Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Алаштың Ахметі - ғұламасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Алаштың Ахметі-ғұламасы»

Кіріспе сөз

Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме, құрметті конференцияға қатысушылар және қонақтар!

Біздің лицейімізде бірнеше күннен бері елімізде жыл сайын аталып өтетін дәстүрлі Тілдер мерекесіне орай күнде айтулы іс-шаралар өтіп жатқанын бәріңіз де жақсы білесіздер. Лицейімізде өткізіліп жатқан Тілдер онкүндігі аясында бүгін біз сіздермен Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» атты оқушылар конференциясын өткізгелі отырмыз. Конференцияның мақсаты- қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының негізін салушы ғалым, ақын, қоғам қайраткері , ұлттық жазудың реформаторы ,тілші , журналшы , ағартушы, халқына қанатымен су сепкен қарлығаштай боп ,бар ғұмырын арнап кеткен ,халқының рухани ой-санасына ой салған ұлы тұлға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы тереңірек білу және жас зерттеушілердің бойында ізденушілік қабілеттерін шыңдау,ғылыми –зерттеушілік қабілеттерін дамыту.

Бірінші бөлімі бойынша Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы мен өмірі жайлы баяндамаларға кезек береміз. Екінші бөлімінде Ахаң жайлы ақындарымыздың жазған өлеңдерінен әдеби монтаж , Ахаңның өз мысалдары мен өлеңдерінен үзінді оқу , викториналық сұрақтар және конференциямызды қорытындылау.

(Слайдтар және баяндамалар)

І бөлім.Баяндамалар.

ІІ бөлім.

(11А сынып оқушылары қойған әдеби монтаж)

ІІІ бөлім .Викториналық сұрақтар.

ІІ бөлім.  

Мөлдір:   Ахаң жайлы айшықты ойлар.

   Ахмет Байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар … өзге оқыған  замандастары өз бастарының пайдасын ғана  іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың   арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.         

                                    Сәкен Сейфуллин …

Аяулым: Ахаң ашқан қазақ мектебі,  Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны- “Қырық мысал” , “Маса”, “Қазақ”  газетінің  1916 жылдағы  қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер- білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына  ешкім де дауласпайды.                                                    Мұхтар Әуезов

Айдана:

Жасынан шырқап шыққан жақсы атағы

Елінің әулиедей ақсақалы.

Қараңғы адамдардың зердесіне,

Тараған таң нұрындай ақ шапағы

Сөзінің ойы терең, оты күшті,

Уақытты озған орап оқымысты.

Ел оқып оның жазған ғибратын,

Жетілді сарайына тоқып ішкі .

Айзат:

Ол салған жолға  түсіп талаптанып,

Өмірлік сұрағына жауап тауып

Басына   жастап жатып әліппесін,

Сан ұрпақ көзін ашты сауаттанып. …

Ажалға  оны елі қия алмады,

Жүр деді Колымада қияндағы

Шығарған оның мұңлы әні айтылып,

Шертілді көңілдегі күй- арманы.

Жанар:

Теңізбен, жермен, шөппен байланысып,

Халқының тірлігіне айналысып,

Рухы Ахметтің  ел үстінде,

Жүр деді арманындай айнала ұшып.

Осындай ол жайында аңыздар көп,

Ол айтты деген жыр мен уағыздар көп.

Қарыздар болмай кетті  ол халқына,

Ал халқы қалды оған қарыздар боп.     

  Гүлім:

Сахаралық сәби сезім қазақтың

Сені тәңірі мойымастай

Батпанына халқым деген қасиетті азаптың

Мешеу елді құз құлаудан-

Тарихи өрге ауырсынбай көтерер,

Қабырғасы қайыспайтын,-

Қайсар төзім қара нар ғып жаратты!

Абылай:

Ахмет аға, рухани ұлы көсеміміз-

Халқымыздың өнегелі ардағы

Келешекті кеңінен болжар,

Көрегенді кемел ойдың саңлағы.

Ұлтты апаттан алып шығар арманның

Абзал жолды келді дұрыс таңдағың!..  

Аманғали:

Өкінішім, Аха, сенің көре алмадым жүзіңді,

Білем, білем,  келер ұрпақ алады аршып ізіңді.

Қапелімде тамағыма өксік келіп тіреліп,

Сағыныштың ыстық жасы жанарымнан үзілді.

Жалғыз ауыз жақсы жырды саф алтынға  балаған,

Сөзің балдай, өзің таудай жан екенсің, ағажан!

Қасіреттен түсті басым тауқыметті тағдырың,

Қасиетті өз орныңды алдың бүгін арадан…  

Әнел:

Кезде сол ғасыр беті жаңа ашылған,

Бұл қазақ кемдік көрген жанашырдан. “

Алашым, ұйқыңды аш” деп ұран салды

Бір арыс ел бағы үшін жаратылған.

Жат пиғыл таптамасын, жасқамасын,

Алаштың оқытсам деп жас баласын

Қайрат қып қаруымен, қаламымен

Қайыспай соқты тауға, тасқа басын.

Ахаң боп түн түнегін жара көктеп,

Сөйледі “Қазақ”, “Алқап”, “Жаңа мектеп”

: “Ей, болашақ, қалдырма өз көшіңнен,

Менің момын халқымды ала кет” деп.

Мақсат:

Көз жасы бодандықтан жиі ағатын,

Күнді аңсап қазақ есін жыя алатын

Кетті әке ақ патшаның  тепкісінде,

Бұл көрді қызыл қоғам қиянатын.

Ауыр сын тағдыры оған қылды несіп,

Мұқалмас өр рухы бірге ілесіп

Қалды алыс қайран Аққұм, ару Ақкөл

Мұз- қарын Ақ Теңіздің жүрді кешіп.

Әлия:

Осылай өтсе де Ахаң қам көңілмен,

Күн жетті көкжиектен  таң көрінген.

Оқ тескен от жүректің бір ғұмыры

Оралды ортамызға мәңгі өмірмен.

Бұғауын сұм заманның  үзіп қашып,

Бұл күнмен әні астасып, жыры ұштасып,

Бәрі хормен:

Алаштың Ахметі- ғұламасы

Барады ғасырлармен иықтасып.  

   

 

ІІІ бөлім.

Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы викториналық сұрақтар.

Қорытынды

Міне,балалар, халқына жанын  құрбан қылып, жарыққа қарай өрге сүйреген сүйікті ұстазымыз жайлы бүгін біраз мағлұмат алдық деп ойлаймын. Маңайындағыларды өлең қуатымен жылытып, рухтандырып отырған Ахаңның шығармашылығын, елге жасаған қызметін білу –бізге парыз. «Балам деген жұрт болмаса елім деген бала қайдан болсын»деген екен ғұлама ғалым.

Озық елдің қатарында боламыз деген Қазақстанның бүгінгі болашағы –сіздер. Өзгені тану өзіңді танудан басталады.

Тән көмілер,көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен еемес, бір күнгісін,

Жұрт ұқпаса,ұқпасын,жабықпаймын

Ел бүгіншіл,менікі ертеңгі үшін,-деп Ахмет аталарыңыз сіздерге аманат тастап кетті.

Бүгінгі жас ұрпақ , сіздер , Ахмет аталарыңыздың туған тіліне , халқына жасаған қызметін ешқашан ұмытпауларыңыз керек.

Тіл жанашыры болыңыздар ,ана тілін ерекше бағалаңыздар.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
503
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12