Алаш жұртының айрықша шежіресі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алаш жұртының айрықша шежіресі

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш жұртының айрықша шежіресі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Алаш жұртының айрықша шежіресі

Иә,Ұлы Дала-ұлы кеңістік,құт мекеніміз.Бабалардың рухы,тұлпарлардың ізі қалған ұлан-байтақ даламыздың қарыс жері қымбат.

Ерлердің қаны мен Аналардың көз жасы сіңген қасиетті Атамекенді ұрпақтарға ұғындыру-қашан да күн тәртібінен түсееу керек.

Осы тұрғыдан келгенде аталған мақаланың тарихи маңызы зор.Ұлтымызға аса қажетті құжат екендегі рас.Екі бөлімнен тұратын танымдық толғам көненің көзі болып шартараптан сыр шертеді.Қай бөлімнен алып қарасақта,байтақ даламыздың асты-үстіндегі байлықты сеземіз һәм көреміз.Маған ерекше бір әсер еткені бірінші бөлімдегі”Атқа міну мәдениеті”.

Бәріміз де ауылда туып-өстік.Жылқыға жақын болдық.Бұрынғы кезде жылқысыз қазақты елестету мүмкін емес еді.Халық даналығында”Қазақ-жылқы мінездес”,”Ат-ердің қанаты”,”Жақсы ат-жауда қалдырмайды”,”Биенің сүті-сары бал” дейтін ғажап сөздер бар.Осыған қарап-ақ,біздің халқымыз Қамбар атаның төлін қалай қадір тұтып,қастерлегенін көруге болады.

Мақала мазмұны өткен тарихқа өткелі болып,көне дәуірлерге жетелейді.Қиялыка қанат бітіріп,өзінің арғы түп-тамырыңды түгелдейсің.Сәл елестетіп көрейікші:

.Бағзы бір дәуірде Ұлы Даладағы Ботай қонысында боз айғырдың үйіріндегі боз биенің арда емген асау тайына Алаштың арғы бабасы бұғалық тастап,мінуге көндірген екен.Жабайы жылқының арқасына қонған адамзат баласы қара жерден табаны ажырап,бір метр биіктікте шексіз өркениетке тұңғыш қадам жасады.Ұлы Далада асауды үйретіп,адамзатта алғашқы болып атқа қонған атамызға қолайлы бір күнді мереке қылып берсек те,артық болмас еді.Жылқының жанындай жақсы көріп,әспеттеген Елбасымыздың осынау өзекті мақаласының аясында тағы бір ойдың шеті шығады.Алла Тағала Алаштың алдына жылқы салған.Осының қызығын көрсін деп.Сол аманатты біз орындауға тиісппіз ғой.Баяғы ата-бабаларымыз мұны жақсы түсінген.Кең даламызды жылқыға толтырған.Бүгінде республикамыздағы игерілмей бос жатқан жерлердің барлығын жылқы шаруашылығына айналдырса болар еді.

Қазақстандағы қала,аудан,ауылдардағы сырхана нүктелерінің бәрін жауып,қымызхана қылса,қандай ғанибет болар еді.

Өңештерге өзен болып құйылған сұмырай сыраның орнын табиғи күш-қуаты,дәрумендік емі бар бал қымыз басса,қандай жарасымды болар еді.Атқа міну мәдениетімен қатар,қымыз ішу салтын да өмірімізге ендіру қажет деп ойлаймын.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған осынау қайырлы істі халық болып қолдап жатсақ,бірлігі жарасқан берекелі ел екендігіміз білінер.Кеше атты қырдың астында алтыны жатыр Алаштың деуші едік,ал бүгінде жеті қырдың үстінен тіл қатып тұр Тарихым!

Қуан қазақ!

Совет Гүлім Сейсембайқызы

11-сынып оқушысы

Қарағанды облыцсы,

Шет ауданы,

Босаға ауылы .Босаға ЖББ мектебі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.00.2024
295
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі