Тексерілді:
Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәннің аты: Қазақстан тарихы Сынып 9
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы ұлттық автономиялар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы орын алған саяси оқиғалар, Алашорда үкіметінің құрылуы, қазақ зиялылары, олардың атқарған қызметі туралы білім беру.
Дамытушылық: Өткен сабақтағы материалмен байланыстыра отырып, деректердің ерекшелігі мен айырмашылығын, ұқсастығын айыра білуге баулу, пәнге деген қызығушылығын ояту және ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың тақырыппен жұмыс істеу, салыстыру, талдау жасау машықтарын жетілдіру, логикалық ойлау жүйесі мен өз ойын белгілі дәрежеде жеткізе білуге, сөйлеу мәдениетіне, тарихқа құрметпен қарауға үйрету, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу
«Мен қалаймын-----» психологиялық тренингін өткізу.
(Оқушылар бүгінгі Қазақстан тарихы пәнін қалай өткендігін қалайтынын күннің шуақтарына жазады).
-
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Әр түрлі түсті стикерді таңдау арқылы 3 топқа бөлу
1-топ: «Алаш айнасы»
2-топ: «Алаштанушылар»
3-топ: «Алаш ұрпағы»
Әр топ берілген тапсырма бойынша талдау жұмыстарын жасап, өз
тапсырмалары бойынша постер қорғайды.
Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақты
қорытындылау:
І. Сен білесің бе? (жаңа термин сөздердің мағынасын ашу)
1. Революция (төңкеріс) - белгілі бір топ адамдардың мемлекеттік билікті басып алуы немесе ескі биліктің орнына жаңа биліктің келуін атаймыз.
2. Социализм – латын тілінен аударғанда «ортақ, тең» деген мағынаны береді.
3. Партия - ( лат. бөлік, топ) идеялары мен көздеген мақсаттарының ортақтығы негізінде біріккен адамдар тобы.
4. Алаш – қазақ деген ұғымды білдіреді.
5. Автономия – бір мемлекет ішінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық
құрылым.
6.Зиялылар – латын. түсінетін, саналы, ойлаушы, яғни ой еңбегімен, мәдениеттідамыту және таратумен кәсіби түрде айналысатын адамдардың қоғамдық тобы.
ІІ . Сәйкесін тап.
|
№ |
Партияның аты |
Мерзімі |
Партия басшысы |
Газеттері |
Шыққан қаласы |
|
1. |
«Алаш» |
1905,1917 |
Ә.Бөкейханов |
«Қазақ» |
Орынбор |
|
2. |
«Кадет» |
1917 |
Либерал-демократтар |
«Еркін сөз» |
Семей |
|
3. |
«Үш жүз» |
1917-1918 |
Көлбай Тоғысов |
«Үш жүз» |
Омбы |
|
4. |
«Шура-ислами» |
1917-1918 |
М.Абдурашидханов |
«Шура-ислами» |
Ташкент |
ІІІ. Венн диаграммасы.«Алаш» партиясы мен «Үш жүз» партияларының ұқсастығы мен айырмашылықтары.
|
«Алаш» партиясы |
Ұқсастығы |
«Үш жүз» партиясы |
|
1.Уақытша үкіметті қолдады |
1. 1917 жылы құрылды. |
1. Кеңес үкіметі жағында болды |
|
2. Нақты бағдарламасы бар, халыққа танымал өкілдері болды, өмір сүру кезеңі ұзағырақ болды. |
2. Өздерінің көздеген мақсаттары, бағдарламалары болды. |
2. «Алаш» партиясының дәрежесіне жете алған жоқ, себебі қазақ халқына танымал, әрі кеңінен насихаттауға мүмкіндігі болмай, өмір сүру кезеңі қысқа болды. |
|
3. Мүшелері –либерал-демократар( Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.с.с. дарынды зиялылар болды) |
3. Жетекшілері көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялылары. |
3. Партия біртұтас болмады, сондықтан мақсатына жете алмады.(сол қанатын К.Тоғысов басқарса, оң қанатын М.Әйтпенов басқарды) |
|
4. «Автономия» туралы пікірлері – «көпұлтты Қазақстан жеке автономия болса, ішіміздегі орыстар оны қолдайды» деп үміттенді. |
4.Екі партия қайраткерлерінің де армандары бір, ол тәуелсіздік |
4. «Автономия» туралы пікірлері – «көп орыс аз орысты қазаққа бауырлата қоймайды» деп есептеді. |
|
5.Дін ісін мемлекет ісінен айыруды көздеді. |
5.Бағыттары мақсаттарына бейбітшілік, демократиялық жолмен қол жеткізу. |
5.Дінге үлкен құрметпен қарап, қазақтың болашақ заңына шариғат қағидаларын енгізуді ұсынды. |
|
6. «Қазақ» газеті арқылы өз бағдарламаларын халыққа жариялап отырды. |
6.Өз бағдарламаларын халыққа өз газеттері арқылы жеткізіп отырған. |
6. «Үш жүз» газеті арқылы өз бағдарламаларын халыққа жариялап отырды. |
Жаңа тақырыпты түсіндірудің жоспары:
Жаңа сабақ Жаһанша Досмұхамедовтың «ЕНДІГІ ЖЕРДЕ ҚАЗАҚТЫ - ЕЛ ТҰРМЫСЫН, ТІЛІН, МІНЕЗ - ҚҰЛҚЫН, ӘДЕТ - ҒҰРПЫН БІЛЕТІНДЕР ҒАНА БАСҚАРАДЫ» деген эпиграф сөзімен бастаймын.
Қызығушылығын ояту мақсатында
ІІ Жалпықазақ съезінің
қаулысы талданып болған соң, қорытынды ретінде «Алаш Орда» деректі
фильмінен үзінді көрсетіледі. (фильмнің мазмұны – ІІ Жалпықазақ
съезінде қабылданған қаулылар мазмұнын Жаһанша мен Халел
Досмұхамбетовтердің Ленин мен Сталинге жеткізу үшін Мәскеуге
барғандығы туралы ) бейнероликтен үзінді
көрсетемін.
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялыларының
қылышынан қан тамып тұрған заманда атқарған еңбектері орасан зор.
Қазақ автономиясына қол жеткізген зиялылардың қазақ жерін
ҚАКСР-інің қарамағына біріктірудегі еңбектері ұшан-теңіз. Осылайша
Қазақ АКСР-інің тұңғыш астанасы болған Орынбордың (1920-1924ж.ж.)
оның қалыптасу мен дамуында белгілі рөл атқарды.
Қазақстанның астанасы болған қандай қалаларға тоқталсақ:
-
Орынбор 1920-1924ж.ж.
-
Қызылорда 1924-1929ж.ж.
-
Алма-Ата 1929-1997ж.ж.
-
Астана (Ақмола) 1997-2011ж.ж.
Ал енді, «Алаш» партиясын ұйымдастырушы, Алашорда үкіметінің төрағасы Бөкейханов Әлихан Нұрмұхаммедұлы туралы дерекке назар аударайық:
|
1. |
Туған жері |
Бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысы. Қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы. |
|
2. |
Ата-тегі |
Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тараған. Арғы атасы – атақты Көкжал Барақ.Көкжал Барақтан Бөкей, Бөкейден –Батыр, Батырдан –Мырзатай, Мырзатайдан- Нұрмұхаммед. |
|
3. |
Мамандығы |
Экономист |
|
4. |
Білімі |
1894 жылы Санкт-Петербург орман институтының экономика факультетін бітірді. |
|
5. |
Атқарған қызметі |
«Алаш» партиясын ұйымдастырушы, Алашорда үкіметінің төрағасы, 250-ден астам мақала, аудармалары жарық көрген, алгебра оқулығының авторы. |
|
6. |
Өмірінің соңғы күндері |
1922 жылдан бастап Мәскеуде бақылау астында тұруға тиіс болды. 1937 жылы 27 қыркүйекте КСРО Жоғарғы сотының үкімімен ату жазасына кесілген. |
1920-1940 ж.ж. халқымыздың бастан кешкен қаралы тарихының бір кезеңі. Ол тарихта мәңгі қалып, ұрпақ есінде ешқашан ұмытылмайды. 1997 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталып өтті, ал 31-мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген. Еліміздің тәуелсіздігін алу үшін, өз үлесін қосқан барлық ХХ ғ. басындағы өмір сүрген қазақ зиялыларының еңбегі зая кетпеді деп толықтай айта аламыз.
«Мәтін бөліктері» ойыны. Мәтінді оқуға топтарға 3 минут уақыт беремін.Оқып болған соң «Балық қаңқасы» беріліп, тапсырмалар орындалады.
1 топқа-«Балық басы». «Алаш айнасы» тобына - ІІ Жалпықырғыз
- қазақ съезінде Алаш автономиясын құрудан басқа қандай мәселелер
қарастырылды?
2
топқа-«Қаңқасы» . «Алаштанушылар» тобына – ІІ Жалпықырғыз - қазақ съезінде
Алаш автономиясын құру мәселесін талқылау
3 топқа-«Құйрығы» . «Алаш ұрпағы»
тобына - ІІ Жалпықырғыз -
қазақ съезінде Алаш милициясы мәселесін талқылау тапсырмалары
берілді.

Сабақты бекіту.
Қазақ қоғамы және Алаш
партиясы тақырыбы бойынша жаңа сабақты тексеру тесті
1. Қазақ зиялылары партия құру әрекетін қай кезде қолға алды?
А) Бірінші орыс революциясы жылдарында
В) Ақпан буржуазиялық -
демократиялық революция кезінде
С) Қазан төңкерісі кезінде D) Азамат соғысы жылдарында
2. 1905 Орал қаласында өткен қазақ облыстары өкілдерінің съезі
қандай партия құру туралы шешім қабылдады?
А) «Қазақ конституциялық - демократиялық партиясын»
В) «Халық еркіндігі» (кадеттер) партиясын
С) «Үш жүз» партиясын D) «Эсерлер» партиясын
3. Қазақтың тұңғыш ұлттық -
демократиялық партиясы
А) Үш жүз В) Кадеттер
С) Алаш D)
эсерлер
4. Қай съезде қазақ саяси партиясын құру
туралы мәселе қаралды?
А) Сырдария қазақ - қырғыз съезінде В)
5 - 13 желтоқсандағы ІІ Жалпықазақ съезінде
С) 21 - 26 шілдедегі І Жалпықазақ съезінде D) Жетісу қырғыз - қызық съезінде
5. «Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы неше бөлімнен тұрды?
А) 5 В) 8 С) 12 D 10
6. «Алаш» партиясының бағдарламасы қай баспада жарияланды?
А) «Айқап» журналында В) «Қазақ»
газетінде
С) «Сарыарқа» газетінде D) «Жұлдыз» журналында
7. «Алаш» партиясы бағдарламасының бөлімдерін жаз....
8. 1917 жылғы қарашада өткен Бүкілресейлік Құрылтайға қазақ
қайраткерлері қай партияның атынан тіркелді?
А) Үш жүз В) Кадеттер
С) эсерлер D)
Алаш
9. «Алаш» саяси партия ретінде толыққанды қашан ұйымдасты?
А) 1917 ж қараша В) 1917 ж
шілде С) 1917 ж желтоқсан
D) 1917 ж тамыз
10. «Алаш» партиясының жетекшілері қандай бағдар ұстанатынан
жариялады?
А) Шығысқа бағдар ұстанатынан В)
Большевиктер партиясы бағдарын ұстанатынын
С) Батысқа бағдар ұстанатынын D)
Кадеттер партиясы бағдарын ұстанатынын
Қазақ қоғамы және Алаш партиясы тақырыбы бойынша
үй жұмысын тексеру тестінің кілті
1 – А 2 – А 3 – С 4 – С
5 – D 6 –
В 7 - 1. Мемлекет қалпы
2. Жергілікті бостандық
3. Негізгі құқық 4. Дін ісі
5. Сот билігі 6.
Ел қорғау 7. Салық 8. Жұмысшылар
9. Ғылым - білім үйрету 10. Жер
мәселесі
8 – D 9 – B 10 - C
Бағалау.
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып, соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алаш Автономиясы 9-сынып

шағым қалдыра аласыз