400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алаш туы астында ,күн сөнгенше сөнбейміз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал болашақ жастарға әсіресе қазақ халқы үшін жандары пида блған алаш арыстарының есімдерін ұмытпау үшін,ұлықтау үшін өте қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз

Қазақ ұлтының тәуелсіздік,егемендік,бостандық үшін жүргізілген күресінде Алаш қайраткерлерінің алатын орны ерекше.Жетпіс жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымызда қазақ қоғамының біртуар қайраткерлері тәуелсіз дербес мемлекет құру жолында қателескен жоқ еді.Өзен ағысындай сырғып ,өтіп жатқан өмірде әр ұлт тәуелділіктен,құлдықтан,мойынды қажар отаршылдық қамыттан азат болуды аңсады.Алаш қайраткерлерінің де аңсағаны осы еді.Алаш қайраткерлері ұлттық мүдде үшін бар өмірін арнап, шын мәнінде ең үлкен ерлікті жасаған еді.Азаттықты аңсаған Алаштықтар халқы,елі,жері,Отаны үшін қасық қаны қалғанша аянбай терін де,қанын да төкті.Ұлтымыздың өмір сүруіне патша үкіметі тарапынан да,кеңес үкіметі жағынан да қауіп төніп тұрған сол замандарда,Алаш қайраткерлері қазаққа бас болып,қазақ халқын алға қарай бастай білді.“Алаш туы астында,күн сөнгенше сөнбейміз!” деп жырлаған Сұлтанмахмұт Торайғыров секілді қазақтың біртуар азаматтары да елдік мұраттың жойылмауын көздеген болатын.Ұлттық мемлекет құру Алаш қайраткерлерінің түпкі яғни ең басты мақсаты болды.

Өткен ғасырдың 20-30 жылдары мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасынан суарылған тарихтың шерлі беттерінің бірі болып қалды.Десек те,әр дәуір әр ұғымға өзінше сипат береді.ХХ ғасырдың басында,яғни 1907жылы қазақтардың Ресейдегі мемелекеттік Думаға сайлану құқығынан айырылып қалуы халықтың намысына қамшы боп тиді.Міржақып Дулатұлының:“Оян қазақ”деп жырлаған шағы осы кезеңге тән.Ақылға салып көріңіз,6 миллион қазақтан Думаға бірде-бір депутат сайланбаған.Бұл-билік басында,заң шығарушы органда қазақтың сөзін сөйлейтін бірде-бір адам болмаған деген сөз.Сол кезде Ресейдің дәрежесіндегі оқыған,білімді,көзі ашық,көкірегі ояу қазақ зиялылары мен азаматтары мұны қорлық деп білді.Бұл жағдай ұлт-азаттық қозғалысына түрткі болған бірінші себеп еді.Екінші себеп,уақытша үкіметтің басқа да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ең өзекті ұлттық мәселелерді шеше алмаған әлжуаз,тұрақсыз саяси билікке айналуы,оның арты бүкіл империя аумағын қамтыған анархияға,зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді.Үшіншіден,Қазақстанда жер мәселесінің шешілмеуі,қоныстанушылар легінің толастамауы,қарулы солдат пен қоныстанушылырдың панасыз қарапайым,жергілікті халықтың үстінен жүргізген озбырлығының өрши түсуі,қазақтың шұрайлы жерінен айырыла бастауы,салықтың артуы осының бәрі ұлт азаттық қозғалысына себепші болды.Көтерілістің негізгі себебі ұлттық және әлеуметтік езгінің халықтың кегін қайнататын деңгейге жетуінен болды.Отаршылдыққа,туған елдің талануына,кіндік қаны тамған жерден айырылуға шыдамаған халық бұқарасы патша үкіметіне қарсы жаппай күреске шықты.Ал осы ұлт-азаттық қозғалысына себеп болған ең негізгі,халықтың қанын қайнатқан себеп: қара жұмысқа қазақтың ер адамдарының алынуы болды. Сөйтіп қазақ даласында біреуі жұмысшыларды бергісі келмейтін,екіншісі бұйрықты орындауға көнетін екі саяси партия құрылды. А.Байтұрсынов,М.Дулатов,Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов,Ж.Ақбаев,М.Шоқай,М.Тынышбаев,Х.Досмұхамедовтардың бастауымен қазақтың либерал-демократиялық зиялы қауымы басқа бағыт ұстанды.Олар қазақтарды Ресей мемлекетінің бодандары,Отанның перзенті деп санаған еді.Ахмет Байтұрсынұлы:“Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару жарақ асынып,мемлекетті қорғауға лайық еді,қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз”,-деп жазды.Олар қарусыз халқымыз үкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады деп қауіптенді.Әлихан Бөкейханов,Ахмет Байтұрсынұлы,Міржақып Дулатұлы өздерінің үндеуінде екі баламаны алға тартты:“Бірі-барса,алынған жігіттер қазаға,бейнетке аз ұшырайды,екіншісі-бармай қарсылық қылса,елге зор бүліншілік келеді”.Сондықтан да Алаш зиялылары “Тыңдаңыздар,қан төкпеңіздер,қарсыласпаңыздар”,-деп жазды.Қазақ халқының либералды-демократиялық ойшыл өкілдері отаршыл империямен парасатты,бейбітшілік, ымыраластық,бітімгерлік, тәсілін жүргізді,халықтың амандығын,тұтастығын бірінші орында ұстады.Тарих осы бағыттың дұрыс болғанын дәлелдеді.Қазақ зиялылары өкіметке қазақтарды жұмысқа шақыруды уақытша кейінге қалдыруды ұсынды.Бұл орайда қазақ зиялылары егер соғыс жеңіспен аяқталған жағдайда халықтың жағдайын жеңілдетуден және ұлттық автономия құрудан үмітті болатын.Әрине байлар мен ауыл старшындары патша жарлығын жақтап,кеңес үкіметі жағына шықты.Қозғалыстың басты күші тұтастай халық бұқарасы болды.Жалпыұлттық бірігу және ұлттық тәуелсіздік идеясы қазақ шаруалары мен жұмысшыларын,қалыптасып келе жатқан ұлттық буржуазия мен даланың дәстүрлі ақсүйектерін,ұлт зиялыларын кеңес үкіметіне яғни орыс және шетел капиталына қарсы біріктірді.Негізі патша әкімшілігі бұл қозғалысты тоқтатып,жеңу үшін арандату шараларын қолданды.Патша әкімшілігі жазалау отрядтарының басшыларына:қырғыздардың бас қосуынан бүлік шығады деп,ондайларды жаныштаңдар,жойыңдар тұтқынға алып,дереу дарға асыңдар, деген нұсқау берген.Осыдан-ақ қарапайым бұқара халықтың қандай аянышты күйде болғанын білгендейміз.Патша әкімшілігінің осындай құйтырқы әрекеттерінің салдарынан ұлт азаттық қозғалыс басып жаншылды.Ал көтерілістің жеңіліс табуының басты себептері оның бытыраңқылығынан,ұйымшылдықтың жеткіліксіздігінен,тұрақсыздықтан болды.Шын мәнінде,өте қарапайым қарулармен қаруланған халық пен техникасы дамыған,техниканың жетістіктерін пайдаланған империяның тұрақты армиясы соғысты.Ұлттық-демократиялық зиялылар қатарында да бірлік болмады.Кейбір бай-феодалдар,хандар көтерілісшілердің мүдделерін ескермеді,кейбіреулері сатып кетіп отырды.Патша үкіметі көтерілісшілерді шұғыл жазалап отырды.Ұлт азаттық қозғалыс жеңіліс тапқанымен,оның жағымды жақтары көп еді.Көтеріліс қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің өскендігін көрсетті.Мыңдаған көтерілісшілер патша үкіметіне,билігіне қарсы қарулы күрес мектебінен өтті.Отаршылдық езгіде олар ұлттық мүдделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды,өздерін Ресей билігінің отаршылдық саясатына қарсы күрес жүргізе алатын күш деп сезінді.Бұл туралы Әлихан Бөкейханов былай деп жазды:“Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп,халық шаруасын күйзеліске ұшыратса да,келешекке қандай ел екенін білдірді.Алыспаған,жұлыспаған бостандық атына міне алмайды,бұғаудан босамайды,ері құлдықтан,әйелі күңдіктен шықпайды,малына да,басына да ие болмайды” деген.Шын мәнінде, бұл көтеріліс қазақ халқының қолы жеткен тәуелсіздігінің алғашқы бастауы болып тарихтан өз орнын алды.Осыдан кейін ұлт-азаттық қозғалыстың басшылары демократияның,бостандық пен теңдіктің орнатылуына байланысты ұлттық автономия құратын,жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады.Қазақ зиялыларының басым көпшілігі осындай көзқараста ұстанған болатын.Кейін 1917 жылы Ақпан төңкерісі болып,монархия құлатылды.Қазақтар патша билігінің құлатылуын құптап,оны өздерінің ғасырлар бойғы еңбектерінің нәтижесі,1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысында алға тартқан мақсаттарының қанағаттандырылуы деп білді және бұл алдағы мақсаттардың орындалуының алғашқы бастамасы еді.Осы Ақпан төңкерісінен кейін саяси ағымдар мен саяси партиялар құрыла бастаған еді.Солардың бірі-Алаш партиясы.Алаш партиясы 1917 жылы құрылды.Қазақстанның жеке-дара мемлекет болып құрылуын,әдет-салтын сақтап,өркениетке жетуін аңсаған партиялардың бірі.Алаш партиясы сол кезден-ақ Кеңес Одағының құрамында Қазақстан жеке мемлекет болып дами алмайтындығын түсінді.КСРО-ның Қазақстанды шикізат базасы ретінде ұстайтын саясатын білгендіктен оның алдын ала білді.Алаш партиясының жетекшісі болып-Әлихан Бөкейханов сайланды және оның төңірегінде А.Байтұрсынов,М.Дулатов,М.Тынышпаев,Ғ.Қарашев,Ш.Құдайбердиев,С.Торайғыров,Х.Ғаббасов,Ә.Ермеков,Ж.Досмұхамедов және тағы басқа қазақтың таңдаулы зиялы өкілдері топтасты.Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету,автономиялық ұлттық мемлекет құру Алаш партиясының басты мақсаты еді.Алаш партиясы ақтқат жолында болды.1917 жылы сәуірден бастап Қазақстанда жер-жерде Алаш партиясының съездері өте бастады.Ең бірінші Жетісу облыстық съезі өтті.Мұнда әлеуметтік,аграрлық,ағарту мәселелерімен қатар сырттан қоныс аударуға жол бермеу,Қытайдағы босқындарды қайтару,халықты азық-түлікпен жабдықтау,өзін-өзі басқару,сот ісі,салық салу мәселелері талқыланды.Екінші Семей қаласындағы қазақтардың съезі болды.Онда ұлттық автономия құру мәселесі талқыланды.Үшінші Орынбор қаласында Жалпықазақ съезі өтті.Съезде мемлекеттік басқару формасы,қазақ облыстарының автономиясы,жер мәселесі,халық ағарту ісі,халыққа білім беру,сот істері,рухани-діни мәселелерді қарастырған болатын.Қазақтың демократияшыл жұртшылығын қазақ мемлекеттігі,демократиялық реформалар,ұлттың өзін-өзі басқаруы үшін қажетті алғышарттар жасау мәселелері толғандырды.Съезде Алаштың саяси партиясын құру туралы мәселені қарап,оның бағдарламасын жасау қажет деп тапты.Орынбор съезінен кейін Бүкілресейлік мұсылмандар съезі өтті.Бұл съезде соғысты тоқтату туралы бітім жасау,мұсылман әйелдерінің саяси және азаматтық құқықтары жағынан ерлермен тең құқылы болуы және ең негізгісі міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру қарастырылды.Бұл съездерді өткізу арқылы Алаш партиясы қазақ халқына зор көмек тигізді.Қазақтың мұңын мұңдап,жоғын жоқтады.1917 жылы желтоқсанда Орынбор қаласында Жалпы Қазақ съезі болды.Съездеі Мұстафа Шоқай басқарды.Съезде Алашорда автономиясын құру туралы шешім қабылданды.Бұны естігенде Алаш зиялылары мен азаматтарының төбесі көкке жетіп,қуанды.Бұдан кейін Алаш көсемдері Алаш автономиясының қалай дамуы керектігі жайлы мемлекеттің толыққанды тұғырнамасын жасады. Бұл жалпы қазақ халқы үшін ең маңызды оқиға еді.Алашорда үкіметінің өз баспасөз орталығы- “Қазақ газеті” болды.Осы “Қазақ газетінде” Алашорда өзінің бағдарламасын жариялап отырды.Бұл газетте елді басқару,білім,құқық сияқты мемлекеттің өмір сүруіне қажетті,күрмеуі шешілмеген өзекті мәселелерді қарастырып,шешуге тырысты.Алашорда үкіметі мынандай бағыт ұстанды:жерге ең алдымен қазақ ие болу керек,жердің асты-үстіңгі байлығын қазақ пайдалануы керек,өз өнімін өзі өндіретін ұлттық экономика болу керек,қазақ тілінің мемлекеттілігі,діні мен ділінің үстемдігі,білімнің дамуы.Әлихан Бөкейханов зиялы қауымның маңызды бөлігін өз жағына тарта білді.Олардың арасында ағартушы,жазушы Ахмет Байтұрсынұлы,жазушы,ақын Міржақып Дулатұлы,көрнекті ақын,өз халқының жарқын патриоты Мағжан Жұмабаев,қазақ халқының көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытов және тағы басқа қазақ зиялы қауым өкілдері болды.Әлихан Бөкейханов “өзінің тарихын ұмытқан ел,өзінің тарихын жоғалтқан жұрт қайда жүріп,қайда тұрғандарын,не істеп не қойғандарын білмейді,келешекте қандай күн күтіп тұрғанына көзі жетпейді,бір халық өзінің тарихын білмесе,бір ел өзінің тарихын жоғалтса,одан өзі де жоғалуға ыңғайы келіп тұрады”деген ,өзінің салмақты ойыеһн айтқан еді.Сондықтан да, қазақ халқы төл тарихын ұмытпасын,жоғалтпасын,егер қазақ халқы өзінің төлтарихын жоғалтса,ұмытса,артынша қазақ деген халық жоғалады, біздің өткен тарихымыздың ұмыт боларын ерте ойлаған.Сол үшін де халқы,елі,жері үшін ешқашан аянбай күрескен.“Тірі болсам,қазаққа қызмет қылмай қоймаймын”!деген ұстанымды берік ұстанған.Әлихан Бөкейханов атамызды Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлаған:

Заманда басқан аяқ кейін кеткен,

Жасымай Алашына қызмет еткен,

Болса да қалың тұман,қараңғы күн,

Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен,

Түймеге жарқылдаған алданбаған,

Басқадай бір басы үшін жалданбаған.

“Қайткенде Алаш көркейер” деген ойдан

Басқа ойды өмірінде малданбаған.

Бұл өлең жолдары Әлихан Бөкейхановтың көсемше толғап,кемеңгерше болжайтын,ұлттық сезімі көзқарасы бөлекше,өршіл рухты,от екпінді,жарқын келешекті,тәуелсіздікті көксеген Алаштың ардақты асыл тұлғасы екенін білдіреді.Алаш партиясының қатарына Алаш бағытынан таймайтын,өтірік айтпайтын,жақындық туысқа бүйрегін бұрмайтын,дүниеге қызығып сатылмайтын,шыншыл,әділ,ұлтжанды,елін,жерін сүйе білетін нағыз Алаш азаматтарын алған.Алаш партиясының Қазақ газетінен кейін “Айқап журналы” шықты.Осы журнал шаруалар демократиялық қозғалысының өкілдерін топтастырды.Журналды шығарушы өршіл,елін сүйетін,дарынды журналист,жазушы,Отанының жалынды патриоты Мұхаметжан Сералин болды.Айқап журналы мен Қазақ газетінің беттерінде сол кездің ең өзекті мәселелері-қазақ халқының әлеуметтік жағдайы,материалдық және рухани құндылықтары,жер мәселесі,отырықшылыққа ауысу,патша үкіметінің отарлау саясаты,білім,дін,тағы басқа мәселелер көтеріліп тұрды.Ең өзекті мәселелердің бірі болып саналатыны халықты ояту болды.Осы бағытты ұстана отырып,халықтың саяси-құқықтық сауатын көтеру,саяси партиялар құру,баспасөз және көркемөнер арқылы еркіндік идеясын таратумен айналысты.Бұл екі газет сол кезде қарапайым бұқара халықты қолдарынан түсірмей оқыған газеттері болды.Бұл газеттерде сол кездегі қазақ халқының ауыр тұрмысы баяндалды.Қазақ газетінің бас редакторы,жатса,тұрса халқының қамын жеген дара тұлғамыз Ахмет Байтұрсынұлы болды.Ахмет Қазақ газетінде жарияланған әр басылымында ең негізгі қазақтың өткен тарихы,тілі,діні,мәдениеті өшпеуі керек деп халықты жалынды жырларымен оятып,алға қарай нық тұруын,келешек үшін күресулері керек екенін жазып отырды.Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазды.Онымен қоса қазақ графикасын жасауға зор үлес қосты.Жалпы қазақтың тіл білімін қалыптастырып,зерттеп,танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының“Оқу құралы” мен “Тіл құралдарының” орны айрықша.Бұл екі кітап қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды,қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының,іргетасы болып қаланды.Мұхтар Әуезов:“Ахаң ашқан қазақ мектебі,Ахаң түрлеген ана тілі,Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны-“Қырық мысал”,“Маса”,“Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылыған қазақ баласына істеген еңбегі,өнер-білім,саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та,тарих ұмытпайтын істер болатын.Оны жұрттың бәрі біледі,Бұның шындығына ешкім де дауласпайды”-деп жазған.Иә,Ахмет Байтұрсынұлының қазаққа жасаған ерен еңбегі мен ұлы істерін қазақ ешқашан ұмытпайды,мәңгі есінде сақтап,әрқашан ұрпаққа жеткізеді.Алаш зиялыларының әрқайсысы қазақ үшін еңбек етіп,қазақ үшін өмір сүрген.Әлихан Бөкейханов түрмеде отырып Міржақып пен Ахметке мынандай хат жолдаған:“Алда әлі күнді көретін ұрпақ келеді.Сол ұрпақ сендерді үлкен ризашылықпен ,үлкен құрметпен еске алатын болады.Күрес жолына түскендеріңе ешқашан өкінбеңдер”-деп оларды күрес жолына шақырған.Әрине Алаш зиялылары күрес жолын таңдап қателескен жоқ.1936 жылы КСРО-ның конституциясы қабылданған болатын.Елде жаппай тоталитарлық жүйе,казармалық социализм орнады.Жеке адамның құқығы ескерілмеді.Қазақстанда жазалау шаралары басталды.Қарсы шыққан адам халық жауы қатарына жатқызылды.Қазақстанда,ең алдымен ұлттық демократиялық зиялылар,Алаш қозғалысының қайраткерлері,қазақ елінің біртуар азаматтары-Ә.Бөкейханов,Ж.Аймауытов,Ж.Досмұхамедов,Ә.Ермеков тағы басқасы қоғам қайраткерлері жазықсыз жазаға ұшырады.Қаншама қазақ ақындары,жазушылары,ғалымдары,ұлттымыздың бірегей дара зиялыларын аяусыз,жазықсыз,қаныпезерлікпен жазалады.Жазаға ұшыраған әр азаматтың есімін жазсам,мына параққа сыймас.Олар қазақтың өз алдына ел,мемлекет болғанын,өзгелермен терезесі тең болғанын көкседі, көрген жоқ.Бірақ олар осы күнді жақындатып кетті.Олар тек қазақ үшін қан төкті,жанын берді.Қазақтың баласы ешкімнен кем болмасын деп құдайдан күні-түні тіледі.Олар бар білімін,қажыр-қайратын,тәңірі сыйлаған талантын тек қана қазақ халқын оятуға,көзін ашуға,бағын ашуға,азаттыққа арнады.Олар ұлтқа ұстаз,халыққа қамқор болды.Артында мейірім шуақ қалды.Біз жылдар бойы сол мейірім шуағына жылындық.Олар ата-бабаларын пір тұтты,олардың жолын жалғастырып,өнегелеріне адал болды.Олар тек қана “Алаш”,“Қазақ” деген ұғыммен ғана тыныстады.Олар толыққанды құрметтелуі қажет.Алаш арыстарының өр рухын,өз ұлтына адалдықтарын жас ұрпақтың санасына сіңіріп,үлгі етуіміз керек.Біз өз қадірімізді өзіміз кеш білетін,кеш түсінетін халықпыз ғой сондықтан ұзақ уақыт кешігуге болмайды.Біз енді олардың идеясын,тазалығын,тектілігін басшылыққа алуымыз керек.Оларсыз таңымыз атып,күніміз батпауы керек екенін түсінуіміз қажет.Олар көл-көсір дүние жимады,кітап,ақыл,парасат,ілім-білім жиды.Олар Отанын оттан да ыстық сүйді.Әр қазақтың баласын маңдайынан сипап,келешек ұрпақтың болашағын ойлап көз ілмеді.Қазақ халқының келешегі жарқын,болашағы зор болуы үшін аянбай еңбек етті.Кейбіреулер “бізге Тәуелсіздік қантөгіссіз келді”-дейді.Тәуелсіздікті алып берген солардың шелектеп төккен қаны,шүберекке түйген жаны.Көп ғалымдар Алаш зиялыларының еңбегін том-том қылып шығарады.Бірақ бұл кітаптар сөреде тұратын жылтыраған дүние болып қалмауы тиіс.Алаш зиялыларының бейнесі,олардың шығармалары насихатталып,бүгінгі ұрпақтың құнды олжасына айналуы керек.Мағжан Жұмабаев:

Не көрсем де Алаш үшін көргенім,

Маған артық ұлтым үшін өлгенім,

Мен өлсем де Алаш өлмес көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін.

Бұл өлең жолдары арқылы Мағжан күллі Алаш азаматтарының мақсатын,мүддесін,арман тілегін көрсетіп тұрғандай.Осы бір төрт шумақ өлең Алаш деген ұлттың мәңгілік жасайтынын,өшпейтінін,мәңгілік ұрпақ санасында сақталатынын дәлелдеп тұрғандай.Осындай асыл тұлғалар тұрғанда қазақ ешқашан жоғалмайды.Керісінше көркейіп,дамып,әрқашан алда болады.Біз болашақ ұрпақ,қазақ жастары Алаш зиялыларының салып кеткен жолымен жүріп,сол жолды әрі қарай жалғастырамыз.Біз Алаш зиялыларының ақ жолымен жүреміз.Біз Алаш туы астында,күн сөнгенше сөнбей елімізге адал қызмет етеміз.Біз Алаш зиялыларын мәңгілік есімізде сақтап,олардың елі,жері,Отаны үшін жасаған ерліктерін мақтана айтамыз.Біз осындай қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздары,қайталанбас зиялыларымен мақтануымыз керек.Ана сүтімен қанымыз арқылы бойымызға дарыған қадір-қасиетіміз отанымызға,елімізге,жерімізге,тілімізге,дінімізге деген ыстық сүйіспеншілігіміз,мақтаныш сезіміміз ерекше.Бүгінгі ұрпақтардың бойында осы Алаш зиялыларының ұстанымдары болса,біздің еліміз,тіліміз,ешқашан өлмек емес.Бойларын осындай мақтаныш сезімдері билеген Алаш ұрпақтары оларды мақтанышпен еске аламыз ,идеяларын мәңгілік рухани азық қыла отырып,еліміздің тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтауға,қазақ тілінің шұбарлануына жол бермейміз. Алаш мәңгілік жасасын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
4286
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі