Алаш ордаға 100 жыл.Әлихан Бөкейханов
Алиаскарова Г.М
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Горьковский ОМ
Қазақ халқының соңғы мың жылға жуық тарихында жетекші рөлге ие болып келген ақсүйек төрелер әулеті өзінің бастауын ұлы қаған Шыңғыстан алады. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тараған ұрпақ қазақ тарихындағы Ақ Орда, Қазақ хандығы сияқты мемлекеттерде билік құрды. Қазақ хандығы тарихында асқан батырлығымен көзге түсіп, тегеурінді әмірші ретінде сипатталатын Көкжал Барақ сұлтанның ұрпағы Бөкей ХҮІІІ ғасыр соңына таман Ресей билігінің қолдауымен Орта жүзде, нақтылап айтқанда қазіргі Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының біршама аумағын қамтыған жеке хандық құрған болатын. Бөкей хандығын құрудағы мақсат – хандық билік пен Қазыбек би ұрпақтарының ықпалын әлсіретіп, ыдырату болатын. Қазақ тарихындағы соңғы хандардың бірі ретінде қалған Бөкей ұрпақтары аға сұлтандық лауазыммен Орта жүзде ұзақ жылдар билік құрды. «Әлихан Бөкейханов осы Бөкей ханның тікелей ұрпағы, яғни шөпшегі болып келеді. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед туған.
Замандастары мен халқы қадірлеп «Әлекең» деп атап кеткен Әлихан Бөкейханов – бүкіл саналы өмірін қазақ халқының ұлттық саяси бостандығы мен дербестігі үшін арнаған аяулы ұлы тұлға.
Қазақтың дала аристократтары әулетінен шыққан болашақ ғалым, мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов 1870-жылы бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы жерінде дүниеге келеді. Патшалық биліктің озбыр саясатын жастайынан көріп, түйсініп өскен Әлиханның бойында отаршыл билікке ғана емес, жан алып, жан беріспей-ақ отарлық қамытты киюге мәжбүр еткен өз халқының салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы туралы сыншыл көзқарасы да ерте қалыптасты.
23 жасында Әлихан сол кездегі қазақ қоғамы мәдениетінің төмендігін, адами әдеп пен ахлақтың жоқтығын өкіне отырып айтады. Халықтың жаппай сауатсыздығы, болыстық билік үшін ру аралық күрес, барымта, байлар мен күштілердің кедейлер мен әлсіздерді аяусыз езуі етек алды деп санайды. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саясат, қоғам, мемлекет қайраткері, әрі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді. «Омбы техникалық училищесін аяқтаған Әлихан сол кездері жұрт жапа-тармағай ұмтылатын заңгер немесе әскери кәсіпті таңдамай, Санкт-Петербургтегі Орман институтына түсіп, ормантанушы-ғалым дипломын алып шықты. Кейіннен Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне төтенше емтихан тапсырып, заңгер дипломына да ие болды.
Міне, осылайша Әлихан Бөкейхан Дала өлкесі – Қазақстанның халық шаруашылығы бойынша сарапшы маман, ірі ғалымға айналды. Сондай-ақ экономист, тарихшы, этнограф, әдебиетанушы ретінде танылды. Қазақ тарихы, этнографиясы, әдебиеті мен фольклоры туралы жүздеген мақалалар жазып, «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Ер Тарғын», «Ер Сайын» секілді халық ауыз әдебиетінің бірнеше үлгілерін жинақтып, баспа бетіне шығарды». Ақпан төңкерісінен соң, оңтайлы саяси ахуалды қалт жібермей пайдаланып қазақ елдігінің дербестігі үшін белсене қимылдайды.Шығарған мақалаларының зардабын тартып Самараға айдауға жіберіледі.
1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самарадан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады. Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады.
Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады.
1917 жылдары шілде және желтоқсан айларында өткен жалпы қазақтық съездерді ұйымдастырып, онда «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметін құруға қол жеткізеді. Алашорда үкіметінің, Қазақ автономиялы республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланады. 1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл съезде 14 мәселе қаралды. Солардың ішінде мемлекетті билеу түрі; қазақ облыстарында автономия; жер мәселесі; оқу мәселесін ерекше атауға болады. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекеті дербес пе ? жоқ әлде болашақ Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма?, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме?- деген сұрақтар талқыланды. Бірақ, съезде нақты пікірге келе алмады. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға»тиіс болды.
1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ интеллигенциясы ғылыми жұмыстармен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығарумен де, көркем творчествомен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы программасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы; жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқытуы және т.б. деп атап көрсетіледі.Мемлекеттік тілді арнайы жоғары көтеру үшін, сауатсыздық бел алмау үшін қазақ зиялы қауым өкілдері сьезд өткізіп отырды. Съезде Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды.
Құрылтайды Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Омарұлы, С. Досжанов ұйымдастырды. Төрағасы Б. Құлманов болды. Құрылтайға қазақ сахара саңлақтарының әр аймақтарынан өкілдері жиналып, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан - 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан 8 делегат және арнайы шақырумен 15 адам қатысып, барлық жиын-теріні 81 делегат келген. Құрылтайдың күн тәртібіне мынадай 10 мәселе қойылған екен:
Сібір, Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс одағы туралы;
Қазақ-қырғыз автономиясы;
Милиция туралы;
Ұлт кеңесі;
Ұлт қазынасы;
Мүфтилік мәселесі;
Халық соты;
Ауылды басқару және азық-түлік мәселесі.
23-қыркүйектегі Кеңестің соңғы күнінде Уақытша Бүкілресейлік үкімет – Директория жарияланды. Бірақ бұл Директория өзі жойылардан аз ғана бұрын 4-қарашада шыққан бұйрығымен, бөлінбейтін Ресейді қалпына келтіру үшін барлық облыстық үкіметтермен бірге Алашорданың орталық үкіметін таратып, оның облыстық, уездік ұйымдарын ғана қалдырды. Орнына мәдени-тұрмыстық мүдделерді басқаратын Бас Уәкілдік қызметін енгізді.
Бас Уәкілдік мәселесі 18-қарашада Омбыдағы төңкеріс нәтижесінде өзін «Жоғары Билеуші» деп жариялаған адмирал Колчак кезінде қаралды. «Николайдың заманы мен тәртібі келген уақытта да» қазақ зиялылары көздеген мақсатынан таймады.
Колчак үкіметі «Бас уәкілдің міндеті туралы Ережені» талқылап, оған керекті материал жинау үшін қазақ даласына өз өкілдерін жіберді. 2-мамырда Семейге келген Ішкі істер министрлігінің өкілі Г. Малахов, аталған мекеменің Алашорда тағдыры туралы жоспарын бір топ қазақ интеллигенттеріне таныстырады.
1919 жылы 6-мамырда А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, Р. Мәрсеков, А. Қозбағаров, С. Дүйсембинов, Х. Ғаббасов өлкені басқару туралы жаңа Ережеге өз көзқарастарын білдіріп, Ішкі істер министрлігінің «Бұратаналар» бөліміне Семейден хат жолдайды. Онда ұлттық-территориялық автономия құру туралы шешім қабылдаған ІІ жалпықазақ сьезі, 1917 жылдың өн бойында өткен облыстық сьездердің қорытындысы болғанын, сол съезд шешіміне қарай қажетті жағдайларда әрекет жасағандарын (Ресей мемлекетін қалпына келтіру үшін Кеңес үкіметіне қарсы ортақ күреске қосылғандарын) сондықтан да қазіргі ауыр жағдайда Ресей мемлекетін қалпына келтіруге кедергі келтірмес үшін ұлттық мүддені қоя тұрып, Уақытша Бүкілресейлік Өкіметтің 1918 жылғы 4-қарашадағы бұйрығына көніп отырғандарын, бірақ бұл жарлықтағы қазақ өлкесін басқаратын арнайы органның құрылуы туралы ереженің кешігуі, қазақ халқын алаңдатып тұрғаны айтылды. Алаш орда сонымен бірге Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Халел және Жанша Досмұхамедовтер Ленин, Сталинмен, сондай-ақ Халел Ғаббасов, ұлт ісі жөніндегі халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі – автономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі, бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды.
Алаш қайраткерлеріне Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1919 жылғы 4 сәуірдегі және 1920 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен амнистия жарияланса да, Кеңес үкіметі күшіне мінгеннен кейін, олардың өткенін еш уақытта ұмыта да, кешіре де алған жоқ. Түрлі әдіспен бүркеленген қудалау ақыры, Алаш зиялыларын жаппай қырғынға ұшыратты. Бұл зобалаңнан аман қалған саусақпен санарлық зиялы қазақ, өмірлерінің соңына дейін Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті назарынан тыс қалмады. Ал атылғандардың үрім-бұтақтары да соңғыларының кебін киді.
Бұдан кейінгі Қазақстанның саяси тарихы бәрімізге белгілі. Алдымен 1920 жылы құрылған Қазақ Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы, кейіннен 1936 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы болған тұсында қазақтар отаршылдық қамытынан қол үзген жоқ. Қазақ халқы өз тілін, дінін, әдет-ғұрпын, саяси санасын жоғалту алдында тұрды. Өз тілінен жеріген ұрпақ пайда болды, мәңгүрттік пайда болды.
Жаппай репрессия мен террор кеңестік жүйенің ажырамас бөлігі болды. Билік зиялы қауым арасындағы идеялық күресті әдейі арандатып қана қоймай сонымен бірге өздерінің қарсыластары болады-ау дегендердің аты-жөнін – ұлтшылдарды – белгілеп қойғандығын мұрағат құжаттарынан айқын байқайсыз. Бұлардың ішінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлімхан Ермеков, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Мұхаметжан Тынышпаев, Халел Досмұхамедов, Телжан Шонанов, Қошке Кемеңгеров, Ғаббас Нұрымов және басқалары болды. «Ұлтшылдар» деп жала тағылған осы шағын топ Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Нәзір Төреқұлов, Әліби Жангелдин, Ғаббас Тоғжанов, Молдағали Жолдыбаев, Тоқаш Бокин, Абдолла Асылбеков, Нығмет Нұрмақов, Бәймен Алманов сияқты революциялық қанаттың өкілдеріне қарсы қойылды.
Кеңес өкіметіне қазақ жұртының ұлттық мүддесін ту ғып көтеретін зиялы қауым керек емес еді, оларға өздерінің пікір-ұсынысы жоқ, ел қамын ойлап басын қатырмайтын, бірақ отаршыл басшылықтың айтқанын екі етпей орындайтын дүбаралар қажет болатын. Сондықтан большевиктердің түпкілікті мақсаты әртүрлі сылтау тауып, ең алдымен алашордашыларды, сосын Сәкен сияқты қызылдардың көзін құрту еді.
Алаш қайраткерлері де, олардың қарсыластары болып есептелген Сәкендер де қазақ халқының келешегінің жарқын, нұрлы болуын армандады, азат, еркін өмір сүруі үшін күресті. Бірақ бұл мақсатты қалай жүзеге асырамыз деген мәселеге келгенде ортақ мәмлеге тоқайласа алмай бөлініп кеткені рас. Оның үстіне большевиктер жұрттың бәрін жарылқаймыз, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнатамыз деген желеумен тұтас елдің, оның зиялы қауымын қақ жарып, арасына сына қақты. Олардың күш-жігерін, ақыл-парасатын жалпыұлттық мүдделерді шешуден алшақтатып, өздері ойлап тапқан тап күресін шиеленістіре түсті. Идеологиялық майданды қызу тартысқа ұластырып, елді соңынан ерте алады-ау деген азаматтардың бірігіп қимыл жасауына мүмкіндік бермеді.
«Алаш» партиясының жетекшілері Алашорда үкіметі құрылмастан бұрын-ақ большевиктермен жауласқан күштерді бірден жақтап кеткен еді. Осы бағытты ту ғып көтерген олар большевиктер жеңіске жетіп, жаңа үкімет құрылғаннан кейін екі жұмадан соң Ресей халықтары құқықтарының декларациясымен жұрт енді ғана танысып жатқанда (құжат 1917 жылдың 2 қарашасында жарияланды) Ә.Бөкейханов, Е.Омаров, С.Досжанов, М.Дулатов 1917 жылдың 10 қарашасында Совет өкіметіне қарсы қарулы көтеріліске шыққан контрреволюциялық казак әскерлерінің басшыларына жазған үндеуінде оларға ашық түрде қолдау білдірді. «Біз төменде қол қойған қырғыздың саяси «Алаш» партиясының мүшелері ежелгі Донға және «Оңтүстік-Шығыс одағына» кіретін барлық казак әскерлеріне: 1) Қырғыз халқы «Оңтүстік-Шығыс одағына» қосылатындығын ... мәлімдейміз», - деді олар.
Онымен қоймай, Орынборда өткен 2-жалпықазақ съезінің шешіміне сәйкес «халықтық милиция» атанған ұлттық әскер құрылды. Оған қажетті офицерлерді дайындау үшін атаман Дутов басқарған казак әскерінің тәжірибесі мен көмегін пайдалану қажет деп табылды.
Міне қазіргі таңда Алаш автономиясына 100жыл толып отыр. Әлихан Бөкейханов шынайы ұлтшыл тұлға, белгілі ғалым, қоғам қайраткері, қазақтың мақтанышы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алаш ордаға 100 жыл.Əлихан Бөкейханов

шағым қалдыра аласыз