Әбу
Насыр- Әл-Фарабидың 1150 жылдығына орай
«Академик
С.А.Джиенкулов
атындағы Байқоңыр колледжі»
білім беру мекемесінде 16 қаңтар күні 2
курс білімгерлері арасында Әл-Фараби
және оның рухани мұрасы атты дөңгелек
үстел ұйымдастырылып, шығыстың ғұлама
ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармашылық
мұрасы мен ғылыми трактаттары және
кітапхана қорындағы философия мен
логика, саясат пен этика, музыка мен
астрономияға байланысты кітаптары,
еңбектері студенттер назарына ұсынылды.
Әлем мұрағаттары мен кітапханаларында
сақталған Фараби мұрасын жинап, жүйелеп,
зерттеп, ұлт мүддесі үшін Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жасалған
«Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберіндегі
әл-Фарабидің 10 томдық еңбектері де орын
алды. Жаһандық деңгейде бәсекеге
қабілетті боламыз десек, әлемдік
деңгейдегі ең озық оқулықтарды, ғылыми
әдебиеттерді оқыған абзал, осының дәлелі
ретінде көрме «100 жаңа оқулықтармен»
толықтырылды. Әл-Фараби мұраларын
зерттеген еліміздің атақты ғалымдары
Ә.Марғұлан, А.Көбесов, А.Машанов,
Ә.Дербісәлінің еңбектерін, белгілі
жазушы, қоғам қайраткері Ә.Әлімжановтың
«Ұстаздың оралуы» атты романын оқырмандар
үлкен ықыласпен қарады.
Шығыстың
ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870
жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс
өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы
Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар
қаласының маңайындағы ортағасырлық
қала). Фарабидің
толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби
Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби.
Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті
бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған
дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан"
деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың
ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб
деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу
Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан
Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір
сүргендердің қалдырған жазбаларына
қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда
тарихи қатынастар мен сауда жолдарының
торабындағы аса ірі мәдениет орталығы
болған.
Әбу
Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып
өсті, оның бақытына қарай сол заманда
Отырарда аса бай кітапхана бар еді.
Әл-Фараби
парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде
ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен
Бұқарада бастапқы білім алған соң
әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында
Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының
қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми
дәстүрлері мен философиялық бағдарлары
өз әсерін қалдырды. Бағдадта әл-Фараби
ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге
деген құштарлығының арқасында әл-Фараби
сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы
саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш,
Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей,
Хамадан қалаларында да болып, білімін
үнемі жетілдірумен болды. Сол қалаларда
оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында
ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен,
көркем сөз деректерімен танысады.
Олардан тәлім-тәрбие алады.
Әл-Фараби
– көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының
арасындағы ең ірі ғалым, философ және
шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі.
Өзінің
білімділігі мен сауаттылығының арқасында
"Екінші Ұстаз" атауына ие болды.
Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан
зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми
трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми
салалары ол – философия мен логика,
саясат пен этика, музыка мен астрономия.
Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі
"Қайырымды қала тұрғындарының
көзқарастары жайлы трактат" деп
аталады. Оның атақты “Музыка туралы
үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің
көптеген тілдеріне аударылған.
Әл-Фараби
философия саласы бойынша грек ойшылы
Аристотельдің "Категориялар",
"Метафизика", "Герменевтика",
"Риторика", "Поэтика", бірінші
және екінші "Аналитика", "Топикасы"
және т.б көптеген еңбектеріне түсініктемелер
жазды.
Әбу
Насырдың Платон және Аристотель
философиясындағы идеяларға арналған
кітабы оның философия саласындағы аса
көрнекті ғалым екенін әрі философия
пәнін терең меңгергенін дәлелдейді.
Фараби
Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық
идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан
да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі қала
тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің
түп мазмұны”, “Ғалымдардың шығуы”,
“Бақытқа жету”, “Азаматтық саясат”,
“Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл
сөздері” сияқты көптеген сындарлы
философиялық еңбектер жазған. Фараби
бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет,
адамдардың қатынастары туралы заманнан
озық тұрған пікірлер, пайымдаулар
айтады.
Әл-Фарабидің
еңбектері күні бүгінге дейін өз
мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің
мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары,
әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары
бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды.
Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың
өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс
пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін
табыстыруда зор рөл атқарды.