400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алаш туы астында, Күн сөнбегенше сөнбейді" шығарма

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш үкіметінің құрылуы жөнінде оқушыларға мәлімет беріп, Қазақстан еліміздің тәуелсіздігін алғандығы осы Алаш үкіметін құрған зиялылардың атқарған үлестері туралы және құрбан болған ақын жазушылар туралы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алаш туы астында,

Күн сөнбегенше сөнбейміз!


Не көрсем де Алаш үшін көргенім,

Маған атақ – ұлтым үшін өлгенім!

Мен өлсем де, Алаш өлмес, көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін!

М.Жұмабаев




Алаш партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы. Алаш Орда үкіметі ұзақ өмір сүрмеді. Дегенмен тарихта үлкен із қалдырды.

Алаш Орда 1917 жылы Ақпан мен Қазан төңкерісінен кейін желтоқсаннның 13-і құрылған. Міне, Тәуелсіз Қазақстанның өмірге келуіне негіз болған Алаш Орда үкіметіне биыл бір ғасыр уақыт, яғни 100 жыл болды. Желтоқсанның 5-13 аралығында Орынборда Екінші жалпықазақ съезі өткізілді. Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері болды. Бағдарламадағы ең негізгі мәселе жер мәселесі болды. Бұл уақытша үкімет қазақтардың өмірлерінің күрделенуінен туған. Оған «Алаш Орда» деген атау берілді. Ұлт кеңесі құрамына 25 адам кірді. Алаш астанасы – Семей қаласы еді. Алаш қаласында бүгінде Алаш үкіметін құрған қазақ зиялыларының көзіндей архитектуралық жәдігерлер жетерлік. Үкімет төрағалығына үн қайраткер – Ә. Бөкейханов, Б.Құлманов және А.Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Ә.Бөкейханов төраға болып сайланды. Алаш автономиясының үкіметі сайланғаннан кейін көп кешікпей Х. Ғаббасов Алаш Ордаға бүкіл «қазақ – қырғыз балалары баағылған үкіметіміз деп, ант беріп, басқа үкіметті танымай, өз үкіметінің әмірін екі қылмай орындау керек» деп жазды. Алаш Орда өз алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай атқару үшін Алаш автономиясының «халықтық милиция» аталған қарулы күштерін жасақтауға үлкен мән берді.

Қазақ халқының бостандығы мен азаттығы жолында құрбан болған Алаш арыстарының еңбегі мен ерлігі зая кеткен жоқ. Алаш Орда қозғалысының мүшелеріне әр облыстан қазақ зиялылары мен қарайпайым қазақ азаматтары да кірді. Соның ішінде қазіргі заманда аты аңызға айналып, аты өшпей, келешек ұрпаққа үлгі болып жүрген азаматтар да бар. Айтап айтар болсам: Әлихан Бөкейханов – Алаш Орда үкіметінің төрағасы. Бірінші және екінші съездеріне қатысқан. «Алаш» партиясы бағдарламасын жасаушылардың бірі. Ахмет Байтұрсынов – Бірінші және екінші жалпы қазақ съездеріне қатысқан. Ол да партия бағдарламасын жасаушылардың бірі. Ғұбайдолла Бөкейханов – Алаш қозғалысының қатысушысы. Құжаттар мен материал жасаушы. Жүсіпбек Аймаутов – Семей облыстық қазақ съезінде облыстық қазақ комитетіне сайланған. Міржақып Дулатов – Алаш қозғалысының көсемдерінің бірі. Мағжан Жұмабаев – Алаш қозғалысының көсемдерінің бірі. Шәкәрім Құдайбердиев – Алаш Орданың Семей облыстық комитетінің мүшесі. Тұрағұл Абайұлы – екінші съезіне қатысқан. Қаныш Сәтпаев – Алаш қозғалысының көсемдерінің бірі. Сұлтанмахмұт Торайғыров – «Алаш» партиясының Семей облыстық комитетінің мүшесі. Мұстафа Шоқай –Алаш қозғалысының көсемдерінің бірі. Алаш қайраткерлері, көзі ашық жандар қоғамдық жағдайға араласып, патша үкіметі тарапынан отаршылдық саясаттың жүргізіліп отырғанын ашық сынады. Қазақ халқына жасалып отырған қыспақты көріп, тұтастай жүйеге қарсы шықты. Жоғарғы азаматтардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – С.Сейфуллин, М. Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, М.Әуезов болды. М. Сералин бастаған «Айқап» журналы төңірегінде шоғырланған қазақ зиялылары ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылады. Осындай белсенділігі мен білімдарлығынан халқына деген махаббатынан тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, қуғын-сүргінге ұшырады, ешбір кінәсіз жалалы деп танылды, түрмелерге қамалды, атылды. «Саяси қатесі бар», «теріс шығарма» деп жала жабылып, кітаптары жойылды. Алаш қайраткерлері өздері қуғында жүрсе де, алаш елі үшін азаттық жолындағы күрестен таймаған. Бүгіннің емес, болашақтың қамын ойлады. Алаш Орда қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеу барысында профессор Рымғали Нұрғалидің еңбегі зор болды. Ол алаш әдебиетіне қатысты мағлұматтарды өзі ізденіп жүріп, білген-түйгенін аздап жариялап жүрді. Алаш әдебиетінің белді өкілдері А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов сынды қайраткерлердің өмірі мен қоғамдық қызметі, қуғын сүргінде жүріп жазған еңбектері басыла бастады. Сонымен қатар белгісіз болып келген жәйттердің басы ашылды. Бұл бағыттағы Р.Нұрғалидің «Әуезов және Алаш», «Алашординцы», «Алаш туы астында» деген іргелі еңбектері жарық көрді.

1997 жылы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 31 мамыр «Ашаршылық пен репрессия құрбандарын еске алу күні» деп белгілеген. Біз бұл күнді қаралы күн деп атап өтіп, оңа айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатыр. Әрбір қазақ баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы керек. Кезінде атылып кеткен Алаш зиялылары бар, аштық кезінде қырылған біздің ата-бабаларымыз бар, шамамен тарихшылардың айтуы бойынша сол кезде қандастарымыздың 60 пайызы қырылып кеткен. Бірақ, қазазтың мықтылығы осы тарихқа табына отырып, болашаққа деген талпынысымыз. «Біз кімбіз, қайдан шыққан едік, біздің бабаларымыз қандай жағдайда дүниеден өтті» деген мәселелерді өзіміз өмірлік сұрақ ретінде қойып отыруымыз керек.

Алаш туы астында,

Күн сөнбегенше сөнбейміз!

Көркейтуге алашты,

Құрбандық біздің жанымыз!

Алаш туы астында,

Күн сқнбегенше сөнбейміз!

Енді ешкімнің алашты,

Қорлығына бермейміз.

Өлер жерден кеттік біз,

Бұл заманға жеттік біз!

Жасайды Алаш өлмейміз!

Жасасын, Алаш, жасасын! – деп жырлап өткен Сұлтанмахмұт ақын зарынан бүкіл Алаш қайраткерлерінің жанайқайы мен айта алмай кеткен жүрек сөзі естілгендей сезіледі маған. Олар сөнген жоқ! Олардың жаны әрбір қазақтың қантамырында, жүрек соғысында. Біздің бүгінгі бейбіт күнімізге сөнбейтін Күнді сыйлаған аяулы ақтаңгерлер жер бетінде ең соңғы қазақ қалғанша мәңгі жасай бермек!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1342
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі