400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Алаш Орда мемлекеті және Тәуелсіз Қазақстан»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жақып Ақбаев- Алаш зиялысы, күрескер, қайраткер, Алашорда үкіметінің мүшесі, заңгер. Құқықтану магистрі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алаш Орда мемлекеті және Тәуелсіз Қазақстан»

Алаш зиялылары-азаттықтың ақ таңына қол жеткізуде қажырлы еңбек ет-ті.Осындай қайраткерлердің ішінде бірегейі деп-Жақып Ақбаевты атасақ қате-леспейміз.

Жақып Ақбаев-қазақтан шыққан тұңғыш құқық магистрі.Қайраткер 1876 жылы бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Берікқара болысында дүниеге келген.Жақып Ақбаев өзінің ізденімпаздығы мен білімқұмарлығының ар-қасында, Санкт-Петербург университетінің заң факультетінде білім алған.Өзі оқыған оқу орнын жоғары дәрежеде аяқтап,бірінші дәрежелі диплом алып шығады.Өмірін білім,ғылым саласымен байланыстырып,бірнеше салаларды меңгереді.Және де қазақтың әдет-ғұрып заңдарын, соның ішінде отбасы-неке құқығын зерттеп,көптеген еңбектер жазады.Ол өзі қызыққан салалардан қосымша білім алып,өзін одан әрі шыңдап отыруды дұрыс санаған.Және де бі-лім алумен ғана шектеліп қоймай,қоғамдық өмірге де белсене қатыс-қан.Осылайша,күрескер болашаққа артқан үміті мен тілегі бір-“Алашорда” үкіметін ұйымдастырушы қайраткерлердің қатарына қосылады.

Жақып Ақбаев қазақ мүддесі үшін,еліміздің ертеңі үшін патша үкіметіне қарсы шығады.Елімізде “қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман” орнату -жолында біраз тер төгеді.Бірақ бұл көзқарасы сол уақытта үстемдік еткен патша үкіметіне ұнамайды.Қазақ үшін қасық қаны қалғанша,патша үкіметіне қарсы күрес жүргізген Жақып Ақбаевқа,бірнеше айыптаулар тағылып қызметінен қуылып,одан соң түрмеге тоғытылып,тіпті жер аударылып кетеді.

Бар өмірін еліне,ұлтына арнаған,қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы,өмірі дүрбелеңге толы болса да,күресуін тоқтатпайды.Керісінше, ағымға қарсы жүзіп,өзінің алдына қойған мақсаты үшін бар жанын салады.

Жақып Ақбаевтай ұлт жанашырларының арқасында,ұлтымыз жаңа көзқа-рас қалыптастырып,алға ұмтылды.Бүгінде тәуелсіз ел деп танылып отыруы-мыз,соның арқасында деп білемін.Елі үшін өз өмірлерін қиған зиялыларымыз-ға тағзым ету,олардың бізге артқан үмітін ақтау-біздің,жас ұрпақтың,парызы екенін айта кеткім келеді.Біз барда зиялыларымыздың рухы ешқашан өшпей-ді!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қараша
412
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі