|
Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек оқушыларға қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар берер едіңіз? |
«Өз ойыңды айта аласың ба?» әдісі бойынша оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашуға бағыт алады және өткен тақырыппен байланысын анықтайды. «Тарихи тұлғалар» тапсырмасын орындау кезінде оқушылар сабақтың мақсатын толықтай ашып, Қазақ зиялыларының қоғамдағы ролі мен қызметін талдайды. «4 сөйлем» әдісі бойынша жеке оқушылардың өзінің ой-пікірін анықтау арқылы зерттеу сұрағына жауап бере отырып, білімдерін жинақтап, қорытынды шығарады. Дереккөздер- кейбір оқушылармен тиімді жұмыс жасаймын яғни интернет желісін пайдалану арқылы олар өздері сұрақтарға дәлелдеме ізденеді. Қосымша ақпарат көздерінен, ғаламтордан, кітаптардан және бейне фильмді негізге алып жұмыс жасайды Бағалау- оқушыларды бағалап, ынталандырамын, қателіктерін түзетемін, қолдаймын. Қорытынды- оқушыларға түрлі әдістермен бірдей тапсырмалар беріледі. Әр оқушы өз деңгейінде жауап беріп, нәтижесі әр түрлі қабілет деңгейінде орындайды. Жіктеу арқылы оқушыларды ұйымшыл топқа бөлемін. |
|
|
Бағалау: Сіз оқушылардың берілген материалды меңгеру немесе игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Бағалау арқылы оқушыларды ынталандырамын, қолдап отырамын. Оқушылар бірін-бірі «Бас бармақ» көрсету арқылы және «Интаграмм» арқылы бағалайды. Әлі толық таба алмай отырған оқушыларға «Неге олай ойладың», «Тағы не қосуға болады екен?», - деп ой бөлісіп алға жетелеймін. Мұғалімнің сабақ барысында үнемі бағалауы жүріп
отырады. |
|
|
Сыныпта денсаулық пен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. |
Сыныпта санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау; АКТ (интерактивті тақта) жұмысын пайдалану ережесі; |
|
|
Сабақ бойынша рефлексия: |
Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарына сай дұрыс қойылған. Сабақ мақсаттарына қол жеткізілді.Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдануға бағыт алдым. |
|
|
Жалпы бағалау Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"«Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы". сабақ жоспары 8 сынып
"«Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы". сабақ жоспары 8 сынып
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы 8.1А ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан Күні: Сынып: 8 «Ә» |
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Байдильдинов Д.А. Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
«Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы Зерттеу сұрағы:Неліктен «Алаш» партиясы халық қолдауына ие болды? |
|||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сәйкес) |
8.1.2.1. Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау; |
|||||||||
|
Сабақ мақсаты |
Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдайды |
|||||||||
|
Бағалау критерийі |
Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдай отырып, «Алаш» партиясының халық қолдауына ие болғандығына дәлел келтіреді. |
|||||||||
|
Ойлау дағдылары |
талдау |
|||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пән бойынша сөздер мен терминдер: автономия, бағдарлама, либерал- демократиялық, сайлау |
|||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Тарихтың, мəдениет пен тілдің біртұтастығы |
|||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
География, дүниежүзі тарихы |
|||||||||
|
Алдыңғы білім
|
1917 ж. ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері |
|||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||
|
Сабақтың басы 10минут |
1.Ұйымдастыру. 1.Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа қатысуын тексеру 2.Психологиялық ахуалды қалыптастыру «Жүректен жүрекке» оқушылар өздерінің оң жақ көршілеріне оздерінің есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жылы лебіздер айтады.
Топқа бөлу. Оқушылар «Алихан», «Ахмет», «Міржақып» деп 3 топқа бөлінеді. Топтардың аты сабаққа байланысты алынған. Сабақ барысында оқушылар топтардың аты неге қойылғандығын түсінед. Жіктеу бойынша топтарға деңгейлері әр түрлі оқушыларды аралас ретпен отырғызуға бағытталады. 1тапсырма. Үй тапсырмасын тексеру. «Жылдар сөйлейді» әдісі. Берілген жылдарда қандай оқиға болғандығын таба отырып, жекелей жұмыс жасайды. Табылған мағлұматты қысқаша баяндап толықтырады. Бұл тапсырма оқушылардың бойында жеке жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыруға тиімді.
Дескрипторлары:
Әр тапсырманың соңында оқушылармен кері байланыс жасап отырамын.Бұл тапсырма соңында оқушылар бір-бірінің жұмысына «Дұрыс немесе бұрыс» әдісі арқылы кері байланыс береді. Қалыптастырушы бағалау . «Бас бармақ» көрсету арқылы оқушылар бірін- бірі бағалайды. Тапсырманы орындауға 1 минуттан уақыт беріледі. (барлығы 5 минут). Берілген тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген жылдар бойынша сұрақтарға жауап беруге қиналған жағдайда, оларға мынандай жетелеуші сұрақтар қойылады.: 1917 жылы қандай оқиға болды негізінен жәнеоның себептері қандай болды? Тапсырманы қорытындылап, оқушылармен кері байланыс жүргізу кезінде «Осы оқиғалардың ортақ белгісі қандай?» деген сұрақ қойылады. |
Видео ролик |
||||||||
|
Сабақтың ортасы 15 минут |
Тақырыпты ашуға бағыт бағдар беру. «Өз ойыңды айта аласың ба?» әдісі. Оқушыларға «Алаш қозғалысы Қазақ зиялыларының бірігуі» тақырыбында қысқаша видеоролик көрсетіледі. Оқушылар видеороликті мұқиат тыңдап, көргеннен кейін қысқаша мазмұнын сұраймын.Оқушылар видеоны талқылай отырып,өткен сабақпен байланысын қарастырады және жаңа сабақты бастауға бағыт алады. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырамын. 2-тапсырма. «Тарихи тұлғалар» Видеороликті көріп талқылағаннан кейін кесте беріледі. Кестеге берілген Алаш қайраткерлерінің еңбектері мен атқарған қызметтерін талдап, табу керек. Тапқан мәліметтеріне түрлі дереккөздерді пайдалана отырып, дәлел келтірулері қажет. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылардың бойында жеке және топпен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
Тапсырманы орындағаннан кейін оқушыларға «Бұл берілген адамдардың бір-бірімен қандай байланысы бар?» деген сұрақ қойылады. Тұлғалардың атқарған қызметтерін талқылай отырып, бұл адамдардың «Алаш» партиясының белсенді мүшелері, қоғам қайраткерлері екендігін анықтайды.
Дескрипторы:
Қалыптастырушы бағалау . «Инстаграмм» әдісі арқылы топтар бірін- бірі бағалайды. Тапсырманы орындауға 10 минуттан уақыт беріледі. Берілген тапсырманы орындау барысында оқушылар тұлғалардың атқарған қызметін табуға қиналған жағдайда, оларға мынандай жетелеуші сұрақтар қойылады: Әдебиет пәнінен бұл тұлғалар туралы не білесіз ? Тапсырманы қорытындылап, оқушылармен кері байланыс жүргізу кезінде «Алаш партиясы неліктен халық арасында көп қолдауға ие болды?» деген сұрақ қою арқылы келесі тапсырмаға бағыт беремін. Қазақ зиялыларының қоғамдағы ролі мен қызметін анықтап, талдау жүргізу арқылы сабақтың мақсатына жетеді
|
https://www.youtube.com/watch?v=RPKCyjUD-uw Қазақстан картасы |
||||||||
|
Сабақтың соңы 12 минут |
«4 сөйлем әдісі». Жекелей жұмыс. Оқушылар сұраққа кемінде 3 дәлел келтіре отырып, қорытынды ойларын жазады. Зерттеу сұрағы: Неліктен Алаш партиясы халық арасында көп қолдауға ие болды?
Дескриптор:
ҚБ. Алтын асық әдісі арқылы бағалаймын. (Әрбір тапсырманы дұрыс орындаған оқушыға бір асықтан беріп отырамын.) Кері байланыс: «Не қиын», «Не оңай» әдісі арқылы кері байланыс жүргізіледі. Тапсырманы орындауға сыныпта әр түрлі деңгейлі оқушылар отырғандығын ескеріп 7 минуттан уақыт беріледі. Тапсырманы қорытындылап, оқушылармен кері байланыс жүргізу кезінде «Алаш партиясы неліктен халық арасында көп қолдауға ие болды?» деген сұрақты бүкіл сынып болып қрытындылаймыз. |
Стикер |
||||||||
|
3 минут |
Рефлексия: Бүгін мен білдім… Қызықты болды… Қиын болды… Мен орындадым… Мен үйрендім… Үйге тапсырма. «Алаш» партиясының бағдарламасын оқу, қосымша мәліметтермен танысу. |
|
||||||||
|
Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек оқушыларға қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар берер едіңіз? |
«Өз ойыңды айта аласың ба?» әдісі бойынша оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашуға бағыт алады және өткен тақырыппен байланысын анықтайды. «Тарихи тұлғалар» тапсырмасын орындау кезінде оқушылар сабақтың мақсатын толықтай ашып, Қазақ зиялыларының қоғамдағы ролі мен қызметін талдайды. «4 сөйлем» әдісі бойынша жеке оқушылардың өзінің ой-пікірін анықтау арқылы зерттеу сұрағына жауап бере отырып, білімдерін жинақтап, қорытынды шығарады. Дереккөздер- кейбір оқушылармен тиімді жұмыс жасаймын яғни интернет желісін пайдалану арқылы олар өздері сұрақтарға дәлелдеме ізденеді. Қосымша ақпарат көздерінен, ғаламтордан, кітаптардан және бейне фильмді негізге алып жұмыс жасайды Бағалау- оқушыларды бағалап, ынталандырамын, қателіктерін түзетемін, қолдаймын. Қорытынды- оқушыларға түрлі әдістермен бірдей тапсырмалар беріледі. Әр оқушы өз деңгейінде жауап беріп, нәтижесі әр түрлі қабілет деңгейінде орындайды. Жіктеу арқылы оқушыларды ұйымшыл топқа бөлемін. |
|
|
Бағалау: Сіз оқушылардың берілген материалды меңгеру немесе игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Бағалау арқылы оқушыларды ынталандырамын, қолдап отырамын. Оқушылар бірін-бірі «Бас бармақ» көрсету арқылы және «Интаграмм» арқылы бағалайды. Әлі толық таба алмай отырған оқушыларға «Неге олай ойладың», «Тағы не қосуға болады екен?», - деп ой бөлісіп алға жетелеймін. Мұғалімнің сабақ барысында үнемі бағалауы жүріп
отырады. |
|
|
Сыныпта денсаулық пен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. |
Сыныпта санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау; АКТ (интерактивті тақта) жұмысын пайдалану ережесі; |
|
|
Сабақ бойынша рефлексия: |
Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарына сай дұрыс қойылған. Сабақ мақсаттарына қол жеткізілді.Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдануға бағыт алдым. |
|
|
Жалпы бағалау Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||
шағым қалдыра аласыз













