Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алақай мен Оқушымын!

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологиялық тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-сабақ.

Тақырыбы: « Алақай! Мен оқушымын»

Мақсаты: Қолайлы эмоциялық атмосфера құру. Балалардың оқушы мәртебесін ұғыну.

Сабақ барысы

Жаттығу "Менің атым... Мен өзімді сүйемін, себебі..."

Мақсаты: Топтағы қатысушылардың аттарын еске түсіріп, қалпына келтіру және жұмыс атмосферасын құру.

Жаттығу барысы. Жаттығу шеңберде өткізіледі. Әрқасысы кезек-кезек екі сөз тіркестерін "Менің атым..." және " Мен өзімді сүйемін, себебі..." деп айтады. Сіздердің тілектеріңіз жөнінде даулар және талқылауға көңіл бөлінбейді. Жай ғана оларды кезекпен, әділ және тез айтамыз.

Жаттығу:"Көңіл-күй неге ұқсайды?"

Мақсаты:Оқушылардың эмоционалдық жай-күйін анықтау.

Жаттығу барысы. Ойынға қатысушылар олардың бүгінгі көңіл-күйінің қандай табиғи құбылыс немесе ауа райына ұқсайтындығын кезек-кезек айтады. Салыстыруды ересектердің бірінің бастағаны жақсы: "Менің көңіл-күйім байыпты көгілдір аспандағы ақ мамық бұлттарға ұқсас, ал сенің?"

Ойын шеңберде өткізіледі. Ересек біреу барлық топтың дәл бүгінгі көңіл-күйі қандай екенін қорытады: мұңды, көңілді, күлкілі, ашулы және т. б. Балалардың жауаптарын интерпретациялау кезінде, естеріңізде болсын, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, бұлыңғыр аспан, агрессивті элементтер эмоционалдық қиыншылықтардың бар екенін куәландырады.

Жаттығу"Оқушы болған қалай екен".

Мақсаты: оқушы мәртебесін сезіну.

Жаттығу барысы. Психолог сұрақтарға жауап беруді ұсынады:

- Сіз – оқушысыз. Бұл не деген сөз?

- Оқушылар өздерін қалай ұстауы керек?

Тақта да әртүрлі жағдайларға байланысты суреттер ілінеді. Оқушылар әдебіне жат қылықтарды тауып, тақтадан алып тастау керек.

«Мектепке дейін – оқушы» тақырыбында сурет салу.

Мақсаты: "Мектепке дейінгі" және "оқушы"позицияларының

Айырмашылықтарын түсіну

Жаттығу барысы. Балаларға екі сурет салу ұсынылады: "Мен мектепке дейінгі кезеңдемін", "Мен — оқушымын" ("Бірден қайсысы қай тақырыптағы сурет екенін анықтауға болатындай қылып салады, бірақ ешкімге айтпайды"). Уақыт шектеледі (20-25 минут). Сурет салу барысында, жетекші қанша уақыт қалғанын үнемі еске салып отырады.

Кез-келген оқушы өзінің не салғаны туралы айтып беруіне болады. «Біз енді оқушымыз» деген тақырыпта суреттер көрмесі ұйымдастырылады.

Сонымен, бүгін біз мектепке не үшін баратындығын білдік, көп жаңаны үйрену, білу үшін барады екен.

Жаттығу:"Көңіл-күйімізді суреттейміз"

Мақсаты: Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.

Жаттығу барысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл – күйінің суретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.

Жаттығу"Тамаша күн үшін рахмет "

Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.

Барысы: Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын. Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2025
100
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11