Алаш идеясы - Тәуелсіздік бастауы

Тақырып бойынша 16 материал табылды

Алаш идеясы - Тәуелсіздік бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш қайраткерлерінің қазақтың елдігі жолында жасаған еңбектерін бүгінгі жас ұрпақтың бойына, санасына дарыту. "Алаш идеясы" - қазақтың мемлекеттік идеясы екендігін насихаттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АЛАШ ИДЕЯСЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ


Жұқатаева Дина Бөрібайқызы


«Махамбет көп бейінді ауылшаруашылық колледжі» КМҚК

тарих және география пәні мұғалімі

Мыңдаған жылдар бойы тәуелсіздікті аңсаған қазақ халқы елдің тұтастығы, мемлекеттілігі, өз шекарасы, дамыған экономикасы болғандығын аңсады. Мәдениет пен білімі дамыған озық ойлы, өркенді ел болғанды қалады. Оны бүгінгі тәуелсіз ел сипатынан да көруге болар еді. Қазіргі кезеңдегі әрбір іс – сол ұлы мұраттардың жемісі.

Қай халық үшін де тәуелсіздік – қастерлі ұғым, ұлы мұрат. Ұлтымыздың ұлы жеңістері оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздіктің жолы қиындыққа толы жол болды. Елді қорғауда қан майдандар, ұлт-азаттық көтерілістері, ұлтымыздың ұлыларының, ұл-қыздарының қайсарлығы, құрбандығы – халқымыз талай аумалы-төкпелі замандарды бастан кешті, осы ауыртпалықтың бәрін көтере білді, жасымайтын жігер танытып, асқақ арманына ұмтылды. Бұл біздің жадымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуы тиіс.

Алаш қайраткерлері. Олар кімдер? Иә, «Алаш» сөзі – киелі ұғым. Алаш – Қазақстанның «Мәңгілік ел» ел мұратын саясат пен руханият тұрғысынан айқындаған, айшықтаған кезең атауы.

«Алаш идеясы» қазақтың мемлекеттік идеясы. Өйткені Алаш – халқымыздың бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш қуат және сенім берген ұлттық идея.

Алаш азаматтары – қазақтың тұңғыш партиясын құрып, автономия алып берген. Бүгінгі ұрпақтың бар білгені де, түйгені де осы. Ал, тарихқа тереңдесек, алаш қайраткерлерінің қазақтың елдігі жолында жасаған еңбектері ұшан-теңіз.

Біріншіден, олар – қазақ мемлекеттілігінің негізін қалағандар. Екіншіден, қазақ жерінің шекарасын анықтап, құжат түрінде қаттап кеткендер. Үшіншіден, қазақтың ғылым-білімінің өрісін кеңейтіп, тұңғыш рет қазақ әліпбиін жасаушылар. Төртіншіден, қазақтың өшкенін тірілтіп, ұлттық рухын оятушылар. Қазақтың келешекте іргелі ел болуы үшін алаш азаматтары аянбай тер төкті. Сан ғасыр бойы бодандықтың кебін киген қазақ мемлкетінің діңгегін нықтап, заманауи мемлекет құруды мақсат тұтты. Онда «тегі бір, мәдениеті бір және тілі бір қазақ халқы басым тұтас аймақ болып табылатын Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары мен Ферғана, Самарқан қырғыз (қазақ) уездерінің, Каспий сырты облысы Әмудария бөлімінің, Алтай губерниясының аумақтық, ұлттық автономиясы құрылсын....

Алаш автономиясының барлық мекемелерінде барлық ұлттан пропорциялы түрде өкілдер болуы тиіс...» деп көрсетілген.

Әлихан Бөкейханов бастаған зиялылар «Алаш» партиясын құрды. Мемлекеттік құрылыс, қорғаныс, дін, ғылым мен ағарту саласында,ы, аграрлық мәселелер төңірегінде кең көлемдегі бағдарламаны әзірледі. Сөйтіп, Алаш партиясы сол кездегі мүмкіндіктерін ескере отырып, дамудың балама жолын ұсынды.

Алайда, олар ойлағандарына түбегейлі жете алмады. Өйткені, жолға большевиктер тұрып, тұсау салған еді. Ойлағандары іске аспаған алаштықтар енді өзгеше іс-қимылға көшті. Сөйтіп, халықтың керегіне жарау үшін Кеңес Үкіметінің түрлі салаларында қызмет атқарды. Сонда да қазақтың қамын басты орынға қойған олар автономия алуға тырысты. Кирвоенкомның 1920 жылғы 18 мамырдағы қаулысы бойынша Әлімхан Ермековқа мандат беріліп, «Қазақ өлкесінің жағдайы мен оның шекарасын белгілеу жөнінде» баяндама жасау үшін Мәскеуге арнайы жіберілді. Мәскеуге келгеннен кейін Лениннің төрағалығымен өткен мәжілісте Әлімхан ағамыз баяндама жасап, бүгінгі қазақ халқы үшін өте маңызды жерлерді, яғни Каспийдің солтүстік жағалауын, Коростылев өлкесін, Ақмола және Семей облыстарын қызу талқыда қорғап қалды. Мәжіліс барысында Әлімхан ағамызға қарсылық көрсетіп, қазақтың өз жерін өзіне беруде қарсыластық көрсеткендер болды. Бірақ, ерекше білімділігінің және мән-жайды жетік білуінің арқасында алты алаштың арманын арқалаған Әлімхан Ермеков Лениннің қолдауына ие болып, нәтижесінде өз дегеніне жетті. Алаштың аяулы арысы кезінде бар қазақ баласына осылайша ең қымбат сыйды алып берген еді...

Бұдан соң алаштықтар өздерінің тағы бір бас ауруы – қазақты ғылым-білімге жетелеуге көшеді. Өздерінің өзге мамандық иелері екендігіне қарамастан, оқулықтар жазады. Бір ғана мысал, әйгілі ғалым Халел Досмұхамедовтың дәрігер болғанына қарамастан, қазақтың тарихы мен әдебиетіне, жалпы ғылымға зор үлес қосты.

Алаштықтар сол кездің өзінде-ақ, «отыз-қырық жылда бүкіл халықты сауаттандыруға болады» деп сенген еді.

Әлихан бастаған зиялылар халықтың рухын көтеруді басты міндеттерінің бірі деп санады. Олар қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтіп, халық мұраларын жарыққа шығаруға үлес қосты. ахметБайтұрсынұлы «Маса» боп шақса, Міржақып «Оян, қазақ» деп аттандады. «Қазақ» газеті қоғамдық-саяси басылым болса да, әдеби шығармалар жариялап тұрды. Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласының жарыққа шығуы, Абай арқылы қазақтың мұң-мұқтажын бейнелей отырып, болашаққа жол көрсеткен бар қазақтың бағдаршамы іспетті еді...

Бүгінде «Қазақстан өз мемлекеттілігін біржолата бекітіп, дамудың қазақстандық өз моделін қалыптастырды. Еліміз осы кезеңде ғасырға бергісіз жолдан өтті, ауқымы жағынан орасан табыстарға қол жеткізді. Егемендіктің тұғыры жылдан-жалға нығайып, жаңа да жас мемлекетімізді бүкіл әлем танып, мойындады.

Республикада ұлан-ғайыр істер атқарылды. Тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай белгіленіп, мемлекеттік рәміздеріміз, Ата Заңымыз, ұлттық валютамыз және жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қоғамдастық Қазақстан Республикасы деген асқақ рухты елдің бар екенін мойындады. Өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын мемлекет ретінде таныды.

Елдің әл-аухаты еселеп артып, рухы шалқыды. Экономика нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі жаңа белеске көтерілді. Елімізде қалыптасқан этносаралық және дінаралық келісім тәуелсіздігіміздің берік тірегіне айналып отыр.

Мінекей, Алаш азаматтарының елі үшін еткен ерен еңбегінің бір парасы осындай. Олар өмір бойы қазақты біртұтас ел қылуды армандап өтті. Сол ақ арманның жолында аянбай күресіп кетті.

Алаш идеясы – ұлттық идея бола алады. Тіпті, солай болуы да тиіс. Сондықтан да, бүгінгі біздер жас ұрпақтың алдында алаш идеясын жанымен түйсініп, іске асыру міндеті тұр.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан тарихы хрестоматия 10, Алматы «Мектеп» 2019

  2. Атырау газеті №72, 16 маусым 2011 ж.

  3. Атырау газеті №144, 16 желтоқсан 2010 ж.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2025
190
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі