ЖШС
«Балдәурен» бөбекжайы
Алақай, Жаңа жыл
келді!
(ертеңгілік)
Өткізген: Султанова
Н.Т
Шаменова Қ.
Алақай, Жаңа жыл
келді!
Орман ханшайымы қысқы
әуенмен залға кіріп келіп, сиқырлы таяқшасымен
сермейді.
Уа,
халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар!
Қоян: Орман ханшайымы балдаурен
бөбекжайынан келетін қонақтарымыз жақындап
қалды.
Орман
ханшайымы:
Менің көмекшім (Қоян) Жаңа жыл
жақындады, келе жатқан қонақтарды алдарынан шығып қарсы
ал.
Әуен ойналады. Залға
балалар мен Қоян кіріп келеді.
Қоян: Амансыздар ма ұстаздар,
ата-аналар! Жаңа жылдарыңыз құт – береке әкелсін! Мен өз достарымды
орман Жаңа жылына әкелдім. Балалар қане, қонақтармен
амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме
!
Қоян: Орман ханшайымы, біз сіздің
шақыру билетіңізді алған соң дайындалып келіп
отырмыз. Біз балапандарымызбен сізге
әуенімізді ала келдік.
Ән: Жаңа
жыл
Орман
ханшайымы: Балалар қараңыздаршы бұл кім?
Балақай сен неге бізбен бірге ән айтып ойын
ойнамайсың?
Телефон: жоқ ол менімен ойнайды. Оған
менімен қызық. Менде қызықты ойындар бар. Ютуб бар. Барлық балалар
тикток түсіргенді ұнатады.
Орман
ханшайымы: Жоқ, олай болмайды. Телофонды
тек қажеттілік болған жағдайда қолдану қажет. Солай емес па
балалар? Телефонда электромагниттік өрістер бар.
Ал Электромагниттік өрістер
барлық тіршілік көздеріне, cоның ішінде адам организміне өте үлкен
зардап тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері
көрсеткендей
электромагнит-тік өрістердің
адамның
нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне,
физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған.
Электромагниттік
өріс толқынының үзіліссіз аз
мөлшерінің өзі ағзаның орталық жүйке жүйесіне, қорғаныш
статусына, көзге кері әсер етеді, көру, есте сақтау қабілетін
төмендетеді.
Телефон: Сонда мен
адамдарға керек емеспін
бе?
Орман
ханшайымы: Жоооооқ, керексің әрине,
Телефон Адамдар арасындағы байланысты
кеңейтеді. Ата-аналарға әрқашан баланың қай жерде екенін білуге
мүмкіндік береді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайда
полицяға немесе жедел жәрдемге тез қоңырау шалуға болады.
Интернеттен қажет ақпарат алуға көмегін тигізеді. Керек кезде
калькуляторды, оятқышты, сағатты, шамды, камераны қолдану
мүмкіндігі бар. Алайда, сені тек қажет кезде
қолдану керек.
Телефон: мен енді барлығын түсіндім.
Ендеше мен сіздің ертеңгілігіңізге кедергі келтірмей
қайтайын.
Орман
ханшайымы: Жоқ достым, сен бізбен бірге
қал. Балапандардың бүгінгі күнін, қызықты кездерін суретке түсіріп,
жадыңда сақта. Мүмкін керекті хабарламалар
келіп қалар.
Телефон: Болама? Мен қатты
қуаныштымын.
Орман
ханшайымы: Біз ең басты қонақтарымызды
шақыруға ұмытып кетіппіз ғой. Біздің Жаңа жылымыздың басты
қонақтары Аяз атаны барлығымыз бірге шақырып
алайықшы.
Балалар: Алақай! Көптен күткен Аяз ата
келе жатыр!
(Аяз ата кіріп келеді).
Аяз ата:
Уа,
халайық жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз
ата, Ақшақар
Жетті жолдан
қиналған!
Балалар, мына шыршамыз
көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның
шамдарын жарқыратайық! Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды
жарқырат!
Балалар: Қуант бізді, таңырқат
шамдарыңды жарқырат. 3 рет айтылады. (қолдарын шапалақтатады) Шырша
жарқырайды
Орман
ханшайымы: Аяз ата қош келдіңіздер,
бізбен бірге ән айтып, билеп балалардың өнерін
тамашалаңыздар.
Балалардың таппақтары.
Қоян: Менің мына кішкентай
көжектерімнің сізге сыйы бар.
Би: «сұр
қоян»
Қоян: Балалар, біздің орманымыз одан
да жадырап кетті. Рахмет сендерге.
Ал,
енді менімен ойын ойнағыларың келе ме?
Ойын: «телефонды
шығармау»
Қоян: Аяз ата, біздің балалар жаңа
жылға арнап тақпақтар жаттап келді.
Тақпақтар:
Телефон: Маған жаңа шұғыл түрде
хабарлама келді. Ватс апп желісі бойынша. Ата-аналар оқып
жіберіңіздерші:
Хабарлама: ержүрек батырлар. Маған
көмектеріңіз керек мен орман ішінде адасып кеттім. Маған карта
жіберіңіздерші.
Орман
ханшайымы: Ержүрек батырлар кәнекей
сіздердің көмектеріңізге жүгініп, карта салайық
ойын.
Телефон: суретке түсіріп ақшақарға
жіберейін. Болды жібердім. Уфффф...
А
менде идея, Енді Ақшақар келгенше би билеп
алайық.
Ержүрек батырлар биі.
Ақшақар:
Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата-аналар!
Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын! Қоян жылы
табыс, береке, бірлік әкелсін!
Аяз
ата: қайда жүрсің немере қызым
ау?
Ақшақар: Мен адасып жолды әрең таптым.
Телефон болмаса мүлдем үлгермес те едім.
Орман
ханшайымы: Ақшақар алыс жолдан келдің
балапандардың өнерін тамашалап дем алып
ал.
Таппақтар
Орман
ханшайымы: Балалар, бізде орманда
шыршалар өте көп, үлкені де, кішкентайы да бар. Жаңа жолда ақшақар
сенде көрген шығарсығ?
Ақшақар шынымен де өте көп, және өте әдемі
екен.
Балалар Сендер шырша туралы ән айта аласыңдар
ма?
Балалар: Иә.
«Кішкентай шырша» әні
орындалады.
Қоян: Айналайын, Күншуақ тобының
бүлдіршіндері, сіздер бізді бақытты еттіңіздер, жиі қонаққа келіп
тұрыңыздар!
Телефон: Міндетті түрде келіп
тұрамыз!
Сағат
соғады. Аяз-ата:
Ау, бүлдіршін қыздарым
Жас жеткіншек ұлдарым.
Қандай жақсы жүздерің,
Қуанышты сыйлайын!
Рахмет сіздерге, барлықтарың ақылды өнерлі
екнсіздер. Сыйлықтарыңызды қабыл алыңыздар.
Орман
ханшайымы: Міне, қымбатты қонақтар,
бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді.
Аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан
үн,
Бақытты боп бастады жыл
дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа
жыл
Құтты болсын жаңа бақыт
достарым!
Әуен ойнайды. Топ болып
тұрып,естелік суретке түседі.