Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алаш тарихын зерттеу мен танудың бүгінгі ұрпақ үшін маңызы Шығармашылық жоба 9класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас мамандарға мектеп оқушыларына әдістемелік көмек ретінде ұсынылады Болашақ жас ұрпақтарды тәрбиелеуде маңызы өте зор. Жоба арқылы оқушылар көптеген мқосымша мәліметтер жинақтай алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АЛАШ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУ МЕН ТАНУДЫҢ БҮГІНГІ ҰРПАҚ ҮШІН МАҢЫЗЫ


Бишенова Айжан Аульбаевна


Ақтөбе қаласы № 8 орта мектебі,тарих пәні мұғалімі


«Тарих дегеніміз өткеннің ғана сабағы емес, ол едəуір дəрежеде болашақтың да көрінісі. Қазақ тарихы фактілердің өлі қоймасы емес, бұл өзі орасан зор дəйектеуші жəне дəлелдеуші күш» деген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың тұжырымы теориялық жəне əдіснамалық тұрғыда бүгінгі ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру үдерісіндегі кешенді міндеттерді айқындайды.

Қазақ тарихының белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Қазақ даласының барлық жерін азаттық идеясына жұмылдырған бұл ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Алаш тарихы Отан тарихында белгілі деңгейде зерттелгенімен ғылыми зерттеу бағыттары алдыңғы қатарға шығарып отырған күрделі тарихи үдерістердің себеп - салдарлы байланыстарын, ортақ заңдылықтары мен ерекшеліктерін айқындау, ғылыми-зерттеу жұмыстарында тың əдіснамалық тəсілдерді қолданып, жаңа бағыттарды игеруді қажет етеді.

Бүгінгі тəуелсіз Қазақстан жастарын отансүйгіштікке баулып, тəрбиелеуде Алаш тарихы туралы деректерді саралаудың, танудың ерекше маңызы бар екені сөзсіз. Маңызын нақты зерттеулерге сүйеніп саралау да бүгінгі ұрпақтың еншісінде.

"Алаш" партиясы бағдарламасы жобасының негізгі мақсаты – Ресей федеративтік демократиялық республикасының құрамындағы қазақ автономиясын құру болды. Себебі сол кезеңдегі қалыптасқан жағдай бойынша Қазақстанның тәуелсіз ел болуы үшін қажетті шарттар әлі қалыптаспаған еді. Мәні жағынан “Алаш” реакциялық ұлтшыл емес, эволюциялық отаншыл партия еді, ол қазақ қоғамын бірте-бірте өзгерту жолын ұстанды. Ал дін саясаттан ажыратылып, мемлекет зайырлы принципке сүйенетін болуы тиіс деген саяси ұстаным негізделді.

Бағдарлама жобасына қысқаша тоқталатын болсақ, оның бірінші бөлімі "Мемлекет қалпы" деп аталды. Демократия - халық билігі, ал федерация өзара тең мемлекеттерге бірлесу. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді. Яғни, өзін-өзі басқаратын тең құқықты мемлекеттер одағы."Алаш" партиясы ұсынған бұл идеяда іргесі бөлек, ынтымағы бір дербес басқарылатын автономиялардан тұратын федеративті әрі демократиялық Ресей туралы қағида енгізілді.

Мемлекеттік құрылыс мәселесінде Үкімет басында - Құрылтай жиналысы, оның аралығында Құрылтай мен Мемлекеттік Дума белгілі бір мерзімге сайлаған Президент тұрды. Құрылтай жиналысы сессия түрінде жұмыс істеп, оның сессиялары арасында билік тұрақты орган Президенттің қолында болады. Ол халықты Құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Дума алдында жауапты Министрлер Кеңесі арқылы басқарады. Жоғары өкілді органның екі палаталы құрылымы - парламенттік республика ұсынылды, мемлекеттік құрылыс үшін билік бөлінісі идеясы енгізілді. Заң шығару Мемлекеттік Дума құзырында және атқарушы орган қызметіне бақылау жасау үшін депутаттық сауал салу құқығы бар. Жоба авторлары демократиялық сайлау жүйесін ұсынды. Депутаттар тегіс, тең, төте және құпия сайлаумен болады. Азаматтардың сайлау құқығы қан, дін, жыныс айырмашылығына қарамай, барлығының сайлау құқығын жүзеге асыру арқылы бекітіледі. Осы бөлімде бекітілген салықтың өкілді орган - Мемлекеттік Думаның келісімінсіз салынбауы да Алаш қайраткерлерінің заңсыздық пен озбырлыққа жол бермеуге ұмтылысын көрсетеді. 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан халқы Тұңғыш Президентін сайлады. Осыдан келіп қарасақ, Алаш қайраткерлерінің «мемлекеттің басшысы Президент» деп тұжырымдауын өмірдің өзі дәлелдеді.

Бағдарлама жобасының "Жергілікті бостандық" деп аталатын екінші бөлімінде қазақтар мекендейтін облыстарда тұратын барлық ұлттар үшін автономия құру туралы мәселе ең бірінші кезекке қойылады. Мұнда "Алаш" партиясының қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарда қызмет ететін адамдарының халыққа пайдалы да, адал қызмет ететін механизм жасау жөнінде және оны өмірге енгізу үшін күресетіндігі туралы да сөз болады. Заңды құқықтар мен бостандықтарды қатаң сақтауды мақсат тұтқан

"Алаш" партиясы әлеуметтік-әділеттілік саясатын жүргізуге ұмтылды.

"Негізгі құқық" деп аталған үшінші бөлім демократия мен адамгершілікке негізделді. Республикада дінге, қанға қарамай, бар адам тең құқылы болуы, жиылыс пен қауым жасауға, жариялыққа, газет пен кітап бастыруға еркіндік берілуін қолдады. Заңсыз жолмен ешкімді өкімет адамдарының ұстамауы, сот сұрамай, билік айтылмай, тұтқын қылмауы, қылмысты болған адамға судья бар жерде 24 сағат ішінде, судьясыз жерде бір аптадан қалмай қамауға алу туралы санкция ұсыну адам құқығының кепілі. Азаматтардың табиғи және саяси құқықтарын қамтамасыз ететін мұндай тармақтар бұрын-соңды Ресейдің заңнамасында да болмаған екен. "Алаш" қайраткерлері тұжырымдаған либералды демократиялық ұстанымдар  өз уақытынан озық болды. Тәуелсіздік жылдары ғана олардың асқақ армандары қолданыс тауып, 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында өз орнын мықтап тұрып алды.

"Дін ісі" атты төртінші тармақта мемлекеттің зайырлық негізін бекітудің қажеттігі бекітілген. Ар-ождан бостандығы мойындалып, әркім діни сенімі бойынша тең және еркін, діни сенімі бойынша астамшылық немесе дискриминацияға жол берілмейтіні айтылған. Әйелдерге күйеуге шығу құқығы беру, қалың малды жою, молдаларға 16 жасқа толмаған қыздар мен 18 жасқа толмаған ер балалардың некесін қиюына тиым салынды. Жесір дауы да сотта қаралуы тиіс болды. Мұсылмандық неке құқығының озық жақтары ескеріле отырып неке қию мен ажырасу, балаға ат қою мәселелерін молдаларға беру енгізілді.

"Билік һәм сот" деп аталатын бесінші бөлімде сот билігі және оның ішінде билер соты туралы айтылады. Билік пен соттың әр халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрып ерекшеліктеріне қарай жүргізілуіне басты назар аударған жоба авторлары халыққа жат құқықтық нормаларды енгізуге қарсы. Құқықтық нормалар халықтың тұрмысы мен деңгейіне сәйкес болуы керек. Қала мен ауыл арасындағы айырмашылықты ескерген алаш қайраткерлері ауыл, болыс ішінде билік пен сот қазақ билерінің түрлі жиындарда сот істерін шешу кезінде басшылыққа алған дәстүрлі ереже жолымен атқарылғаны жөн деп бекітеді.

Сонымен қатар, би мен судьяның жергілікті халық тілін білуі, аралас халық тұратын жерлерде соттың тергеу-тексеруі мен шешімі сол жердегі көпшілік болып табылатын халық тілінде жүргізілуі, билер мен судьяның тергеусіз орнынан түспеуі, заң мен сот алдында барлық адамдардың тең болуы, құдайдан кейінгі ең күшті би мен судья болып танылып, барлық адам солардың үкімін мойындауы, сот шешімінің дереу орындалуы, ауыр қылмыстардың присяжный сотта қаралуы, олардың қазақтан алынуы және т.б. адам құқықтарын құрметтеудің нағыз демократиялық идеялары болып табылады.

Жобаның алтыншы тармағы ел қорғау мәселесіне арналған. Әскер жасына жеткендерді жергілікті жерлерде әскер ісіне үйрету және қызмет еткізу ұсынылды. Егемен ел болу үшін әскер жасақтау қажеттігін, әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету, әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу, әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару айтылады.

Жобаның жетінші бөлімі салыққа арналды. Салық салудың пропорционалды жүйесін енгізу ұсынылды: "Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға-байша, кедейге-кедейше ғаділ жолмен таратылу". Бұл ізгі демократиялық қағида болатын. Көріп отырғанымыздай, әлеуметтік әділеттілік мәселесін алаш зиялылары ту етіп көтерді.

Жұмысшылар” деп аталатын сегізінші тармақта еңбекшілердің құқығын заңмен  қорғау қарастырылған. Қазақ жерінде завод-фабрикалардың аз болуы себепті жұмысшылар да аз, сондықтан «Алаш» партиясы жұмысшыларға қатысты социал-демократтардың меньшевик табының программасын жақтайтыны айтылған.

Тоғызыншы "Ғылым-білім үйрету" деп аталатын бөлімде тегін білім алуға баршаның құқығы болуы басты назарда. Мектептерде ана тілінде оқыту, қазақ мектептері мен университет ашу, үкіметтің оқу үрдісіне араласпауы, оқытушылардың сайланбалы болуы, кітапханалар ашу туралы ұсыныстар бар. Білім мен ғылым ісі қай заманда болмасын өзекті, қажетті, болашаққа бағытталған жауапты міндет. Мұны алаш қайраткерлері жете түсініп, келешектегі ұлттық мемлекеттің рухани негізі деп білді. Олардың өткен ғасырда айтқан ұсыныстары бүгінгі күнгі өткір мәселелердің де үстінен дөп түсіп тұр.

Алаш зиялыларының тіл жөніндегі саясаты тəуелсіздік жылдарында жүзеге асты. Қазақ тілі мемлекеттік мəртебесін алды. Бүгінде қазақ тілінің жауапкершілігі артты. Ол Қазақстан халқын біріктіруші күшке айналды.

Соңғы, оныншы бөлімде қарастырылатыны “Жер мәселесі”. Құрылтай негізгі заң қабылдағанда жерден тиесілі үлесін алдымен жергілікті жұртқа берілуін, өлшеу нормасы жердің топырағы мен шаруашылық түріне қарай жасалу мәселесі қойылды.  Бұрын қазақтардан алынып, бірақ мұжық қоныстанбаған жерді қазақтарға қайтару керектігі және орналасқан қазақ жеріне мұжық келмеуін ескеру баса айтылды. Үлестіруден артылған жер земства қолында болып, артық жерден халық саны өскен сайын тиісті сыбаға беру, егіншілікпен айналысатын Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесіліп, өзара әділдік жолмен пайдалану қарастырылды.Жер байлығы, кен-қазынасы, астығы, өзен-көлдер мен өзге де табиғат байлығы мемлекет меншігінде,  билігі земства қолында болуы тиіс екендігі айрықша атап көрсетілген. Осы күнгі Қазақстан Рес­публикасы жерінің тұтастығы мен сақталып қа­луында Алаш қайраткерлерінің орасан зор ең­бе­гі бар. Олардың кеңес үкіметінің басшы­ларымен келіссөздері, әсіресе Ахмет Байтұрсынұлы­ның осы бағыттағы қажырлы еңбегі кейін, Қазақ автономиялық советтік социалистік республикасын құру кезінде осы автономияның аумағын белгілеуде шешуші маңызға ие болған.

Зерделеп, сараптақ қарасақ, «Алаш» партиясының осы бағдарламасында көрсетілген ел басқару жүйесі, жастардың білім алуы, ұрпақ тәрбиесі, ұлттар теңдігі, азаматтар­дың құқы мен бостандығы жөніндегі ұстанымдар тәуелсіз қазақ мемлекетінің саясатымен сабақтас жатыр. Сол себепті Алаш көсемдерінің өмірінен өнеге, тірлігінен тағылым алып, Алаш мұратын ұлт мұраты ретінде тануымыз керек. Алаш идеясы – ұрпақтың бойына отаншылдық пен мемлекетшілдік идеясын сіңірудің басты құралы болуы керек.

Біздің ата рухы алдындағы адалдығымыз бен перзенттік парызымыз Алаштың аманатын санамызға сіңіру, соған лайық еңбек ету, өткенге құрмет көрсету. Ал құрметтің негізгісі – Алаш идеясын ұрпақ бойына сіңіру. Алаш идеясы – ұлтты біріктіруші, тұтастырушы идея ретінде қашан да қазақпен бірге жасайды. Алаштың жолы, Алаш кайраткерлері қалыптастырған ұлттық санамызды жаңғырту сапары – бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы етер берік ұстындардың бірегейі болатынын естен шығармағанымыз абзал.

Кешегі Алаш идеясы – бүгінгі тəуелсіз Қазақстан! Алашорда басшысы Əлихан Бөкейханов бастаған ұлт зиялыларының XX ғасыр басында қазақ автономиясын құрмақ болған алғашқы ұмтылыстарын, саяси күресін, жалпы Алаш қозғалысын зерделеу, тəуелсіздіктің арқасында ғана жүзеге асқаны ақиқат! Алаш қозғалысы – Отандық тарихымыздың негізгі құрамдас бөлігі ретінде қайта қаралып, зерттелуде.

Ұлт тарихы тек қана саяси, əлеуметтік-қоғамдық оқиғалардан ғана емес, сонымен қатар ұрпақ жалғастығынан, өміршең дəстүрлерден құралатыны да белгілі. Сол игі дəстүрлерден тағылым ала отырып, мемлекет, əлеумет, жеке адам күшін түзейді, бағытын айқындайды. Олардың идеялық мұрасы саяси санасы толыққан, тәуелсіздік идеясын ту еткен бүгінгі ұрпаққа аманат, атқарған ерен істері өнегелі өсиет, ал Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдолхамит Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов  т.б. ардақты Алаш азаматтарының есімдері халқымыздың жадында мәңгі сақталады.

Қорытындылай келе, Алаш қозғалысын зерттеу мен тану бізге, яғни, бүгінгі ұрпаққа, әсіресе мектеп оқушыларына не үшін қажет дейтін болсақ:

  1. Тəуелсіздікті құрметтеу, тəуелсіз елдің азаматы бола білу үшін біз оның қасиеті мен қадірін түсінудің айқын жолы өз халқының жүріп- өткенін білуге, құрметтеуге үйренуіміз қажет.

  2. Алаш арыстары көсемсөзде, ақындық өнерде, кәсіби маман ретінде де арттарында өшпестей із қалдырды. Олардың еңбектерін терең де түбегейлі зерттеу қазіргі күннің, бүгінгі жастарымыздың еншісінде.

  3. Ерінбей үздіксіз ізденіп, қиыншылыққа қарамай өз заманындағы озық біліммен қаруланып, тек бір мамандықты ғана игеріп қоймай,бірнеше мамандықты қатар иеленген Алаш зиялыларының қай қырын алсақ та кәсіби маман иелері ретінде бүгінгі ұрпаққа үлгі, өнеге.

  4. Алаш зиялылары денсаулық саласына да айрықша көңіл бөлді. Денсаулық сақтаудың, тазалық мəдениетін сақтаудың амал-тəсілдерін айта келе, адам тəрбиелеудің жан-жақты тəсілдерін, жеке тұлға қалыптастырудың жайларына тоқталуын меңгеру біздің денсаулығымызды сақтап, саламатты өмір салтын қалыптастыруымыз үшін өте маңызды.

  5. Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мəдени бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді. Бұл ұлтымыздың ертеңі жастардың бойында жасампаздық рухын ояту үшін аса қажет.

  6. Өткеннің мұрасына мұқият қарауды Ə. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, X. Досмұхамедов, сынды арыстар өсиет етіп қалдырды.

  7. Бүгінгі «Мəңгілік ел» мұратымыз Алаш жолын зерделей түссек, баянды болмақ. «Мәңгілік ел» идеясын болашақта толық жүзеге асыратын бүгінгі шәкірттер.



Әдебиет тізімі:

Назарбаев Н. Тарих толқынында. -Алматы: Атамұра, 1999. -296 б.

Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. –Алматы, 1992. –Б. 18.

Құл-Мұхаммед М. Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы. -Алматы: Ата мұра, 1998. -360 б. –Б. 33.

Тайшыбай З. “Қарқаралы петициясы” туралы ақиқат // Ақиқат. -2003. -№ 8. –Б. 80-82.

Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. (Көмекші оқу құралы). Алматы: Санат, 1995. -368 б. –Б. 98-99.

Н.Әшкеева. Әлихан Бөкейханов саясат сардары // Саясат. 2002. № 3-4.

Алаш қозғалысы.Құжаттар мен материалдар жинағы. Сәуір 1901 ж. - желтоқсан 1917 ж.Құрастырушылар:Қ.С. Алдажұманов, А.С. Зұлқашева, М.Қ. Қойгелдиев, К. Нұрпейіс, С.К. Рүстемов, Е. Сайлаубай, Ш.Б. Тілеубаев, Е.В. Чиликова. -Алматы: «Алаш», 2004. -Т. 1. -552 бет. -Б. 132-133

Бөкейханов   Ә., Шығармалар, А., 1994, 375 б.

Алаш қозғалысы.Құжаттар мен материалдар жинағы. Сәуір 1901 ж. - желтоқсан 1917 ж.Құрастырушылар:Қ.С. Алдажұманов, А.С. Зұлқашева, М.Қ. Қойгелдиев, К. Нұрпейіс, С.К. Рүстемов, Е. Сайлаубай, Ш.Б. Тілеубаев, Е.В. Чиликова. -Алматы: «Алаш», 2004. -Т. 1. -552 бет. -Б. 438-441.

Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. (Көмекші оқу құралы). Алматы: Санат, 1995. -368 б. –Б. 319.

Алаш қозғалысы.Құжаттар мен материалдар жинағы. Сәуір 1901 ж. - желтоқсан 1917 ж.Құрастырушылар:Қ.С. Алдажұманов, А.С. Зұлқашева, М.Қ. Қойгелдиев, К. Нұрпейіс, С.К. Рүстемов, Е. Сайлаубай, Ш.Б. Тілеубаев, Е.В. Чиликова. -Алматы: «Алаш», 2004. -Т. 1. -552 бет. -Б. 468-469.

Байтұрсынов А. Ақ жол. –А., 1991.

Құл-Мұхаммед М. Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы. -Алматы: Ата мұра, 1998. –Б. 163

Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. –Алматы: Ататек, 1995. -256 б. -Б. 162.

Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. -Алматы, 1995. -Б. 209.
























3


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2019
549
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11