Алаш зиялыларының тағдыры

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алаш зиялыларының тағдыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Қaзіргі кeздe тәуeлсіз eліміздe білім бeрудің жаңа жүйeсі жaсaлып, әлeмдік білім бeру кeңістігінe eнугe бaғыт aлудa. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы

"М.Ломоносов атындағы орта мектеп КММ"

Қазақстан тарихы пәні мұғалімі

Тулегенова Жанагул Турганбековна

Д.Қонаев атындағы орта мектеп

Қазақстан тарихы пәні мұғалімі

Турлыбаева Написа Куанышбаевна

Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп КММ"

Қазақстан тарихы пәні мұғалімі

Амангельды Темирлан Мадиулы







Әдістемелік құрал

Алаш зиялыларының тағдыры





























МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ........................................................................................................................4


І. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

1.1 XIX ғ. екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті...........................................7

1.2 1905–1907 жылдардағы орыс революциясына Қазақстан халқының қатысуы. .......................................................................................................................8

1.3 XX ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті.........................................................9

1.4 Торғай көтерілісі..................................................................................................13

1.5 Қазақстан азамат соғысы жылдарында.............................................................18


ІІ. ТОРҒАЙДАҒЫ ЗИЯЛЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ

2.1 Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі...............................................24

2.2 Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеясы тәрбие үлгісі ретінде.........25

2.3 Ахмет Байтұрсынұлының саяси қызметі және Алаш Орда идеясы...............32

2.4 Міржақып Дулатұлы және Алаш тұлғалары....................................................42

2.5 Торғай зиялылары және Алаш Орда құрылтайы .............................................44


ІІІ. АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ҰЛТ МӘСЕЛЕСІ

3.1 Алаш қайраткерлері және қазақ тілі..................................................................50

3.2 Алаш тағылымы және қазіргі қазақ руханияты................................................55

3.3 Алаш жолындағы Тәуелсіз Қазақстан...............................................................59


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................75

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................78


КІРІСПЕ



Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда егемендігімізді алып, тәуелсіз елге айналған шағымызда өз билігіміз өзімізге дара тиіп, төл тарихымызға деп қойылып, ақтаңдықтар ашылуда, жаңа тарихтар жазылуда. Сол жаңа тарих ортамызға қазақ халқының Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, сынды азаттық үшін күрескен кемеңгер азаматтарын қайта оралып, елімен қауыштырды. Тарихшылар көтерер жүк өте ауыр. Олардың алдынан құм жұтқан қазақтың қалаларының тарихын зерттеу міндеті түскен жоқ.

Ресей патшаларының қай қайсысы болмасын қазақ даласын отарлауды басшы мақсат еткені тарихтан белгілі Ресей пастшасының 1732 жылы берген уәдесі далада қалып, қазақ жері бөлшектенуге түсті, орыс отарлаушылары Жайық бойымен ішке қарай 744 шақырым, жоғарғы Жайыққа дейін 561,5 шақырым, жоғары Жайықтан үйге дейін 753 шақырым, Үйден Омбыға дейін 641 шақырым, Омбыдан Өскемен –Ертіске дейін 950, барлығы 3590 шақырымдық орыс пайдасы үшін желі тартылды. Оңтүстік жағын Сырдария – Жетісу жерлері мен түйсіктіріп, қазақ даласын түгел әскери күшпен қоршауға алды». Әскери отарлаушылар қазақ жерін шарлап, үлкен 3 бөлікке бөліп тастады. Олар Шығыс, Орта және Батыс бөлік болып аталады. Торғай даласы осы үш бөліктің шығысына қарады, 1845 жылы Торғай өзенінің оң жағасына бекіністің іргесі қаланып, оған Орынбор қазақтарының бірнеше отбасы көшіріліп әкелінді. Оларды жерсіндіріп тұрақтандыру үшін әскери міндеттен, салықтан босатты. Оларды жергілікті халық шабылуынан қорғау үшін 2 рота солдат ұстады. 1868 жылы патша әкімшілігінің шешімімен қазіргі Арқалық қаласынан 289 шақырым қашықтықтағы Торғай бекінісі қала болып аталады. Ресей отарлаушылары көздеген мақсатына жету үшін қазақ даласына басқару жүйесін күн сайын жақындатуды көздеген. Сөйтіп, 1868 жылы 21 қазанда орынбор даласындағы және Сібір ведомствасына қарайтын қазақтарды қиындықтан құтқару үшін деген желеумен жаңа Ереже шығарды. Бұл Ереже бойынша Торғай, Орал, Ақмола облыстары құрылды. Бұрынғы Орынбор облыстық басқармасы таратылып, орнына Торғай облыстық басқармасы құрылды. Торғай облысы солтүстігінде Орынбор губерниясымен, батысында Орал, оңтүстігінде Сырдария, шығысында Ақмола облыстары мен шектесті. Торғай облысы Торғай, Ырғыз, Елек, Николаев деген төрт уезге бөлінді. Жаңа ереже қазақтардың қалыптасқан басқару жүйесін быт-шыт қылды. Аға сұлтандық билік жаратылды. Сұлтандар, ел билеуші ру басшылары мен билердің, дін иелерінің ісіне шек қойылды. Сот құрылымы өзгеріп олардың бәрінің орнына ауылдық, болыстық, уездік жүйе құрылды.

Қазақ күн көрісінің негізгі – малдық өрісі, шабындағы халық жер-жерде көтерілістер жасап жаты. Олар: Торғай облыстарының Арыстанов Ханғали сұлтан патша үкіметінің жаңа ережесіне қарсы көтеріліс жасады. «Жаңа Ереже бойынша Торғай уезінің географиялық жағдай, бұрынғыға қарағанда билік жүргізуге оңай, «ықшам» - деп жазды уезд бастығы А.П.Яковиев, 1888 жылғы есебінде «Торғай облысына орыс қарашекпенділері ХІХ ғасырдың аяғына жақын еркін ене бастады. 1882 жылғы мәлімет бойынша Торғай 501 келімсек болса, 1901 жылы оның саны бірнеше есеге өскен. Келімсектер саны өскен. Келімсектер саны өскен сайы қазақ халқының да мінез-құлқы, дәстүр –салты өзгере бастағанын көреміз. Амал не, ол өзгерістер оң өзгеріс емес еді.

Қазақ даласында, онымен қатар Торғай өңірінде де отаршыларға қарсы жекелеп күресу, қарсылық көрсету нәтижесіз екенін қазақ зиялылары жақсы білді. Сондықтан да күш біріктіріп, жаппай жұмыла қарсы күрес мәселесін көрерді. Бұл мәселе жөнінде өзінің әділ сөзін Ә.Бөкейханов «Қазақ» газетіне 1913 жылғы 23 қарашадағы №39 сонында жазды.

Торғай өңірі халқының өмірі жыл сайын құлдырап бара жатқандығы жөнінде «Тургайская газета», «Қазақ» басылымдары қатты алаңдаушылық білдірді. Торғай түнегі кешеңгер Ахмет Байтұрсынов: «Қазақтар жылма жыл кедейленіп, халық күш-қуатынан айырылуда, егіншілікті дамытуға қаражаттары жоқ. Сондай-ақ, құнарлы жерлерді переселендер иеленіп келіп жатыр» деп патша саяхатын әшкерленген еді. Сол кездегі қазақ ахуалына ара түскен қазақ зиялылары бірен-саран болса да болды. 1941 жылғы 23 қаңтарда «Қазақ» газетінің №97 санында Досымжал Қылышбай.

«Өткен жылдарда Есіл өзені бойындағы ата-бабаларымыздан бері мекен етіп атқарған қыстаулық, жаздық, егіндік жерлерімізді мұжықтарға тартып алып берді.

Өзімізді тақыр далаға айдап шықаннан кейін ол жерде малымызға жайылым болмай, арық болып қыстан қырыла бастады» - деп жазды. Мақалада орыстардың қарсылық көрсеткен қазақтарды заңсыз өлтіргенін де жазады.

Бұл 1941 жылғы жағдай болғанмен орыс отаршыларының қазақ жеріне тұяғы тигеннен бергі әрекеті екені даусыз.

Халқының тағдыры таразыға түскен қиын-қыстау күндерде Торғайдың тонжарған түлегі Мыржақып Дулатов, «Қалғанша жарты қасық қаным мен сенікі, пайдалан шаруаңа жараса, Алаш» деп жария салды. «Оян, қазақ» кітабында.

Торғай елі, көпке томырақ шаша алмай шұрайлы жерлерінен айырылды. Жоқшылық пен кедейшіліктің зардабын тартты. Оның үстіне бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Ресей мемлекетіне жылу жинауға отырған Торғай халқына патша үкіметіне 1916 жылғы 25 маусымдағы қазақтарды майданның қара жұмысына алу жөніндегі жарлығы жараның алдын алды. Қазақ даласында, жарлық шыққан кейін бес күн өткенде Қостанайдың Қарабалық болысында көтеріліс алауы бұрқ етті. Ол көтерілісті Осман, Әбдіғаппар, Айжарқын, Кейкі, Амангелді сияқты батырлар басқарды. Торғай өңірінде, әсіресе Түйікше, Бетпаққарада, Құмкешуде, Доғалда, Ақшығанақта, Татырда патша әскеріне қарсы, ірі шайқастар өтті.

Қылыш ұстаған сарбаздар жан қиярлықпен қарсы тұрды. 1916 жылғы 25 маусым жорлығынан бұрын-ақ яғни сәуірдің 24 күні Ахмет Байтұрсынов: «Оқушының көбі өртті көрмейді, біз сабырлы болғанмен үкімет көшіп барады» деп заман ағымын ескерткен екен. Оның үстіне 25 маусымнан кейін Әлихан, Ахмет, Мыржақып аталарымыз « ... қазақ шын қарсылық қылатын болса, елге отряд шығады. Елдің іргесі бұзылады» - деп халықты сабырлыққа шақырып, ақыл кеңестерін айтты.

Көтерілісті патша жендеттері асқан қатыгездікпен басты. Жазалаушы әскер халыққа зұлымдықтың не бір түрін жасап, елдің мол мүмкін тонады. Ашу-ызадан ғана тұрған көтеріліс, ықпалды пікірлер, ойласпаған ғылыми-әскери тактика болмағандықтан осылай басылып жаншылып қалды. Бірақ «көшпенділер көне береді» деген патшалық пікірінің быт-шыты шығып, қазақ халқы өз намысын таптатпайтынын дәлелдеді.

Кеңес үкіметі, Торғай уезінде 1917 жылдық желтоқсан айының аяғында құрылды. Осы аласапыран кезінде Ахмет Байтұрсынов 4 шілдеде «Сарыарқа» газетінің 45 – санында «Большевиктерден келер зиян-тынышсыздық. Олар мемлекет қалпына лайық істердің бәрін аздырды, бүлдірді, жайды мемлекет қазынасын құртты, өнеркәсіптің бәрі тоқтады ...» деп большевиктердің бет пердесін елге айқындап берді. Ақыры большевиктер қазақ даласын қанға бояп, дегеніне жетті Ресейге әбден тәуелді Қазақ Автономиялық Социалистік Кеңес Республикасын орнатты.

Осы астаң-кестең заманда Торғай даласы тағы да қанды майдан алқабына айналды. Патша әскері де, қызылдар да, халыққа ойранды салып бақты. Ел тонаудан, жылаудан көз ашпады. Торғай даласы талай-талай бөлістерге түсіп, дағдылы шаруашылық, әлеуметтік қалпынан айырылып, естері шықты.

Елдің есін жиғызбау мақсатында коммунистік партия 1936-1938 жылдарда тағы да қасырет науқанын бастады. Торғай өңірінің ғана емес бүкіл қазақ халқының кемеңгері атанған А.Байтұрсынов, М.Дулатовтан бастап талай азаматтар осы қасірет құйынына ілікті, Торғай топырағында- -адам жазықсыз жазаланып, «халық жауы аталды», Бүкіл саналы ғұмырларын халыққа, ұлтына, еліне, жеріне арнаған, сол үшін өмірлерін де қия алатын азаматтар сондай атақ алды.

Зерттеу жұмыстың зерттеу пәні: Қазақстан тарихы.

Зерттеу жұмыстың зерттеу нысаны: Торғайдағы зиялылардың Қазақстан тарихындағы орны.

Зерттеу жұмыстың мақсаты: Торғайдағы зиялылардың Қазақстан тарихындағы орнын анықтау.

Зерттеу жұмыстың міндеттері:

  • ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдени-қоғамдық өміріне сипаттама беру;

  • Торғайдан шыққан зиялылардың өмірі мен қызметіне, халық үшін еткен еңбегіне шолу жасау;

  • Торғайдағы зиялылардың Қазақстан тарихындағы орнын анықтап беру.

Зерттеу жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН


1.1 XIX ғ. екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті



1905–1907 жылдардағы революция жеңілгеннен кейін Ресейде реакция кезеңі басталды. 1907 жылы 3-маусымда Екінші мемлекеттік Думаның таратылғаны, Үшінші мемлекеттік Дума сайлауы туралы ережеге өзгерістер енгізілгені жөнінде патша жарлығы шықты. Заң бойынша қазақтар мен өлкені мекендеген басқа шағын халықтар сайлау құқынан айырылды.

Осы кезде революциялық ұйымдар мен қозғалысқа қатысқандарды сотсыз және тергеусіз жазалайтын тәртіп енгізілді.

Патша өкіметі тек қана қудалау жасаумен ғана шектелмеді, сонымен қатар шаруалар қауымын күшпен ыдырату саясатын жүргізе бастады. 1906 жылы 9-шы қарашада Столыпин шаруаларды қауымнан хуторға бөлу туралы жаңа жер иелену заңын шығарды.

П. А. Столыпин 1906–1911 жылдары Министрлер Кеңесінің төрағасы болған кезде өзінің аграрлық реформаларын әзірледі. Оның бірінші шар­ты шаруаны жердің иесі етіп бекіту болатын. П. А. Столыпиннің аграрлық саясатының мәні үш заң актісінде көрсетілді. Бұл Сенаттың қарауына берілген 1906 жылғы 9-қарашадағы «Шаруалардың жер иеленуіне және жер пайдалануына қатысты қолданылып жүрген заңның кейбір қаулы­ларын толықтыру туралы» жарлық. Ол III-Мемлекеттік Думада 1910 жылы 14 маусымдағы «Шаруалардың жер иеленуі жайлы кейбір қаулылар­ды өзгерту мен толықтырулар туралы» заң етіп қайта қаралып толықтырылды.

1911 жылғы 29-мамырда «Жерге орналастыру туралы» заң қабылданды. Аграрлық реформалар бойынша шараларды жүргізу оның барысында шаруалардың көшіп-қонуына еркіндік берілді, нәтижесінде олардың шет аймақтарға, соның ішінде Қазақстанға жаппай көшуі кеңінен өрістеді.

1910–1911 жж. жаңа экономикалық өрлеуге байланысты Қазақстанда ереуілдік қозғалыстар жандана түсті. 1911 жылы мамыр айында Перовск және Түркістан станциялары теміржол шеберханаларының жұмысшылары, «Атбасар мыс рудалары» акционерлік қоғамы рудниктеріндегі кеншілер ереуілге шықты.

1912 жылы Ресейдің жұмысшы қозғалысында жаңа революциялық өрлеу басталды. Сол жылғы мамырда Қазақстанда Спасск мыс қорыту за­уытында басталған ереуіл 1913 жылдың маусым айына дейін созылды. 1913 жылғы қыркүйекте Торғай уезінің Шоқпаркөл көмір кендерінде болған жұмысшылардың толқуы 1914 жылдың бірінші жартысында Ембі мұнайшыларының ереуілдерімен ұласты. Жаңа революциялық өрлеу кезінде Қазақстанның жұмысшы табы жалақыны арттыруға, қожайындардың айыптарды көбейтуден бас тартуына қол жеткізді. Өлке жұмыс­шыларының ереуілдері патша өкіметіне қарсы шаруалар толқуларының артуына, ұлт-азаттық қозғалысының дамуына ықпал етті.



1.2 1905–1907 жылдардағы орыс революциясына Қазақстан халқының қатысуы.



Қазақстан еңбекшілерінің 1905–1907 жылдардағы ереуілдері орыс халқының революциялық күресімен тығыз байланысты еді.

1905 жылы ақпанда Орал, Перовск, Түркістан, Шалқар теміржолшылары өздерінің экономикалық жағдайларын жақсарту талабын қойған ереуіл жасады. 1904 жылы пайда болған Сібір социал-демократиялық одағы, оның Омбы, Орынбор, Саратов комитеттері Қазақстан жерінде революциялық жұмысты күшейте түсті.

1905 жыл Қазан айындағы Бүкілресейлік ереуілдің әсерімен Қазақстанның барлық қалаларында шерулер, митингілер мен жиналыстар болып өтті. Перовскідегі, Оралдағы, Қарқаралыдағы, Павлодардағы манифестациялар неғұрлым ірі болды. Оларды орыстар арасынан және қазақтардан шыққан жергілікті зиялылар ұйымдастырды. Қарқаралыдағы 1905 жылғы 15 қарашадағы үлкен саяси митингке қазақтардан, та­тарлардан, орыстардан және басқаларынан тұратын 400-дей адам қатысты. Олар патша өкіметіне қарсы бірқатар талаптар қойды, отаршы­лық әкімшілікке қарсы күресуге шақырды. Кейіннен Қарқаралы оқиғасының басшылары қуғынға ұшырады. А. Байтұрсынов Орынборға, Ж. Ақба­ев Якутияға жер аударылды.

Патша өкіметі 1905 жылы 17 қазанда елдегі революциялық қозғалысты басу мақсатында арнайы манифест қабылдады. Бірақ бұл жоғары мәртебелі манифест жұмысшы қозғалысын бәсеңдеткен жоқ, қайта кейбір жерлерде күшейте түсті.

Қазақ жұмысшылары мен шаруалары патша өкіметіне орыс жұмысшыларымен және қоныстанған шаруалармен қол ұстаса отырып қарсы шықты. Қазақ шаруалары ең алдымен жер, су үшін, теңдік, бостандық пен тәуелсіздік үшін күресті. 1905 жылы жазда Семей, Торғай және Орал облыстарында жер үшін толқулар болды.

Мәскеудегі желтоқсан қарулы көтерілісінің әсерімен 1905 жыл 11 желтоқсанда Успен руднигіндегі жұмысшылардың ірі ереуілі өтті. Ереуіл ба­рысында орыс жұмыскері Петр Топорнин мен қазақ жұмысшысы Әлімжан Байшағыров басқарған «Орыс-қырғыз одағы» құрылды. Жұмысшылар өздерінің жалпы жиналысында қабылдаған талаптарын «Петиция» ретінде рудник басшысы Н. Фелльге тапсырды. Оның бірде-бір пункті қабылданбағандықтан «Орыс-қырғыз одағының» шақыруымен рудникте ереуіл басталды. Рудник кеңсесі үстіне қызыл жалау көтерілді. Успен руднигі жұмысшыларының ереуілі 1905–1907 жылдары Қазақстанда болған революциялық қозғалыс тарихында көрнекті орын алады. Яғни, ол өлкеде революциялық қозғалыстың ең жоғарғы шарықтаған кезі деп саналады.

1906 жылы 6 қаңтарда патшаның арнаулы жарлығымен Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағына соғыс жағдайы енгізілді. Солтүстік Қазақстанға Меллер-Закомельскийдің жазалау экспедициясы әкелінді.

1905–1907 жж. болған революциялық қозғалыстармен байланысты Қазақстан жұмысшыларының кәсіподақ ұйымдары бой көтерді. Алғашқылардың бірі болып Оралдағы теміржолшылардың кәсіподағы (1905 ж. қараша) құрылды, оған Н. Смуров, Н. А. Покатилов және Н. И. Ульянов басшылық жасады. 1905–1906 жж. Орынбор-Ташкент теміржолшыларының кәсіподағы ең ірі ұйым болып саналды. Оның 6 мың мүшесі болған.

1905 жылы желтоқсан айында I Мемлекеттік Думаны шақыру туралы патша үкіметінің жарлығы шығып, оған Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде 4 қазақ сайланды. Олар: Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов, Б. Құлманов. 1906 жылы тамыз айында II Мемлекеттік Дума шақырылды. Оған Қазақстаннан 14 депутат сайланды, оның алтауы қазақ халық өкілдері болды. Олар: Ш. Қошығұлов – Ақмола облысынан, Х. Нұрекенов – Семей облысынан, Б. Қаратаев – Орал облысынан, А. Бірімжанов – Торғай облысынан, Т. Аллабергенов – Сырдария облысынан, М. Тынышбаев – Жетісу облысынан.

Ұлттық қозғалыстың Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов бастаған жетекшілері халықтың азаттық қозғалысын конституциялық монархия, либерал –демократиялық реформалар жүргізу үшін күреске бағыттағысы келді. 1905 жылы қазанда ұлттық интеллигенция өкілдері Оралда бес об­лыстағы қазақтардың делегаттарының съезін өткізіп, онда олардың ұлттық мүддесін қорғауға тиісті Ресейдің конституциялық-демократиялық партиясының филиалын құрмақшы болды. 1906 жылы сәуір-мамыр айларында Семейде қазақтардың екінші съезі болып өтті.

Қазақ еңбекші бұқарасының 1905–1907 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысы көп жағдайда ұйымдаспаған түрде өтті.



1.3 XX ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті



Оқу ағарту ісі. XIX ғ. аяғы – XX ғ. басында Ресей империясының халыққа білім беру ісі мен мектеп жүйесіндегі өзіндік ерекшеліктері Қазақстандағы халыққа білім беру ісі мен бүкіл ағарту жүйесіне көп дәрежеде өз ықпалын жасады. Оқу ағарту ісі айқын таптық сипатта болды, оның Қазақстандағы айырмашылығы ұлттық ерекшелікке орай жүргізілді. Ұлттық мектептер туралы 1870 жылы қабылданған «Ресейді мекен­дейтін бұратаналарға білім беру жөніндегі шаралар туралы» заң ұлттық мектептердегі және ұлттық шет аймақтардағы бүкіл ағарту жүйесін: 1) әлі аз орыстанғандар үшін, 2) орыстары көп жерде тұратындар үшін, 3) жеткілікті дәрежеде орыстанғандар үшін деп, 3 санатқа бөлді.

Заңды жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстанда әр түрлі облыстарда әр алуан үлгідегі мектептер құрыла бастады. Мәселен, Ақмола және Семей облыстарында – мектеп-интернаттар мен ауыл шаруашылық бастауыш училищелері, Торғай мен Оралда – ауылдық мектептер, болыстық (бір сыныпты), екі сыныпты училищелер, Жетісу мен Сырдарияда — «орыс бұратаналық» мектептер, Ішкі Ордада (Бөкей Ордасында) старшындық және учаскелік училищелер құрылды. Олардың бәрі Халық ағарту министрлігіне бағынды.

Халыққа білім беру саласындағы империялық саясат шеңберінде 1906 жылы тамызда болып өткен III жалпымұсылмандық съезі халыққа білім беру ісі бойынша тұтас бағдарлама жасады. Съезд шешімдерінде былай деп белгіленді:

барлық қоныстарда балалар мен қыздарға міндетті бастауыш білім беретін мектептер ашылсын;

оқыту бір бағдарлама бойынша және араб әліпбиі негізінде ана тілінде жүргізілуі тиіс болды;

мектептерді ұстау земствоның, қала молдасының қарауында, ал басқару мен бақылау мұсылмандардың өз қолында болуға тиіс;

мұғалімдер мен оқушылар құқықтары жөнінен орыс мектептерінің мұғалімдерімен және оқушыларымен теңестірілуге тиіс болды.

1907 жылы Ресей империясында жалпы білім беруді енгізу туралы жоба жарияланды, онда бастауыш мектептер желісін құру көзделді. Жоба бойынша білім беру ісі 7–11 жастағы балаларды қамтуға тиіс болды, бастауыш білім беруді 10 жыл ішінде енгізу жорамалданды.

Нақ осы жылдарда бастауыш білім беру мұқтаждарына қаражат босату туралы заң (1908) және 1909 жылы Халық ағарту министрлігі жанына «мектеп-құрылыс қорын» құру туралы заң қабылданды. Бұл заң актілері мектепте білім беру жүйесін кеңейтті, халыққа білім беру ісінің, соның ішінде Қазақстанның бүкіл аумағында орыс-қазақ мектептерінің (ол кездегі құжаттарда – орыс-қырғыз және орыс-туземдік) кең желісін құруға кейбір дәрежеде жағдайлар жасады.

Мерзімді баспасөз. XX ғасырдың басына қарай Қазақстанда ұлттық қазақ зиялыларының қалыптасу үрдісі жүріп жатты, олардың бір бөлігі еуропалық білім алғандар еді. 1905–1907 жылдардағы революциядан кейін Ресейдегі мұсылмандардың, соның ішінде түрік халықтарының қозғалысы жаңа қарқын алды. Мерзімді баспасөздің пайда болуы мен дамуына капитализмнің, тауар-ақша қатынастарының, көлік пен байла­ныстың дамуы да, өлкені одан әрі отарлау да себепші болды. Туып келе жатқан ұлттық буржуазияның үстемдік етуші орыс буржуазиясымен бәсекесі, шетел капиталының енуі білім беру, баспасөз және байланыс жүйесі реформасының қажеттігін туғызды.

Қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздің алғашқы басылымдары «Түркістан уәлаятының газетін» (1870–1882), «Дала уәлаятының газетін» (1888–1902) және Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы болды, ал екіншісін Омбыда Дала генерал-губернаторлығы шығарды (1902 жылдан кейін олар Ақмола және Жетісу облыстарының «Ведомостарына» қосымша ретінде шығарылды. Сондай-ақ бұл басылымдар ақпараттық-анықтамалық сипатта болды. Сонымен қатар газет ұйымдарына империяның қамқорлығындағы отарлық өлкенің тұрмыс салтын насихаттау миссиясы жүктелді. Осы мақсатпен ресми емес бөлімде түркі халықтарының тарихы, этнографиясы мен әдебиеті жөніндегі ма­териалдар жарияланды.

Қазақ ұлттық баспасөзінің дамуы. Ресми емес қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы XX ғасырдың басындағы жалпы азаттық қозғалыс­пен тығыз байланысты. Ол 1905–1907 жылдардағы революциның арқасында ғана туды. Алайда бұл басылымдар дүниеге едәуір қиындықпен келді. 1907 жылғы 28 наурызда II Мемлекеттік Думаның депутаты Шаймерден Қосшығұловтың бастамасымен «Улфат» газетіне қосымша ретінде «Серке» газетінің бірінші нөмірі шықты. Ш. Қосшығұловтың айтуынша, небәрі 3–4 нөмірі шығарылған. Цензура оны қауіпті деп тауып, га­зет жабылып қалған. 1907 жылғы наурызда Троицкіде «Қазақ» газетінің бірінші (әрі соңғы) нөмірі шықты.

Қазақ қоғамы демократияшыл жұртшылығының ұлттық баспасөз ұйымын құру жөніндегі ынтасы күшейе берді. 1911 жылғы 16 наурызда Орал қаласында қазақ және орыс тілдерінде шағын көлемді «Қазақстан» газеті шықты. 1913 жылы қыркүйектен желтоқсанға дейін Петропавлда «Ешім даласы» газеті шығып тұрды.

Алайда таралымы шектеулі бұл газеттер орасан үлкен аймақтың түрлі топтарының өскелең талап-тілегін қанағаттандыра алмады. Жал­пыұлттық көлемде мерзімді баспасөз құру бұрынғысынша жалпыұлттық проблема болып қала берді.

«Айқап» журналы. 1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш «Айқап» ұлттық журналының бірінші нөмірі шықты. Ұйымдастырушы және баспагер, идеялық басшысы және редакторы М. Сералин (1872–1929) бұрын педагогтік және журналистік қыз­метпен айналысқан, сол кезге қарай белгілі ақын, әдебиетші, қоғам қайраткері болған

«Айқап» журналы 1911 жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке дейін әуелгіде айына бір рет, ал сонан соң екі рет шығып тұрды. Барлығы 88 нөмірі шықты, таралымы 1000 данаға дейін жетті. «Айқап» журналы ағарту ісі мен мәдениеттің жаршысы болды.

М. Сералин «Айқап» беттерінде мұсылмандардың қасиетті кітабының мазмұнын ыңғайлы, түсінікті нысанда баяндауға тырысқын авторлар­дың мақалаларын жариялап отырды. «Айқап» журналының қазақ фольклорын зерттеудегі, абайтануды қалыптастырудағы, орыс және дүни­ежүзілік классикалық әдебиетінің рухани мұрасын насихаттауда атқарған рөлі зор.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы жағдайында едәуір шиеленіскен зор қаржы қиындықтары, зиялылардың бір бөлігінің сол кезге қарай өзінің көркемдік толысқандығымен, қазақ әдеби тілін түлетуімен, стилінің сындарлылығымен және ең бастысы толғағы жеткен жалпыұлттық проблемаларды қоюымен әйгілі болған «Қазақ» газеті жағына шығуы 1915 жылдың тамызында «Айқап» журналы шығуының тоқтатылуына се­беп болды.

«Қазақ» газеті. «Қазақ» газеті апталық басылым болып шықты. 1913 жылғы ақпаннан 1918 жылғы қаңтарға дейінгі кезең ішінде 3000 дана таралыммен 265 нөмірі жарық көрді. Жекелеген нөмірлері 8000 данаға дейін жететін таралыммен шықты. Редакциялық алқа 1914 жылғы жаңа жылдық 45-нөмірінде газетті 10 облыстың қазақтары жаздырып алатынын хабарлаған. Бұған қоса оны Орынбор, Уфа, Қазан, Петербург, Мәскеу, Томск қалаларындағы, басқа да бірқатар қалалардағы, сондай-ақ Түркия мен Қытайдағы оқырмандар алып тұрды.

«Қазақ» газетінің редакторы Орынборда айдауда жүрген кезінде сол кезге қарай ағартушылық қозғалыстың танымал көшбасшысы болған, аса көрнекті ақын, көсемсөзші, түркі тілінің маманы, ой-өрісі кең және ұлт дамуының жолдарын көре білген жалынды қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов болды. 1914 жылғы 19 мамырда Баспасөз істері жөніндегі бас басқарманың кеңсесі М. Дулатовқа «Қазақ» газетінің екінші жауап­ты редакторы міндетін атқаруға рұқсат етті. «Қазақ» газеті 1918 жылы (№№261 – 265) Жанұзақ Жәнібековтың редакциялауымен шықты.

XX ғасырдың басындағы демократияшыл қазақ зиялыларының бүкіл азаттық қозғалысы сияқты, бұл газеттің де жетекші бағытын белгілеуде қазақ халқының бостандығы жолындағы аса көрнекті күрескер, саясатшы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, статистик-соци­олог, көсемсөзші, энциклопедиялық тұрғыдағы ғұлама Ә. Бөкейханов зор рөл атқарды.

Біртұтас болып біріккен үштік – А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов қалың қазақ елінің мүддесін білдіріп, оның шамшырағы болған ғасыр­дың ұлттық газетін құра білді.

Газетті оның негізін қалаушылар «Қазақ» деп атады. Халықтың өз атын қалпына келтіріп, олар сол арқылы отаршылар тарапынан бұратана­ларға менсінбей қарауға қарсы наразылық білдірді, қазақтар арасына ұлтжандылық мақтаныш және бірлік идеясын таратты.

«Қазақ» шын мәнінде бүкілресейлік газет болды. Ол халықаралық жағдайға жүйелі түрде талдау жасап, ондағы Ресейдің рөлін анықтап отыр­ды, елдегі және шетелдегі демографиялық жағдайды ашып көрсетіп, бүкіл түрік дүниесінің, мұсылмандар қозғалысының тағдырын қадағалады. Газет Мемлекеттік Думаның жұмысына, оның мінберінен қазақ халқының мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше мүдделік танытты.

Қазақ әдебиеті. Ресейдегі XX ғасырдың басындағы революциялық қозғалыс ұлттық шет аймақтардың, соның ішінде Қазақстанның да жағдайына әсерін тигізді. Саны аз ұлттық зиялылар осы жағдайды пайдаланып, тәуелсіздік пен бостандық үшін, халықты ғасырлар бойындағы ұйқыдан ояту үшін, қос езгіден: патша өкіметінің отаршылдық бұғауынан және жергілікті патриархаттық-рулық зорлық-зомбылықтан құтылу үшін күрес бастады. Зиялылар халықты тәуелсіздік жолына шығарды, білімді, ғылымды, өнерді меңгеруге шақырды.

XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті дамуының ерекшелігі оның басқа халықтардың әдебиеттерімен байланысы болып табылады. Тарихи жағдай қоғамдық-экономикалық байланыстардың күшеюіне себепші болып қана қоймай, рухани мәдениет саласындағы қарым-қатынас үрдісін жандандыра түсті. XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті сол тарихи дәуірдегі халық өмірінің шындығы туралы көркем шежіре болды.



1.4 Торғай көтерілісі



XIX ғасыр Қазақстан үшін Ресей империясына тұтастай бодандыққа көшуімен ерекшеленеді. XXғасырдың басында ол шикізат өндіретін әрі сауда рыногы болып танылған отарлы өлке санатында жалпыресейлік шаруашылық кешенінің құрамды бөлігіне айналады.

Капиталистік қатынастарға ерте көшкен елдер дамуы жағынан едәуір озып кетіп, әлемнің қарқынды дамыған мемлекеттерінің алдыңғы легін құрды. Ресей капиталистік экономика жолына кеш түссе де, жедел дамып, орташа дамыған екінші лекте өзін нық сезінді. Азияның, Африканың, Латын Америкасының баяу дамыған елдеріне қысым жасады, олардың олардың ішкі істеріне қол сұқты,байлығы мен шикізатын пайдаланды.Ресей де Азия елдерінде көз тікті, шет өңірледі өзінің отарына-шикізат, тұрақты нарық көзіне айналдырды.

Ресейдің алға шығуына негізгі кедергі-феодализм қалдықтары:биліктің патшалық болмысы, дворяндардың үстемдігі, помещиктік жер иелену, буржуазияның, халық бұқарасының саяси биліктен шеттетілуі болатын. Шаруалардың жерінің аздығы, олардың меншікке байланысты бөлшектенуі, елдің тұрмыс жағдайының ауырлығы, халықтың кедейлене түсуі, "бұратана" деп аталған халықтардың ұлттық езілуі сияқты факторлар да Ресейді етектен тартты.

XXғасырдың басында капиталистік елдер арасындағы қайшылықтар күшейе түсті. Дамыған мемлекеттер бөлшектеніп кеткен отарларды қайта бөлгісі келді. Оларға арзан шикізат көзі жетіспеді. Өзара топ құрып одақтасқан бәсекелес әскери-саяси блоктар-үштік Одақ (Германия, Австро-венгрия) пен Антанта (Франция, Англия, Ресей) тартысы 38 мемлекет қатысқан дүниежүзлік соғысқа әкеліп соқтырды.

Қазақ сахарасының болмысы XXғасырдың басында күрделене түсті. Ресей Азиялық Шығысты отарлауды жедел қарқынмен жүргізді. 1907-1912ж-дың өзінде елдің еуропалық бөлігіне 2млн мың 400 мың адам әкеліп қоныстандырылды. Қазақтар шұрайлы жерінен айырылды.Сонау Столыпин реформасының бас кезінде -ақ "Санкт-Петербургские ведомость" газеті:"Егер мемлекет мүддесі қырғыздарды құрбан етуді талап етсе,әрине,бұған қарсы шығудың керегі жоқ..." –деп жазған болатын.

Өлкені талан-таражға салу бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіліп, ауқымды сипат алды. Қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды.Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды.Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекттік заемдар таратылды, бажсалығын төлеу міндеттелді,жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді(негізінен, азықты)теміржол станциясынатасуға мәжбүрболды.

Көтерілістің себептері және басталуы. Қазақ даласынан ет, мыңдаған жылқы мен түйе майданғажіберілді.Әскерге алынған отбасыларына көмек көрсетуді желеу етіп, батырақ қазақтарды кулактар шаруашылықтарын, кәсіпорындарға "ерікті түрде"жұмысқа тартты. 1916жылы патша әкімшілігі ресейлік отаршылдар үшін жаңадан жертартып алуды ойластырды. А.Байтұрсынұлы сонау 1913 жылдың өзінде: "Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды", - деп жазған еді.

Көтерілістіңнегізгі себебі ұлттық және әлеуметтік езгінің халықтың кегін қайнататын деңгейге жетуінен болды. Отаршылдық болмысқа,туған елдің талануына, кіндік қаны тамған жерден айырылуғашыдамаған халық бұқарасы патша үкіметіне қарсы жаппай күреске шықты. Қазақтан қара жұмысқа алу – көтеріліске желеу болған негізгі себепші фактор еді.

1916 жылғы 25 маусымдағыпатша Жарлығы бойынша, қара жұмысқа 19-дан 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық ер адамдар алынуға тиіс болатын.Сол арқылы патша үкіметікөптеген орыс солдаттарымен жұмысшыларыннеғұрлым көбіс және арзан жұмыс күші ретінде "реквизицияланған бұратаналармен "ауыстырып, оларды қорғаныс құрылыстары мен басқа да тыл жұмыстарынан босатқысы келді. Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді. Бұл жағдай қазақ даласына үлкен қобалжу туғызды. М.Дулатұлы айтқандай: " жұрт сеңдей соғылды,түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды".

1916 жылғы 23 тамызда генерал- губернатор А.Куропаткиннің құпия бұйрығымен қара жұмысқа шақырудан босатылғандар: болыстық, ауылдық басқармалардың лауазымды адамдары; жергілікті бұратаналарданшыққан төменгі полициялық шенділер; имамдар, молдалар мен мүдәрістер; ұсақ несие мекемелеріндегі жоғары лауазымды жергілікті бұратаналар; дворян және ата – бабасынан бастап, сондай –ақ жеке басы құрметті азамат құқықтарын пайдаланатынжергілікті ұлт өкілдері.

Патша өкіметі айла қолданып, қоғамның болмашы бір бөлігін – жергілікті әкімшілікті әкімшілікті, байлар мен мұсылман дінбасыларының бірқатарын жалпыұлттық қозғалыстан бөлшектеп, аман алып қалды да олар жергіліктіәкімшіліктің тыл жұмыстарынаадамдар алуына көмектесті.Сол көмегі үшін олардың балалары қара жұмыстан босатылып отырды. Бұл кедейлердің ызасын келтірді.

Патша жарлығына жауап ретінде орасан ауқымды өңірдің – Қазақстан мен Түркістанның халқы стихиялы түрде бір мезгілде көтеріліске шықты. Жер-жерде көтерілісші жасақтары құрылып, олар қара жұмысқа шақырылушы жастардың тізімінтартып алып, жойып жіберді,байлардың ауылынашабуыл жасады, борышқорлықжәне салық тілхаттарын жойды, жерді сату басқармаларын, болыстардың ауылдарын талқандады. Көтерілісшілердің патша әскерімен қақтығыстары жиілей түсті.

Көтеріліске шыққан халық бірінші кезекте отарлауға дейінгі дәсстүрлі мемлекеттік басқару жүйелерін қалпына келтірді. Кей жерде дала дәстүрі бойынша ақсүйек өкілдерінен хан сайланып жатты.

Көтеріліске шыққан халық күш біріктіру қажет екенін түсінді. Верный уезінің көтерілісшілері Наманған және Таластың жоғарғы ағысындағы Әулиеата уездерінің көтерісшілерімен байланыс орнатты. Көтеріліске шыққан албандар ұйғырлармен, қырғыздармен және дүнгендермен күш біріктіріп қимыл жасады.

Қазақ демократтарының саяси көзқарастары. Жергіліктіпатша әкімшілігінің анықтамасы бойынша, қазақ даласында біреуі – жұмысшылар бергісі келмейтін, екіншісі – бұйрықты орындауға келісетін екі партия құрылды. Ат төбеліндей байлар, ауыл старшындары патша Жарлығын жақтап шықты.

Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы бастаған қазақтың либерал-демократиялық зиялы қауымы басқа бағыт ұстанды.Олар қазақтарды "Ресей мемлекетінің бодандары,Оттанның перзенті" деп санады. Ахмет Байтұрсынұлы: "Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып,мемлекетті қорғауға лайық еді.қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз", -деп жазды.Әлихан Бөкейханов,Ахмет Байтұрсынұлы,Міржақып Дулатұлы өздері қол қоиған үндеуде екі баламаны алға тартты:"Бірі-барса, алынған жігіттер қазаға,бейнетке аз ұщырайды,екіншісі-"бармаймын"деп қарсылық қылса, елге зор бүліншілік келеді..."

Қозғалыс басшылары қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды уақытша кейінге қалдыруды, оны тиісті дайындық жұмыстарынан соң жүзеге асыруды ұсынды.Бұл орайда олар соғыс жеңіспен біткен жағдайда өз халқының тағдырын жеңілдетуден ж/е ұлттық автономия құрудан үміттенді.Олар:"қарусыз халық үкметтің жазалау шараларының құрбаны болады",-деп жазды олар 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында.Қазақ халқының либералдық-демократиялық ойшыл өкілдері отаршыл империямен парасаты ымырластық тәсілін жүргізуді,халықтың амандығын ж/е оның етностық тұтастығын сақтау идеясын бірінші орында ұстады.Тарих осы бағыттаң дұрыс блғанын дәлелдеді.

Ұлт-азаттық қозғалысқа революцияшыл-демократияшыл зиялылардың Т.Рұсқылов, Т.Бокин, Ә.Майкөтов, С.Сейфуллин, С.Мендешев, Ә.Жангелдин, Б.Алманов сияқты өкілдері де қатысты.Күрес барысындаәлеуметтік жанжалдарды шешуде әр түрлі топтардың белгілі бір көзқарастары сынақтан өтті.

Қозғалыстың сипаты, қозғаушы күштері. 1916 жылғы қозғалыс бүкіл Қазақстанда, Орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қамтыды. Ол стихиялы түрде басталды ж/е әлеуметтік құрамы жағынан біртекті блған жоқ.Оған көмір кеніштерінің,мұнай кәсіпшіліктерінің,Ертіс кемшіліктерінің, Омбы,Орынбор-Ташкент теміржолының қазақ жұмысшылары қатысты.Олардың ауылмен ж/е шаруа қожалықтарымен байланысты қозғалысқа стихиялы шаруалар қозғалысы сипатын берді.

Қозғалыстың басты күші тұтастай халық бұқарасы болатын.

Қозғалыстың ауқымды әлеуметтік негізі бар еді. Жалпыұлттық бірігу ж/е ұлттық тәуелсіздік идеясы қазақ шаруалары мен жұмысшыларының түрлі топтарын, қалыптасып келе жатқан ұлттық буржуазия мен даланың дәстүрлі ақсүйектерін, ұлт зиялыларын орыс ж/е шетелкапиталына қарсы біріктірді. Тұтас ауылдар, болыстар, уездер өздерімен бірге барлық мүліктері мен малын алып, дала қойнауына тереңдеді, көтеріліс шыққан аумақтарда оларға байлар да қосылуға мәжбүр болды. Басқа "бұратаналар"-дүнген, ұйғыр, қырғыздар да көтерілісшілерді жақтап шықты.

1916 жылғы қозғалыстың ең ірі оқиғаларының бірі Торғай обылысында орын алды. Мұнда қазақ шаруаларының күресі мейлінше табанды болып, ұзаққа созылды. Жергілікті ауылдық-болыстық әкімшіл басқарудан аластатылып, билік көтерілісшілердің қолын көшті. Торғай уезіндегі қыпшақ руының көтеріліске шыққан қазақтары Орта жүздің ықпалды биі Нияздың немересі, аса беделді Әбділғафар Жанбосыновты өздерігің ханы етіп сайлады. Атақты Иман батырдың немересі Амангелдіні сардарбегі етіп тағайындады.

Торғайдағы қозғалыс ошағы биліктің бір орталықта болуымен, көтерілісшілер қозғалысын басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесімен көзге түсті. Әскери іс мәселелеріне Әскери Кеңес баса назар аударып отырды. 1916 жылғы қыркүйекте Торғай уезінде Амангелді Иманов көтерілісшілердің үлкен жасағын құрып, қару жасаушыларды ұйымдастырды және көтерілісшілерді әскери өнерге өзі үйретті. Олардың жалпы саны 20 мыңға дейін жеткен.Көтерілісшілер қатарын Ырғыздан, Қостанайдан, Ақтөбеден, Байқоңыр және Шоқпаркөл кеніштерінен, Орынбор-Ташкент теміржолынан келгн жұмысшылар толықтырды.

Қазан айының соңында Амангелді Иманов бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады.Көтерілісті талқандау үшін патша үкіметі генерал Лаверентьев басқарған тоғыз мың адамдық жазалаушы экспедициялық корпус жіберді. Торғайға беттеген жолында жазалаушы отряд қазақ ауылдарын шапты. Торғайды ала алмайтын болғандықтан, көтерілісшілер қоршауды тоқтатып, Бетпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына ірге теуіп, партизандық күрес әдісіне көшті.

Доғал – Үрпек түбіндегі ұрыс жеңіліс пен аяқталды. Шегіне отырып ұрыс жүргізген 40 сарбазды жазалаушылар қоршап алды. Сарбаздар соңғы оғы қалғанша атысып, тірі қалғандары кешке қарай қолына найза алып, қоян-қолтық айқасқа түсті. Көтерілістің аяусыз жанышталғанына қарамастан, көп жерде бой көрсету бұдан кейінде біраз уақытқа жалғасты.

Патша үкіметі көтерісшілерден аяусыз кек алды. 3000-ға жуық адам жазаланды. Жүздеген ауылдар өртеліп, көптеген бейкүнә адамдар атылды. Алайда тарихтың өзі тәрік еткен отаршылдық жүйені жазалау экспедициялары да, әскери-дала соттары да атып-асуда құтқарып қала алмады. Бұл қазақ халқының езілген Ресей халықтары азаттық күресінің жалпы тасқынына біржола қосылған еді.

Қозғалыстың қортындылары, жеңілу себептері және тарихи маңызы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империялизмге, отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Ол Шығысты қамтыған революциялық дағдарыстың маңызды элементтерінің бірі еді. Қазақтардың ата қонысына Ресей мұжықтарын қоныстандыру арқылы жүргізілген отарлау саясаты қарқын алған сайын өптеген орыс – украин қныстары мен казак станицалары пайда болған аймақтардағы көтеріліс орыстарға қарсы сипат алды.

Орыс шаруаларының бір бөлігі көтерлісшілерге жанашырлықпен қарады, көтеріске қатысқандарды жасырып қалды, оларға көмектесті.

Ұлт-азаттық қозғалысты басып – жаныштау барысында патша өкіметі өзінің дала стратегиясын жүзеге асыры. Түркістан өлкесі генерал – губернаторының айтуы бойынша, Қазақстан мен Қырғыстанның отарлауға мейлінше қолайлы аудандарын “тазалау” болатын. 1916 жылы Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны жарты млн-ға жуық кеміді.

Көтерлістің жеңіліс табуының басты себептері, оның бытыранқылығынан, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігінен, арақатынастың тұрақты болмауынан еді. Шын мәнінде өте қарапайым қарулармен қаруланған халықпен сол кездегі техниканың жетістіктерін пайдаланған империяның тұрақты армисы соғысты. Патша шенеуніктері қоныстандыру қозғалысы жеделдете жүргізіліп жатқан өңірлерде орыс украин шаруалары, дүнген, ұйғыр, өзбек диқандары арасындағы қайшылық тарды пайдалана білді.

Ұлттық – демократиялық зиялылар қатарында бірлік болмады. Кейбір бай – феодалдар , хандар көтерлісшілердің мүдделерін сатып кетіп отырды. Патша үкіметі тез арада көтерлісшілерді басшыларынан айыра білді. Жетісудағы қозғалдыс басшыларының бірі Бекболат Әшекеев Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылды. Қарқарадағы көтерліс жетекшілерінің бірі Жәменке Мәмбетов абақтыға қамалы, басқа 12 басшымен бірге азаптап өлтірілді.

Көтеріліс қазақ халқының таптық сана-сезімінің өскендігін көрсетті. Мыңдаған көтерілісшілер патша билігіне қарсы қарулы күрес мектебінен өтті. Отаршылдық езгінің ұзақ жылдары ішінде олар ұлттық мүдделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды, белсенді саяси қызметке құлшынып, өзін Ресей билігінің отаршылдық экспанциясына қарсы күрес жүргізе алатын күш деп сезінді.

Халықтық қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. Ауқымдылығы мен қатысушыларды қамтуы және зардаптары жағынан алғанда, ол империя құрамындағы отаршылдық құлдықтың бүкіл кезеңіндегі азаттық күресінің шырқау шыңы болды. Ол туралы Әлихан Бөкейханов былай деп жазды: “Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді... Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күндіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды”. Шын мәнінде, 1916 жыл-XX ғасырдың соңында қазақ халқының қолы жеткен саяси тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттігі үшін күрестің бір белесі болып, тарихта өз орнын алды.



1.5 Қазақстан азамат соғысы жылдарында



1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс.

Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды.

Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды.

Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917ж. ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкетісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды.

Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевик- тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкі- мет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды.

Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады.

Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқаев тағайындалды.

Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азат алудың бастамасы ретінде қабылдады. Бұл жеңіс өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанның әртүрлі қалаларында қазақ жастарының 20 шақты үйірмелері мен топтары пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ-өлеңдер таратты. Әулиеатада Тұрар Рысқұлов «Қазақ» жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді

Буржуазиялық уақытша өкіметке үміт артқан қазақ зиялылары өз халқын еркіндікке жеткізуді, отарлаудан құтылуды арман етті. Осы мақсатқа жету үшін олар қазақтың ұлттық саяси партиясын құру жолын іздеді. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқ- санда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі – ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөліммнен тұрады. Олар: 1) Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы; 2) Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру; 3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату; 4) Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; 5) Елдегі билік және сот туралы; 6) Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру; 7) Халықтың табысына қарай салық салу; 8) Жұмысшылар туралы; 9) Ғылым және білім туралы; 10) Жер мәселесі.

Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам кірді, оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917 ж. 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді. Оның мақсаты – пролетариат диктатурасының басшылы- ғымен Ресейде жаңа қоғам – социализмді орнату.

Бұл оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді, себебі социализмге жол ашуды бірінші Ресей бастады.

Қазан төңкерісі елді экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға жол ашты. В.И.Ленин бастған большевиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың сара жолы – Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп білді. Сондықтан Ресей ең бірінші болып бірінші дүниежүзілік соғыстан шығады.

Кеңес өкіметі әуелі орталықта Петроградта орнады да, одан әрі тез арада Ресейдің шет аймақтарына дейін орнады.

Ресейдің қол астында болып келген орыс емес басқа халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Большевиктер барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды.

Кеңес өкіметі Қазақстанда да орнай бастады. 1917 ж. қазаннан 1918ж. наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.

Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917 ж. 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын.

1917ж. қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысы- ның басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жылмен орнады. Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады.

1917 ж. желтоқсан – 1918 ж. наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 ж. ақпанның орта кезінде көшті.

Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918 ж. көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласы Жетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі.

Кеңес өкіметі 1917 ж. наурыз айында Жаркентас, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.

Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы – Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті.

Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918ж. наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.

Сонымен Қазан төңкерісін қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті билік кеңестер жағына түгелдей шықты. Мұндай жағдай Қазақ- станның Солтүстік-Шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланғыан Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы көшті.

Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. Ол қандай шаралар:

-ескі мекмелер, оның, ішінде уақытша өкіметінің комиссарлары, отарлау-шенеуіктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйелері жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады;

Ескі мемлекеттік аппараты қирату отарлау саясатына берілген үлкен соққы болды. Ол еңбекшілердің кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай жасады;

-шіркеу мемлекеттен, мектеп шіркеуден ажыратылды;

-ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды, адамдардың сословиеге бөлінуі жойылды;

-төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссиялар, милиция құрылды;

-кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды;

-заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды;

-кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады;

-облыстық кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынастарды реттейтін комиссиялар құрылды;

-жерге жеке иелік ету жйылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай қазақ-орстардың, патша шенеуіктерінің иелігінде болып келген, срндай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.

1918 ж. Көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Оның құрамында Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Ақмола, Семей облыстары орталығы Омбы қаласы болған Батыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей Ордасы Астрахань губерниясы қарамағына кірді.

Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Себебі төңкерістің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды.

1918 ж. 23 наурызда Орал казак-орыстары Гурьевте бүлік шығарды.

Сол жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады.

Ресейдегі азамат соғысының өрістеуіне Антанта елдері дем берді де, олардың көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының әскерлері бүлік шығарды. Бүлікшілер Сібір қалаларымен бірге Қазақстанның солтүстіктегі қалалары Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларын басып алып, Кеңес органдарын қамауға алды.

1918 ж. жазында Кеңес елі үшін ең басты майдан – Шығыс майданы болды. Бұл бағытта ақтармен 4-ші армия ұрыс жүргізді. Осы жылдың жазында қазақ ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Олар алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында құрылды. Бөкей ордасында қазақ атты әскер полкі Қызыл армияның құрамдас бөлігі болды.

1918 ж. аяғы мен 1918 ж. басында Әліби Жангелдин мен Амангелді ИмановпенТорғайда екі атты әскер эскадронын, әскери оқу және пулемат топтарын, Ырғызда атты әскер құрды.

Ақтөбе майданына 1918 ж. Әліби Жагельдин бастаған экспедиция Мәскеудан көп қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізді. Ақтөбе майданының қарулы күштері 1919 ж. 22 қаңтарында Орынборды, 26 қаңтарда Орал қаласын азат етіп, Қазақстан мен Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді.

1919 ж. көктемде Фрунзе бастаған қызыл әскер отрядтары Қазақстанның Солтүстік аудандарында Колчак әскерлеріне қарсы күрес жүргізді. Қазақстанда Колчактың тәртібіне қарсы ірі көтеріліс Қостанай уезінде болды. Ақмола, Семей облыстарында партизандық қозғалыстар өрістеді. Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағында Жетісу майданы 1918ж. тамыз және 1919 ж. қазанның орта кезіне дейін ақ гвардияшыларға қарсы табанды күрес жүргізді. Осы аймақтағы қорғаныс орталығы болған Черкасское селосын атауға болады.

1919 ж. орта кезінде Қызыл армияның шабуылдарының нәтижесінде Колчак әскерлері екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі Сібірге, екіншісі Түркістанға қарай шегінеді.

Қызыл армияның Түркістан майданы 1919ж. тамыз айының екінші жартысында Колчактың «Оңтүстік армиясын» біржолата талқандады. Осының нәтижесінде Түркістан майданының әскер бөлімдері Солтүстік Жетісуға жеткізліп, мұндағы қарсылықты тезірек басуға мүмкіндік берді. Сөйтіп, 1920 ж. наурызда азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солтүс- тік майданы жабылады.

Азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметі «соғыс коммунизмі» саясатын жүзеге асырды. Оның негізгі мәні-кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізіледі. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік әскер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды.. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды.. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Кеңес өкіметінің осы саясатына наразы шаруалар көтеріліске де шығып, көпшілігі жаңа өкіметке қарсы ақтардың жағында соғысы.

Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Сол жылдары алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. 1920 ж. аяғында 999 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 778 артель, жерді бірлесіп өңдейтін 28 серіктестік (ТОЗ) құрылды.

1919 ж. 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі төңкерістік комитет туралы» декрет қабылданды. Онда болашақ Қазақ мемлекетінің жер аумағы анықталды.

1920 ж. 30 сәуірде РК/б/П Орталық комитеті Қырғыз(Қазақ) облыстық бюросы құрылғаннан кейін өлкеде Кеңес өкіметін, мемлекеттік құрылысты одан әрі нығайту жұмысы жүргізіле бастады. Сол жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қабылданды. Орынбор қаласы Қазақ АКСР-нің алғашқы астанасы болды.


ІІ. ТОРҒАЙДАҒЫ ЗИЯЛЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ


2.1 Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі



Ыбырай (Ибраһйм) (2.11.1841, қазіргі Қостанай обл. Қостанай ауд. - 30.7.1889, Қостанай) -ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырайдың өз өкесі (Алтынсары) ерте кайтыс болғандықтан, ол атасы Балгожа бидің тәрбиесінде өскен. Балғожа бк немересін 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының осы калада казақ балалары үшін ашқан жетіжылдық мектебіне оқуға береді. Ресей үкіметінің көз-дегені осывдай мектептер арқылы жергілікті өкімш. орын-дарға казакгың өз ішінен кызметкерлер әзірлеу еді. Мектеп оқушыдары отаршылдық саясат рухында тәрбиеленуге тиісті болды. Бірак жасынан зерек А. бұл мектептің оқу жүйесі шеңберінде калмай, дүние жүзі әдебиеті мен орыс әдебиеті классиктерінің шы-ғармаларын өздігінен оқып. нәр алды. Мектепті бітіргеннен кейін, 1857 — 59 ж. аралығында Алтынсарин атасы Балғожа бидің хатшысы болды. Кейін Орынбор обл. басқармасына кіші тілмаштык кызметіне ауысады. 1860 ж. Алтынсаринге обл. баскарма Орынбор бекінісінде (Торғайда) казак балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырады, сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мүғалімі етіп белгіледі. Осыдан былай Алтынсаринның ағартушылық - педагогикалық қызметі басталады. Шалғай түпкірде мектеп ашу жүмысының қиыншылықтарына қарамастан, ағартушылық идеяларымен қанағттанған Алтынсарин көздеген мақсатын орындауға құлшына кірісті. Ауыл – ауыды аралап, халықка кәсіптік білімнің маңызы мен мақсатын түсіндірді. Алтынсаринның талабы мен қадамын халық қуаттады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды. Мектеп 1864 ж. 8 қантарда ашыдды. Осыған байланысты үлкен той болып, сол күні мектепке 14 бала жазылды. Мектеп жанынан интернат ашылды. Алтынсарин дүние жүзі педагогикалық классиктерінің гуманистік идеяларын басшылыққа алып, оларды қазақ даласында оку ағарту практикасына еңгізген түңғыш педагог болды (1860 —79 ж. арасында ) Алтынсарин мүғалімдік, ағартушьшық қызметінен қатар аратірлік басқа да қызметтер атқарды: 1868 - 74 ж. Орынбор генерал – губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың уездік судьясы, 1876 — 79 ж. А. Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі болды. Институт – мектептер ашуды қолға алды. Кейін Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездеріне бірден екі кластық орыс – қазақ мектептерін ашты, оларды бәрінде де кітапханалар ұйымдастыруға зор жөн көрді. Осыдан кейін болыстық бастауыш мектептер ашу ісін қолға алды. Бұл үшін ол "Болысть қазақ мектептері туралы зписка" жазды. Мұнда ол тек қазақ даласының ғана емес Ресейдің жартылай көшпелі аймақтарының өмір тіршілігіне бейім, жазда көшіп жүретін, қыста бір жерде орнықты отыратын мектептің жаңа түрін ұсынып, халық ағар жүйесіне елеулі үлес қосты. Болыстың ұсынысы бойынша 1888 ж. 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектер үшін қазақша тарынан оқытушылар дайарлайтын мүғалімдер мектебі ашылды. Оған Торғай, Ырғыз қ-ларындағы орыс-кырғыз учильищелерді жақсы бітірген жастар алынды. Алтынсарин қазақ жастары арасынан экономикалық салаларына кажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән беріп, қолөнер, а. ш. училищелерін ашуға көп күш жұмсады. Торғайда коленер училищесін ұйымдастырды. Қайтыс болар алдында Қостанайда ашылғалы отырған а.ш училещесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырды. Алтынсарин Ырғызда қазақ қыздары үшін жанында интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазак халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде кыздар училещелерін ұйымдастыруды өтінді. Алайда рұқсат ол қайтыс болған соң, екі жыл өткеннен кейін. Торғайда (1891), Қостанайда (1893), Қарабұтакта (1895), Актөбеде (1896) жанында интернаттары бар қыздар училищелері ашылды.



2.2 Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеясы тәрбие үлгісі ретінде



Ы.Алтынсарин аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнерінің бір сыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады.

Жан-жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады.

Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазірде сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық анықтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені әрбір ұлы адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес иделарды көтереді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан, әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, «жол болсын» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән-маңызы қадір-қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ы.Алтынсарин дәл осындай, үркердей саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер-білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді.

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Омарханұлы Әуезов Ыбырай Алтынсарин туралы былай жазды: «Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымаса, Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе, орыстың адамгершіл, прогрессшіл классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас еді… Ыбырай да сол бір бағытта болумен қатар, өмірі, еңбек еткен ортасы, әлеуметтік-қоғамдық қайраты, әрекеті жөнінде Шоқанға да, Абайға да ұқсамайды. Ыбырай жаңағы екеуінің де ісін өз өмірінде еңбегіне түйістіріп, қоса білді. Сөйтіп, ол екеуі де істеген тың тарихтың ұзақ өрісі бар, зор келешегі бар істердің үлгісін өз қолымен орнатты. Әрі ол жаңа үлгідегі ақын, әрі сол кездегі Ресейде батыл жаңалық жасап, «бұратана» елдер үшін тың үлгідегі мектеп ашушы. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы».1

Кезінде қазақ ха лқының болашақ дағдырын орыс мәдениетімен бірлікте алып қараған Шоқан, Абай және Ыбырай секілді ұлы ағартушы-демократтар тарихымызда өшпестей із қалдырды.

Осы орайда Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі мен еңбегі орасан зор. Қазақ халқының талантты ұлдарының бірі Ыбырай Алтынсарин – аса көрнекті ағартушы-педагог, этнограф ғалым, ақын әрі жазушы, жаңашыл педагог болған адам.

Ы.Алтынсариннің сан салалы қызметі мен өмірі жайлы сақталған деректер мен материалдар өте көп, олардың дені ағартушының өз қолынан шыққан.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның 20-шы жұлдызында Орта жүздің қыпшақ руында дүниеге келген (Қостанай облысының Затобол ауданы). Әкесі 1844 жылы Кенесары шапқыншылығы кезінде қаза табады да, жас Ыбырайды атасы, белгілі би Балғожа Шаңбыршыұлы тәрбиелейді.

Балғожа би көзі ашық, көңілі жарқын, заманының алдыңғы қатарлы адамы еді: ол өз заманының жайын тез байқады. Ендігі үміт артта, ескіде емес, алды, жаңада екенін, Ресей өкіметінің саясатына ыңғайланып, орыс мәдениетінен азық алудың қажет екенін аңғарды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, патша өкіметі қазақ даласын бағындырудың, билеп-төстеудің тағы бір жаңа әдісін қолдана бастады: қазақ балаларына арнап мектептер ашуға кірісті. Патша өкіметінің бұл мектептерді ашқандағы мақсаты мектеп туралы ережеде ашық айтылған: «Мектеп құрудағы басты міндет – шекарадағы басқару ісін атқара алатын адамдарды сұлтан – ел билеушілердің, ордаға аралық бастықтардың ісін жүргізе білетін және айрықша қызметтерді атқара алатын адамдарды дайындау» деп жазылған.

Сонымен, бұл мектеп 1850 жылы 22 тамыз күні Орынбор қаласында ашылды, оған қазақтың 30 баласы алынды, солардың бірі тоғыз жасар Ыбырай болды. Ыбырай бұл мектепті жеті жыл оқып, 1857 жылы бітірді. Ыбырай ерекше зерек, ерекше талантты болған.

Орынбор қаласында оқып жүрген кезінде және сонда қызмет етіп жүрген жылдары Ы.Алтынсарин Орынборда Шекара комиссиясының төрағасы болып қызмет атқарған белгілі шығыстанушы ғалым, профессор В.В.Григорьевпен танысып, жақын болып және онымен достасып алады да, оның бай кітапханасын еркін пайдаланады. Соның арқасында ол орыс және шетел ақын-жазушыларының, ағартушы-ғалымдарының шығармаларын көптеп оқып, олармен мол танысады. Сөйтіп небәрі жетіжылдық мектепті бітіріп шыққан Ыбырай өздігінен оқып, ерінбей ізденіп, талмай еңбек етуінің арқасында жан-жақты мол білімі бар, ой өрісі өте кең, оқымысты адам болып шығады.

«Қарағым, мұнда жүрсең нетер едің?

Қолыңа құрық алып кетер едің!

Тентіреп екі ауылдың арасында

Жүргеннен не мұратқа жетер едің?», - деп, атасы Балғожа би айтқандай, Ыбырай өз атасы тәрізді тек ауыл адамы ғана емес, бүкіл бір халықтың мәңдайына біткен жарық жұлдызы болып, қазақ мәдениетінің көгіне жарқырап шыға келді.

Ы.Алтынсарин 1860 жылдардан бастап жергілікті жерлерден мектеп ашу ісімен айналысады. Сол өңірдегі қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп 1864 жылдың 8 қаңтарында Торғай қаласында ашылып, Ыбырайдың өзі соған мұғалім болады. Сөйтіп Ы.Алтынсарин 1864 жылдан 1889 жылға дейін жиырма бес жылдық өмірін қазақ балаларына арнап мектеп ашу, оларды оқыту, тәрбиелеу, оларға арнап оқулықтар, оқу құралдары және әдістемелік кітаптар жазу жұмысына сарп етеді. Осы жылдардың ішінде ол қазақ қыздары үшін мектеп-интернат, ауыл шаруашылық және қолөнер училищелерін аштырды. Өйткені ағартушы ғалым, әрі өз халқының ұлы патриоты қазақ халқының жарқын болашағын тек оқу-ағарту ісімен, білім-ғылыммен, сол білім-ғылымды ел ішіне көптеп тарата алатын мектеппен байланыстырған.

Сондықтан да ол: «Мектеп – қазақтарға білім берудің басты тұтқасы… Үміт мектепте, қазақ халқының келешегі мектеппен байланысты», - деп жазған болатын-ды.

Ы.Алтынсарин қазақ балаларына арнаған мектеп ашумен бірге онда қызмет істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін кадрларға, атап айтқанда, мұғалімдерді даярлауға аса зор мән берген. Ол мектептегі ең басты тұлға – мұғалім деп есептеген. Жақсылап салынған мектеп үйі, болуы мүмкін, тамаша жазылған оқу құралдарын да табуға болады. Бірақ бұлардың жақсы мұғалімсіз берері шамалы деп есептеген.

«Халық мектептері үшін ең керектісі оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы өкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды. Сондықтан да мен жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін»,-деп жоғары балады.

Ыбырай Алтынсарин орыс халқы мәдениетінің демократияшыл идеяларын, әсіресе, Ушинскийдің педагогикалық мектебінің жаңалықтарын шығармашылық жолмен қабылдай отырып, қазақ даласына білім таратушы, мектеп ашушы, жастарды тәрбиелеуші мұғалім болды. Ол өз ісінде әрқашан адамгершілік туын көтеріп, көптеген педагогикалық мұралар қалдырды. Солардың ішінде оның тамаша өлеңдері мен әңгімелері бар. Бірақ ол – ең алдымен ағартушы педагог. Ал оның ақындығы мен жазушылығы оның негізгі мақсатына – сол ағартушы педагогтік істеріне бағынған. Әңгімелері мен өлеңдерін балалар тәрбиесіне арнап, оқу құралдары мен оқулықтары үшін жазған.

Өзінің мектеп өміріндегі тәжірибесін Ушинскийдің, Толстойдың педагогикалық озат пікірлерін, тағы басқа да материалдарды қорыта отырып, Ы.Алтынсарин – «Қазақ хрестоматиясы» (1879 жылы) мен «Қазақтарға орыс тілін оқыту жөніндегі бастауыш басшылық» деген екі кітабын жазды. Бұл еңбектер кезінде қазақ халқының мәдениетінің тарихында аса зор оқиға, үлкен ғылыми табыс ретінде жарыққа шығуы өз кезінде қазақ халқы үшін сирек кездесетін тамаша жаңалық болды.

Ы.Алтынсариннің шығармашылығына Н.Ф.Бунаков және Н.А.Корфтің жүйесімен Ресейде құрылған бастауыш халық мектептерінің тәжірибесінің жемісті ықпалы болды. Ы.Алтынсарин оқу жоспарларын және бағдарламаларын жасауда оқыту мен тәрбиенің дидактикалық және әдістемелік тәсілдерді қолдануда оның пайдалы тәжірибелерін пайдаланды.

Ы.Алтынсарин өзінің оқу құралдарын жасауда өзінің идеялық бағыттылығы жағынан халықтың қағидаларға қызмет етуге және балаларды өз Отанына сүйіспеншілік рухта тәрбиелеуге ұмтылды. Сондықтан да орыс педагогтары мен жазушыларының шығармаларымен қатар ол хрестоматияға қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін енгізді.

«Қазақ хрестоматиясымен» жұмыс істеу барысында Ы.Алтынсаринге К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасы мен оның «Балалар әлемі», сонымен қатар Л.Н.Толстойдың, И.И.Паульсонның, Н.А:Карфтің және басқалардың оқулықтар жасаудағы тәжірбиесінің әсері орасан зор болды.

Ы.Алтынсарин Қазақстанда әйелдерге білім беруде біршама қадамдар жасады. 1887 жылы Ырғызда бірінші қазақ қыздар мектебін интернатымен ашылды.

Ы.Алтынсариннің есімімен Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру ісінің дамуы байланысты. Торғайда кәсіптік-техникалық училище ашылды, содан кейін Қостанайда ауыл шаруашылығы училищесін ұйымдастырды. Ы.Алтынсарин өзі оқып, қызмет еткен жылдары Орынбор, Қазан, Уфа, Петербург қалаларындағы сол кездегі Шығысты зерттеуші ғалымдар В.В.Катаринский, А.А.Мазахин, уездік қызметкерлер Яковлев, Караулов, Плотников т.б.тығыз байланыста, достық қарым-қатынаста болады. Солар арқылы белгілі татар ағартушылары Ш.Маржани, Қ.Насыри, С.Кукляшев, әсіресе, Петербург университетінің оқытушысы, Ш.Уалихановтың досы, белгілі татар ағартушысы Хұсин Файызхановпен де танысып, достасады. Олармен хат алысып, хат жазысып тұрады. Оқу ағарту ісінде бұлардың қайсысының болса да, Ы.Алтынсаринге көп көмегі тиген.

Әрине, Ыбырай олармен істес, қызметтес, достас болып жүргенмен, қазақ халқының тағдыры, келешегіне байланысты барлық мәселелер жөнінде үнемі пікірлес бола білмеген. Кейбір күрделі, көкейкесті мәселелер жөнінде Ы.Алтынсариннің өз достарымен келіспей қалатын кездері де аз болмаған. Мәселен, ол Н.И.Ильминский, А.Алектронов, А.Бессонов, т.б.миссионерлік әрекеттеріне қарсылық білдіріп отырған. Ы.Алтынсарин сол кездегі қазақ жазуын (яғни, араб әрпіне негізделген қазақ емлесін) орыс алфавитіне көшіруге мүлде қарсы болған. Бұл туралы жоғары орындарға бірнеше рет хат жазып, арыз айтып ұсыныстар жасаған. Мысалы, ол 1871 жылғы 31 тамызда Н.И.Ильминскийге жазған хатында былай дейді: «Шапағатты төрем Николай Иванович! Сіз бұл хатыңызда қазақ арасына орыс алфавитін енгізу жөнінде пікір айтқан екенсіз. Бұл талассыз пайдалы пікір ғой. Дегенмен, оны жүзеге асыру, меніңше, үлкен қиыншылыққа кездеседі. Орыс әрпімен жазылған кітаптар қазақ арасына, тап біздің ойлағанымыздай жеңіл және тез сіңе қоймайды. Бірінші жағынан фанатизмнің салдарынан, екінші жағынан, орыс жазуына көзі үйренбегендіктен, оның таныс еместігінен, оның үстіне, елімізде тарап отырған татар жазуының әсерінен… Кітаптарды қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығара алу керек. Міне, менің шын пікірім осы».

Алайда, Ы.Алтынсариннің өз заманы үшін бұл орынды ұсынысын Н.И.Ильминский де, сол кездегі оқу министрі Толстовта қабылдамаған. Ы.Алтынсарин сонымен бірге кейбір миссионерлердің оқушы қазақ балаларын еріксіз шоқындыруға үзілді-кесілді қарсы шыққан. Бұл жөнінде тиісті орындарға шағым жазып, наразылық білдіріп отырған.

Қазақ әйелдеріне білім беру ісі де Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты. Аса маңызды бұл бастамада ол патша өкіметі тарапынан кедергілерге ұшырайды. В.В.Катаринскийге жазған бір хатында былай деп хабарлайды: «Қазақ қыздарына арнап ашылмақ табысты боларына губернатордың күдігі бар… ал мұндай маңызды істі бастамаса, ешқашан да ештеме де болмайды ғой. Бұл істің Ырғызда оңға басатындығына мен қазірдің өзінде кәміл сенемін».

Көп ұзамай бұл араманы жүзеге асады. Ырғыз қаласында қазақ қыздарына интернаты бар арнаулы мектеп ашылады. Шындығында бұл қазақ халықының өмірінде болған аса үлкен оқиға еді. Аса маңызды бұл бастаманың сәтті болғанына Алтынсарин аса қуанады. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін, 1891 жылы Торғай қаласында, 1893 жылы Қостанайда, 1895 жылы Қарабұтақта және 1896 жылы Ақтөбеде ашуға рұхсат етілді.

Алайда, Алтынсарин аталмыш мектептерді ағарту ісінің алғашқы қадамдары деп біледі. Ыбырайдың Ушинский жолымен жүргізген оқыту жүйесі бойынша: мектеп, ең алдымен халықтық мектеп болуы керек, халықтың тұрмысына ыңғайлы, шаруашылығына қолайлы болып құрылуы керек. Ауыл мектебі ауыл өміріне, болыстық мектеп – болыстағы жағдайға сай құрылуы керек. Ауыл мектептері үлгілі, тәртіпті, көрнекті, мәдениетті, ауылдағы бүкіл мәдени-ағарту жұмысының орталығы «қазақтарды оқытудың негізгі буыны» болуға тиіс.

Ыбырай мектептерінде өтетін сабақтардың бәрі де орыс тілін жақсы біліп шығуға арналды, сабақтың көпшілігі орыс тілінде жүрді.

Ыбырай мұғалімдер жөнінде өте жоғары пікірде болды. Ол ағартушылық жолына түскен күннен бастап, қазақ балаларын ана тіліндеоқыта алатын мұғалім кадрларын даярлау ісіне белсенді кірісті. Патша өкіметі Ыбырайдың бұл тілегін қабылдамады. Керісінше, Ыбырайды қудалай бастады. Ыбырай өзінің тағы бір хатында «оқушылар даярлайтын училище ашуға талпынамын деп басыма пәле іздеп алдым, өкімет орындары маған теріс қарай бастады, «жер» аударылуға аз-ақ қалдым» деп күйініп жазды.

Сол кездегі Қазақстан жағдайында өте күрделі мәселелердің бірі – белгілі педагогикалық даярлығы бар мұғалім кадрлардың жетіспеуі Ыбырай ол мәселені екі жолмен шешуді көздеді: біріншіден, қазақтардың өз ішінен мұғалім даярлайтын қазақ мұғалімдер мектебін ашу арқылы, екіншіден, жаңадан ашылып жатқан орыс-қазақ мектептеріне Ресейдің арнаулы мұғалімдік оқу орындарын бітірген жас мұғалімдерді жұмысқа шақыру арқылы мақсатты іске асырмақ болды.

Ыбырай қазақ мектептерінің инспекторы болып жұмыс істеп жүргенде Қазан мүғалімдер семинариясының директоры Н.И.Ильминскийге жаңадан ашылып жатқан екі сыныптық орыс-қазақ мектептері үшін мұғалім кадрларымен көмектесуді сұрап әлденеше рет хат жазған болатынды. Бұл кезде Қазан мұғалімдер семинариясы Қазан, Орынбор округтары ұлт мектептері үшін мұғалім кадрларын бірден бір оқу орны еді.

Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында әдейі қазақ жастары үшін педагогикалық оқу орындарын ұйымдастыру мәселесін жедел күн тәртібіне қойды.

1883 жылы бітіріп шықты. Оның түлектері кезінде қазақ даласының түкпір-түкпірлерінде жемісті еңбек етті.

Ыбырай Орскіде ашылған педагогикалық мектептің оқу жұмысын жетілдіріп отырды. Ыбырай Алтынсарин Қазақстанда педагогикалық білім берудің негізін қалауда және қалыптастыруда ерекше роль атқарды. Сондықтан да біз Ыбырайды Қазақстанда педагогикалық білім берудің негізін салушы «Ұстаздардың ұстазы» ретінде бағалауға тиіспіз.

Ы.Алтынсариннің енді бір топ шығармалары халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын сипаттайтын этнопедагогикалық мәнде келеді. Мұның бірі өлген адамды жерлеу және оған ас беру және той жасау салты туралы баяндайды.

Халқымыздың салт-дәстүрлерін және әдет-ғұрыптарын жетік болатын жан-жақты ғылым екендігін таныта білді. Осы ерекшелік ұлы ағартушының оқулық, хрестоматияларынан да айқын аңғарылады.

Ыбырайдың қазақ балаларына арнап жазған «Қазақ хрестоматиясы» атты оқу құралына енген материалдарға зер салып қарасақ, оның балалардың жас ерекшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктеріне сәйкес құрылғанын көреміз. Осы талаптарға орай айтылар ойдың дәлдігі мен нақтылығы, қанымдылығы мен көркемдік әсемділігі негізге алынды. Сондай-ақ осы мақсатта автордың халық ауыз әдебиеті асыл үлгілері мен мақал-мәтелдерді, небір көркем шешендік сөз нұсқауларын таңдап-талғап енгізу де өте орынды.

Ыбырай жастарды оқу білім -өнерге үндегенде құрғақ насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дәлелдеуге ұмтылады.

Халықты және олардың жас өрендерін оқуға, өнер-білімге шақыруда Ыбырайдың ұран салып, ту етіп көтерген, әрқашан жаңарып, түрленіп, құлпырып, оқыған сайын сүйсіндіріп отыратын, ескірмейтін ееңбегі «Кел,балалар,оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар», «Әй,достарым», «Әй,жігіттер» деген өлеңдері.

«Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!»-деп ұран салады. Ыбырай бұл өлеңдерінде алдымен сауат ашу, оқыту мәселесін бірінші орынға қояды, баланы оқыту барысында тәрбиелеу керектігін түсіндіреді. Оның өлеңдері мен әңгімелерінің қай-қайсысы болмасын балаға тәртіпті, үлгілі, өнегелі кісі болуды уағыздайды.

Елді қараңғылықтан жарыққа шығаратын жастар, тек ғана жастар деген қорытындыға келді. Әсіресе, оның келешекке сенімі мол болды. Аңсаған арманын өзі орындай алмаса, болашақ жастар орындайды деп білді.

«Біз болмасақ сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сендерге бердім батамды!»-деп, ол өз халқының келешек ұрпақтарына сеніп кеткен еді. Міне, сол ұрпақ Ыбырай арманының жүзеге асқанын бұл күнде айқын көріп отыр.

Ыбырайдың сол кездегі қоғамдық құрылысқа көзқарасында тарихи шектеукшілік пен кейбір кемшіліктер болды. Қоғамдағы кемшіліктерді көре тұрып, оны өзгертудің негізгі жолы адамдарды ағарту, білім беру, өмірді төңкеріс жолымен емес, реформа арқылы әділетсіздікті жойып, жақсылық орнатуға болады деді.

Бұл оның көзқарасының, дүниетанымының кемшілігі еді. Ол табиғатты тануда материалист бола тұра қоғамдық құбылыстарды түсіндіруде идеалистік көзқарастан аса алмады.

Ыбырай Алтынсарин 1889 жылғы 17 шілдеде, Қостанай қаласынан үш шақырымдай жердегі «Инспектор көлінің» жағасында салынған өзінің үйінде, қырық сегіз жасқа толуына үш ай және үш күн қалғанда дүниеден өтті.

Қазақ педагогикасының ұлы классигі Ы.Алтынсариннің 150 жылдық мерей тойы 1991 жылы Қостанай мемлекеттік университетінің базасында Қостанай қаласында атап өтілді. Мерей тойды өткізу барысында ұлы ағартушының туған топырағы «Инспектор көлінің» жағасында Ыбырайға арналған кесене іске қосылды, Қостанайда Ыбырай Алтынсарин көшесінің бойында «Музей үйі» ашылды. Қостанай университетінде республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, оған республиканың белгілі Ыбырайтанушы ғалымдар, жазушылары жоғары оқу орындары, оқытушылары, мектеп мұғалімдері, Ыбырайдың ұрпақтары қатысқан болатынды.

Туған халқының талантты перзенті ұлтының рухани мақтанышы, тұңғыш ағартушы-педагогі Ы.Алтынсарин қазақ халқының мәдениеті мен тарихының алтын қорына үлес қосумен қатар өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас бай мұра қалдырды.



2.3 Ахмет Байтұрсынұлының саяси қызметі және Алаш Орда идеясы



Ахмет Байтұрсынұлы (15.1.1872, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8.12.1937, Алматы қаласы) – қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895–1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды. Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсыновты қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды. Байтұрсыновтың Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды. Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Байтұрсынов 1917 жылы рев. өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ к-ттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, «Қазақ газеті» арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды. Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынов пен Дулатов қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру – жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады. Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсыновты бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-рев. к-ті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық» деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п). 1920 жылы В.И.Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты. [2]

Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешіміне қарсы Б-тың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің құрамына еніп, 1920–1921 жылы Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары қызметінде болды. 1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген. 1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. 1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ «үштігінің» 1930 ж. 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда 10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 ж. қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды. 1933 жылы мамырда денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүрген отбасымен (әйелі мен қызы) бірге өткізуге рұқсат беріледі. 1934 жылы М.Горькийдің жұбайы Е.П.Пашкованың көмегімен Байтұрсынұлы отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарады. 1937 жылы 8 қазанда тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды. Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсыновтың алғашқы кітабы – «Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Байтұрсынұлы мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеум. сананың оянуына ықпал етті. Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). «Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды. Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңарта отырып, Байтұрсынұлы 20 ғ. басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшіл-демократтық дәрежеге көтерді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы қазақ тіліне А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ф.Вольтер, С.Я.Надсон өлеңдерін аударды. Бұл аудармалар Байтұрсыновтың тақырыпты, идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар. Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы ақын көп қырлы ісімен, даналық саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды. Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы – әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі. Мақалада ұлы ақын Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-эстетик. сипаты баяндалды. Ол Абай өлеңдерінің даралығын, «сөзі аз, мағынасы көп, тереңдігін», сыншылдығын ұғындырды. Байтұрсыновтың Абайдың ақындық шеберлігі, поэзияға деген көзқарасы туралы ғылыми тұжырымдары қазақ әдебиеттану ғылымында жалғасын тапты. Оның «Әдебиет танытқыш» деген зерттеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек. Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады. Халық тілінің бай қоры көзінен мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздерді термин етіп алып, соның негізінде қазақ әдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап, жіктеп берді. Мысалы, сөз өнері, шығарма, ауыз әдебиеті, толғау, т.б. ғылыми-теориялық еңбекке қазақ әдебиетінің ең бейнелі, мазмұны мен мағынасы терең шығармаларын мысал ретінде пайдаланды. Сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны ұлттық үлгілерін жасады. Мысалы, меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, әсірелеу, алмастыру, шендестіру, үдету, түйдектеу, кекесіндеу, т.б. «Әдебиет танытқышта» ақындық дарын табиғаты, шығарм. психологиясы, шабыт стихиясына ғылыми тұжырым берілді. Өлеңге жан-жақты зерттеу жасап, шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас, т.б. ұғымдарға анықтама берді. Байтұрсынұлы қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғылыми негізде топтап берген. «Әдебиет танытқыш» – сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып, талдап-түсіндірген ғылыми- зерттеді. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышымен» қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды. Сондай-ақ ол – әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Көркемдігі айрықша «Ер Сайын» жыры (1923) мен қазақ тарихының төрт жүз жылын қамтитын «23 жоқтау» жинағын (1926) кітап етіп шығарды. Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Ахмет Байтұрсынұлы «әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін» айтты. Байтұрсынұлы – қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырған ірі қайраткер. Ол қазақ халқына, зиялы қауымға газеттің қоғамдық қызметін ұғындырып, баспасөздің өркениетті, тәуелсіз елге аса қажет нәрсе екенін жанкешті іс-әрекетімен көрсетті. Байтұрсынұлы ұйымдастырып, бас редактор болған «Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. «Қазақ» газеті халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа айналды. Байтұрсынұлы – әлеум. мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді. Абайдың қоғам өмірінің демокр. құрылысы туралы ойларын дамытып, саяси-әлеум. жағдай, оқу-ағарту, халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы мәселелерді қозғады. Қазақ зиялыларының жан-жақты білімдар әрі саяси күресте шыңдалған легін қалыптастыруда Байтұрсыновтың публицист, баспасөз ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі ұшантеңіз. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор. [3]

Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), құрылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады. Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды. Орыс, татар мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін қолданудағы кемшіліктерін көріп: «[[Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық» деп жазды. Байтұрсыновтың «Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. «Оқу құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. Байтұрсынұлы қазақ тілінің тазалығын сақтау үшін қам қылды. Өзі жазған «Өмірбаянында» (1929): «...Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым» деген. Б. қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. Оның үш бөлімнен тұратын «Тіл – құрал» атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, морфологияға арналған бөлімі 1914 ж., синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. «Тіл – құрал» қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Оның тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді қалыптастырды. Мысалы, зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы практикалық құрал ретінде «Тіл жұмсар», мұғалімдерге арналған «Баяншы» деген әдістемелік кітаптар жазды. Ол – қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-ағартушы. Байтұрсынұлы оқулығындағы тілдік категорияларды ұғындыру мақсатында енгізген «сынау», «дағдыландыру» деген арнайы бөлімдер қазіргі заманғы әдістеме ғылымы үшін де өз маңызын жойған жоқ. Байтұрсыновтың ақын, аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие болды. 1923 жылы Байтұрсыновтың 50 жасқа толғаны Орынбор, Ташкент қалаларында салтанатты түрде аталды. С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, М.Дулатов, Е.Омаров сияқты замандастары баспасөзде мақалалар жариялап, Байтұрсыновтың қазақ халқына сіңірген еңбегін өте жоғары бағалады. Өмірі мен қызметіне, шығармашылығына ғылыми пікір-тұжырымдар айтылды. Әуезов Ахмет туралы «Ақаңның елу жылдық тойы» деген мақаласында «...Кешегі күндерге дейін бәріміз жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған өсиеті, үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ. Патша заманындағы хүкіметтік өр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға салған пікірі ... әлі күнге дейін үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы ұшырайды, құлағымызға жайлы тиеді» деп жазды. 1929 ж. шыққан «Әдебиет энциклопедиясында]]» (Мәскеу) Байтұрсынұлы тұлғасына «аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогы. Ол қазақ тілі емлесінің реформаторы және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы» деген ғылыми әділ баға берілді. 1933 жылы шыққан М.Баталов пен М.С.Сильченко|Сильченконың «Қазақ фольклоры мен қазақ әдебиетінің очерктері» деген кітапшасында: «оның негізгі бағыты қазақ халқының қоғамдық-мәдени оянуына ықпал ету болды» деп Б-тың қоғамдық қызметін қорытындылады. Кейінгі коммунистік идеология Б. есімін ауызға алуға көп жылдар бойы тыйым салып, ол туралы сыңаржақ пікірлер айтылды. Саяси қысымның қаупіне қарамастан белгілі түркітанушы, академиг А.Н.Кононов «Отандық түркітанушылардың биобиблиографиялық сөздігі» деген еңбегінде (1974) Байтұрсыновтың толық өмірбаянын беріп, әлеум.-қоғамдық қызметін, басты еңбектерін нақты айтты. Оның қазақ әліппесінің авторы екендігі, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы оқулықтарын жазғандығы көрсетілді. 1988 жылдан кейін Қазақстандағы көптеген көше, мектептерге Байтұрсын есімі берілді. Тіл білімі институты, Қостанай университеті Байтұрсыновтың есімімен аталды. 1998 жылы оның туғанына 125 жыл толған мерейтойы салтанатпен атап өтіліп Алматы қаласынданда республика ғылыми конференция өткізілді, Байтұрсыновтың мұражай-үйі мен ескерткіші ашылды.[4]

Ахмет Байтұрсынұлының әдебиет майданындағы есімі әр жас ұрпақ жүрегінде Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы, тарихтағы орны ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік істері аса жоғары бағаланған. Өз уақытының аласапыран құбылыстарын бағалау болашақ алыс өрістерді көруге келгенде алмағайып ағыстарға малтығып, қалың тұманда адаспай Ахмет Байтұрсынұлының әуелі тарихтағы орнына тоқталып өткен жөн. Ақан ашқан қазақ мектебі, Ақан түрлеген ана тілі, Ақан салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, «Қырық мысал», «Маса» еңбегі, «Қазақ газетінің» 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытқанда да, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына ешкім дауласпайды деп ұлы данышпанымыз Абай есімін бар әлемге таныстырған Мұхтар Омарханұлы Әуезов айтқан болатын. Ахмет атамыздың тарихтағы орнын, әлеуметтік-қоғамдық істерін, дүниетанымдағы кейбір қайшылықтарын өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділін айтқан адамдардың бірі – Сәкен Сейфуллин. Ол «Еңбекші қазақ» газетіндегі өз мақаласында былай деген екен: «А.Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан өз заманында патша арам қулықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары губернатор, соттарға күшін сатып, тілмаш болып, арларын сатып, ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай, қызметтерін қылды. Қалай болса да, жазушысы аз ғана, әдебиеті нашар қазақ жарлыларына оқу хәм тіл құралдарымен қылған қызметі таудай». Ахмет атамыздың әдебиет майданында есімін асқақтатар болсақ, қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын ұлы Абай тапқан аударма жасау дәстүріне мойын ұсынады. Бұрынғы ескі ертегі, хикая үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма – мысал арқылы көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крыловтың туындыларын аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып шығарды. Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді төл дүниесіндей етіп жіберді. Әртүрлі аңдар, әртүрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым жасалады. Адамдардың мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты көптеген жайттарды әсіресе патша отаршылардың зорлық-зомбылығы, байлардың, жуандардың тепкісі, елдің азып-тозуына байланысты сарындарды А.Байтұрсынұлы жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді, кейде ашық дәл айтылатын ойлары да кездеседі. Алуан-алуан ойға жетелейтін «Қайырымды түлкі», «Ала қойлар», «Үлес», «Қартайған арыстан», «Өгіз бен бақа», «Ат пен есек» мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды меңзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алады. Аудармашы негізгі түп нұсқа мәтініне орайластырып, көркем ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа сарын-әуез қосып отырады. Ақын аудармаларында сюжет сақталғанмен еркіндік басым, қазақ тұрмысына жақын идеялар, заман тынысын таңытатын жаңа ойлар айтылады. Түп негізі қысқа болғанымен аудармашының аудармасы ұзақ болып келеді. Мысалы, «Өгіз бен бақа» орысшада-17, қазақшада-36 жол, «Қасқыр мен тырна» орысшада-19, қазақшада-76 жол, «Қасқыр мен қозы» орысшада - 37, қазақшада-68 жол. Бұдан біз Ахмет атамыздың жаңа, ұлттық төл туынды жасағанын көреміз.

1911 жылы Орынбор қаласында «Маса» жинағы жарыққа шығады. Мұнда Ахметтің өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық бір талай өлеңдерге арқау болады. Ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы басты сарын.

«Маса» кітабына енген өлеңдерде жеке бастың мұң-шері, тұрмыс-салт суреті емес, негізінен әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар айтылады. Өзін-өзі күйттеген, байлық үшін, мансап үшін ар-абыройын сатқан, «жақсылығы өз басынан артылмаған», «бос белбеу, босаң туған боз бала», «бір тойғанын ар қылмаған шалдар», «қайырсыз кеще сараң байлар» сыналады. «Туысыма», «Досыма хат», «Қазақ қалпы», «Жұртыма» өлеңдерінде ұлы Абай сатирасын еске түсіретін сарындар, ойлар, образдар бар. «Анама хат», «Жауға түскен жөн сөзі» - қорлық-зорлыққа мойымаған, бостандық, еркіндік жолында бәріне көнген қайратты ерлер тұлғасын мүсіндеген жырлар. Қарқаралы тұтқынынан Семейге айдалған А.Байтұрсынұлы «Қарқаралы қаласына» деген өлеңін жазады: Қош, сау бол, Қарқаралы, жуылмаған, Айдай бер қалса адамың қуылмаған. Әдепті, сыпайы елдің қалпында жоқ, Жасырын дыбыс шықты шуылдаған. Бүркеніп арсыздардың шайнауына, Жем тапты пісірмеген, қуырмаған. Шыққан соң талғамайтын доңыздардың Қасыңа қиын болар жуу маған.

Екі жинақ – «Қырық мысал», «Маса» қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен өрнектеп байытты. Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты заман талабына сай жігерлі поэзия туды.

А.Байтұрсынұлының қазақша әліппе жасауы,араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тілі білімнің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып, өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (фонетика), сөз жүйесін (морфология), сөйлем жүйесін (грамматика) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын. «Ахметтің Қазан төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі сықылды орындарда оның еңбегі мол... Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілінен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес. Мұны пролетариат та бағалайды», - деп жазды Сәбит Мұқанов. Хаббас Тоғжанов пікірі де осымен сабақтас: «Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып сүйсінеді».

Ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының есімі бүгінгі таңда әр жас ұрпақ жүрегінде жатталып, мәңгі есте қалары хақ.

Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.[6]

Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.

Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды- жіңішкелі үндестік зааңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаха- наларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының [7] әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі - ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.

Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға болады. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны, шығармаларының мазмұн тереңдігі, ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақын мұрасының эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған. Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайында» алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923 ж. Москвада шығарды.

Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926 ж. «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары», «бунақ буындары», «ұйқастығы» т.б. сөз етіледі.

Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары — шежіре, заман хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі — мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері — пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады.

Байтұрсынұлы Еуропа жұртындағы сындар әдебиетінің бай тәжірибесін меңгеруге бет алушылық, қазақ көркем сөз ізденістерінде сәйкестік, үйлесімділік тапқанын айтады. Байтұрсынұлы әдебиет зерттеушісі ретінде қазақ әдебиетінің даму процесін жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар әдебиетіне ортақ сипаттармен ұштастыра талдауға тырысады.

Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер бар.

Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды.

1926 ж, Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады.

Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін 20 ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.[8][9]



2.4 Міржақып Дулатұлы және Алаш тұлғалары



Міржақып Дулатов (1885–1935) — Ахмет Байтұрсыновтың халық бостандығы жолындағы күрес жылдарында да, әдебиет саласында да онымен қатар жүрген серігі. Оның «Оян, қазақ!» (Уфа,1909) жинағы – халық тағдырының проблемалары өткір көтерілетін алғашқы туындылардың бірі.

«Оян, қазақ!» жарыққа шыққан кезінен бастап отаршылдыққа қарсы бағытталған кітап ретінде қабылданды, оның таралымы жойып жіберілді, ал авторы қуғынға ұшырап, талай рет түрмеге қамалды. Алайда бұл ақынды мойытпады, ол өзінің әдеби-көсемсөздік қызметін сол күйінде бел­сенді түрде жалғастыра берді. Бұл кезеңде ол «Бақытсыз Жамал» романын (Орынбор, 1910), «Азамат» (Орынбор, 1913), «Терме» (Орынбор, 1915) деген жинақтарын шығарады. 1913 жылдан бастап Орынборда тұрақты тұрып, Ахмет Байтұрсыновпен бірге «Қазақ» газетін шығарады.

М. Дулатов орыс және шетел классиктерінің (Пушкин, Лермонтов, Шиллер, Тоқай) бірқатар туындыларын аударды. Дулатовтың қазақ көсемсөзін дамытуға да қосқан үлесі баға жеткісіз.

XX ғасыр басында алаш зиялыларын маңына топтастырып, бүкіл халыктың жоқшысы, жанашыры бола білген басылымнын бірі — «Қазак» газеті. Ол 1913 жылдың 2-ақпанынан 1918 жылдың соңына дейін Орынбор қаласында шығып тұрған. Ал Орынбор ол кезде бүкіл түрік халықтарының саяси-мәдени және рухани орталығы ретінде Қазан қаласынан кейін екінші орынды иеленетін.

Ахмет Байтұрсынов 1909 жылдан 1910 жылдың 21-ақпанына дейін Семей қаласында абақтыда отырады. Қылмысын әйгілейтін нақты айғақтар болмағандықтан, патша жандармериясы оны босатып, бір тәуліктің ішінде Семей қаласынан кетуге, үш жыл бойы қазақ даласынан сырт жерде тұруға үкім шығарады. Сөйтіп Ахмет Байтұрсынов ежелден ғылыми және мәдени дәстүрі бар, қазақтың оқыған азаматтары шоғырланған Орынбор қаласына 1910 жылдың наурыз айында келеді де, онда 1918 жылдың аяғына дейін тұрады. Осыған байланысты Орынбор генерал-губернаторы Н. А. Сухомлинов Ресей Ішкі істер министріне: «Байтұрсынов өз қалауы бойынша тұруға-Торғай облысына таяу орналасқан Орынбор қаласын таңдап алып, әуелде көшпенділер басқармасына қызметке кіріп, содан соң қырғыз тілінде «Қазақ» газетін шығара бастады» деп хабарлайды. Ал Орынбор Губерниялық жандарм бастығының көмекшісі генерал Бабич Түркістан жандарм басқармасына берегн иқұпия мәліметінде Ахмет Байтұрсыновқа байланысты қосыша дәлелді былай деп берген: «Ахмет айтұрсынов... Орынборға 1910 жылы 10- наурызда келіп, көп ұзамай еркін жалданушы есебінде Торғай Орал көшпенділер партиясында 60 сомдық айлықпен кеңсе ісін жүргізуші болып орналасты»

Ахмет Байтұрсынов «Қазақ» газетіне редактор болып бекітілгенге дейін екі жылдан астам уақыт құжатта көрсетілген мекемеде қызмет атқарғаны анық. Ол осы уақытты белгілі бір дәрежеде газет шығару жұмысына дайындық жасауға пайдаланған болуы керек. Әрине, газетті ашу қаншалықты қиын болса, оны патша үкіметінің қатаң бақылау жағдайына ұзақ уақыт бойы шығарып тұру соншалықты азапқа түскен. Ахаң азапқа белшеден батып жүріп, 1913 жылдың қаңтар айында «Қазақ» газетін шығару үшін рұқсат алады. Газеттің алғашқы санының шыққаны туралы құжатта былай делінген: «Қазақтың» алғашқы саны бір айдан кейін яғни 2-ақпан күні жарық көрді. Басып шығарған Орынбордағы «Каримов. Хусайнов және К. серіктестігінің баспаханасы» студенттерінің газетке деген ықыласы мен ынтасы ерекше ыстық еді. «Қазақ» газетіне бір жыл толғанда редакцияға жан-жақтан, әсіресе, Ресейде оқитын қазақ студенттерінен кұттықтау жедел хаттар ағылып келген. Мысалы,

«Қазақтың таң сәулесі жылға толғанын құттықтаймыз хәм еңбегі болашақта жемісті болып, жұрт пайдасын көргенін тілейміз». Қазақ студенттері, 2-ақпан.

«Жас қазақтың толған жылын құттықтаймыз, хәм қымбат ұлтымыз қазақ этюдын нұрландыру жолында өмірлі болып, көп жылдар қызмет етуін тілейміз». Жас қазақтар, 2-ақпан. Петербург.

«Қазақ» газеті бетінде басылған қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне қатысты кейбір жарияланымдар ел билеушілердің озбырлығын, әділетсіздігін аямай әшкерелеген. Мұндай мақалалар ресми орындардың наразылығын тудырып, олар газет редакциясын үнемі бақылауға алып, тінтулер жүргізіп отырған. Оның редакторын бірнеше рет жауапқа тартып, айып салып, абақтыға да отырғызған. Осы шараларга қарамастан «Қазақ» газеті өз заманының энциклопедиясына айнала алған. Себебі жалғыз өзі көптеғен басылымның міндетін қатар атқарып отырғаны анық. «Қазақ» газетінің тақырыптық аукымы кең, жанры сан салалы. Бүгінгі ұрпақ үшін ол сонысымен де құнды. Мысалы, газет бетінен поэзия, проза, аударманың үздік үлгілерін кездестіреміз. Олар — «Туған жер», М. Жұмабаев, 1913 жыл, 5-сан, «Жұт», М. Дулатов, 1913 жыл, 8 сан, «Елім-ай», М. Дулатов, 1914 жыл, 52-сан. Келтірілген мысалдар Өлең-жыр» айдарымен тұрақты жарияланып тұрған. Олар басылымның көбіне екінші, болмаса үшінші бетінің төмен жағына карай орналасқан. Себебі, газеттің бірінші бетінде саясат, экономика, әлеуметтік жағдайлар мен хабарлар, ақпараттар орын алған.

Авторлар кейде өз аттарын толық жарияласа, кейде бүркеншік атпен қатысқан. Мәселен, «Ешкі тау», Н. Маркестан, тәржімілеген — Қыр баласы. Көбінесе, «Көркем проза» үлгілері, «Оқшау сөз» айдарымен жарық көріп отырған. Ал басылым бетіндегі ғылыми еңбектердің өзін бірнеше салаға бөліп қарастыруға болады. Мысалы, медицинаға байланысты Е. Касболат-овтың «Чума» (1913 жылы, 8-санда) және Ж. Тілеулиннің «Денсаулық жайынан» атты көлемді еңбегі (1913 жылы №№ № 9, 19, 20-сандарда) жарық көрген. Мұнымен қатар газет тек адамдардың денсаулығына ғана көңіл бөліп қоймай, қазақтың ата кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан мал дәрігерлік тақырыбына жазылған ғылыми еңбектер де жариялаған. Мысалы, газеттің 1913 жылы 10-санында «Мал індеті», сол жылы 27-санында «Сиыр малы тұқымын асылдандыру» атты еңбектер шыққан.

Сондай-ақ «Қазақ» газеті ғылыми-техникалык такырыпқа жазылған мақалаларды да үнемі жариялап отырған. Мысалы, «Соғыстағы машина-лар» газеттің 1914 жылы 91-санында, «Аспанда ұшып жүретін машиналар хәм Европа соғысы» 1914 жылы 81-санында басылады.

«Қазақ» газеті өзі шығып тұрған жылдары қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани өмірдің өзекті мәселелерін көтеріп, халықтың ұлттық сана-сезімін оятуда сан алуан жұмыстар істейді. Қалың жұртшылық көшпелі және жартылай көшпелі қазақ ауылы өмірінің барлық мәселесінен осы басылым арқылы хабардар болған. Мәселен, көшпелі ауылды отырықшыландыру мәселелері газет бетінде қызу пікірталас тудырады. Мұнымен қатар, «Қазақ» газеті ақпарат тарату ұйымына айналып, ішкі және сыртқы жаңалықтарды бұқараға хабарлап, таныстырып отырады. Осыған байланысты Ахмет Байтұрсынов былай дейді: «дүниеде болып жатқан істер сөйлеп жатқан сөздер кімге пайдалы кімге залалды екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса шаттанып, залалдысынан сақтанып тұрды».

Басылым бетінен статистикалық еңбектер, жарнамалар, әр түрлі мерзімді басылымдарға шолулар, қаражаты тапшыларға, мұқтаж болған оқушыларға көмек жасады.



2.5 Торғай зиялылары және Алаш Орда құрылтайы



1917 ж. желтоқсанның 5—13 Орынборда 2-ші бүкіл қазақ-қырғыз құрылтайы өткізілді.

Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері болды.

Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы Ә. Бөкейханов, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы — Семей (кейін Алаш-қала атауын алды) қаласы еді.

Бұл туралы кейіннен Ә. Бөкейханов (1919 ж. ақпанның 11) былай деп мәлімдейді: «съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады…». Үкімет төрағалығына үш қайраткер — Бөкейханов, Құлманов және Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Бөкейханов төраға болып сайланды. А. азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына жау күштер жағында болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен А. үкіметін таратты. Кеңес өкіметі Алаш пен А-ны Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдісін де, қару жұмсап, күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919, 1920 ж.) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды. Сол кезде Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды.

Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметіне Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. Өйткені Кеңес үкіметі кеңестік негіздегі автономияларды ғана қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына көзқарасы басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дәлірек айтқанда Ә.Бөкейханов бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп санады. Бұл жолдағы күрес оқиғалары төмендегідей өрбіді.

Алаш Орданың ақтармен бұл бағыттағы алғашқы байланысы, 1918 жылы 8-ақпанда большевиктер тұтқындаған Сібір облыстық Думасының орнына құрылған Уақытша Сібір үкіметімен болды. Алаш Орда жетекшілері атаман Дутовпен, Самардағы Құрылтай жиналысы мүшелері Комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алаш Орданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ аутономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды.

Уақытша Сібір үкіметі бастан-ақ қазақтарға ұлыдержавалық пиғыл танытты. Олар Алаш қайраткерлерінің ел ішіндегі беделін өздерінің мақсаттарын жүзеге асыруға мәселен, қажет кездерде әскер күшін жасақтау, соғыстың бүкіл салмағын халық мойнына арту т.б. жағдайларға пайдалануды көздеді. Бұл үкімет Алашорданың белгілі бір үкімет органы ретінде дербес, белсенді әрекет жасауына келісе қоймады. Архив деректері, Сібір үкіметінің мүддесін жүзеге асырушы эмиссарларға Алашорданың батыл қарсылық білдіріп отырғанын көрсетеді. Мұның соңы қазақ автономиясының өзін ресми тану туралы мәлімдемесін, Сібір үкіметінің «нағыз сепаратизмнің белгісі» деп айыптауымен аяқталды.

Бұдан кейін Алашорда Бүкілресейлік биліктен үміткер тағы бір үкімет — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелері комитеті (Комучпен) қарым-қатынаста болды. 1918 жылы 8 маусымда өмірге келген негізінен эсерлер басқарған бұл үкімет, демократиялық принциптерге беріктігін бірден-ақ байқатты. Бұл олардың Алашордаға көзқарасынан-ақ байқалады. Тамыз айында Комуч құрылып жатқан басқа үкіметтердің қатарында Алаш Орданы да мойындайтындығын мәлімдеді. Комитет құрамына — Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, М. Шоқай және т.б. кірді. Бірақ бұл табыс та ұзаққа бармады.

Оппозициялық күштерді біріктіру мақсатында Комуч ұйымдастыруымен 1918 жылдың 8-23 қыркүйегінде Уфа кеңесі өтеді. Кеңеске жоғарыда аталған қайраткерлер қатынасты. Бұратана халықтар атынан сөйлеген Ә. Бөкейханов өздерінің сепаратизмнен аулақ екендігін, демократиялық-федеративтік Ресеймен біртұтас екендігін айтты.

Кеңес жүріп жатқан кезде 11-қыркүйекте Ә. Бөкейхановтың төрағалығымен Х. және Ж. Досмұхамедовтер, М. Тынышбаев, У. Танашев, Ә. Ермеков, А. Бірімжанов қатысқан Алашорданың төтенше мәжілісі өтеді. Онда қазақ автономиясын Алашорданың бір өзі басқаратыны, ал бұрынырақта (18-мамырда) батыс Қазақстандағы саяси жағдайға байланысты уақытша құрылған Ойыл уәлаяты таратылатыны шешілді. Оның онына жол қатынасы нашарлығымен соғыс жағдайы себебінен Алашорданың батыс бөлімшесі құрылды. Бұл болашақта шақырылатын Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы қарсаңында, бірауыздан құрылған автономия бар екенін Кеңеске қатысушыларға көрсету болатын.

23-қыркүйектегі Кеңестің соңғы күнінде Уақытша Бүкілресейлік үкімет — Директория жарияланды. Бірақ бұл Директория өзі жойылардан аз ғана бұрын 4-қарашада шыққан бұйрығымен, бөлінбейтін Ресейді қалпына келтіру үшін барлық облыстық үкіметтермен бірге Алашорданың орталық үкіметін таратып, оның облыстық, уездік ұйымдарын ғана қалдырды. Орнына мәдени-тұрмыстық мүдделерді басқаратын Бас Уәкілдік қызметін енгізді.

Бас Уәкілдік мәселесі 18-қарашада Омбыдағы төңкеріс нәтижесінде өзін «Жоғары Билеуші» деп жариялаған адмирал Колчак кезінде қаралды. «Николайдың заманы мен тәртібі келген уақытта да» қазақ зиялылары көздеген мақсатынан таймады.

Колчак үкіметі Бас уәкілдің міндеті туралы Ережені талқылап, оған керекті материал жинау үшін қазақ даласына өз өкілдерін жіберді. 2-мамырда Семейге келген Ішкі Істер Министрлігінің өкілі Г. Малахов, аталған мекеменің Алашорда тағдыры туралы жоспарын бір топ қазақ интеллигенттеріне таныстырады.

1919 жылы 6-мамырда А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, Р. Мәрсеков, А. Қозбағаров, С. Дүйсембинов, Х. Ғаббасов өлкені басқару туралы жаңа Ережеге өз көзқарастарын білдіріп, Ішкі Істер министрлігінің «Бұратаналар» бөліміне Семейден хат жолдайды. Онда ұлттық-территориялық автономия құру туралы шешім қабылдаған ІІ жалпықазақ сьезі, 1917 жылдың өн бойында өткен облыстық сьездердің қорытындысы болғанын, сол съезд шешіміне қарай қажетті жағдайларда әрекет жасағандарын (Ресей мемлекетін қалпына келтіру үшін Кеңес үкіметіне қарсы ортақ күреске қосылғандарын) сондықтан да қазіргі ауыр жағдайда Ресей мемлекетін қалпына келтіруге кедергі келтірмес үшін ұлттық мүддені қоя тұрып, Уақытша Бүкілресейлік Өкіметтің 1918 жылғы 4-қарашадағы бұйрығына көніп отырғандарын, бірақ бұл жарлықтағы қазақ өлкесін басқаратын арнайы органның құрылуы туралы ереженің кешігуі, қазақ халқын алаңдатып тұрғаны айтылды.

Одан әрі хатта, бұл мәселені шешуді жолсапарға өз өкілдерін жіберу арқылы емес, Омбыдағы үкіметпен келіссөз жүргізіп жатқан Алашорда өкілдері пікіріне жүгіну жолымен шешу дұрыс болатыны ескертілді. Сондай-ақ, хат иелері қазақ халқын басқару туралы Малахов әкелген жоспар-жобаға байланысты өздерінің мынадай ұсыныстарын да көрсетті:

1) Бас уәкілдік туралы. Алаш автономиясын құрайтын қазақ облыстарын басқаратын Бас уәкілдік жекелеген бір министрлік өкілдігі болмауы керек, ол қазақ халқын ұлттық басқару органы болуы тиіс. Сондықтан Бас уәкілдік Ішкі Істер министріне тәуелсіз болып, тек Министрлер Кеңесіне ғана бағынуы керек. Сонымен қатар Бас уәкілдіктің жанында жолдастарымен (орынбасар) қоса, Кеңес құрылуы тиіс.

2) Жергілікті жерлердегі басқару туралы. Бұл басқару ұлттық принципке негізделіп, облыстық әкімшілік және милиция басқармасы қазақ ұлттық басқару органына бағынсын. Ол үшін облыс-уез, болыстарда тікелей Бас уәкілдікке бағынатын ерекше органдар құрылуы қажет. Біздегі земство түрінде ойлайтын, өзін-өзі басқару органдарына келсек, қазіргі облыстық, уездік земстволар (барлық ұлтқа ортақ) сол күйінде қалып, ал болыстық земстволар қазақ, орыс халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің өзара айырмашылығы жер мен көктей болғандықтан, қазақтардікі орыс халқынан бөлек болғаны жөн. Болыстардағы әкімшілік органы земство мекемелеріне қосылып, оның міндеті земствоның бір мүшесіне жүктелсін.

3) Жекелеген мәселелер туралы. Діни істермен айналысатын жоғары инстанция — Бас уәкілдік жанындағы Кеңес болып, ол діни лауазымдары бар адамдармен толықтырылып отырса. Орыс бодандығындағы қазақтардың, шекаралас шет мемлекеттермен байланысы туралы істеріне қазақ ұлттық басқармасынан да адам қатыстырылуы қажет деп санаймыз.

Колчактың қазақ даласын басқаратын Бас уәкілдік тағайындау туралы жаңа Ережені жаңғыртқан әрекеті алайда жүзеге асқан жоқ. Мұның себебі, бір жағынан күннен-күнге жеңіліске ұшырап жатқан Ақ Армиядағы сәтсіздіктер болса, екінші жағынан ұлттық қозғалыстарға жауыға қарайтын орыс үкіметтеріне тән қасиетті бойына сіңірген Колчак билігінің өзінен болды.

Алашорда сонымен бірге Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Халел және Жанша Досмұхамедовтер Ленин, Сталинмен, сондай-ақ Халел Ғаббасов ұлт ісі жөніндегі халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі — аутономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі, бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды.

Алаш қайраткерлеріне Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1919 жылғы 4 сәуірдегі және 1920 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен амнистия жарияланса да, Кеңес үкіметі күшіне мінгеннен кейін, олардың өткенін ешуақытта ұмыта да, кешіре де алған жоқ. Түрлі әдіспен бүркеленген қудалау ақыры, Алаш зиялыларын жаппай қырғынға ұшыратты. Бұл зобалаңнан аман қалған саусақпен санарлық зиялы қазақ, өмірлерінің соңына дейін Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиеті назарынан тыс қалмады. Ал атылғандардың үрім-бұтақтары да соңғыларының кебін киді.

Бұдан кейінгі Қазақстанның саяси тарихы бәрімізге белгілі. Алдымен 1920 жылы құрылған Қазақ Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы, кейіннен 1936 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы болған тұсында қазақтар отаршылдық қамытынан қол үзген жоқ. Қазақ халқы өз тілін, дінін, әдет-ғұрпын, саяси санасын жоғалту алдында тұрды. Өз тілінен жеріген ұрпақ пайда болды, мәңгүрттік пайда болды.[1]

Алаш Орда тізімі

1. Бөкей Ордасынан — Танашев Уәлитхан (1887—1968), заңгер;

2. Орал облысынан — Досмұхамедов Халел (1883—1939), әскери дәрігер;

3. Ақмола облысынан — Тұрлыбаев Айдархан (1877—?, 1937 ж. тұтқындалған), заңгер;

4. Торғай облысынан — Бірімжанов Ахмет (1871—1927), заңгер;

5. Семей облысынан — Ғаббасов Халел (1888—? 1931 ж. тұтқындалған), физик-математик;

6. Жетісу облысынан — Аманжолов Садық (1889—1941) заңгер;

7. Сырдария облысынан — Шоқаев Мұстафа (1890—1941), заңгер.

Облыстардан тысқары:

8. Бөкейханов Әлихан (1866—1937) — Арқадан, экономист, Алаш орда үкіметінің төрағасы;

9. Досмұхамедов Жанша (1887—?, 1930 жж. ұсталынған) — Орал облысынан, заңгер;

10. Ермеков Әлімхан (1891—1970) — Қарқаралыдан, математик;

11. Тынышбаев Мұхаметжан (1879—1937) — Жетісу облысынан, инженер;

12. Құлманов Бақтыкерей (1859—1919) — Бөкей Ордасынан, шығыстанушы;

13. Ақбаев Жақып (1876—1931) — Арқадан, заңгер;

14. Мәметов Базарбай (1888—1946) — Жетісу облысы, Лепсіден, заңгер;

15. Әлжанов Отыншы (1873—1918) — Шығыс Қазақстаннан, ағартушы-мұғалім.

Мүшелікке кандидаттар:

1. Қашқынбаев Иса (1891—1948) — Текеден, дәрігер;

2. Жақыпбаев Нүсіпбек (1890—1932) — Жетісу облысынан, дәрігер;

3. Итбаев Ережеп (1873—?, 1930 жж. ұсталынған) — Шығыс Қазақстаннан, заңгер;

4. Сабатаев Сатылған (1874—1921) — Жетісу облысынан, Қаскелеңнен;

5. Қасаболатов Есенғали (1889—1938) — Текеден, дәрігер;

6. Ниязов Батырқайыр (1872—1924) — Бөкей Ордасынан, заңгер;

7. Боштаев Мұқыш (1888—1921) — Баянауылдан, заңгер;

8. Жанайдаров Сейілбек (1884—1929) — Атбасардан, заңгер;

9. Нұралыханов Сәлімгерей (1878—?) — Бөкей Ордасынан, заңгер;

10. Алмасов Өмір (? —1922) — Торғайдан, халық мұғалімі;

11. Қадырбаев Сейдәзім (1885—1938) — Торғайдан, заңгер;

12. Кенжин Аспандияр (1887—1938) — Гурьевтен, халық мұғалімі;

13. Бекімов Молданияз (1882—?, 1930 жж. соң белгісіз) — Текеден, әскери қызметкер;

14. Тұрмағамбетов Есен (? — ?) — Торғайдан;

15. Солтоноев Белек (құжаттарда — Жанеке, Жапеке) (1878—1938) — Жетісу облысынан, қырғыз, мал дәрігері.

Алаш орданың оқу комиссиясының мүшелері:

1. Байтұрсынов Ахмет (1872—1937) — Торғайдан, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірген (1895);

2. Жұмабаев Мағжан (1893—1938) — Қызылжардан, Омбы оқытушылар семинариясын бітірген (1917);

3. Омаров Елдес (1892—1937) — Қостанайдан, Орынбор мұғалімдер мектебін бітірген (1911);

4. Сәрсенов Биахмет (1885—1921) — Шығыс Қазақстаннан, Семей мұғалімдер семинариясын бітірген (1939);

5. Шонанов Телжан (1894—1938) — Ырғыздан, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірген (1916).


ІІІ. АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ҰЛТ МӘСЕЛЕСІ


3.1 Алаш қайраткерлері және қазақ тілі



Қазақ халқының тарихында Алаш қайраткерлерінің алар орны ерекше. Олар өз ұлтының бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен, туған елін отаршылдықтың бұғауынан босатып, тәуелсіз мемлекет құру үшін ақтық демі қалғанша күрескен асылдар еді. Жалпы, қазақ халқының тарихында азаттық аңсап, өз елінің тәуелсіздігін қорғаған тарихи тұлғалар аз емес. Әйтсе де, Алаш қайраткерлерінің олардан бір үлкен айырмашылығы мен ерекшілігі бар. Бұған дейінгі бостандық үшін басын бәйгеге тіккен ұлы тұлғалар өз мақсаттарын ақ найзаның ұшымен, алмас қылыштың жүзімен жүзеге асырмақ болса, Алаш қайраткерлері өркениетті елдердің дәстүрімен күресті партия құрып саяси жолмен жүргізді.

Соның нәтижесінде Алаш қайраткерлері қазақ жерінде тұңғыш рет қағазға түскен қаулы-шешім негізінде бекітілген үкімет құрды. Мемлекетті басқару, қазақ елін дамытып-өркендету жөнінде жаңа дәуірге сай сауатты, жүйелі жоспар-бағдарлама жасады. Қазақ халқының тарихында мемлекетті басқару мен үкімет құрамын ресми бекітудің нақ осындай қағаз бетінде бір жүйеге түсіріліп, ретке келтірілген жоспар-бағдарламасы болды деп айту қиын. Яғни, Алаш қайраткерлері осыдан сексен-тоқсан жыл бұрын қазақ халқы толық тәуелсіздік алған жағдайда елді қалай басқарып, қайтіп дамыту керек, ішкі-сыртқы саясатты қандай жолмен жүргізген дұрыс, көрші мемлекеттермен қандай қарым-қатынаста болғанымыз абзал дегеннің бәрін нақты көрсетіп, белгілеп берген болатын. Өкінішке қарай, Алаш қайраткерлерінің осы айтып, жазып кеткен бағдарлама-жоспарларын біз әлі күнге жете оқып, зерттеп, оны қазіргі заманға ойдағыдай пайдалана алмай жүрміз. Тіпті, басқаларды қойғанда, саясатпен айналысып, ұлт үшін қызмет етуді мақсат тұтқан азаматтардың да бәрі бірдей Алаш қайраткерлерінің еңбегін жүйелеп оқып, оны күнделікті өмірге қолданып жүр деп айту қиын.

Болашақта Алаш қайраткерлерінің еңбектері мен ой-идеяларын бүгінгі күнге практикалық тұрғыдан тиімді пайдаланудың жолдары мен жаңа мүмкіндіктерін ойластырғанымыз жөн. Мысалы, мен өз басым сонау тоқсаныншы жылдардың басында белгілі қазақ тарихшылары Әбу Тәкенов пен Мәмбет Қойгелдиев дайындаған Мұстафа Шоқайдың «1917 жыл естеліктерінен» атты кітабы Ыстамбул қаласына апарып, баспадан шығарып әкелдім. Бұл еңбекте Мұстафа Шоқай Қазақстан ерте ме, кеш пе әйтеуір тәуелсіздік алатынына кәміл сенген және тәуелсіздік алған жағдайда Қазақстан не істеу керек, қандай саясат жүргізу қажет дегенді жан-жақты талдап, атап көрсетіп берген. Тағы бір таңқаларлығы, Мұстафа Шоқайдың сол заманда айтып кеткендері мен енді ғана тәуелсіздік алған Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жүргізіп отырған саясаты мен ұстанымдары бір-біріне өте жақын, ұқсас еді. Мысалы Мұстафа Шоқай Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Ресеймен қандай қарым-қатынаста болу керек; Қазақстандағы орыстар және басқа да ұлт өкілдері жөнінде қандай саясат ұстанған дұрыс дегенді тайға таңба басқандай етіп көрсеткен. Ал Мұстафа Шоқайдың сол айтқандары Қазақстанда қазір айна-қатесіз толығымен жүзеге асып отыр. Тіл мәселесі туралы да осыны айтуға болады.

Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде елімізде қазақ тіліне байланысты үлкенді-кішілі іс-шаралар жүзеге асырылды. Көп мәселе айтылып та, жазылып та жатыр. Міне осылардың басым көпшілігі біз ойлап тапқан жаңалықтар емес. Мұның бәрі – кезінде Алаш қайраткерлері ойлап, жоба-жоспарын жасап, бірақ жүзеге асыра алмай кеткен мәселелер. Соған орай, біз бұл салада үлкен жаңалық ойлап табамыз деп шаршап-шалдықпай-ақ, сол Алаш қайраткерлерінің көрсетіп берген бағыт-бағдарламасымен жұмыс істесек, тіл саласында көп мәселе қазіргіден әлдеқайда тез, әлдеқайда жемісті шешілер еді.

Осыған орай мына мәселені де ашып айта кеткеніміз жөн. Бүгінгі таңда тіл мәселесіне келгенде екі түрлі пікір бар. Оның біріншісі – тәуелсіздік алғаннан кейін тіл мәселесі жақсы шешілуде, бұған үлкен мөлшерде қаржы бөлініп, басқа да іс-шаралар қолға алынуда, соған орай қазақ тілінің болашағы жөнінде алаңдайтын ештеңе жоқ дегенге саяды. Екіншісі, қазақ халқының алпыс пайызы өз ана тілін білмейді, сондықтан қазақ тілінің жағдайы барынша мүшкіл, ол құруға айналған дегенге тіреледі.

Осы екі пікірдің қайыссы дұрыс?!. Бірден ашып айтайын, мен өз басым қазақ тілі құрып кетеді дегенге ешқашан сенбеймін. Рас, қазақ тілінің басына қатер төніп, қазақ халқының ұлт ретінде жойылып кету қаупіне ұшырағаны жасырын емес. Мұндай қауіп өткен ғасырдың жетпісінші, сексенінші жылдарында болған. Мен кезінде сол туралы «Қызыл кітапқа кіретін халық» деген циклді мақалалар жазып, оларды «Қазақ әдебиеті» газетіне, басқа да басылымдарға жарияладым. Бірақ сол кезде осы дұрыс екен деген бір адамды көрмеп едім. Тіпті, қазіргі тіл жанашырларының басым көпшілігі де ол мақалаларды оқымаған болулары керек. Әрине, мен ол кезде мұндай мәселелерді керемет ұлтжанды қайраткер, төтенше тіл жанашыры болғандықтан жаздым деп мақтана алмаймын. Мен тек көзіммен көргендерімді, сезініп-түйсінгендерімді ғана қағазға түсірдім. Дәлірек айтқанда, мұндай мәселерді жазуға менің күнделікті жұмысым, істеген қызметім себепкер болды.

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының басынан бастап журналист болып, түрлі басылымдарда қызмет атқардым. Міне, сол кезде жыл сайын күзде біз газет-журналдарға жазылу науқанын жүргізу үшін түрлі облыстарға іссапармен шығып, жұртшылықпен кездесу өткізетінбіз. Сондағы жағдайларды есіме түсірсем, әлі күнге жүрегім ауырады. Өйткені ол кезде халықтың, әсіресе орталық, солтүстік және шығыс облыстардағы қазақтардың өз ана тілінен жаппай безінгенін аяқ аттап басқан сайын көретін едік. Тіпті кілең қазақ отырған ауылдар да қазақ мектептерін жауып тастаған. «Ау, ағайындар, бұларыңыз қалай, балаларыңызды неге өз ана тілінде оқытпайсыздар?!» десек бәрі бізге бәле көргендей үдірейе қарайтын. Тіпті, «Ойбай-ау, мыналар бізге дұшпан болып шықты ғой, балаларымыз қазақша оқып, сосын кейін нан тауып жей алмай қор болып далада қалсын деп тұр ғой мыналар» дегенді мен қазақтардың аузынан өз құлағыммен бір емес, талай рет естігенмін. Ал қазір сол қазақтар қазақ тілі туралы айтсаң риза болып, қол шапалақтап, төбелеріне көтереді. Жасыратыны жоқ, біз сол қиын кездерде қазақ өз ана тілін, дінін, рухани құндылықтарын әспеттейтін халыққа айналса екен деп армандадық. Қазір біздің сол армандарымыздың көпшілігі орындалды. Бүгінде қазақ халқының өзіне тән ұлттық салт-санасы, мәдениеті, әдебиеті бар екенін әлем елдері мойындай бастады. Ұлттың ұлт ретіндегі бедері сақталып қалды.

Әрине, қазақтың ұшан-теңіз проблемасы бар. Оны мойындау керек. Бұл жерде менің айтарым, қазақтың мұңын, уайымын сөз етерде алдымен нақты мәліметтерге, заңға сүйеніп сөйлеген жөн. Бізде, керісінше, қызыл сөзге иек артып, тіл мен жаққа сүйеніп «қазақ құрып барады», «қазақ рухани тазалықтан ада» деген ешқандай мәліметсіз, дәйексіз жылаңқы пікірлерге жиі бой алдыратындар жетіп-артылады. Мысалы, қазір қазақтың 60 пайызы өз тілінде сөйлей алмайды деген мәлімет айтылып жүр. Бұл қайдан шыққан дерек сонда?! Бұған айқын дәлел қайда? Менің өз басым мұндай дерекке өте күмәнмен қараймын. Жалпы, мұндай мәліметті айту үшін нақты статистикалық мәліметтерге сүйенген жөн. Мысалы, ең болмаса, әр облыста қанша қазақ бар, олардың балаларының қаншасы қазақ мектебінде, қаншасы орыс мектебінде оқиды деген сияқты мәселелерді зерттеп біліп алғанымыз дұрыс емес пе? Бірақ мұндай нақты мәліметтер ешқандай жерде айтылмайды. Осыған орай бір мысал айтайын. Алматыдан шығып, пойызбен сонау Ақтөбеге, оның ар жағындағы Орал мен Атырауға дейін жүріп көріңіз. Осыншама ұлан-ғайыр жерден қазіргі таңда өз ана тілін білмейтін қазақты бірен-саран болмаса мүлдем таба алмайсыз.

Жақында Шығыс Қазақстан облысына барып қайттым. Зайсанды, Күршімды былай қойғанда Өскемен қаласының өзінде де қазақтардың басым көпшілігі өз ана тілінде сөйлеуге бет бұрған. Осыдан тура отыз жеті жыл бұрын Целиноград қаласына іссапармен барып, көшеде қазақша сөйлейтін бір қазақ таба алмай, түңіліп едім, енді Астана атанған осы қалада қазақтар алпыс пайызға жеткен және басым көпшілігі қазақша сөйлейді. Қостанай сияқты қалалар туралы да осыны айтуға болады.

Егер саралап қарайтын болсақ, қазақтың 43 пайызы ауылды жерде тұрады. Олардың дені ана тілінде сөйлейді. Сондай-ақ қалалы жерде тұратын қазақтың көрсеткіші де жыл сайын артып келеді. Сонда қалайша қазақтың 60 пайызы өз тілінде сөйлей алмайды?! Міне, осының астарына үңіліп, сараптап зерттегім келгендіктен, мен «Қазақстанның этнографиялық картасы» деген кітапты қолыма алуыма тура келді. Бұл кітапта Қазақстандағы қазақтардың үлес салмағы анық көрсетілген. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында қазақтар 70 пайыз, өзбектер он сегіз пайыз, ал орыстар алты жарым пайызды құрайды. Демек осыншама көп қазақ өз ана тілінен, ұлттық қадір-қасиетінен қалай айырылады?! Ол мүмкін емес қой. Басқа облыстарда да осындай. Мысалы, қазақтар Қызылорда мен Атырау облысында 95 пайыз, Жамбыл облысында 70 пайыз, Маңғыстауда 85 пайыз, Ақтөбеде 77 пайыз, Шығыс Қазақстанда 53 пайыз, Алматы облысында 64 пайыз, Батыс Қазақстан облысында 70 пайызды құрайды.

Қазіргі кезде қазақтардың үлес салмағы тек Солтүстік Қазақстанда ғана аз, бар болғаны 33 пайыз. Ал теріскейдегі басқа облыстарда қазақтардың үлес салмағы өзге ұлттармен салыстырғанда әлдеқайда көп. Мұндай жағдай осыдан жиырма-отыз жыл бұрын біздің түсімізге де кірмейтін. Сол кезде құрымаған қазақ қазіргідей барынша көбейіп, өсіп- өркендеп отырғанда қалайша құрып кетеді?!. Ең бастысы, аманшылық болса енді он бес-жиырма жылда қазақтардың пайыздық мөлшері бұдан да әлдеқайда өседі.

Жыл өткен сайын қазақ мектептерінің саны да, сапасы да көбейіп, нығайып келеді. Мысалы, биыл мемлекеттік грант бойынша жоғарғы оқу орындарына түскендердің басым көпшілігі қазақ мектебін бітіргендер. Бұл – жалғыз тілге қатысты жайт емес. Жалпы, біз ұлттың мәдениетін, дінін, салт-дәстүрін сөз еткенде келсін-келмесін ізденусіз, зерттеусіз, деректер айтуға тым үйірсекпіз. Ал ұлтқа қатысты дүниеде қателікке ұрыну – сол ұлттың болашағына зиянын тигізбек. Осыған орай тағы бір мәселені айта кеткіміз келеді. Кез-келген ұлттық мәселелерге қатысты жұмыстарды жүзеге асыру екі бөліктен тұрады: біріншісі – өзекті мәселелерді жұртқа түсіндіру, бұл жөнінде түрлі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу; екіншісі – сол мәселелерді шешуге қажетті іс-шараларды білек сыбана кірісіп тікелей жүзеге асыру. Бізде осы екі мәселенің біріншісі ерекше дамыған. Бұл, әсіресе, тілге қатысты жұмыстардан айқын көрінеді. Мысалы, тілдің бүгіні мен болашағы туралы түрлі басқосулар мен мәжілістерде көсіле сөйлеп, түрлі ұсыныс білдіріп, ауызша жанашырлық танытушылар өте мол. Баспасөз бетінде, радио мен теледидардан неше-түрлі жақсы ұсыныстар айтып, белсенділік көрсетушілер де аз емес. Ал бірақ, осы ұсынастар мен мақсат-міндеттерді күш біріктіріп, уақыт бөліп қолмен атқаруға қызу кірісуге ынталы азаматтар өте сирек.

Баяғы тоқсаныншы жылдардың басында барлық ауыл, аудандарда «Қазақ тілі» қоғамдары жаппай құрылып, жұрттың бәрі қазақ мектептерін ашуға белсене атсалысқан еді. Тіпті Алматы сияқты қалаларда жаңадан ашылатын мектептерге үй жағалап, үгіт-насихат жүргізіп, бала жинаған кездер де болған. Қазір осы белсенділік ұмыт болуға айналды. Оның есесіне жұрттың бәрінің қызыл сөзбен ақыл айтып, жөн көрсетуі жаппай етек алған. Ана тіліміздің қазіргі жағдайын, оның ең өзекті проблемаларын зерттеу де жетіспейді. Сондықтан да қазақ халқының қазіргі ұлттық жағдайын, проблемалары мен болашақтағы даму мүмкіндіктерін зерттеп, талдап, сараптап отыратын бір орталық өте қажет. Мысалы, біз Қазақстанның қандай ауылдары мен аудан орталықтарында қазақ мектептері жоқ екенін күнделікті біліп отыруымыз өте қажет. Ал бізде қазақ мектептері жоқ елді мекендер әлі де жетіп артылады. Осыдан екі-үш жыл бұрын мен «Егемен Қазақстанға» «Қазақ мектебі жоқ ауыл» дейтін мақала жаздым. Осы Ақмола облысына қарайтын Есіл ауданының бір ауылында түгелге жуық қазақтар отырып, әлі күнге балаларын өз ана тілінде оқытатын мектеп ашпаған. Тіпті ашайын деген ойлары да жоқ. Біз бір ауылда жиырма-отыз орыс отбасы болса да орыс мектептерін ашып беріп отырмыз. Ендеше жиырма-отыз қазақ отбасы болса да ол жерде қазақ мектебі міндетті түрде ашылу керек. Ол мәселені сол жердегі қазақтардың санасына жеткізіп, талап етуіміз қажет.

Осы Ақмола облысында Сандықтау деген аудан бар. Бұрын аты жартылай орысша болған. Енді сондағы қазақтар ұлттық санамызды ояттық деп ауданның атын Сандықтау деп өзгерткен. Бірақ ауданның атын қазақшалағанмен, аудан орталығында әлі күнге қазақ мектебі жоқ. Ал сонда ауданның атын қазақшалағаннан не пайда?! Бұл жөнінде аудан басшылары не ойлайды?! Аудандық оқу бөлімінің жетекшілері не үшін айлық алады?!. Аудандағы ұлт жанды азаматтар қайда қарап жүр?!.

Мұндай мысалдарды Қазақстанның түкпір-түкпірінен ондап, жүздеп табуға болады. Ендігі жерде біздің тіл жөніндегі ең басты жұмысымыздың бір саласы осындай мәселелерді зерттеуге, оны жолға қою үшін нақты іс-шараларды қолға алуға арналуы керек. Бұл ретте Тіл комитеті мен жергілікті Тіл басқармалары бірлесіп нақты жұмыстарды қолға алғандары жөн. Олар өздеріне қарасты территорияның қай елді мекендерінде қазақ мектептері жоқ екендерін тайға таңба басқандай анықтап, тіпті оның картасын да жасап, содан кейін оның себептерін зерттеп, ол мәселелерді шешудің нақты жоспар-бағдарламасын дайындап шынайы жанашырлықпен іске кіріскендері жөн.

Тілді дамытуға бөлінген қаржының белгілі бір бөлігі осындай талдау, зерттеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалуы тиіс. Сондай-ақ тіл мәселесін жоғарыдан бастауды да қолға алғанымыз жөн. Біз осы уақытқа дейін тіл үйретуді, қазақтың салт-дәстүріне бейімдеуді балабақша мен мектептен, яғни төменнен бастадық. Бұл үрдіс өте жақсы нәтиже берді. Қазір біздің жастарымыздың басым бөлігі – қазақтың тілін, дінін, мәдениетін бойларына сіңіре бастады. Ал енді тіл мәселесін жоғарыдан, яғни үкіметте, түрлі министрліктерде дұрыс жүргізуді қолға алғанымыз жөн. Мемлекеттік мекемелердегі қызмет істейтін қазақтардың саны кемінде тоқсан пайыздан асады. Бірақ сол көп қазақ күнделікті жұмыста, қызмет бабында бір-бірімен орысша сөйлеседі. Неге бұлай?!. Тіпті Елбасы барлық қазақ бір-бірімен қазақша сөйлессін деп атап айтса да бұл мәселе алға жылжыр емес. Біз осы уақытқа дейін Парламентімізді қазақшыландыра алмай отырмыз. Ал Кавказ бен Балтық бойы республикаларының Парламенттері сонау Кеңес одағының өзінде-ақ түгелдей өз тілдерінде сөйлейтін еді. Ал біз жеке, тәуелсіз мемлекет болсақ та он жеті жыл бойы бұл мәселені шеше алмай келе жатырмыз. Біздіңше, осы мәселе нақты қолға алынуы тиіс.

Міне осы айтылған мәселелер ескерілсе, тіл жөнінде шешілмейтін соншама үлкен мәселелер жоқ. Біз бұл мәселелердің болашақта ойдағыдай жүзеге асарына кәміл сенеміз.

3.2 Алаш тағылымы және қазіргі қазақ руханияты



Ұлт тарихы тек қана саяси, әлеуметтік, қоғамдық оқиғалардан ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар жалғастығынан, өміршең дәстүрлерден құралатыны да белгілі. Сол игі дәстүрлерден тағылым ала отырып, мемлекет, әлеумет, жеке адам көшін түзейді, бағытын айқындайды. Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндеріне көз салсақ, тарих ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді көрер едік. Қазақ тарихының осындай белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ даласын азаттық идеясына жұмылдырған бұл ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Алаш қайраткерлері ұлтты ұлт ететін талай-талай шаруаны бастағаны, жолға салғаны белгілі. Сол зиялы қауым көтерген іргелі мәселенің бірі – тіл мәселесі.

Алаш зиялылары бастаған рухани мәселелер бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатыр дегенде, олардың тіл тақырыбы төңірегіндегі ойларының қазірде де өміршең екендігін аңғаруға болады. Қазақ тіліндегі басылымдар, ана тілінде білім алу, тілдің қоғамдағы мәртебесі, ана тілінде тәрбие беру, Қазақстандағы қазақ тілінің басымдығы сияқты мәселелер А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Шонанұлы тағы да басқалардың істері мен еңбектерінен көрініс тауып жатты.

Алаш қайраткерлерінің сонау ХХ ғасырдың басында тіл туралы айтылған ой-пікірлерінің ХХІ ғасырдың басында өмір сүріп отырған қазақ қоғамы үшін де маңызды болуы – біздің бұл салада атқарар шаруамыздың көптігін де көрсетеді. Себебі қоғамымыз тіл саласында әлі де Алаш зиялылары көтерген мәселелер деңгейінде отыр. Сондықтан да жоғарыда есімдері аталған қайраткерлердің, қаламгерлердің ойларын басшылыққа алып, бірқатар жұмыстар атқаруға тиістіміз. Айталық, бүгінгі мектеп, ондағы қазақ тілінің жай-күйі, жас ұрпақтың қазақ бола отырып, Қазақстан мектебінде оқып, орысша білім алуы және ондай қазақ балаларының мыңдап, тіпті он мыңдап саналуы. Қазақ баласының орысша білім алуы деген сөз оның орысша тәрбие алуы болып шығады. Осыны ұлттық қадір-қасиетімізді қалпына келтіру жолында орасан істер атқарған Алаш зиялылары бұдан бір ғасыр бұрын ұғынып, сөзбен де, іспен де шешуге тырысқан.

Қазіргі кезде Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде қазақ тілі басымдыққа ие бола алмай отыр. Мынау ақпарат заманында тілдік қолданыстың зор кеңістігі ақпаратпен байланысты екендігін білесіздер. Телехабарлар, газет-журналдар орыс тілінде болған соң, үлкен де, кіші де сол тілде сөйлеуді дағдыға айналдырған. Өз тілін біле тұрып, өзге тілге үйір болудың үлкен бір сыры да осында. Алаш ардақтыларының бірі Жүсіпбек Аймауытов: «Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл – күйініш» деген еді.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл қазақ тілі екендігін айта бастасаң, тілдердің үштұғырлығын алдыға тартатын кейбір әдеттер пайда болды. Әлемдік қарым-қатынастар мидай араласқан заманда көп тіл білу қажет те болар. Дегенмен алдымен өз тіліміздің көсегесін көгерткен дұрыс екендігін біразымыз түсінбей жүрміз. Бұл жөнінде Елбасы шешімді ойын, кесімді пікірін айтты. Ол кісі редакторлармен кездесуінде: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» деп, мемлекеттік тілді елегісі келмей, орыс тілі мен ағылшын тілінің қосағына көгендеп жібергісі келгендерге түсінікті етіп, мемлекеттік тілдің басымдығын айқындап берді. Баршамыз, тіл саласының қызметкерлері де, тіл жанашырлары да, жастарымыз да қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін, яғни еліміздегі басымдығын үнемі насихаттап жүруіміз қажет.

Ұлттың болмысын, басқалардан ерекшелендіріп тұратын маңызды рухани табиғатын түсінген Алаш қайраткерлері әрқашан тіл мәселесін ұлттан бөліп қарамаған. Мәселен, А.Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер, әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егерде біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек қарнымыз ашпас қамын ойлағанда, тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек» десе, М.Шоқай «Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл», М.Жұмабаев «Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт – тіл. Ұлт үшін тілінен қымбат ешнәрсе жоқ» деп жазған еді. Ұлы тұлғалардың сөзінде ұлт тілінің маңызымен бірге ескерту, сақтандыру ойлары да жатыр. Біздің заманымыз үшін бұл пікірлердің бағалылығы да осында. Десек те, тәуелсіздігіміз ат жалын тартқан азамат жасына жетсе де, осыны көптеген қандастарымыз түсіне алмай, түйсіне алмай жүргені шындық. Біздің басты шаруамыз, Астананың зиялы қауымының жұмысы қазаққа қазақша сөйле, балаңды қазақша оқыт, жұмысыңды қазақша атқар деген сияқты жұмыстармен байланысты болып отыр. Бүгінгі халықаралық басқосудың да мақсатының бірі осындай шаруамен орайлас. Бұл күрес сонау Алаш қозғалысы дәуірінде басталған аманат күресі, тәуелсіздігімізді тұғырлы етеміз десек, оны орындауға міндеттіміз. Бұл жөнінде елбасымыз Н.Назарбаев қазақтілді басылым редакторларымен кездесуінде: «Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті... Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мәдени бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді. Алаштың асыл аманаты ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады» деп айрықша тоқталған болатын. Ұлттық бірегейлігімізді сақтауда Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің қазақтары тілдік бірегейлігімізді сақтауға ұмтылуымыз қажет. Өйткені еуропалық өмір салтына көше бастаған қазіргі заманда ұлттық бірегейліктің бастысы – ана тілі болып отыр. Сондықтан да тіл бірлігі ең күшті біріктіруші факторға айналуы тиіс. Бұны баршамыз неғұрлым терең түсініп, осы бағытта маңызды, шешуші істер атқаруымыз тиіс.

Еліміздің бас қаласы – Астанада қазақы рух, ұлттық нышан қалыптасуы үшін көптеген нәтижелі шаруалар атқарылуда. Ұлт болашағы бүгінгі бүлдіршіндер десек, астана болғалы бері 20 қазақ мектебі ашылды. Қазақтардың саны көпшілікке айналып, алпыс пайыз шамасына жетті. Күні кеше бір ғана қазақ мектебінің болғанын, қандастарымыздың жиырма пайызға жетер-жетпес болғанын айтсақ, Астананың қазақтана бастағанына толық көз жеткізесіз. Үстіміздегі жылы қаламыздың даңғылдары мен көшелеріне үш жүзден астам қазақы атаулар берілді. Атаулар беруде ұлтымыздың тарихында айрықша орынға ие болған тұлғалардың есімдері, Қазақстанның әр түкпіріндегі жер-су атаулары молынан қамтылды. Олардың ішінде Алаш қайраткерлерінің барлығының дерлік есімдері бар. Біз бұларды көлденең тарта отырып, қаламызда мәселе толық шешілді деп отырғанымыз жоқ, бұл бағытта атқарылар шаруа әлі де шаш етектен. Біздің ойымызша, ең алдымен қазақ баласының ана тілінде білім алуына баршамыз ықпал жасауымыз қажет. Олай болмайынша ертең ержеткен, бойжеткенге, бүрсүгіні мемлекеттік қызметкерге өз тілін үйретіп тағы әуре боламыз. Мұны кезінде Алаш зиялылары уақытында аңғарған. Ұлт ұстазы Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы: «Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдаланып үйренген, ноғайша оқығанда ноғай сөзінің жүйесіне дағдаланып үйренген. Қазақ сөздері алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыландығын кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз» деп ұрпақтың ұлттық тәрбие алуының негізін айтса, Халел Досмұхамедұлы: «Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел – сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды» деп тілдің сақталуы мен дамуындағы мектептің ерекше рөлін атап өтеді. Бұл бағытта, әсіресе, Білім және ғылым министрлігі мақсатты жұмыстар жүргізуі тиіс деп ойлаймыз. Балабақшаға, мектепке баратын бүлдіршіндердің ата-аналарымен насихат жұмыстарын жүргізу қажет. Қазақ мектебінің білім берудегі артықшылықтарын көрсете білу керек. Күні ертең қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тілге айналатынына оларды сендіру қажет. Ол үшін қазақ балабақшаларының, мектептерінің санын көбейтумен бірге білім берудің сапасын арттыра беру мақсатында ойлы, орайлы шаруалар атқаруды қолға алған абзал. Осыдан барып балаларға арналған кітаптар шығару, уақыт талабына сай кинофильмдер, мультфильмдер, мультимедиалық бағдарламалар шығару мәселесі туындайды. Өйткені балаларымызды заманауи жаңалықтардан кенже қалдырмауымыз керек. Бұл салада мемлекет тарапынан жоспарлы жұмыстар жүргізілуі керек екендігі бесенеден белгілі. Сондай-ақ шығармашылық қауым бүгінгі заманғы технологияларды пайдаланып, осындай қажетті өнімдер шығаруды ойлағандары дұрыс. Алаш қайраткерлері өз заманында сол дәуірге лайық көркем шығармалар тудырды, ақпарат құралдарын шығарды. Ал біз ХХІ ғасыр жетістіктерін пайдаланып, ақпараттық технологияның қазақ тіліндегі үлгілеріне бет бұруымыз керек.

Алаш қозғалысының 90 жылдығын атауды Астана қаласы өткен жылы бастаған болатын. Біз бұл айтулы мерейтойды өткізуде, әсіресе, жастарға ден қойдық. Атап айтқанда, жоспарлы түрде Мұстафа Шоқайды еске алу кеші Гуманитарлық заң академиясында, Халел Досмұхамедұлын еске алу кеші Медицина академиясында, Хайретдин Болғанбаевты еске алу кеші Еуразия гуманитарлық институтында, Б.Күлеевті еске алу кеші Гуманитарлық колледжде және жалпы Алаш қозғалысының сипатын, маңызын, оның қайраткерлерінің өмір жолын жастарға таныту мақсатындағы шаралар жоғарғы оқу орындары мен арнаулы оқу орындарында, мектептердің көпшілігінде өткізілді. Осындай жұмыстардың қорытындысы ретінде 7-8 қарашада «Алаш және Әуезов» атты халықаралық конференция өткіздік. Оған шетелдегі Алаш рухты азамат Хасан Оралтай, көрнекті алаштанушы Мәмбет Қойгелдиев, көрнекті тіл жанашырлары Мұхтар Шаханов пен Смағұл Елубай, Өзбекстандағы алаштанушы ғалым Махамбет Жүсіпов тағы да басқа да танымал қайраткерлер мен қаламгерлер шақырылған болатын. Осы конференция күндері Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры әртістері дайындаған «Алаш ақиқаты» қойылымы Еуразия университетінде, Агротехникалық университетте, Заң академиясында көрсетілген болатын. Аталған жоғары оқу орындарындағы кездесулер, халықаралық конференция, «Алаш ақиқаты» қойылымы қала жастарының ұлттық санасына айрықша әсер етті. Осылардан соң көптеген жастар ұйымдары құрылды. Ендігі жерде жастардың өзі мәселе көтере бастады. Айталық, «Жастар және мемлекеттік тіл» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелде жастарымыз қатысып отырған депутаттарға тіл мәселесі, ұлттық рух, ұлттық намыс жөнінде өткір сұрақтар мен талаптар қойды. Яғни Алаш тағылымы жастарымыздың ұлттық абыройын ұлықтауға деген сезімін оятты, ойларын өрістетті.

«Әлем қазақтарының рухани сұхбаты: тіл, мәдениет және Алаш мұраты» тақырыбындағы халықаралық басқосудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілімізді тұғырлы етумен байланысты. Алаш қайраткерлерінің өміршең идеялары, негізгі мұраттары ұлт тәуелсіздігімен байланысты десек, бүгінгі Қазақстанның рухани тәуелсіздігі жөнінде мақсатты шаруалар атқаруға міндеттіміз. Өйткені бізге рух, сана тәуелсіздігін қалыптастыру қажет. Ал олардың негізі – ана тіліміз, мемлекеттік тіліміз. Өйткені тіліміз – руханиятымыздың іргетасы, ұлттық болмысымыздың айнасы, қазақтығымыздың, Алаш ұрпағы екендігіміздің басты белгісі.



3.3 Алаш жолындағы Тәуелсіз Қазақстан



Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы – тарихи-саяси, айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені, ол қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл қозғалыс еді. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы – қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылық пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет идеясын құруға бел шешіп кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол тұста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұлтартпас мысалы – тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы. Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі, Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты – ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. ХХ ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш кетпек емес. Оның дәлелі – тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана. Бұл алашшылдық сана уақыт жылжыған сайын қазіргі қазақ қоғамында тереңдей түссе, халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермек. Алаш зиялыларының қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» – деп көрсеткен болатын.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері қазақ қоғамында ұлттық идея жөнінде әңгіме басталып, ол толастар емес. Бұл заңды да. Заңды болатын себебі, ұзақ уақыт отарлық құрсауында қамалған, егемендігін енді орнықтырған, жаһандану алдында тұрған халықтың есті ұрпағы ұлтын ұйыстырар идея іздемек. Бұл жөнінде қазіргі қоғамда әрқилы көзқарастар өріс алып отырғаны мәлім. Осы орайда бұл мәселеге қатысты көрнекті алаштанушы М.Қойгелдиевтің мына бір пікірін келтіре кеткен жөн. Ғалым былай деп жазады: «Бізге бүгін жалпыұлттық деңгейде қорытындылап, жалпыұлттық деңгейде игерілген, яғни ұлттық дүниетаным мен ұстанымның іргетасы міндетін атқара алатын тарих қажет. Ал Алаш қозғалысы сол дүниетанымдық тарихтың өзегі. Өйткені Алаш – халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. Алаш – ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш – ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті». Әлбетте, Алаш қозғалысы кезеңі мен бүгінгі кезеңнің өзіндік ерекшеліктері бар екендігін жақсы түсінеміз. Айтпағымыз, Алаш қайраткерлері ту еткен ұлттық сананы көтеру, одан туындайтын қазақтың тілі мен тарихын, өнері мен мәдениетін қазақ ұрпағының бойына сіңіру сияқты іргелі мәселеде Алаш зиялыларының сан-салалы мұрасынан, олардың ерен іс-қимылдарынан алар тағылым мол. Сондықтан да Алаш қозғалысына өткен дәуірдің тарихы ретінде ғана қарамай, оны бүгінгі заманымызбен үндес өміршең көзқарастар жиынтығы ретінде бағалап, яғни бүгінгі тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатқандығына мән беріп, одан өрісті өнеге, ғұмырлы ғибрат алғанымыз ләзім. Бұған мемлекеттік деңгейде де, зиялы қауым тарапынан да ерекше көңіл бөлінуі тиіс деп ойлаймыз. Сондай-ақ, Алаш қозғалысының қарқынды жүруіне ерекше еңбек сіңірген, тіпті оның дүниеге келуіне атсалысқан бірқатар тұлғалардың есімдері арагідік болмаса, өз деңгейінде айтылмай да, бағаланбай да келе жатқанына назар аударуымыз қажет. Өйткені, Алаш қозғалысы дегенде, көбінесе, біздің есімізге бірнеше белгілі қайраткерлер ғана түседі. Алаш қозғалысымен бірге, мәселен, оның көрнекті қайраткерлері Уәлитхан Танашевтың, Жанша Сейдалиннің, Айдархан Тұрлыбаевтың, Ыбырайым Жайнақовтың, Асылбек Сейітовтің, Тел Жаманмұрыновтың, Аспандияр Кенжиннің, Базарбай Мәметовтің, Иман Әлімбековтің, Әлжан Байғориннің, Садық Аманжоловтың, Мұқыш Боштаевтың, Дәулетше Күсепқалиевтің, Ережеп Итбаевтың, Хамит Тоқтамышевтың, Сейілбек Жанайдаровтың, Нұрғали Ипмағамбетовтың, Әзімхан Кенесариннің, Сейдәзім Қадырбаевтардың да ұлт пен тарих алдындағы еңбектеріне лайықты баға беру, құрмет көрсету – біздің тарихи жадымыздың беріктігі мен азаматтық адалдығымыздың айғағы болмақ. Есімдері аталмаған қаншама азаматтар ХХ ғасыр басындағы отаршылдық қамытындағы халқы үшін бастарын бәйгеге тікті. Олар сол ерен істеріне марапат алмақ түгілі, жеке бастарына қауіп төндіріп алды. Советтің зымиян саясаты бастапқыда ыдырату мақсатында Алаш қайраткерлерін бауырына тартқан болып, диктатурасы күшейгенде оларды қуғын-сүргінге ұшыратты. Алаштың атымен ұлы іс бастаған оның қай тұлғасы да құрмет пен марапатқа әбден лайық. Біздің құрметіміз бен марапатымыздың белгісі – олардың ұлт алдындағы еңбектерін бағалау, оны ұрпақтың рухани уызына айналдыру. Бұл, түптеп келгенде, өзіміздің ұлттық санамызды қалыптастыру, ел алдындағы перзенттік парызымызды орындау, ұрпағымызға ұлағат дарыту болмақ.

Еліміздің тәуелсіздігі тарихымызды түгендеуге, рухани болмысымызды бүтіндеуге кең мүмкіндік ашып отырған қазіргі кезеңде ұлт ретінде қалыптасу жолында бедерлене байқалған тарихи белестердің сыр-сипатын зерделеу барынша терең ғылыми ізденістерді қажет етуде. Әлбетте, бұл Алаш қозғалысын зерттеуге де тікелей қатысты. Айтулы қозғалысқа тек саяси-қоғамдық тұрғыдан ғана баға беру тарлық етеді. Қозғалыстың өз дәуіріндегі тарихи мәні айқындалып келеді дей отырып, оның рухани жаңғырығының дәйектей түсер тұстары мол. Мәселен, оны аса ірі рухани-мәдени құбылыс ретінде кешенді түрде қарастырып, осы құбылыстың әлеуметке, жеке тұлғаға ықпалын анықтаудың концептуальды жолдарын қарастырғанымыз абзал. Ең алдымен, Алаш қозғалысының қазақ баласына, адамға, тұлғаға, содан шығып, әлеуметке деген көзқарасын дәйектеуіміз керек. Алаш қайраткерлерінің, қаламгерлерінің еңбектерімен танысқанда, олардың ой-пікірлеріндегі гуманистік аңсарды аңғармау мүмкін емес. Әрбірден соң, қозғалыстың өзі – адамға, ұлтқа деген жанашырлықтан туған гуманистік әрекет. Ұлттың еркіндігі мен азаттығы, оны құрайтын жеке адамдардың бақыты мен теңдігі ұранын көтерген қозғалыс – білімі кемел, ой-өрісі кең, мәдениеті жоғары, адам мен қоғамның мәселелерін жетік білетін ұлтшыл ғана емес, гуманист азаматтардың белсенділігінен туғанына күмән келтірмесек, онда бұл тарихи-саяси құбылыстың діңгегі – елжандылық пен адамсүйгіштік екендігіне шүбә келтірмегеніміз жөн. Алаш қаламгерлері шығармашылығында қазақ әдебиетінде толымды түрде ана тақырыбы, әйел теңдігі мәселесі – басты тақырыптардың біріне айналды. Ізгілік пен адамгершілікке құрылған осы туындыларда гуманистік идеал, гуманистік ой алдыңғы қатарға шығып, ұлттың адамсүйгіштік қасиеттері бейнеленді.

Қандай да болмасын халықтың ұзына бойғы тарихында гуманизм идеялары бір кезеңде алдыңғы қатарға шығып, ұлттың жаңғыру дәуірін жасайды. Бұл – батыстық ғылымда әлдеқашан дәйектелген, мойындалған құбылыс. Оны Еуропада «Ренессанс» деп атап, азаматтық тарихта да, әдебиет, өнер, мәдениет тарихында да арнайы тарау ретінде зерттеудің тұрақты нысанына айналған. ХІҮ ғасырда Италияда, ХҮ-ХҮІ ғасырларда Испанияда, Францияда, Голландияда, Португалияда т.б. Еуропа елдерінде кең қанат жайған Ренессанс Батысты жарық пен шуаққа қарай тартты.

Қазақ ғылымында «Ренессанс» мәселесі жүйелі түрде зерттелінген емес. Бұл Жаңғыру немесе Қайта өрлеу құбылысының қазақ топырағындағы болмысы жөніндегі пікірлерде, біздің пайымдауымызша, осы құбылыстың туу негіздері, өрістеу арналары, дәстүрлері мәселелерін жіліктеуден гөрі, ренессанстық сыбағаны жекелеген тұлғаларға сыйлау жағы басым болып отыр. Ренессанс жеке бір адам шығармашылығының жемісі емес, ол – тұтас шоғыр еңбегінің табысты нәтижесі. Қазақ Ренессансының басы Абай екендігі академик С.Қасқабасовтың «Абай поэзиясының ренессанстық сипаты» атты мақаласында ғылыми тереңдікпен дәлелденген. Ең данышпан қазақ бастауында тұрған ұлы гуманистік аңсарды дамытқан, нағыз ренессанстық деңгейге жеткізген – Алаш қайраткерлері. Қазақ баласына Абайды ең алғаш таныстырған да Алаш зиялылары, Алаштың Әлиханы, Ахметі, Міржақыбы. Елі мен жерінің тәуелсіздігі жолында іздене отырып, сол күрес жолында Алаш зиялылары өздерін де, өз замандастарын да, өзінен кейінгілерді де қайраткерлік жағынан да, қаламгерлік жағынан да дайындады, жетілдірді деуге болады. Алаштың ренессанстық сипаты Ұлы ұлтшылдық дәуір ғана туғыза алатын Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мұстафа, Халел, Мұхаметжан, Жанша, Ғалел, Әлімхан т.б. қайраткерлерді, Жүсіпбек, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Мұхтар сияқты алып талант иелерін қалыптастырды. Бұл ұлтшылдық адамсүйгіштік, отансүйгіштік сезімдерінен ой мен іске айналған табиғи талпыныс болатын. Яғни, Алаш қайраткерлерінің ұлтшылдығы өз дәуірі туғызған, қазақ ұлтының алдына сол дәуірдің өзі қойған сауалдарға пікір жүзінде де, әрекет барысында да берген жауабы еді. Бұл жөнінде Мәннан Тұрғанбайұлы былай деп осы құбылыстың сырын толық жеткізе алған: «Қазақ қатарға кіріп жұрт болсын деген кісі тәрбиенің жолынан айрылмасқа керек, әуелі қазаққа өзінің кім екенін, адамшылық құқығын білдіруге, онан соң жақын ағайын, туғандарын сүйгізіп, міндетсіз қызмет қылдыруға, онан соң Отанын танытып, жақсы көргізуге, ұлт жұмысы, жұрт намысы деген сөзді тоқып көңіліне кіргізуге, сонан соң дүниедегі барлық адам баласы бауыр екенін білдіріп, көпшіл адамды сүйгіш қылуға тырысу керек. Ұлтшылдық(ты), кісішілдікті айыра білмеген, бас пайдасынан басқаны ойына алмаған, дін хұқымі шариғатқа бас иіп іске асырмаған, әдебиеттен жырақ жатқан қазақ секілді жұртты салғаннан көпшіл қылам демей, әуелі ұлтшыл қылу керек». Осы тұста жазылған көркемдік бағыты жағынан ағартушылық, сыншыл реализм, сентиментализм, романтизм шегінде туған өлеңдер мен поэмалар, әңгімелер, алғашқы қазақ романдары Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» деген ұлы гуманистік декларациясын жалғастырған, оны жаңа ұлт-азаттық мазмұнмен өрістеткен көркем дүниелер болды. Олардың негізгі арқауында адамның ішкі жан дүниесі бейнеле отырып, оның күйзелісіне рақыммен қараған шынайы адамсүйгіштік пафос жатты. Алаш зиялыларының гуманизмі – олардың қайраткерлік әрекеттерінің де өзегі еді. Мұндай гуманизм болмаса, олар ұлт тағдыры жолындағы жанкештілік әрекеттерге де бармас еді. Алаш қайраткерлерінің осы тұстағы ұлт мүддесі жолындағы әрекеті мен мақсатына беріктігін шынайы әрі терең көрсеткен «Қалам қайраткерлері жайынан» мақаласында А.Байтұрсынұлы дәуір куәгерінің көзімен былай деп жазады: «...қазақ қалам қайраткерлері қаламын ұлтының ауырын жеңілту, ауырын азайту жолына жұмсамасқа мүмкін емес: кемшілік көрген жұрттан туып, кемшіліктен құтқаруды мақсат етіп, ылғи сол жолда жұмыс қылған қазақ қалам қайраткерлері жұртшыл, ұлтшыл, яғни халқына жаны ашитын, халқының жаны ауырғанда жаны бірге күйзелетін, бауырмал болмасқа тағы мүмкін емес». Ахаңның айтып отырғаны адам баласының өз ұлтының тағдырына деген табиғи жанашырлығы, адамгершілігі. Осыны советтің оспадар саясаты бейнебір адамға тән емес теріс әрекет ретінде бағалады. Ар білімін насихаттаған Шәкәрім қажының, «Адамдық диқаншысы» болған Ахаңдар тобының ұлы гуманизмін көруге советтік саяз саясаттың өресі де жетпеді, бағыты да келіспеді.

Алаш қозғалысының – қазақтың Жаңғыру дәуірі болғандығын, оның елім деген, жұртым деген азаматтардың басын қосқандығымен де дәлелдеуге болады. Абылай заманында сыртқы жаудың қауіп-қатерінен басы қосылған қазақ, Кенесары, Махамбет, Абай дәуірінде «Бас-басына би болған» қазақ Алаш тұсында бас біріктірді, ой біріктірді, қимыл біріктірді. Оның негізінде Отанына, сол Отанының ұрпағына деген ұлы жанашырлық жатты. Бұл нағыз Ренессанстың тамыры боларлық гуманизм еді. Алаш қозғалысының қазақ Ренессансы болғандығына бұл құбылыстың мәнінен бейхабар адам ғана келіспейді. Алаш қозғалысын Ренессанс ету – біздің қалауымыз бен еркіміз емес. Ақиқаты солай. Алаш қозғалысын ренессанстық құбылыс ретінде профессор Д.Қамзабекұлы «Алаш және әдебиет» монографиясында қарастырған болатын. Қазіргі кезеңде Алаш қозғалысының ренессанстық сипаты қазақ ғылымы шұғылданатын іргелі мәселеге айналуы тиіс деп ойлаймыз.

Алаш қозғалысына, одан туындаған Алаш партиясына, Алашорда үкіметіне баға бергенде біз мына мәселеге де көңіл аударуымыз керек сияқты. Патшалық Ресейдің үш генерал-губернаторлығына, қазақтың үш жүзіне бөлініп өмір сүріп жатқан алып даланың оқыған азаматтары ұлт тарихында тұңғыш рет тізе қосып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, туған жұртының азаттығы үшін саяси жолда бас біріктірді. Батысы Бөкей Ордасынан шығысы Жайсаңға дейінгі, солтүстігі Омбыдан оңтүстігі Ташкенге дейінгі аралықтағы ұлтын ерекше сүйетін, оған шын жаны ашитын қазақтар Алаш ұранының астынан табылды. Мұндай саяси-қоғамдық мәндегі ұлы істе ұйысу – ілгерідегі ғасырларды қоспағанда, тіпті берідегі Шоқан мен Абай заманында да болған емес. Яғни, Алаш қозғалысы дәуірі – қазақтың ұлт ретінде бірігу, тұтасу, етене араласу дәуірі болды. Бұл – ерекше бағаға ие боларлық айрықша жағдай. Оған Қазақстанның төрт түкпірінің барлығын қамтыған облыстық, уездік, болыстық қазақ сиездері, Алаш бағытын қолдаған ірілі-ұсақты басқосулар, жер-жерде құрылған қазақ комитеттері мен бөлімдері куә.

Бұл біріктіру, тұтастыру үдерісі қиындықпен жүрді. Алаш қозғалысы тарих сахнасына шыққанда 1867-1868 жылдардағы жаңа низамнан кейін бүкіл қазақ даласында отаршылдардың бөліп алып билеу саясатының әбден күш алған кезеңі еді. Оған жергілікті аймақтардағы орыс шенеуніктері мен әскерилерінің бір қазақты ру-руға бөліп, болыстыққа таластыруы, ең шұрайлы жерлерге келімсектерді орналастыруы сияқты ұлттың ұйысуына кедергі келтірер отаршылдардың жоспарланған саяси-әлеуметтік шараларын қосыңыз. Міне, осы отарлық саясат, бір жағынан, Алаш қозғалысының өзін соған қарсылық ретінде дүниеге әкелсе, екінші жағынан, оның кеңінен өрістеуіне де үлкен бөгесін болып келді. Бұл Алаш қозғалысының басында тұрған азаматтардан жан-жақты білімді, ерен ерікті, мұқалмас қайратты талап етті. Алаш қайраткерлері осы үлкен сынды абыроймен орындай алды. Өз заманының мүмкіндіктері ауқымында олар ұлттық мұратты ту етіп, қазақ даласын Алаш рухына бөледі. Кешегі Кенесары заманында басылған кеуде мен еңсені көтерді. Отаршылдардың арбауындағы ұйқылы елді оятты. Сөйтіп, елді бірлікке шақырды, халықты еркіндікке сендіре алды. Бұл нағыз ұлттық жаңғыруды туғызған ұлы істер толқыны еді.

Алаш жетекшілерінің ұлт-азаттық ұрандары сол дәуірдің оқыған талапты, талантты жастарын баурап алды. Туған халқының халін сезіп, біліп өскен өрелі жас буын өкілдері ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің идеяларын қолдап, солармен бірге қимыл жасады. Қозғалысқа қатысты құжаттардан Алаш қайраткерлерінің оларды іске жұмылдырып, қажет жерінде тиісті тапсырмалар беріп отырғандығын байқауға болады. Алаш қозғалысына қатысқан 17-25 жас аралығындағы жастардың ішінен кейін көптеген мемлекет, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар шыққаны белгілі. Айталық, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Қ.Сәтпаев сияқты аса көрнекті есімдердің азаматтық, шығармашылық тұлғасы Алаш қозғалысы тұсында қалыптасқаны белгілі.

Алаш қозғалысы – бір жылдың немесе екі-үш жылдың жемісі емес, өзінің бастау көздерін 1917 жылдан әлдеқайда бұрын алатын ішкі эволюциялық жолы бар дайындалған, пісіп-жетілген ұлы қозғалыс еді. Оны Алаш тарихын зерттеген зиялы қауым өкілдері айтып жүр. Алаш қозғалысының басталу кезеңі жөнінде әңгіме болғанда, көбінесе, 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарқаралы құзырхаты айтылады. Біздің ойымызша да, Алаш қозғалысының өріс алуы осы тұстан басталады. Оның саяси-тарихи себептері ретінде, ең алдымен, осы тарихи кезеңде ұлт мәселесін көтере алатын, оны қалың бұқараға жеткізе алатын ұлттық зиялы қауымның қалыптаса бастағандығын айтамыз. Сондай-ақ оған Ресейдегі буржуазиялық төңкерісті, патша манифесін қосып айтуға болады. Ал жалпы қазақтың басын қосу, сол үшін сиез ашу, белгілі бір ұйым құру мәселесіне келсек, онда бұл мәселеде қазақ өкілдері қатысқан 1905-1906 жылдардағы Бүкілресейлік бірінші-үшінші мұсылман сиездерін, 1906-1907 жылдары Ресейдің бірінші-екінші мемлекеттік думаларына Ә.Бөкейханның, А.Бірімжановтың, А.Қалменовтың, Б.Қаратаевтың, М.Тынышбаевтың, Б.Құлмановтың, Ш.Қосшығұлұлының т.б. қазақтардың сайланғандығын айтуға болады. Міне, осы топ және оған қосылған алдыңғы қатарлы қазақ оқығандары қауымдасып, ортақ мүдде төңірегіне шоғырланды. Осы арада 1905 жылдың желтоқсан айында Орал қаласында Ә.Бөкейхан, Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев, Б.Сыртанов, Х.Досмұхамедұлы, М.Тынышбаевтардың қатысуымен болған бес облыс қазақтарының сиезін айтып өткен жөн. Әрине, бұл сиез, кейінірек өткен сиездер сияқты, іргелі мәселелер көтермесе де, қазақ зиялыларының топтаса алатын мүмкіндігін көрсете алған ең алғашқы басқосу болатын. Ал елдің басын қосып, халықтың мұң-мұқтажын айтуға тиісті және оны шешудің жолдарын айқындамақ сиез ашу мәселесі, әсіресе, 1913 жылдан бастап жүйелі түрде көтеріле бастағандығын байқаймыз. Тарихи деректерге сүйенсек, патша жандармериясының ақпарат хаттарында сиез өткізудің бастамашылары ретінде Жанша Сейдалин, Райымжан Марсеков, Бақытжан Қаратаев, Барлыбек Сыртанов көрсетіледі. Осындай бірнеше құжатта сиезді ұйымдастырушы ретінде Жанша Сейдалиннің есімі жиі кездеседі. 1913 жылы «Айқап» журналында сиез шақыру жөнінде Ж.Сейдалин «Азып-тозып кетпеске не амал бар?» атты үндеу іспетті хатын жариялайды. Бұл хатта сиез шақыру мәселесінде Б.Қаратаевтан, Б.Құлмановтан, Ә.Бөкейханнан, А.Байтұрсынұлынан, Р.Марсековтен, М.Тынышбаевтан, С.Лапиннен, Х.Досмұхамедұлынан, Ә.Алдияровтан, М.Сералиннен, Жанайдаровтан, М.Дулатовтан, Б.Есмахановтан, З.Сейдалиннен, Б.Сыртановтан, Ж.Ақпаевтан хат күтетінін жазады. Ж.Сейдалиннің бұл хатына Ә.Бөкейхан ашық хат түрінде жауап жазады. Ол хатын: ««Айқапқа» Жиһанша мырза хат жазып отыр. Қазақ баласы бас қосса, қазақ жұмысы жақсы орынға барар еді дейді. Қазақ баласы бас қосып, шаруа, жұрт пайдасын сөйлеп, іс қылып тырбанса, бірте-бірте қазақ баласы ілгері басуға басқыш табылар еді деп біз де ойлаймыз» – деп бастап, сиездің қажеттілігін дәлелдей келе: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сертті сөздерімен хатын аяқтайды. Міне, осы жылдан бастап пікір жүзінде көтеріле бастаған жалпықазақ сиезін ашу мәселесі 1917 жылға дейін жалғасты. Өйткені, патшалық Ресейдің отаршылдық қатал саясаты қазақ зиялыларының бұл мақсатын іске асырмай келді. Оны жүзеге асырудың сәті Ақпан төңкерісінен кейін ғана мүмкін болды. Орыс патшасы тағынан түскен төңкерістен кейін Қазақстанның әр түкпірінде қазақ азаматтық комитеттері құрыла бастады. Оның жұмыс істеуіне Уақытша үкімет комиссарларының оң ықпалы тиді. Мәселен, Ә.Бөкейханның Уақытша үкіметтің Торғай облыстық комиссары болуы, М.Тынышбаевтың Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі болуы. Аталған жылдың сәуір-мамыр айларында Торғай, Жетісу, Орал, Омбы, Семей қалаларында облыстық қазақ сиездері өтті. Бұл облыстық сиездер ұлт-азаттық қозғалыстың қарқын алуына ықпал ете отырып, шілде айында өткен бірінші жалпықазақ сиезін дайындады. 1917 жылдың 21-26 шілдесі аралығында өткен бұл сиез мемлекеттік құрылыс, саяси партия, Құрылтай жиналысына, Мұсылмандар кеңесіне депутаттар сайлау, партия бағдарламасын дайындау мәселелерін көтерді. Біздің ойымызша, сиездің басты маңыздылығы – хандық дәуірден кейін барша қазақтың бас көтерер көрнекті тұлғаларын біріктіріп, ірі елдік мәселелерді шешуде олардың бірлік жолынан табылатындығын дәлелдеген сенім шарасы болуында да еді.

1917 жылдың 5-13 желтоқсанында өткен екінші сиез қазақ автономиясын жариялады, халық кеңесін сайлады, Алашорда үкіметінің төрағалығына демократиялық, баламалы жолмен Әлихан Бөкейхан сайланды. Алаш қозғалысы, ендігі жерде саяси күшке, қолында билігі бар үкіметке айналды. Бұл аз уақыт болса да империя құрсауынан шыққан халықтың өз мемлекеттілігін қалыптастыруға жасаған тарихи қадамы болатын. Осы кезеңдегі тарихи құжаттардан, баспасөз материалдарынан жалпы қазақ қоғамының Алаш идеясына тартылғанын, Алаш үкіметін қолдағанын аңғаруға болады.

Қозғалыстың өрістеуіне ислам дінінің маңызы ерекше болғандығын ұмытпауымыз қажет. Алаш қайраткерлерінің имандылығы мен кісілік қасиеттері – олардың мұсылманша тәрбие, білім алғанынан дарыған табиғи қасиет. Ұлт-азаттық күрестің ішінде ислам дінінің көптеген ірі өкілдері болды. Сондай-ақ, қозғалыстың қарқынды жүруіне, зиялылардың бас біріктіруіне Мұсылман сиездерінің, Мұсылман фракциясының, «Шура-и-ислам» сияқты қоғамдық-саяси ұйымның рөлдері айрықша байқалды. Бірінші, екінші жалпықазақ сиездерінде дін мәселесі күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі болды. «Алаш» партиясы бағдарламасына дін ісі жеке тарау ретінде енгізілген болатын. Сонымен бірге, дін бірлігі сол тұста қазақ, татар, башқұрт, қырғыз, әзірбайжан т.б. ұлттардан шыққан елшіл қайраткерлердің ортақ мүдде тұрғысынан серіктесіп, өзара байланыста болуларына, ұлт тәуелсіздігі мәселесі төңірегінде ұйымдасуларына айтулы ықпал жасады.

Алаш құбылысы – сол тұстағы қазақ қоғамының барлық жағын қамтыған салалы, саралы құбылыс. Бұл құбылыс, сондай-ақ, қазақ өмірінің өткенін безбендеуге ден қойған, бүгінгісін таразыға салған және болашаққа бағыт айқындаған, тәуелсіздікті ғана мұрат еткен қасиетті құбылыс. Алаш қозғалысы сол тұстағы қазақтың саясат, әдебиет, өнер қайраткерлерін, дінбасыларын, оқымыстыларын, бақуатты азаматтарын медицина, техника, ауыл шаруашылығы, экономика, заң, әскери салалардағы мамандарын топтастыра отырып, өздері өмір сүрген тарихи-қоғамдық болмысқа реформа жасауды мықтап қолға алған, жігері мен сенімі жеткілікті, бағдарламасы айқын, мақсаты зор қозғалыс болатын.

Алаш қозғалысының көпжылдық тарихында және облыстық, жалпықазақ сиездерінде Алашорда үкіметінің жұмысында үнемі басты назарда болған мәселенің бірі – жер мәселесі. Оны Алаш көсемдері өте жақсы түсінген болатын. Айталық, сол дәуірде Ә.Бөкейхан: «Жер мәселесі – өмір сүру мәселесінің ең зоры» деген болатын. Бірінші жалпықазақ сиезінің қаулысында: «Қазақ халқы өзіне еншілі жерге орнығып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін» делінсе, бұл «Алаш» партиясының бағдарламасында: «Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деу; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орнасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеу» делініп бекітіле түсті. Ашашорда үкіметі автономия жариялай отырып, оның бірінші бабында: «Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқанд облыстарындағы һәм Әмудария бөлімдеріндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы һәм Алтай губерниясындағы іргелес облыстардың жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан, өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға...» деп жер тұтастығын басты мәселе ретінде бекітті. Алашорда үкіметі 1918 жылы 24 маусымда «Алаш автономиясының жерінде жер пайдалану туралы Уақытша Ереже» өзінің мазмұны мен пәрмені жағынан маңызды құжаттардың бірі болды. 11 баптан тұратын бұл Ережеде жерді пайдаланудың негізгі тәртібі көрсетілді. Алаш қозғалысының, Алашорда жетекшілерінің аса ірі тарихи еңбегі қазақ жерін сақтап қалуымен байланысты. Осы күнгі Қазақстан Республикасы жерінің тұтастығы мен сақталып қалуында Алаш қайраткерлерінің орасан зор еңбегі жатыр. Олардың кеңес үкіметінің басшыларымен келіссөздері, әсіресе, А.Байтұрсынұлының осы бағыттағы қажырлы еңбегі кейін, Қазақ автономиялық советтік социалистік республикасын құру кезінде осы автономияның аумағын белгілеуде шешуші маңызға ие болды.

Қозғалыстың өрістеуіне ақын-жазушылардың қаламгерлік те, қайраткерлік те үлестері айрықша болды. Біздің ойымызша, Алаш қозғалысы дәуірі – ұлттық жазба әдебиетінің тарихындағы ерекше жылдар. Қазақтың жазба әдебиетінің өмірге келуінің бастапқы кезеңі Абай заманымен байланысты болғанымен, оның буыны бекіп, бұғанасы қатуы ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарына келеді. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы жазба әдебиетке Ыбырай Алтынсарин, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Нарманбет Орманбетұлы т.б. кейбір жекеленген әдебиет өкілдерінің шығармашылығы мысал бола алса, келесі ғасырдың басында жазба әдебиет өкілдерінің саны еселеп артты. Жазба әдебиеттің жарық көретін қалыптары – баспасөз, кітап басу ісінің дамуы жазба әдебиетті өркендете түсті. Ендігі жерде әдебиет оқырманға арнала бастады. «Айқап» журналы, «Қазақ» т.б. газеттер көркем ойды мыңдаған оқырманға жеткізушіге айналды. Үшіншіден, көркем проза, драма, әдеби сын үлгілері туып қалыптасты. Әдеби сынның қалыптасуы, оның шығармаға, әдеби мұраға, әдеби процеске баға беруі – жазба әдебиеттің есейе бастағандығының айғағы болды. Абай шығармаларының тұңғыш жинағының жарық көруі – жазба әдебиеттің қалыптасуына игі ықпал етсе, Міржақыптың «Оян, қазағы!», Ахаңның «Масасы» әдебиеттегі ұлтшылдық, елшілдік ұрандарды күшейтті. Сөйтіп, бұл жаңашыл дәстүрді Жүсіпбек, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Мұхтар, Бейімбет секілді жас дарындар соны көркемдік сапада, тың қырынан жалғастырып әкетті. Соның нәтижесінде, Алаштың қалам қайраткерлері қазақтың тұңғыш романдары мен драмалық шығармаларын, алғашқы әдеби-сын мақалаларын дүниеге келтірді. Қазақтың сөз өнерін жанрлық жағынан да, идеялық-көркемдік жағынан да байытып, жазба әдебиетін қалыптастырды. Шамасы он-он бес жылдың ішінде Алаш қаламгерлерінің ерен қабілеті, ұлтына деген ерекше махаббаты, туған жұртының бүгінгісіне көңілі толмаған күдігі мен азат болашағына сенген үміті кейінгілерге үлгі боларлық әдеби туындыларды өмірге әкелді. Алаш ұранды әдебиеттің беті мен екпіні, бағыты мен мазмұны Ахаң бастаған қазақ ақын-жазушыларының ұсталып кеткен кезеңіне дейін, яғни 1920 жылдардың соңына дейін жалғасты. Сол екпін, сол бет, сол бағыт қашанда ұлтына перзенттік сүйіспеншілігі мен адалдығын сақтаған қаламгерлердің шығармашылығында баяу болса да қан тамырындай бүлк-бүлк соғып жатты. Алаштық саралы жолдан ауытқыған советтік әдебиет әсіре қызылдың тез оңатынын сезбестен, адамға емес, саясатқа қолбалалық, құлдық сапарын айғай-шумен, беттен алумен бастап, бір кісінің ғұмырындай ғана өмір кешті. Әуелден таза, әуелден көркем, әуелден адамға, ұлтқа деген жанашырлық пен ізгілікке, шуақ пен мейірімге толы «Алаш әдебиеті» аталатын алып бәйтерек қайта жаңғырып, ізгілік тұқымдарын шаша бастады. Ендігі жерде қазақ баласы жасағанынша жасайтын оның байтақ та баянды мәңгілік өнегелі сапары басталды.

Қандай ұлттың болмасын мәдени деңгейін көрсететін факторлардың бірі – театр өнерімен байланысты екендігі мәлім. Бұл жолда да Алаш зиялылары «тұңғыш деген» атаққа ие. Айталық, Б.Серкебаев, М.Әуезов, Ж.Аймауытов қазақтың алғашқы драмалық шығармаларын жазса, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегі» тұңғыш театрлық қойылым болғаны белгілі. Ал, Қ.Кемеңгерұлының «Алтын сақина» пьесасымен мемлекеттік ұлт театры тұңғыш шымылдығын ашқан болатын. Жалпы өз заманында Алаш өкілдері ұлт мәдениетін, өнерін танытуға, насихаттауға қатысты бірқатар тағылымды шаралар атқарды.

Алаш қайраткерлерінің тіл саласындағы тағылымын биік бір асқарға теңесе болғандай. Сол асудың төңірегінде Алаш зиялыларының қазақ тілін дамытудағы еңбектерін ерекше бөле-жара айтуға болады. Алаш зиялыларының дербес мемлекеттілікке ұмтылыстарында қазақ тілінің мәртебесі туралы да ойлар менмұндалап тұрды. Оны олардың сол тұста жазған мақалаларынан және А.Байтұрсынұлының, С.Сәдуақасұлының Оқу комиссариатында басшылық еткен кезіндегі іс-қимылдарынан аңғаруға болады. Тіл – ұлт руханиятының негізгі өзегі екендігі де Алаш зиялыларының қоғамдық ойларынан және көркем шығармашылығынан көрініп жатты. Тілдің қоғамдағы орны мен рөлі жөніндегі қисынды пікірлер Ахаң бастаған алашшылдардың мақалаларынан көрініп жатты. Сондай-ақ, туған тіл тақырыбы ұлтты ұйыстырушы, халықтың төл болмысын айқындаушы фактор ретінде қазақ поэзиясында, әсіресе, М.Жұмабаев, С.Торайғыров өлеңдерінде ерекше леппен жырлана бастады.

Абай заманында өмірге келіп, өркен жая бастаған жазба әдебиеттің нағыз бағбаншылары Алаш ұранды әдебиет өкілдері болды. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ғ.Қараш, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, Қ.Кемеңгерұлы, Б.Күлеев т.б. Алаш қозғалысының белді, белсенді мүшелері қазақтың жазба әдебиетін тақырыптық-идеялық, жанрлық, көркемдік тұрғыдан байытты, кеңітті. Яғни, негізінен ауызша айтылып, тыңдалып жүрген көркем сөз үлгілері хатқа түсіп, жазу түрінде газет, кітап беттеріне көше бастады. Бұл әдебиеттің өмір сүру, таралу типін ғана өзгертіп қоймай, ең бастысы, жазудың мәдениетін арттырды. Көркем ойды жеткізудің тілдегі стилистикалық мүмкіндіктерін еселеді. Соған орай жаңа көркем түрлер пайда болды, тың сөз тіркестері мен сөйлемдер жасалды. Жазба әдебиет үлгілері дайындықпен, қажетті материалдар жинаумен, ұзақ толғанумен жазылатын дүниелер болғандықтан, мұнда ұлт тілінің барлық байлығы мен бейнелілігін сарқа пайдалануға зор мүмкіншіліктер туды. Туған тілінің осы мүмкіншіліктерін тумысынан талантты, ұлтына ұлы махаббаттары табиғи Алаш ұландары ұтымды пайдалана алды. Сөйтіп, қандай да бір қасаңдықтан ада, адами құндылықтарды ту еткен, халқының халіне, ұлтының ұйысуына зерек ой, адал ниетпен көмкерілген көркем туындылар дүниеге келді. Бұл «Алаш әдебиеті» деп аталатын жаңа әдеби дәуірдің бастапқы кезеңдерінде ұраншылдық, насихатшылдық басым болғанымен, шамамен жас дарындар Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Әуезовтердің шығармалары жазыла, жарық көре бастаған тұстан бері қарай көркемдігі кемел дүниелер бой көрсете бастады. Осы эволюциялық жол – Алаш әдебиетінің тез өсіп, жедел жылдамдықтармен ілгерілегенін көрсетеді. Оның мысалы, «Оян, қазақ!» пен «Батыр Баян», «Қорғансыздың күні», «Ақбілек» аралықтары.

Қазақтың жазба әдеби тіліндегі публицистикалық стильдің қалыптасуы 1905-1918 жылдар аралығында баспасөз құралдарының көбейе түсуімен түсіндірілетіндігі белгілі. Осы тұстағы баспасөз беттерінен тіліміздегі публицистикалық стильдің қалыптаса бастағанын көреміз. «Қазақ», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Алаш», «Жас азамат» газеттерінен және «Айқап» журналынан т.б. баспасөз құралдарынан қазақ сөзінің қоғамдық-әлеуметтік саланың әртүрін көрсететін лексиканың стильдік реңктерге ие бола бастағанын байқаймыз. Осы баспасөз беттерінде саяси-қоғамдық лексикамен бірге, мәселен, жаңа мазмұндағы салтанатты стильдің де ерекше үлгілерін аңғарамыз.

Алаш қозғалысы қазақтың жазба тіліндегі құжат тілінің де белгілі бір қалыптарын түзді. Айталық, уездік, облыстық, жалпықазақ сиездерінің хаттамалары, қаулылары, «Алаш» партиясының бағдарламасы, қатынас хаттары құжат тілінің жаңа бағыттағы лексикасын қалыптастырды. Бұған қоса, Алаш қозғалысы дәуірінде эпистолярлық жанрдың қауырт дамығанын әбден аңғаруға болады. Ә.Бөкейханның, А.Байтұрсынұлының, М.Шоқайдың, М.Тынышбаевтың, Ж.Сейдалиннің, Х.Досмұхамедұлының, М.Дулатовтың т.б. хаттары осы жанрдың тарихындағы үздік үлгілер.

Жазба әдебиетіміздің тарихындағы алаштық кезеңді зерттеуде қазақ лексикасының зор мүмкіндіктерін айқындайтын мысалдар жеткілікті. Сөз қолдану, ұғымды беру, тың сөз тіркестерін жасау – олардың ұлттық ойлау жүйесін, сондай-ақ Батыс пен Шығыс ілімін ізденгіштікпен зерделегенін байқатады. Алаш қайраткерлері мен қаламгерлерінің бұл жоралы жолы із-түссіз кеткен жоқ. Оның тамаша дәстүрлері өзінен соңғы сырты советшіл әдебиеттен көрініс тауып жатты. Бұл да зерттелуін қалап тұрған үлкен тақырыптың бірі.

Алаш қозғалысын қазақ руханиятындағы тағылымды орасан құбылыс болды десек, соның бір парасы – қазақ әдеби тілінің жаңа сатыға көтерілуімен сабақтас.

Қазақ қоғамының оянуына, сілкінуіне сол кезеңдегі қазақ баспасөзі өлшеусіз үлес қосты. Бұл қатарда ұлттық қозғалыстың серпінді болуына, қарқынды өрістеуіне зор ықпал жасаған «Қазақ» газеті алдымен аталады. Ахаң басында тұрған бұл ұлы басылым Алаш идеясын қазақ сахарасына тарата отырып, өзінің зор миссиясын абыроймен орындады. «Қазақтан» кейінгі алаштық идеяны Х.Ғаббасов пен Р.Марсеков шығарушылары болған «Сарыарқа» газеті және М.Шоқай шығарған «Бірлік туы» газеті өрістетіп отырды. Бұл газеттер қазақ баласының бойына ұлттық сезімді, ұлттық ождан мен абыройды сіңірді.

Қазақ ғылымының тууына Алаш зиялыларының тікелей ықпалы тигені бәрімізге белгілі. Қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының басында Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы тұрса, медицина, биология, табиғаттану салаларынан Х.Досмұхамедұлы, математикадан М.Дулатов пен Ә.Ермеков, психологиядан Ж.Аймауытов, педагогикадан М.Жұмабаев, ауыл шаруашылығынан Т.Шонанұлы, Қ.Кемеңгерұлы арнайы еңбектер жазды. Қазақ жазуының, ұлт грамматикасының дүниеге келуіндегі Ахаңның еңбегі айрықша аталады. М.Әуезовтің сөзімен айтсақ: «...Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегін, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын». Алаш зиялылары қазақ ғылымын қалыптастыра отырып, оның терминологиясын да жасағанын және оның өміршең болғанын да атап өткеніміз дұрыс.

Алаш қозғалысы қазақтың тарих ғылымын дүниеге әкелді. Өткенді аршу, бағзы өмірдің даму тұстарын санадан өткізу сияқты еңбектер – ұлттың есейе бастағандығының белгісі. Өткенге көз салу, оны бүгінмен, болашақпен байланыстыру – оқуы мен мәдениеті өскен елдің белгісі. Міне осындай ұлттық рухани жаңғырудың басында Алаш қайраткерлері тұрды. Бұған Шәкәрімнің, Ә.Бөкейханның, М.Тынышбаевтың, Х.Досмұхамедұлының, Қ.Кемеңгерұлының, С.Асфендияровтың жазғандары куә. Халқымыздың өткен тарихына үңілгенде олар ең алдымен Абылай, Шоқан, Абайдың есімдерін ұлықтады. Ал өз заманының тұлғаларын бағалауға келсек, мәдениет көзімен қарағанда Әлиханды Семей жұртшылығының қарсы алуы, Ахаңның елу жылдығын зиялы қауым болып арнайы атап өтуі – Алаш қайраткерлерінің жаңа өркениеттік жолға бет алғандығын көрсетеді. Осының барлығы Алаш қозғалысы дәуірінің – қазақтың өткенін бағалаудың, өз заманын зерделеудің ұлт тарихындағы алғашқы кезеңі болды деп тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

«Алаш» партиясының, Алашорда үкіметінің құрылуы мемлекет үшін қажетті саяси, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық атрибуттарды қалыптастыруды қажет етті. Алаш қайраткерлері бұл салада да өнімді еңбек етті. Олардың қазақ ұлтын ұйыстырудағы, оятудағы бірнеше жылдық пәрменді әрекеттерінде жоғарыда аталған қажеттіліктер көрініп жатты. Мемлекеттің іргесін қалау мәселелері Ә.Бөкейханның, М.Шоқайдың, Ж.Досмұхамедұлының, М.Дулатовтың, Б.Құлмановтың, Ғ.Бірімжановтың, Ж.Ақбаевтың, М.Тынышбаевтың, Ж.Сейдалиннің, У.Танашевтың, Х.Ғаббасовтың, А.Тұрлыбаевтың, Ы.Жайнақовтың т.б. жазған еңбектері мен атқарған істерінен айқын аңғарылып жатты. Алаш қайраткерлерінің облыстық, уездік сиездер мен комитеттерді, жалпықазақ сиездерін ұйымдастыруы, сол тұстағы Уақытша үкіметпен келіссөздері, бағдарлама дайындауы, қаулы-қарарлар қабылдауы – олардың қаншалықты дәрежеде саяси өте сауатты қайраткер болғандықтарын көрсетеді. Алаштықтар Қазақстанның сол тұстағы шаруашылық жайын саралай отырып, соған орай экономикалық дамудың бірқатар жолдарын да мегзеді. Бір қызығы, сол кезеңде олар Қазақстанның астанасы жөнінде де орынды мәселе көтерді. Айталық, 1917 жылы Семейді «Алаш астанасы» деп жариялап, оған «Алаш» деген атау берді.

Алашорда мен Түркістан мұхтарияты жетекшілері арасындағы мәселеде олардың арасында бірлік болмады немесе әрқайсысы өздерінше дербес мемлекет ретінде өмір сүргілері келді деудің реті келіңкіремейді. Өйткені біріншіден, олар қазақ елінің тәуелсіздігі жолында бір бағыт ұстанды, екіншіден, олар ортақ мүдде төңірегінде ұйыса алды. Оған М.Шоқай, М.Тынышбаев т.б. Түркістан қайраткерлерінің Алаш сиездеріне қатысуы, М.Дулатов, Т.Құнанбаев сияқты Алаш өкілдерінің Сырдария қазақтарының сиезіне арнайы баруы, бірлікке шақыруы, ақпан төңкерісінен соң Ә.Бөкейхан, М.Шоқай, М.Дулатов бірлесіп үндеу жариялауы т.б. ірілі-ұсақты байланыстар тарихы бізге Алаш пен Түркістанның мызғымас бірлігін айғақтайды. Үшіншіден, егер кеңестік билік қазақ даласында орнамағанда, Ә.Бөкейхан, М.Шоқай бастаған ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілері қалайда бірігіп, туған елінің тәуелсіздігін ту етіп, Қазақ мемлекетін құрар еді. Бұлайша ой қорытуымызға пікірімізге сол дәуірдегі сыртқы саяси жағдайлар да, қазақ тұрмысының ішкі қоғамдық қажеттіліктері мүмкіндік береді. Сондықтан да тарих жүзінде оларды дербес нысан ретінде қарағанымызбен, өткен ғасырдың басында ең ұлы идея – ұлт бостандығын көтерген екі ірі қозғалысты, Алашорда мен Түркістан мұхтариятын бөлуге әсте болмайды.

Ұлт тағдырына қатысты кез-келген өміршең идеяның із-түзсіз жоғалып кетпейтіні сияқты алаштық идея да ұлтжанды азаматтардың ойында жүрді. М.Шоқайдың эммиграцияда жүргендегі еңбектері, М.Әуезовтің шығармашылығы, тарихшы Е.Бекмахановтың зерттеулері, І.Есенберлиннің, М.Мақатаевтың, Ж.Нәжімеденовтің, Қ.Мырзалиевтің, О.Сүлейменовтің, Ә.Кекілбаевтың, М.Мағауинның, Қ.Жұмаділовтің т.б. ақын-жазушылардың көркем туындылары, Қытайдағы, Еуропадағы қазақ диаспорасының санасындағы ұлттық идеялар, Желтоқсан көтерілісі сияқты көрнекті мысалдар Алаш идеясының, азаттық идеясының тәуелсіздікке дейін үзілмей келе жатқандығын аңғартады.

Алаш қозғалысының тарихы – отандық ғылым үшін қазақпен бірге жасайтын мәңгілік тарих. Ұлтының мәңгілігін ойлаған ұлы азаматтардың жүріп өткен жолын, ерлікке татырлық еңбектерін бағалау – есі бар ұрпақтың жадынан шықпайтын қастерлі борышы деп білеміз. Бұл бағытта осы уақытқа дейін бірқатар үлкенді-кішілі ізденістер жасалды. Әсіресе, К.Нұрпейісовтің, Ғ.Ахмедовтің, Р.Нұрғалидың, М.Қойгелдиевтің, Т.Омарбековтің, Ү.Субханбердинаның, Т.Жұртбайдың, М.Әбдешевтің, М.Құл-Мұхамедтің, Ө.Әбдиманұлының, Ғ.Әнестің, Д.Қамзабекұлының, М.Тәж-Мұраттың, А.Ісмақованың, Ә.Қараның, Д.Аманжолованың, А.Махаеваның, Д.Сүлейменованың, К.Ілиясованың, Қ.Сақтың т.б. еңбектері – алаштануға қосылған қомақты үлес. Алаш тарихы, әлбетте, сан тарапты зерттеулерді қажет етеді десек те, біздің ойымызша, қазіргі кезеңде Алаш қозғалысының мәнін, идеяларын халық санасына сіңіру – қазақ қоғамы үшін аса көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені, Алаш қозғалысының идеялары – ұлтымыз үшін ең қасиетті, ең қымбатты құндылық – тәуелсіздігімізді нығайтумен сабақтасып жатыр.

Ата-бабаларымыздың қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы күрестері, істері, ұрандары – бүгінгі ұрпаққа үлгі һәм аманат. Қазіргі қол жеткен еркін шағымызды баянды ету үшін біз азаттық жолы арман болған ата ұрпақтың аманатына берік болуды борышқа айналдыруымыз қажет. Ал бүкіл қазақ даласын осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын Алаш рухына бөлеген ұлы қазақтар аманатының жөні бөлек. Біздің ата рухы алдындағы адалдығымыз бен перзенттік парызымыз Алаштың аманатын санамызға сіңіру, соған лайық еңбек ету, өткенге құрмет көрсету. Ал құрметтің көкесі – Алаш идеясын ұрпақ бойына сіңіру. Алаш идеясы – ұлтты біріктіруші, тұтастырушы идея ретінде қашан да қазақпен бірге жасайды десек, онда сол орасан мақсатты орындау үшін қазақтың тілі мен мәдениеті, өнері мен әдебиеті, тарихы мен салт-дәстүрі, айналып келгенде, қазақты ел ететін, мемлекет ететін рухани олжасы Қазақстанда айрықша орынға ие болу керек. Сонда ғана ұлттығымызды әлемге әйгілейтін, жасампаздығымызды жаһанға жариялайтын тұрпатымыз бен тұлғамыз айқын көрінбек. Тағылымды істі аманат ретінде қабылдау – алаш баласының әуелгі қасиеті, дәстүрлі жоралғысы десек, Алаштың жолы, Алаш қайраткерлері қалыптастырған ұлттық санамызды жаңғырту сапары – бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы етер берік ұстындардың бірегейі болатынын естен шығармағанымыз абзал.

ҚОРЫТЫНДЫ



Кез-келген елді алға ілгерілететін ұлттық идея. Тіпті бүгінгі
әлем ұлт пен мемлекет ұғымдары арасына теңдік белгісін қойып
отырғаны жасырын емес. Кеңестік түсінікте ұлттық идея әсіре ұлтшылдықпен теңестірілді. Бұл қай тұрғыдан қарасақ та ақылға сыйымсыз еді. Расында, қасаң да бұрқасынды жылдары ұлттық идея дегеніміз – мемлекеттік, елдік мүдде идеясы деген мағына беретіні ұмытылды.

Алаш идеясы – қазақтың ұлттық идеясы болатын. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес-тін. «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш». Кереге – мемлекет құрылысы, Алаш – идеология. Тоқтам осы-тын. Алаш – жаңа түрдегі елдігіміздің, байырғы айбарымыздың рәмізі еді.

Егер сол тұстағы қайраткерлеріміздің көздегені жүзеге асқанда, қазір біздің еліміздің қосалқы аты Алаш (Алаш Орда, Алаш үкіметі, Алаш Республикасы) болатындығына иманымыз кәміл. Осы ретте бәзбіреулер «сонда олар қазақ атынан жеріген бе?» деп сұрақ қоюы мүмкін. Бұған «әрин, жеріген жоқ» деп жауап береміз.

Ұлт лидерлері (серкелері) шықты: Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Барлыбек Сырттан, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы. Алаш зиялыларының алдыңғы толқыны болып есептелетін осынау тұлғалардың әрбірі, бүгінгі тілмен айтсақ, мемлекет басқаруға қабілетті Президенттей еді.

Осындай қиындықтарға қарамай, Алаш зиялылары «сабақты ине сәтімен» большевиктік ағарту жұмысын өз ыңғайларына қарай бұра білді. 1920 жылдан мемлекеттік баспа құрылып, А.Байтұрсыновтың ұйтқы болуымен жаңа оқулықтар жазыла бастады. 1922 жылы Мәскеуде ашылған «Күншығыс» баспасының жұмысын да Әлихан мен Нәзір (Төреқұл) ел игілігіне айналдырды.

20-жылдардың соңынан бастап алаш зиялылары қуғындала бастады. 1929 жылдан кейін оларды әрқилы жаламен тұтқындау процесі жүрді. Ал 1937-1938 жылға дейін олардың 99 пайызын атты. Осы арқылы кеңес үкіметі ұлтгық идеяны жойғысы келді. Адамдар санасына жаңа кеңестік идея сіңірілді.

Ал зиялылардың қалған бір пайызымен (Ә.Марғұлан, М.Әуезов, Қ.Сәтбаев т.б.) халықтың жүрегінде өлмей қалған отаншылдығынан там-тұмдап ұлттық идея құру оңайға түскен жоқ. 90-жылдары бұйырған тәуелсіздік оның тынысын кеңейтті. Біз оны енді жаңа жағдайдың бедеріне өркендетуге, өрістетуге тиіспіз. Бұл іс Алаш атын жиі қолданумен немесе бос кеуде қағумен бітпейді. Әлихан айтқандай, «өз жүгімізді белгілі орынға апарсақ» болғаны.

2007 жыл – Алаштың жылы. Әрине, бұл жылды осылай деп ешкім жариялаған жоқ. Алайда, жоғарыда айтқанымыздай, 1917 жылы Алаш партиясы пайда болды, Алаш үкіметі құрылды. Бұл ұлттық қозғалыста қазақтың мен деген азаматтары елдің ертеңін ойлап қызмет еткені мәлім. 90 жылдан бері қазақты Алаш идеясы толғандырып келеді. Оны даттаған кез де болды, аңсаған кез де болды. Ендігі жаңа қазақ Алаштың жанкүйері ғана емес, нағыз жанашыры екенін дәлелдеуі тиіс. Бұл – оның рухани өсуінің барометрі. Тіпті біздің қоғамда әлі де өткір күйінде қалып отырған мемлекеттік тіл – қазақ руханияты мәселесінің оң шешілуі, жалпы мемлекетшілдік пен елшілдіктің дұрыс қалыптасуы дәл осы Алашқа көзқарасымызға байланысты деп білеміз.

Алаш тағылымы бізден барлық іске кешенді және елдік мүдде тұрғысынан қарауды талап етеді. Осы орайда жаңарған Қазақстанда «Білім мен ғылымның ұлттық (мемлекеттік) концепциясын» даярлап, қабылдау міндеті тұр. Өкінішке қарай, бізде мұндай концепцияның негізін, алғышартын жасау кейінге қалдырылып келеді. Сірә объективті жағдайлар себеп болса керек. Марқұм экс-министр Ш.Шаяхметовтен бастап білім саласы қайда барарын болжап біле алмады ғой. Қым-қуыт дәуірде қайдан білсін? Енді білім және ғылым саясаты бірыңғайланған сияқты. Сондықтан нені көздейтінімізді, қайда баратынымызды, нені басшылыққа алатынымызды, қандай нәтижеге қол жеткізуді қалайтынымызды бір концепцияға түсіруіміз қажет. Мұны жасауға тәжірибелі, білімді, технологияны білетін күштерді топтастыруымыз керек.

12 жылдық мектеп мәселесінде ескеретін жайт та аз емес. Білім ардагері К.Нәрібаев айтып жүрген білім жүйесінің барлық буынындағы сабақтастықты ескеруіміз қажет. Мысалы тіл, тарих секілді қоғамдық пәндердің белгіленген минимумын жоғары мектепке апармай, 12 жылдықта толық меңгертіп бітуіміз керек. ЖОО-да мемлекеттік тіл қазақ бөлімінің статусына сәйкес дамуы тиіс (айталық, қазақ тіліндегі жаратылыстану т.б.). 12 жылдықтың оқулықтары мен оқу құралдары сала-саласына сәйкес арнайы комиссияларда бірнеше рет талқылануы керек. Комиссиядан ақша аямау қажет және оның төрағасы мен мүшелерінің жауапкершілігін арттыру керек (соңына «жауап беремін» деп қол қою арқылы).

Мұғалімнің беделін көтеру де – жаңарумызға себепші шара. Қазір ұстаздардың жалақысы өте аз. Әлеуметтік жеңілдігі де жоқ. Меніңше, қалалық жердегі мұғалімдерге қоғамдық көлікте тегін жүргізіп, коммуналдық жеңілдіктер алып берген жөн. Ал ауылдық мұғалімдерге мектеп жанында шаруашылық жүргізуге және оның жемісін тең бөлісуге жағдай туғызу қажет (көлік, коммуналдық жеңілдікті қоса есептегенде).

Әр қалада, ауданда, облыста таңдаулы мектеп қалыптастыра алсақ, еліміздің келешегіне елеулі әлеует әкелер едік. Ғылыми есептеуге қарағанда, қоғамның 10 пайызға дейінгі бөлігі жеткілікті дәрежеде өрелі болса, ол қоғамға қауіп аз. Сондықтан әр қала, аудан, облыста бір-бір таңдаулы мектеп қалыптастыруымыз керек. Мұндағы мұғалімнің жалақысы 1,75 болсын. Ұятымызға қарай, соңғы жылдары осындай мектептің рөлін қазақ-түрік лицейлері атқарып келеді. Вице-министрден бастап мектеп директорына дейін балаларын осы лицейге беретін болды. Қаймана ата-ана бұл лицейдің екі артықшылығын көрсетеді: 1) ағылшынша жақсы береді және түрікшеге баулиды; 2) тәртіпке үйретеді. Енді осыны әр қала, аудан, облыста шеше алмаймыз ба?! Басқа-басқа, Астанада 1 таңдаулы қазақ мектебін қалыптастыра алмасақ, елдігімізге сын емес пе? Біздіңше, Астана әкімдігімен келісе отырып таңдаулы мектептің 70 мұғалімі үшін 70 муниципалдық пәтер алып, республикалық байқау жариялау қажет. Осы акция өз нәтижесін береді деп ойлаймыз.

Мектеп мұғалімдері мен оқушыларын шығармашылыққа тарту да – Алаш мирасымен сабақтас іс. Шығармашылықты мектептен бастау қажет. Оны мұғалімдердің өзі бастағаны орынды. Мысалы, көп мектептің тарихы жазылмаған. Осыны гуманитарлық пәндердің мұғалімдері әзірлеп, аудан, қала күшімен кітапша етіп шығарса, мектепке деген сүйіспеншілікті арттырар еді. Сондай-ақ әр мектептің ғылыми және әдістемелік ізденістерін жинақ етіп жариялауға да болады. Ал оқушыларға келсек, компьютер заманында әр мектеп өз газетін, журналын шығаруына болады ғой (99 данаға дейін таралымы бар газет-журнал тіркелмейді). Ресейдің бір елді-мекенінде оқушылар әуесқой видеоаппаратпен «Деревня жаңалықтарын» шығарған жағдайы бар. Сондай-ақ бізде топтап-топтап әр мектептің өз «Балауса» жинағын (поэзия, проза, драматургия, сын) шығаруға да мүмкіндік бар. Алаш тарихына қарасақ, Уфадағы Ғалия медресесі шәкірттерінің «Садақ» журналын, Омбы шәкірттерінің «Балапан» журналын (екеуі де қлжазба) шығаруы жалпы қазақ әдебиеті мен мәдениетіне үлкен олжа салған жоқ па!

Әр мектептің бір немесе бірнеше қайраткермен, ғалыммен, ақын-жазушымен байланыс орнату қажеттігі де сезіледі. Республика көлемінде осындай акцияны бастауымыз керек. Мұның пайдасы көп. Бұл Елбасының ұсынысын қолдау да болмақ. Әр мектеп жерлесін шақыра ма, жоқ басқаны шақыра ма – өзі біледі. Келу-кету шығынын аудан, облыс көтерсе де, қонақтың өзі көтерсе де – еркі.

«Мектеп кітапханасын байыту» акциясын жасау да – керек шараның бірі. Себебі бүгінгі мектеп кітапханасына көп көмек керек. Үлкен ұлттық компаниялар ауыл мектептеріне «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шыққан кітаптарды тарту етсе, қандай жарасымды! Ақын-жазушылар мен ғалымдар да жаңа шыққан кітабын немесе жеке кітапханасының бір бөлшегін сыйлаудан қашпас. Кезінде Ә.Бөкейхандар Ақмола облысы (Омбы) халық ағарту бөліміне жарты кітапханасын сыйлағанын ескергеніміз жөн-ау.

Қалай дегенде білім жүйесі – қоғам қайнауын, қоғам өресін аңғартатын сала. Сондықтан отандық білім-ғылымның жаңа даму кезеңі елден ойлы, жүйелі және шығармашыл істерді күтеді. Осы ретте Алаш қайраткерлерінің іргелі ізденістері, баянды бастамалары бүгін өз жалғасын табуы тиіс.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:



  1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

  2. «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007

  3. «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;

  4. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2

  5. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

  6. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: “Аң арыс” баспасы, 2009

  7. Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

  8. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9

  9. Н.Ә. Назарбаев. Тарих толқынында.-Алматы, 1999, 172-173 бб.

  10. Назарбаев Н.Ә. Елдіктің белгісі - Елорда. Астана қаласының 10 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзі. // Егемен Қазақстан. 14 шілде 2008 жыл.

  11. Мәмбет Қойгелдиев, «Алаш қозғалысының ұлт тағдырындағы орны жөнінде»,«Алаш қозғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих және қазіргі кезең» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Семей, 2008 жыл, 26 б.

  12. Х.Әбжанов, Алаш қозғалысындағы ұлттық идея эволюциясы, «Алаш қозғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих және қазіргі кезең» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Семей, 2008 жыл, 9 б.

  13. Фрадлин Е.М. Принципы формирования патриотизма. – М., 2002.

  14. Кенжалин Ж. Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз. – Алматы, 2005. 46-47 бб.

  15. Абсаттаров Р.Б. Воспитание казахстанского народа: вопросы теории и практики // Актуальные вопросы общественной жизни. Сборник статей. –Алматы,1994. - С.71.

  16. Ұлттық бірлік – біздің стратегиялық таңдауымыз. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында сөйлеген сөзі //Егемен Қазақстан. 2009 жыл, 27 қазан.

  17. Мустафин Т. Патриотизм и идеология //Казахстанский патриотизм: проблемы становления. Материалы науч.-прак. конф. – А.,1997. – С.40-44.

  18. Абдыгалиев Б. Этнические факторы формирования казахстанского патриотизма //Казахстанский патриотизм: проблемы становления. Материалы науч.-прак. конф. – А.,1997. – С.88-92.

  19. Кенжалин Ж. Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз. – Алматы: «Өлке» баспасы, 2005. – 160 б.

  20. Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процестер және ұлт саясаты. Монография. – Семей: Семей пед-қ инс-ы, 1995. – 180 б.









32



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.03.2025
246
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі