Алаштың ардақты зиялылары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алаштың ардақты зиялылары

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш зияларының өмірі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

«Ақалтын» жалпы орта мектебі












Алаштың ардақты зиялылары


/Ашық тәрбие сағаты/






11 сынып жетекшісі: Муратиярова Ж.Ж.














2015-2016 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: Алаштың ардақты зиялылары

Сабақтың мақсаты: XX ғасырда біздің қазақтай көп қырылып, жаппай қуғындалып, көп атылған халық жер бетінде кемде-кем. Оның ащы ақиқат екендігін іздеу барысында көз жеткізу. Алған білімді терендету, дамыту, мұғалімнің көмегінсіз оқып үйрену. Еліміздің қалай қырылып, қалай қиыншылықты басынан өткергенін түсіндіру.

Білімділік:  еліміздің тарихы туралы түсінік беру, жас жеткіншек бойында Отанынға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, халқымыздың әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне зор құрмет, шынайы сезім, ұлттық рух тұрғысында қарауға дағдыландыру;

Дамытушылығы: Халық педагогикасын насихаттау, балаларды ұлтжандылыққа, имандылыққа және адамгершілікке баулу,сөздік қорларын, тіл байлығын арттыру, әдемі, сауатты сөйлеуге үйрету, білімге деген құштарлығын арттыру;

Тәрбиелігі:Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, атамекеніне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу, қауымдасып жұмыс істеуге, жауапкершілікке, ізденпаздылыққа, білімділікке, әдепті сөйлеуге, адам бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: Саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған қоғам қайраткерлерінің  фото суреттері, буклет, нақыл сөздер, слайдтар альбом, тірек сызбалар

Сабақтың жоспары:

І бөлім. «Мұңлы тарих-ХХ ғасыр»

ІІ бөлім. Cталин мен Рықұловтың кездесуі

ІІІ бөлім. Сұлтанбек Қожанов пен Зайыбы Кұләндәм Қожанованың тағдыры

V І бөлім. АЛЖИР лагеріндегі аналар

V бөлім. Перзент мұны

VІ бөлім. Тәуелсіздік толғауы

Сабақтың барысы:

1-жүргізуші:

«Алаш» туының астында

Куә болсын Арымыз!

Көркейтуге Алашты

Құрбандық біздің жанымыз!

Жасасын, Алаш, жасасын! – деп С.Торайғыров өткен ғасырдың басында - азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды Қазақ тарихының ақтаңдық беттерін қарап отырсақ, ұлт, тағдырын, халық қамын жете ойлаған Алаш арыстары қызыл империяға қарсы қаймықпай күресіп, тәуелсіздік үшін жандарын құрбан еткен.

2-жүргізуші:

Бүгінгі күн қазақ елінің мәртебесін жоғары көтеріп, шоқтығын биіктетер айтулы мереке. Ата-бабамыз мирас еткен, парасатымен, күш-қайратымен қорғаған мемлекетіміздің тәуелсіздігіне

31-жыл

1-жүргізуші:

«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға «Алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды.

2-жүргізуші: Осы Сталиндік қызыл террордың құрбандары болған қазақ зиялыларының рухына бас иіп, орнымыздан тұрып бір минут үнсіздікпен еске алайық!
Бір минут үнсіздік жариялаймыз...
1-жүргізуші: 1937-1938 жылдардағы сталинизм репрессиясын ойласаң жаның түршігеді, халықтың қамын ойлаған зиялы азаматтарымыз бір түнде репрессия құрбандарына айналғандар қаншама?
1937-1938ж Лаңкестік жаппай сипат алды. Бұл жылдарда кеңес үкіметін орнату мен нығайтуға қатысқан көрнекті қайраткерлер жазаға тартылды. Олар: С.Қожанов, Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, А.Байтұрсынов. 101 мың қазақтар «ГУЛАГ» азабынан өтті, 27 мыңнан астамы атылды.
2-жүргізуші: Бүгінгі кешімізді азапты жылдар құрбандарының асыл рухына бағыштаймыз.

1-жүргізуші:

Ия, жазықсыз жапа шеккен кешегі Кеңес Одағы тұсындағы зобалаңда «халық жауы» атанған боздақтардың атын еске алу бүгінгі ұрпақтың міндеті

2-жүргізуші:

Айқай заман-ай,

Кеттің қайрылмай.

Көрсетіп жапанды,

Тартқыздың қапаңды.

Сүм –дүние жалған-ай! -деп сахнада 11 сынып оқушылары тарих қойнауына енбекші.

І бөлім. «Мұңлы тарих-ХХ ғасыр»

Ұлданай - Қуғын-сүргін сол бір аяулы азаматтардың берекелі шаңырақтарын шайқады-ау! Айтыңдаршы шындыққа ұмтылудан артық қандай жақсы қасиет бар?

Ханзада- Ия, шындық шырқырап, құлын даусы естіліп жатса да «троцкийшіл, жапонның, ағылшының, немістің тыңшысы»-деп халық жауы атанған талай-талай азамат айдауға түрмеге жөнеліп жатты...

Маржан-Ана күйеуінен, бала анасынан айырылды. Заман тыныш. Апырай, сонда халықтың жауы кім болғаны? Қайдан келен жау?!

Жансая- Жиналған жүкті ірітіп бұзатын қара күйе деген болушы еді немесе егінді тып-типыл жасайтын көк шегіртке «саранша» дегенді естуші едік. Халқына адал қызмет етушілерге «Халық жауы» деп жала жабылуы ойланарлық жағдай... Тарихқа қианат осылай басталған.

Ұлданай: Сәбилерінің шат-шадыман күлкісі естіліп жататын базарлы үй мазарға айналды. Бұған Ақмола қаласының маңындағы лагерьлердің 26-шы нүктесі куә бола алады.

Ханзада: Қайтып қана таң қалмассыз. Олар-біреудің әпкесі, біреудің қарындасы, ал екіншісінің анасы емес пе еді. Арманда кеткен аналар-ай, тағдырдың ауыр жүгін арқалауға мәжбүр болдың-ау! Жүрегі мұздап, тағдыр тауқыметіне шыдамдылықпен , күш-жігермен төтеп берген абзал аналардың көрген қиыншылықтарын айтпауымыз қылмыс емес пе?

Жансая- Ол абзал аналар күйеулерімен бірге қылмысты іске қатысты делініп, «Халық жауларының әйелдері» деп қуып шығарылды. Көз алдарында бала –шағаларын НКВД тәрбиелеуге алып келтті.

Маржан: Сол бір тағдыр тауқыметін көрген мыңдаған әйелдер кімдер еді?

  1. Кұләндәм Қожанова.

  2. Дәмеш Ермекова-Жүргенова

  3. Бибіжамал Сырғабекова

  4. Майнұр Сармолдаева

  5. Сақыпжамал Назирова

  6. Сағдат Таштитова

  7. Мариям Есенгелдина

  8. Күнжамал Майлина

  9. Шәкітай Тәтімова

  10. Әзиза Рысқұлова

  11. Рида Рысқұлова

  1. Мария Ескараева және тағысын тағы барқалар.

Мыңдаған асыл аналар!!!

1-жүргізуші:

Осының барлығы ерлік барлағанға,

Тереңде тарбанып тал қарманғанда.

Жүрегі жылайды ақын, жаны жара,

Кісенде қолы, қызыл тілі зарлағанда .

2-жүргізуші:

Сталинге бесеудің хатымен барды Тұрар,

Елі үшін белін, мықтап буған болар.

Халқымның намысты ұлы көтерілді деп,

Таңдаған күрес жолын елдік құрар.

Көрініс: Сталин мен Тұрар Рысқұловтың кездесуі.

Дауыс: Сталин кабинеті. «Бесеудің хатының» авторлары Ғ.Мүсірепов, Қ.Қуанышев, Е.Алтынбеков, М.Дәулетқалиев, М.Ғатауллин Орталық атқару комитетіне хат жазып, Тұрар Рысқұловтан осы хатты Сталинге жеткізуді өтінеді.

Рысқұлов: -Кіруге рұқсат па, жолдас Сталин!

Сталин:-Ия, Түркістанның Шыңғыс ханы төрлет.

Рысқұлов:-Грузиннің князі төрге шығып кеткен екен, маған осы жерде болады.

Сталин:-Сен мына хаттағы деректердің бәрін қайдан алдың.

/Сталин Рысқұловқа сарғыш көздерін қадай қалды. Рысқұлов сенімді қалпын өзгертпей, аспай-саспай тіл қатты/

Рысқұлов: -Совноркомға жергілікті азаматтардан келіп түскен хаттар, телеграммалар көп. Қазақстаннан қазақтар қашып барып жан сауғалаған. Омбыға, Барнауылға, Орынборға уәкілдер жіберілді.

Сталин:-Сонда немене, бүкіл Совноркомның апаратын тартып жіберген бе?

Рысқұлов: -жоқ, жолдас Сталин аппарат орнында. Совноркомнан 4-5 адам ғана. Көбісі студенттер. Москва, Ленинградта оқып жүрген қазақ студенттері....

/Сталин Рысқұловтың сөзі бөліп жіберді/

Сталин: -Немене , сонда ол каз-зах студенттері мұнда оқу үшін келген бе, жоқ әлде өкіметтің қаржысымен, Рысқұловтың тапсырмасымен ел қыдырып жүру үшін келен бе? Оқу қайда?

Рысқұлов: -Оқу қайда?-дедіңіз, жолдас Сталин. Студенттер, әрине, оқуға тиіс. Бірақ халқы қырылып қалса, ол оқу кімге керек?

/Кілем үстінен кетіп бара жатқан Сталин оқыс бұрылды. Көзі заһар шашатындай аншыла қалды. Столға дейін жетіп, трубкасымен күлдеуішті тықылдатып қалды./

Сталин:-Мен жақында Голощекин жолдастан хат алдым. Хатында ол жазады. Қазақстанда мен келгенге дейін Совет өкіметі орнамаған екен дейді. Мен өз жұмысымды Қазақстанда «Кіші Қазан» төңкерісін орнатудан бастап жатырмын дейді.

/Осының бәрі қалай әсер етті дегендей Сталин Рысқұловқа қырындай тұрып қиғаштай көз тастады. Рысқұловтың танауы делиіп, тынысы тарыла бастағандай, көйлектің жағасына сұқ саусағын салып керіп тұр екен. Сталин мұны сезбеген болды. Әр сөзін нықтай түсті.

  • Голощекин жазады, қазақтар жабайы дейді. Халыққа қасықпен тамақ жеуді үйретпекшімін дейді

Рысқұлов: -Ал сіз оған не дейсіз?

Сталин:-Өзің не дер едің?

Рысқұлов: -Мен не дер едім.../Даусы жарықшақтанып/

-Мен айтар едім: жолдас Голощекин, өйтіп тұтас бір республикаға жала жаппаңыз. Сіз жиі айтатындай , қазақтар жабайы емес. Орысша оқығандар да, мұсылманша оқығандар да бар. Ал қасық, шанышқы дейсіз бе. Ұялмайсыз ба Голощекин! Аштан қырылып жатқан халыққа әуелі тамақ тауып беріңіз. Қасық пен шанышқының амалы табылар.

Сталин:-Болдың ба? Сен осының бәрін Голощекинге емес, маған айтқандай кіжініп тұрсың-ау... Сен сондайсың ия... Ал мен не деп жауап жаздым Голощекинге? Білмейсің, әрине білмейсің?

-Жә, Тюрар, тым-көп қызбалана берме, жарайды. Бұл істі Молотов пен Каргановичке тапсырдым. Олар анық қанығына жетіп, бір тоқтамға келгенде, сенің ұсыныстарыңды Саяси Бюрода қараймыз.

Рысқұлов: -Молотов пен Карганович істің анық қанығына жеткенше, қазақтардан не қалар екен?

Сталин:- сен енді бізге қысы жасама.

Рысқұлов: -Сізге қысым жасар хал қайда мен де. Мен өз басым ашығып, өліп бара жатсам, Сізге бүйтіп жалынбас едім...халық қой. Алты миллион халық! Соның қазір жартысы-ақ қалды.

Сталин:-Әсірелеуге бейімсің, Тюрар, сен санап шыққан жоқсың ғой?

Рысқұлов: -Сенімді деректер бар, жолдас Сталин. Ауа көшкендер Россияның орманына дейін жетіп, ағаш қабығын кеміріп жатқандар қазақтар...

Сталин:-Жарайды, көрерміз боссың.

1-жүргізуші:

1937 жыл. Асыра сілтеу, шаш ал десең бас алатын нәубет репрессия жылы еді. Еліміздің өз ішінді сол зұлматтың құрбаны болған азаматтарымыз қаншама. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған асыл аяулы ұлдарымызды өз ортамыздан осылайша аластатық .

2-жүргізуші: Сол ұлдарымыздың бірі- Орта Азия мен Қазақстан тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі «Үлкен қызыл террор» құрбаны Сұлтанбек Қожанов пен зайыбы Кұләндәм Қожановалар еді.

Күләндәм: /Есік қағылды/ Сұлтанбек: кітап оқып отыр. (Күләндәм апай есікке барып)

-Бұл кім?

НКВД:-Есігіңізді ашыңыз, үйге кіруге бола ма?

Күләндәм: - (Есікті ашып) Сәлеметсіздер ме, кіріңіздер!

НКВД:-Амансыз ба, Сұлтанбек Қожанов үйде ме?

Күләндәм:- Ия, үйде.(шошынып тұрып)

НКВД- (Сұлтанбекке жақындап, құжаттарын көрсетіп) Қожанов жолдас, сіз бізбен бірге жүресіз.

Сұлтанбек: -Жоқ. Сендер мені кімге санап тұрсыңдар? Тілерсегі кедей, кеңес өкіметі тәрбиелеген, өсірген, шыңдаған мені оңай беріледі демеңдер, кәнекей мұрсат беріңдер, НКВД бастығымен өзім сөлесемін. (Осы арада есіктен тағы НКВД мүшесі кіріп келеді)

Бастық:- Қожанов Сұлтанбек сізді «халық жауы» деген кінәмен тұтқынға алуға приказ шықты. Қарсыласпай атқанды істе.

Сұлтанбек: (Орындыққа отырып қалады, жерге қарап ойланып отырып. Әйелі жылап тұрады)

-Күләмдәм! Болашақ ұрпаққа өткен өмір шежіресін ұқтыр, естір, түсіндір, айт бекем бол!

Зиба:- Әке, сенің не жазығың бар. Әкетай неге үндемейсің? Сені ұстау заңсыздық емес пе? Әкежан сенсіз қалай өмір сүреміз.

Сұлтанбек-(қызын құшақтап, қатып қалған Кұләндәмға жақындап ұстады да)-берік бол, Кұләндәм. (Сұлтанбекті алып кетеді)

Күләндәм: -Есікті неге аштым. Жансыздар! Жазықсыз елім деп еңіреп жүрген ер азаматымды қайда алып кеттіңдер? (Қызы құшақтап, шығып кетеді.)

Автор: Бір ай уақыт өтті. (Кұләндәм үйде ойланып отыр)

Зиба:-Анажан! (жылап келеді)

Күләндәм:-Не болды жаным, тыныштық па?

Зиба:-Мектепте сұмдық болды. Жүргеновтың, Тәтімовтың баларын және мені бүкіл елдің алдында «Халық жауының » балалары деп, мойнымыздағы галстугімізді шешіп алды. Пионерді пионерден, комсомолды комсомол мүшелігінен шығарды. Апа «Халық жауының» балалары деген таңба бізге кесірін тигізуде. Енді не істейміз.

Күләндәм: (Құшақтап) Тыныш, жылама жаным, бәрі өткінші, бәрі өткінші. (Есік қағылады, екеуі құшақтасқан күйі есікке шошына қарайды)

Зиба:-Бұл кім?

НКВД:-Есігіңді аш, анаң үйде ме? (есікті ашады)

НКВД:- Кұләндәм Қожанова, сіз жиналыңыз. Сізді тұтқынға алу туралы құжатпен келіп тұрмыз.(Есік ашылады, үйге кіреді)

Зиба: Апа, мен не істеймін? Бұл не апатай? Сенің не жазығың бар еді? Әкемді бір әкетті, енді сенен де мені айырмақшы. Апа мен қайда барам? Апа әкетпесін сені, мен қорқамын ғой жалғыз. (Жылап тұрып)

Күләндәм: -Құлынымды жалғыз тастамаймын. Есің бар, ақылың бар жаным. Мен келгенше, әкең келгенше туыстарыммен бірге боласың күнім.

Әкең де, мен де «халық жауы» емеспіз, қандай қиыншылық кездессе де әкең мен анаңның ел алдында ақ екеніне ешқашан күмәндәнба. Үйден шықпа, ертең ауылдан ағаң келіп алып кетеді. Мен сені өзім тауып аламын, ботам. Мені іздеме. Жылама, егілме.

НКВД:-(Жұлқылап) Болды, жетер енді уақыт жоқ, түс алдыма. (Алып шығып кетеді)

Зиба:-Апатай, Апатай (жылап жерге құлады)

Автор: -Ия, Қазақ обкомында хатшы болған Ы.И.Ежов қолына қылышын алған соң, көзі жетер жері Семей губкомынан бастап, өзі қызмет істеген ортаға дейінгі басшыларды ұстарамен қырғандай тып- типыл жасады.

Күләндәм: (Айналада мал бағып жүр түрмеде)

-Ақмола, Қарағанды арасында,

Қой бағам Балтық, жарық даласында.

Сақтаймын оң көзімдей баққан қойды,

Ешбір ой қойдан басқа болмай қалды.

Алыста жылай-жылай бала қалды,

Жүрген соң Ақмола мен Қарағанды.

Қайран ел сені көрер күн бар ма екен,

Мұңымды алыс-жақын тыңдар ме екен. (Музыка ойнайды. Сахнадан шығады)

2-жүргізуші:

Туған жер, тауың да ыстық, тасың да ыстық,

Туған ел, кәрің де ыстық, жасың да ыстық.

Торғайың, топырағың, төбең менен

Кел, кел деп сүйгендейсің мені құшып. Ән «Туған жер» Жұмаханның орындауында.

V І бөлім. АЛЖИР лагеріндегі аналар

1-жүргізуші:

Қинамайды абақтыға жапқаны,

Қиын емес дарға асқаны, атқаны.

Маған ауыр осылардың бәрінен

Өз аулыңның иттері үріп жатқаны.

2-жүргізуші:

Қайғы –қасіреттен өлген аналардың ел көзінен тасаланып көмілген мәйіттері қаншама?!

(Аналар жүріп келе жатып, зар дауыспен)

Күләндәм:

Ақмола, Ақмола-ақ дала

Айтайын сырымды ақтара,

Темір тор ызғырық суық жел-

Налыған көңлім қап-қара.

Әлдиін естіші ананың

Кұлкісін тыңдашы баланың

Ақмола, Ақмола, Ақмола-

Мазары, назары даланың.

Қараймын түнекке сақтана,

Бір үміт көрінен сәт қана

Жіберші, еліне, жеріне

Ақмола, Ақмола, Ақмола-

(Ішке кіріп шаршап отыра кетеді)

(Бір топ ана, азған, тозған түрме ішінде. Сырттан кірген бір ана бәріне қарап)

Дәмеш:-Сорлы-ау! Қазір ғана көз алдымда бір сұмдық болды.

Күләндәм:-Не болды Дәмеш (Жамырап) Не көрдің?

Дәмеш -Үш бұзау далада үсік шалып өліп қапты. Соны өлтірдіңдер деп үш сорлы әйелді аямай атып тастады. Қанша бұзау өледі сонша әйел осылай атылады деп ақырды. Бұл сұмдық қашан бітер екен. Малдың да тулағына татымадық –ау! (Жылап отыр, әйел келіп жұбатады)

Шәкітай- (Еңіреп) «Үйде бес балам қалып еді, қайтемін-ай енді қайтемін!»

-Шешемнің сиыры бар еді сауылмаған, көже қатық бола ма екен-ай! Әлде баларым аштан-аш жүр ме екен...

Жанбике: (құшақтап)

  • Жылама, жаным. Келші, мен құмалақ салайын. Ауылдағы балаларыңның жағдайын білейік. (Құмалақ шашады)

  • «Бір сиыры бар екен, түсі ала ма, әлде қара ма..

  • Уайымдама ауылда балаларың аққа қарық болып отыр»

Шәкітай: -(Құмалаққа үңіліп) «Ала сиырды көрсетші» (жалынады)

Жанбике:-Міне, міне тұр ғой ауылдағы баларың аман, жылама одан да қолыңдағы балаңа қара, қиыншылықты жеңуіміз керек қалай да. Бала-шағамызға аман жетуді ойлайық.

Мәдина, бүгінгі боранда бір отар қойды қалай аман алып қалдың ?

Мәдина:- О, ой Жанбике-ай, шыбын жаным шырылдап бір топ қасқарға жем болып қала жаздадым емес пе? Бір жағынан бір отар қойымның амандығын ойласам, бір жағынан шыбын жанымды ойладым. Таяғымды сермеп ен даланы жаңғыртып ән айтып, ащы айғайға басып қорғандым. Менің сарнаған әнім мен айғайымды алыстан естіп көмекке келгендер мені көргенде жынданып кеткен шығар деп ойлапты. Алла берген даусым осындай қиын-қыстау кезінде көмегін тигізіп те жүр ғой. Мұндай ән айтуды жаратқан ием ешкімнің басына бермесін. (Жыламсырайды)

-Қасірет қой бұл күніміз. Қайғыдан қан жұтып бала-шағамызды сағынып өткен күндерім-ай.

Аман-есен табысар ма екем?

Жанбике: -(жылымсырап). Қой, Мадина сабыр ет. Бұл қытырман кезеңнен де құтыламыз.

Әзиза Рысқұлова: (Кішкентай қызы қолында)

-Балам –ай! Туған үйің Бутырка түрмесінің табалдырығы болды-ау! «Әкең жау», шешең мынау, аты-жөні жоқ, қызым-ау тағдырың не болар екен! (жылайды)

Ана: -Әзиза айналайын! Нәрестенің атын қояйық. Қарсы болмасаң есімі Рида болсын.

Ана: Рысқұлова Рида Тұрарқызы болады.

Әзиза: -Солай ма? (қуанып). Балапаным менің сенің аты-жөнің: Рысқұлова Рида Тұрарқызы.

Жанбике: Егілме Әзиза, бұл күндер ұмытылмас, жүрегімізде мәңгілік қара дақ боп қалар! Бірақ балалардың болашағы үшін бекем болайық!

Мадинажан, тағы да бір ән салшы, шеріміз тарқасын, Ридажан ән тыңдап ұйықтасын.

Мәдина:

Талдан таяқ жас бала таяқ жас бала таянбайды,

Бала бүркіт түлкіден аянбайды.

Угай-ай, ән салшы-ай, бір бала-ай.

Бәрі қосылып айтады

1-жүргізуші:

-Түрме күңгірт,

Түнде жым-жырт.

Уақыт демі тыңғандай.

Түнерген бұлт,

Түңілген жұрт,

Сенім сағы сынғандай.

2-жүргізуші:

-Қайғыдан қан жұтқан, бала –шағасын сағынған аналар анда–санда әуелетіп сағынышты әндерді осылай айтушы еді.

Музыка ойнайды.

1-жүргізуші:

Ал енді бізге келген заман қандай?

Заманға қарсы тұрар шамаң қандай?

Басқаның көк желке боп тепкісінде,

Талапсыз неден болдың, аһ, сормаңдай!деп ақын жырлағандай «Перзент мұңына» көз жіберейік.

V бөлім. Перзент мұңы

  1. Мәдия Сейітбатталқызы.(Мұстафина).

-Жанымды қарап өткен сол күйікті өмір бойы толқымай еске ала алмаймын. Әкем Сейітбаттал Мұстафинді «ұлтшыл Алашорданың үгітшісі» деп танып, 1937 жылы сәуір айының 25-інде «халық жауы» деп ұстап алып кетті.

Кетіп бара жатып, маңдайымнан иіскеді де, анама қарап «Үмеш, жалғыз ботамды көзқарашығымдай сақта», деді де, көз жасын менен жасырып амалсыз кете берді. Сәуірде кетті, қыркүйекте атылды. Әкемнің маған арнап шығарған бір өлеңін оқып берейін.

-Көзімнің нұры-қарғым

Бір өзің сен, жалғызсың.

Көп балаға баладым.

Кітап алшы қағазбен,

Қайырлы болғай талабың.


Білім алып әр пәннен,

Кейінгіге басшы бол.

Кезі келсе дер істің,

Білімдіге қосшы бол.

Бұзық болмай дұрыс бол,

Өз тобыңа ырыс бол.

Еңбек талап жолдасың,

Жалқаулықтан бұрыс бол.

Иә, әкемнің амантын орындағандаймын. Әкемді бір көру арман болды-ау.


  1. Разия Бейімбетқызы Майлина.

-1937 жылы 6 қазан мен үшін ауыр күн. Әкемнің өңі ақ қағаздай болып кеткен. Қайран, әкем-ай! Бізді бауырына басты да шығып кетті.

Амал не, еңірегенде етегіміз жасқа толып біз қалдық. Әукен-16 да, мен -12-демін. Мереке -10 жаста, Еділ-6-да, ал Гүлсім-2 жаста еді. Анам Гулжамалды 1938 жылы сәуір айында қамалды. Жетімдер үйінде өстік қой. Анамды іздеп Карлагқа да бардым. Өткенді айтып тауысу мүмкін емес, бұралаң мен соқпағы көп тым ауыр жол.

(көзіне жас алады).

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, сарғайдым ғой, сор даламды сағындым.

«Қарашығым, қуанышым» -деп зарлаған.

Алыстағы сорлы анамды сағындым.

  1. Сәуле Тұрарқызы

1937 жылы мамыр айының басында әкем мен анам Кисловодскіге демалуға барады. Анамның айтуынша, әкем сол жақта жұмыс істеу үшін өзінің 1000 беттік «Қазақстан тарихы» атты монографиясының қолжазбасын алып барады. Жалдамалы пәтерге тоқтайды. 21 мамыр күні таңертең НКВД-ның үш қызметкері келіп (аты-жөндері, атақтары белгілі, кітаптарда айтылып жүр) тұтқындауға рұқсат беретін ордерлерін көрсетіп, пәтерде тексеру жүргізеді. Әкемнің «Қазақстан тарихы» атты монографиясының қолжазбасын да алып кетеді. Сол күні арнайы конвоймен, бөлек вагонзакта Т.Рысқұлов Мәскеуге жөнелтіледі. Әкемді тұтқындағанда анамның аяғы ауыр, ішінде сегіз айлық баласы болған. 40 күннен кейін, 1937 жылы 30 маусымда Мәскеуде Рида деген сіңлімді босанды, арада бірнеше ай өткенде емшектегі сәбиімен АЛЖИР-ге айдалды. Анам лагерьде 10 жылға жуық болды.

1937 жылы 21 мамырда әкемді тұтқындағаннан кейін екі айдан соң анам Әзиза Тубекқызы Есенғұлованың туған інісі, 20 жастағы Шәмілді тұтқындап, бес жылға Коми АССР-іне жер аударды. Одан кейін әкемнің Наталья Алексеевна Колосовскаядан туған ұлы, 17 жасар Ескендір Рысқұловты тұтқындап, лагерьде ол өкпе құрты ауруының ауыр түріне шалдығып, 1939 жылы босатылды да, Мәскеуге оралды. 1940 жылы 20 жасында қайтыс болды. Ескендірдің өртелген сүйегінің күлі салынған қобдиша Мәскеудегі Дон крематорий-зиратындағы колумбарийде.

1938 жылы ақпанда нағашы әжем, 50 жастағы Әрипа Атаулқызы Есенғұлованы тұтқындап, Отанын сатқан адамның отбасы мүшесі ретінде Карлагқа сегіз жылға айдап жіберді. Нағашы әжем сол жақта 58 жасында, жазасының өтелуіне 2-3 ай қалғанда миы­на қан құйылып қайтыс болды.

  1. Светлана Қожанова, Сұлтанбек Қожановтың немересі: 

Мен Сұлтанбек Қожановтың жиен немересімін, анам Зиба – Сұлтанбек Қожановтың қызы. Сұлтанбек атамыздың жары Күләндам – заманында дүркіреген болыстың қызы, Серәлі Лапиннің қарындасы. Атамызды ұстағаннан кейін оны да тұтқындаған. «Халық жауларының» әйелдерімен бірге АЛЖИР-дің дәмін татты, он жыл осы Ақмоланың даласында қой баққан. Сонда қой соңында жүріп:

Ақмола, Қарағанды арасында

Қой бағам Батық, Жарық даласында.

Сақтаймын оң көзімдей баққан қойды

Ешбір ой қойдан басқа болмай қойды.

 

Алыста жылай-жылай бала қалды,

Жүрген жер Ақмола мен Қарағанды.

Қайран ел сені көрер күн бар ма екен,

Мұңымды алыс-жақын тыңдар ма екен,– деп өлең шығарыпты жарықтық. Ол уақытты еске түсірудің өзіне қиналып отыратын. Апа деп айтушы едік әжемізді. Апам көп жылдан кейін аман-есен кейін қайтып келіп, мені қолына алып, қазақша үйретті. Жақсы білім алғанымыз, қазақы тәрбие көргеніміз сол кісінің арқасы.

Апамыз айдалада жүргенде анамыз Зибаны мектептен шығарып жіберген, пәтерін тартып алған. Сұлтанбек атамыздан менің анамнан бөлек Нұрлан, Арыстан деген 2 ұл бала қалған. Тоғыз жасар Сұлтанбектің ұлы Арыстанды балалар үйіне өткізген. Анамыз орта мектеп аттестатын зорға алып, институтқа түседі. Институттан шығарып жібергісі келгендер болыпты.

Күләндам әжеміздің үлкен әпкесі Ләтифа Арыстанды балалар үйінен іздеп тауып, өз қолына алады. Қыстың күні аяғында аяқ киімі деп жоқ, жалаңаяқ жүр екен дейді. Өзінің аяқ киімін кигізіп, балалар үйінен  алып кетіпті. Өте керемет кісі еді, әжем босап келгенше Арыстанды сол кісі асырады. Кейін Арыстан да жоғары білім алып, физика-математика ғылымдарының кандидаты болды. Ортаншы баласы Нұрлан 15 жасынан зауытта қара жұмыс істеген. Ол кісі пойыз апатында қаза тауыпты.

Әкемнің ұлты орыс. Атамыз қудаланғаннан кейін әулетіміздің басына қиын заман орнаған ғой. Анамыз Мәскеуден келген Борис есімді жас суретшімен танысып, араларында үлкен махаббат орнап, мен дүниеге келдім. Алайда, әкем мен анамның дәм-тұзы жараспай, екеуі көп ұзамай ажырасып кеткен. Кейін анамыз тағы тұрмыс құрып, Исатай, Сұлтан деген екі інімді дүниеге әкелді.

Исатай өмірден озған. Сұлтан қазір Мәскеуде тұрады, мамандығы инженер, конструкторлық бюроның бастығы болып жұмыс істейді. Әйелі Рыскүл Мәскеу мемлекеттік су көліктері академиясында кафедра меңгерушісі. Туысқандарын мақтап отыр демеңіз, жақсыдан жақсы туады деген рас екен. Сұлтанның Ескендір, Жәмила деген ұлы мен қызы екеуі де өте талантты, білімді. Екеуі де Жоғары оқу орындарын бітірген.

Анамыз тірі болғанда бұл туралы үнемі айтып отыратын.  Қазір енді өзім насихаттауға тырысып жүрмін. Орыс тілді аудитория біле берсін деп орысша мақалалар жаздым.

Анамның мұрағаты інім Сұлтанның қолында. Менде де біраз материал бар, бірақ негізгі материалдар Мәскеуде жатыр.

Сұлтанбек атамыздың қай жерге жерленгенін бертінге дейін білмей келдік. Бірер жыл бұрын Мәскеудің іргесіндегі бауырластар зиратында жатқаны анықталды. Сол жерден топырақ әкеліп, туған жері Ақсүмбеге қойды

1-жүргізуші: Адамдарға қанды қолымен тартқызған қасіретін ешбір жасырып мәйменкелеуге келмейтін-37,38 жыл!

2-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің арқасында ғана осындай тарихи сыр –сипаттар ашылып, қайғы-қасіреті араға жарты ғасырдан астам уақыт салып, қайта жаңғырғанының куәсі болып отырмыз

2-жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

1-жүргізуші:

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,

Өкініш пе, білмеймін қуаныш па

Өз - өзінен жүрегім ән салады.

2-жүргізуші:

Мерекең құтты болсын егемен ел, 
Терезең барлық елмен тең ерен ел. 
Бабалар мәңгі бақи арман еткен, 
Теңдікті,бостандықты иеленгендер. –деп келесі кезекті «
Тәуелсіздік толғауы» бөліміне берміз.

VІ бөлім. Тәуелсіздік толғауы

2-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің 

Ән: «Жаса Қазақстан» Сады Алия
1-жүргізуші:
Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз- Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын , білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар,яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет.ХХІ-ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай,қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық, әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін баянды еткей!

2-жүргізуші:

Тәуелсіз Қазақстан-ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын,
Еліміз әрқашанда тыныш болсын-дей келе бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз. 
1- жүргізуші: Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің ұрпақтары.

Ән: «Атамекен» Назеркенің орындауында

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2024
220
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі