуі англосаксондық құқық жүйесінен бастау алған. Ұлыбританияда 1989 жылы «Медиатордың қатысуымен дауларды шешудің балама тәсілі (медиация процедурасы) туралы» федералды заң қабылданып, Дауларды тиімді шешу орталығы құрылды. Орталық қазіргі уақытқа дейін медиаторларды дайындап, медиациямен шешілген даулардың статистикасын шығарады.

Британдық заң тәжірибесіне қатысты күмәнді тарату үшін қоғам қайраткерлерін, заңгерлерді, отставкадағы судьяларды Азаматтық медиация кеңесіне біріктіріп, оставкадағы судьялар мен танымал заңгерлердің кандидатуралары медиатор ретінде ұсынылды. Қазіргі кезде көптеген елдермен, соның ішінде Қазақстан Республикасымен заңдастырылған отставкадағы судьялардың кәсіби медиаторлар ретінде қызмет етуі XX ғасырда Азаматтық медиация кеңесінің идеясы болған.

Ұлыбританияда соттар тараптарды дауларды шешудің баламалы әдістері туралы хабардар етіп, оларды тиісті істерде қолдануды ынталандыруға міндетті және бірқатар қатынастардан, соның ішінде отбасылық қатынастардан туындайтын дауларды шешу кезінде медиацияны қолдану міндетті болып табылады.

Англияның әр түрлі салалардағы дауларды шешуде медиация процедурасын қолдануды ілгерілетудегі тәжірибесін талдау әр түрлі салалардағы дауларды шешуде медиация процедураларын қолдануда дауларды балама шешудің осы әдісінің кәсіби заңгерлердің күш-жігерін біріктіру, сондай-ақ қалыптасқан тәсілдерді қолдану Қазақстан Республикасында медиацияның сәтті дамуына нақты мүмкіндік береді.

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ Заң факультеті

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасы

Атаханова С.К.

Ергеш Е.Б.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
18.10.2023
271
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі