Материалдар / Әл-Фараби сайыс сабақ

Әл-Фараби сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Әл-Фараби тақырыбындағы сыныптан тыс жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2024
89
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін»

Күні

15.02.2024 ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Айғалиев Ербол


Тақырыбы

«Бабалар ұлағаты ұлықталсын»

Сілтеме

  1. Әбу Насыр әл-Фараби «Қайырымды қала», «Музыка туралы кітап» - Алматы, Халықаралық Абай клубы

  2. «Әл-Фараби философиясы» 5том- Астана, 2005 жыл:

  3. «Әл-Фараби философиясы» 2том- Астана, 2005 жыл

  4. «Ислам философиясы» 3-том-Астана, 2005 жыл

Жалпы мақсаты

  • Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби өмірі,еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу.

  • Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән-мағынасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу.

  • Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр әл-Фараби мұраларынан нәр ағызып, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, тест

Көрнекілігі

Слайд, сурет, видеоролик

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, әдебиет, математика

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.

  • Сайыс сабақтың мақсатын түсіндіру


Мұғалім:
Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді.
Қазақ топырағынан көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтар бүкіл шығыс араб-парсы мәдиниетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарға мұра етіп қалдыра білді
Әлемдік әдебиет пен мәдениеттің алтын қорына өзіндік үлес қосқан Ұлы ғұлама Әл-Фараби өмірінен сыр ашамыз.
«Ғылыми мұра қалдырмаған ғалым найзағай ойнатып, күркіреп тұрып, жаумай өткен бұлтпен тең”, — деген араб халқының дана мақалы бар. Осындай қанатты ойды ту қып ұстаған Әл-Фараби ғылым мен өнердің барлық саласына өлшеусіз үлес қосып, артында өшпес ғылыми жазбаларын қалдырады.

Видеоролик көрсету

Барысы

1-кезең. «Тапқыр болсаң тауып көр» (сұрақ-жауап)

2-кезең. «Жалғасын тап»

3-кезең. «Сөйлейтін сандар» (тест)

4-кезең. Қағаз қиындыларынан сурет құрастыру


1-кезең. «Тапқыр болсаң тауып көр» (сұрақ-жауап)


























Оқушылар ұяшық таңдау арқылы сұраққа жауап береді
1. Әл Фарабидің азан шақырып қойған аты. Мұхаммед
2. Әбу Насыр әл — Фараби бойындағы көп қасиеттері мен, дарындылығы ХІХ ғасырдағы біздің ұлы ақындарымыздан кімге ұқсайды? (Абай Құнанбаев)

3. Әл-Фараби бейнесі неде бейнеленген? Ұлттық теңгелерде бейнеленген.
4. Әл Фараби ғұмырының соңғы жылдарын қай қалада өткізді?
Шам (Дамаскіде)
5.Отырар қаласын кімдер Фараб деп атаған. Арабтар

6. Фарабидің толық аты-жөні. Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-Турки.

7. Әл-Фарабидің ғылымға деген ынтасының оянуына не себеп болды? Отырар кітапханасы
8.Отырар-Фараб қаласының түрікше аты қалай аталады?
Қарашоқы.
9. Отырардағы кітапхана, ел ауызындағы аңызға қарағанда, кітабының саны жағынан атақты қай елдің кітапханасынан соң екінші орында болған. 
Александрия кітапханасы
10.Әл-Фараби Бағдад қаласына ең әуелі дарынды ақын, музыкант ретінде танылған. Сайф ад Дәула әмірдің тапсырмасы бойынша музыканың заңдылығын зерттеп екі тараудан тұратын қандай күрделі еңбек жазған.   (“Музыканың үлкен кітабы”)

11. Алматыда Әл-Фараби атында нелер бар? Қазақ мемлекеттік ұлттық университет.1991 жылдан бастап Әбу Насыр Әл-Фараби атымен атанған. Әл-Фараби даңғылы,Әл-Фараби сауда-үйі.
12. Әл-Фарабидің зиратына тұңғыш рет елімізден  барған, Баб ас-Сағир қорымынан қабірін тауып, құлпытас орнатуға ат салысқан геолог, ғалым. Ақжан Машани.

2-кезең. «Жалғасын тап»


Оқушылар мәтіннің жалғасын табады.


1)Мұхамед Қайдар Дулати бірде Әл - Фарабиге:
- Алдыңда сан тарау жол жатыр. Бірі - бақытқа, бірі - атақ- даңққа, бірі - өнер- білімге, бірі- байлыққа апарады. Қайсысын таңдар едің?- депті. Сонда Әл-Фараби:
- Әрине , өнер - білімге апарар жолды.
- Бақыт та, абырой - даңқ та, байлық та тек қана өнер- білімде – депті.Әл - Фараби бабамыздың аты 1000 жыл болса да өшкен жоқ. Себебі, оның артында қалдырған білімі, үлкен ғылыми мұрасы бар. Сонда адамның байлығы да, бақыты да, атақ- даңықы да, ол - білім. Білім – таусылмайтын байлық.

2) Әбунасыр ылғи да қолынан тастамай Аристотельдің «Физика» аталатын кітабын оқып жүреді. Бір жолдасы: Бұл кітапқа неге сонша қадалып қалдың?– деп сұрайды.
Сонда
Әл-Фараби:
Бұл кітапты қырық мәрте оқып шықтым. Сөйтсе де тағы оқып шығуым керек. Өйткені әлі толық ұғынып болған жоқпын – деп түсіндіреді. Әбунасыр еш уақытта қолына алған кітапты бір не екі мәрте оқып қоя салмаған. Мағынасын толық түсінгенше ерінбей-жалықпай оқи берген. Сөйтіп, кітапта айтылған жайлардың мағынасына ой жіберіп, жаңа ұғымдардың есігін ашып отырған. Сол есік арқылы өзі ішке кіріп, ғылым әлемінің таңғажайып сырларына қанған, гүлзарларын шарлаған.


3)Шығыс әмірлерінің бірі әл-Фарабиді сарайына арнайы шақырып, мынандай сауал қояды: – Уа, Екінші ұстаз, менің мемлекетімнің болашағы қандай күйде болмақ? Болжамыңды естігім келеді, − дейді. Сонда Әл-Фараби:
– Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонсоң айтып берейін, − деген екен.

3-кезең. Сөйлейтін сандар


Сөйлейтін сандар

1. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келген жыл?
а) 850 жыл в)870 жыл б) 890 жыл
2. Әбу Насыр Әл-Фараби қайтыс болған жыл?
а) 870 жыл в) 920 жыл с) 950 жыл
3. Ғалым білімнің әр түрлі салаларын қамтитын қанша трактат жазды?
а) 120 в) 130 с)150

4. Әл Фарабидің біздің заманымызға жеткен еңбегінің саны қанша?
а)20-ға жуық в)40-қа жуық с)80-ге жуық
5. Әл Фараби қанша жасынан бастап оқу іздеп, керуенге ілесіп көрші елдерге аттанады?
а) 16 жас в) 30 жас с) 50 жас

6. Қай жылы Қазақ Ұлттық университетіне Әбу Насыр әл-Фарабидің есімі берілді?

а) 1991жыл в) 1993жыл с) 1995 жыл
7.Қай жылы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаевтың қолдауымен әл-Фа­ра­бидің 1130 жылдығы халықаралық деңгейде Шымкент қаласында аталып өтті?
а)1995 жылы в)2000 жылы с)2003 жылы
8. Весиж қалашығы Отырардан солтүстік батысқа қарай шамамен қанша шақырым жерде орналасқан?
а) 15 шақырым в)20- 25 шақырым с) 40 шақырым
9.
Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойы қай жылы аталып өтілді?
а)2018 жыл в)2019 жыл с)2020 жыл
10. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жасалған «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде әл-Фараби бабамыздың қанша томдық еңбегі жарыққа шықты?
а)5 том в)10 том с)20 том

4-кезең. Қағаз қиындыларынан сурет құрастыру


Суретпен жұмыс.

Отырар Әл Фараби зираты Әл Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық
Университеті

5-кезең. Ассосация құру


Тілдер: түрік, араб, парсы, грек

Ғылымдар:
астрономия, астрология, математика, физика, химия, логика, этика, заң, музыка, медицина, табиғаттану, социология, лингвистика, поэзия, риторика, философия

Қорытынды. Марапаттау

Міне біз төрт аяғы тең тұрған балалығы қазақ даласында басталып, данышпандыққа ұласқан ғұламалық жолы ешқашан бітпейтін, өзі өмірден өтсе де, ізі өшпейтін әл-Фараби әлеміне саяхат жасадық. Әл-Фараби бабамыздың барлық еңбегін бір сағатта айту мүмкін емес, бірақ сіздерге ізденуге жол ашылды.













3- кезең. Сөйлейтін сандар


1. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келген жыл?
а) 850 жыл в)870 жыл б) 890 жыл
2. Әбу Насыр Әл-Фараби қайтыс болған жыл?
а) 870 жыл в) 920 жыл с) 950 жыл
3. Ғалым білімнің әр түрлі салаларын қамтитын қанша трактат жазды?
а) 120 в) 140 с)160

4. Әл Фарабидің біздің заманымызға жеткен еңбегінің саны қанша?
а)20-ға жуық в)40-қа жуық с)80-ге жуық
5. Әл Фараби қанша жасынан бастап оқу іздеп, керуенге ілесіп көрші елдерге аттанады?
а) 16 жас в) 30 жас с) 50 жас

6. Қай жылы Қазақ Ұлттық университетіне Әбу Насыр әл-Фарабидің есімі берілді?

а) 1991жыл в) 1993жыл с) 1995 жыл
7.Қай жылы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаевтың қолдауымен әл-Фа­ра­бидің 1130 жылдығы халықаралық деңгейде Шымкент қаласында аталып өтті?
а)1995 жылы в)2000 жылы с)2003 жылы
8. Весиж қалашығы Отырардан солтүстік батысқа қарай шамамен қанша шақырым жерде орналасқан?
а) 15 шақырым в)20- 25 шақырым с) 40 шақырым
9.
Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойы қай жылы аталып өтілді?
а)2018 жыл в)2019 жыл с)2020 жыл
10. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жасалған «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде әл-Фараби бабамыздың қанша томдық еңбегі жарыққа шықты?
а)5 том в)10 том с)20 том



3- кезең. Сөйлейтін сандар


1. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келген жыл?
а) 850 жыл в)870 жыл б) 890 жыл
2. Әбу Насыр Әл-Фараби қайтыс болған жыл?
а) 870 жыл в) 920 жыл с) 950 жыл
3. Ғалым білімнің әр түрлі салаларын қамтитын қанша трактат жазды?
а) 120 в) 140 с)160

4. Әл Фарабидің біздің заманымызға жеткен еңбегінің саны қанша?
а)20-ға жуық в)40-қа жуық с)80-ге жуық
5. Әл Фараби қанша жасынан бастап оқу іздеп, керуенге ілесіп көрші елдерге аттанады?
а) 16 жас в) 30 жас с) 50 жас

6. Қай жылы Қазақ Ұлттық университетіне Әбу Насыр әл-Фарабидің есімі берілді?

а) 1991жыл в) 1993жыл с) 1995 жыл
7.Қай жылы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаевтың қолдауымен әл-Фа­ра­бидің 1130 жылдығы халықаралық деңгейде Шымкент қаласында аталып өтті?
а)1995 жылы в)2000 жылы с)2003 жылы
8. Весиж қалашығы Отырардан солтүстік батысқа қарай шамамен қанша шақырым жерде орналасқан?
а) 15 шақырым в)20- 25 шақырым с) 40 шақырым
9.
Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойы қай жылы аталып өтілді?
а)2018 жыл в)2019 жыл с)2020 жыл

10. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жасалған «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде әл-Фараби бабамыздың қанша томдық еңбегі жарыққа шықты?
а)5 том в)10 том с)20 том






2-кезең

1)Мұхамед Қайдар Дулати бірде Әл - Фарабиге:
- Алдыңда сан тарау жол жатыр. Бірі - бақытқа, бірі - атақ- даңққа, бірі - өнер- білімге, бірі- байлыққа апарады. Қайсысын таңдар едің?- депті. Сонда Әл-Фараби:







2-кезең

2) Әбунасыр ылғи да қолынан тастамай Аристотельдің «Физика» аталатын кітабын оқып жүреді. Бір жолдасы: Бұл кітапқа неге сонша қадалып қалдың?– деп сұрайды.
Сонда Әл-Фараби:






2-кезең

3)Шығыс әмірлерінің бірі әл-Фарабиді сарайына арнайы шақырып, мынандай сауал қояды: – Уа, Екінші ұстаз, менің мемлекетімнің болашағы қандай күйде болмақ? Болжамыңды естігім келеді, − дейді. Сонда әл-Фараби:




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ