400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алаш аңсаған өнер туындылары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ киносының дамуы,"Алаш"туралы айтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Тақырыбы: Алаш аңсаған өнер туындылары
Қазақстан өнер саласында біршама дамып,жаңғырып келеді.Жаңа
кезеңдегі өнердің дамуы еліміз үшін беделді еңбектің
көрінісі.Өнер саласының бірі-кино индустриясының белсенді
жаңғыруы.Қазіргі уақытта,елімізде көптеп кино,фильмдер
түсіріліп жатыр.Солардың ішінде адамды елжіретіп,жүрегіңді
"Алаш" деп соқтыратын,патриотизмге баулитын тарихи
фильмдер халықтың көзайымына айналды.Əсіресе,жастар
қауымына бұл тарихи фильмдер ауадай қажет.Кейінгі ұрпақ өз
тарихын білсе,еліміз одан сайын дамитыны анық.
Алаш зиялылары туралы телехикаялар халыққа жол
тартып,зиялыларымыздың елі үшін еңбегі,қайғы-қасіретті
бейнелерін ашық көрсетеді.Мəселен,"Ахмет.Ұлт
ұстазы"туындысы сол кезеңдегі қазақ халқының тарихын,білім
жолындағы қиыншылығын,ұлт мұраты жолындағы қажымас
еңбегін дəріптейді.Ахмет Байтұрсыновтың "Қалайда қазақ
балалары білім алуы керек"деген сөзі нағыз "ұлттың ұстазы"
екендігін дəлелдеді.Алаш зиялыларының өкілдерінің біріМіржақып Дулатұлына арналып,"Міржақып,Оян
Қазақ"телехикаясы көпшілік қауымның жүрегіне жетті.Бұл
фильм жарық көре сала,көп қаралым жинап үлгерді.Міржақып
Дулатұлының революция жылдарындағы тартқан азабы,халықты
жігерлендіріп,ояту үшін "Оян Қазақ" өлеңінің жарық
көруі,сонымен қатар,Қазақстандағы ең тұңғыш роман-Бақытсыз
Жамал романының жазылу барысы сипатталады.Елі үшін
жасаған еңбегі үшін абақтыға жабылып,қайғы-қасіретке
ұшырауы баяндалады.Жастарға үміт сыйлаған,алаш арысының
бірі-Мағжан Жұмабаев.Мен жастарға сенемін туындысында
Мағжан Жұмабаевтың ұлт үшін басын құрбандыққа шалған
қайраткерлігі туралы баяндалады.Сəкен Сейфуллинмен достығы
ерекше көрініс табады.Небəрі 4 бөлімнен тұратын бұл
телехикаяда көптеген өнеге мен тəлім-тəрбие жатқаны баршаға
мəлім.Осындай туындылар көптеп шығарылып тұрса нұр үстіне
нұр болар еді.Қазақ халқының қалыптасу тарихын,қиыншылық

кезеңдерін білу арқылы біз ата-бабамыздың еңбегін бағалай
аламыз.Бұл туындыларда соны дəріптейді.Жоғары да атап
көрсеткен өнер туындыларын əр қазақ көруі тиіс деп
ойлаймын.Барша жанға кеңес беремін.Алаш біздің мəңгі
жүремізде!
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.04.2023
479
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі