жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Алаштың зерттелу тарихы
Ханатбекова К.Д.,студент
Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушысы Сақабай Т.Қ.
Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ
Қарағанды қаласы, Қазақстан Республикасы
Алаштың зерттелу тарихы
Кілт сөздер: Алашорда,үкімет,партия,комитет,тарих
ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялыларының азаттық идеясы қазіргі таңда ХХІ ғасырда Елбасының «Мәңгілік ел» идеясымен сабақтас болып отыр. «Мәңгілік Ел» идеясы –Түркі қағандарының, Қазақ хандарының қалауы, Абылайдың арманы, Алаш қайраткерлерінің ғасырлар бойы аңсаған, елді ымыраға ұйыстыратын, ірі мақсатқа жұдырықтай жұмылдыратын ұлттық идеология деп білемін.
Бұл тақырыпты алып отырғандағы мақсатымыз ,қазақтың белді,тарихи тұлғасы Ә.Бөкейхан айтып кеткендей: «Азаттықтың таңы атты,тілекке құдай жеткізді. Қаншама ғасыр елді қорлықта ұстаған үкімет қайтпас қара сапарға кетті. Бүгінде,тереземіз теңеліп,түсімізде көрмеген жақсылықты өңімізде көріп,төбеміз көкке жетіп отыр.Бұл күнге аман-есен жеткізген бір Аллаға сансыз шүкірлік ете отыра,осы даңғыл дара жолды қаймықпай жүріп өткен Алаш зиялыларының зерттелу тарихына, зор ерен еңбектеріне тоқталу еді.
Қазақ халқының тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы-тарихи, саяси, мәдени, рухани даму жолдарымен жүріп,халықты жаңа арнаға түсірді. Себебі, Алаш зиялылары Қазақ елінің тәуелсіз ұлт дәрежесіне көтерілуін көздеді.Онда қарапайым бұқара халықтың арман-мұратын, қайратын, талантын ашып көрсетті. Олар Азаматтық мойынсынбауды, Рухани тәуелсіздікті, Ұлт азаматтығын мұрат етті.Ұлт азаттығын ту еткен Алаш зиялылары қазақ қоғамын отарлық езгіден құтқарып шығатын, дамып кеткен елдер қатарына қосатын жолдарды іздестірді.Осылайша,ұлттық идеяны көтерген Алаштықтар жаңа белеске жол ашты.
«Алаш қозғалысы-бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады. Сондықтан да әуел бастан Алаш (Алашорда) қозғалысына жататын жекелеген мәселелердің басын ашып,оларды нақты қарастырған жөн сияқты»,-деп Кеңес Нұрпейісов жазып кеткен.[1,6 б].Олар, біріншіден, саяси партия ретіндегі Алаш, екіншіден, мемлекеттік құрылым ретіндегі Алаш автономиясы, үшіншіден, осы автономияны (Алаш атты қазақтың мемлекеттігін) басқаруға тиісті мәселелер.
1905 жылғы революциядан кейін қазақ зиялыларының белсенді қайраткерлері қазақ халқының саяси санасын қалыптастыру жөнінде жүргізген жұмысты ұлт-азаттық қозғалысын ұйымдық жағынан рәсімдеу идеясына әкелді.
Алашорда кездейсоқ,әлдекімдерге еліктеуден емес, заңды түрде пайда болған. Алашорданың ұйымдық жағынан рәсімделуі алдында газеттер, журналдар, кітаптар арқылы интенсивті түрде, жемісті идеологиялық жұмыс, ауызша үгіт жұмысы жүргізілді. Болашақ Алашорданың қайраткерлері идеялық жұмысты Ресейдегі жалпы азаттық қозғалысынан оқшау жүргізген жоқ. Қазақ азаттық қозғалысының қайраткерлері негізгі саяси партиялардың бағдарламаларын жақсы білетін және ұлттық езгіден азаттық алуға бағытталған идеялардың ұнағандарынан бағдар алды. Кейін бұл Алашорданың бағдарламасынан көрініс тапты. Алашорда идеологиясында әуел бастан-ақ сепаратистік сарын болған жоқ, қайта ол басқа халықтармен бірге біртұтас Ресей мемлекеті шеңберінде саяси, экономикалық басқаруға бағытталды. Бұл идея Алашорда бағдарламасында баянды етіліп қана қойған жоқ, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің қызметінде ұйымдық жағынан жүзеге асырылды.
Ресеймен бірлік бағытын Алашорда қайраткерлері берік те дәйекті жүргізді. Бұл жөнінде 1919 жылдың ақпанында Омбыда өткізілген қазақ халқын ведомствоаралық жайғастыру жөніндегі кеңесте Ә.Бөкейхановтың айтқан пікірі мейлінше есте қаларлық: «После указа 22/4 октября 1918 г.Мы сидели без дела, не зная, что будет дальше. Теперь вы призвали нас, и мы пришли сюда, как братья.Киргизский народ не питает сепаратисских замыслов, он не желает отделения от России. Мы-западники. В своем стремлении приобщить народ к культуре мы не смотрим на восток, в Монголию, мы знаем, что там культуры нет. Наши взоры устремлены на запад. Получить культуру мы можем оттуда,через Россию, при посредстве русских. Мы пришли сюда с единственным желанием устроить порядок, необходимый для того, чтобы страна могла дойти до учредительного или национального собрания. [2,139 б]
Алаш-бауырлас, туыстас, яғни, көне заманда,түркілер бөлінбей тұрып дүниеге келген ұғым. Орта ғасырлық ертедегі деректерде қазақтың өз алдына жеке дара құрылғанға дейінгі ортақ атауы. «Алаш» сөзі-қазақ деген сөзбен тектес .Қазіргі таңда Алаш атауын Алаша ханмен де байланыстырып жатады. Алаша хан-халық аңызы бойынша «Алты алашты» құрған тайпалардың түп атасы.Қазақ шежіресінде Алаша ханның шыққан тегі өте қарапайым екендігі айтылады. Орта ғасырлық мұраларда Алаша хан-XIV ғасырдың II жартысы мен XV ғасырдың I жартысында өмір сүрген әрі батыр,әрі би,әрі ұлыс билеушісі. Алаша хан-ел жадында жауынгер тайпа түркілерді біріктіріп,тұңғыш алаш(қазақ) мемлекетін құрған ұлы қайраткер. Әбілғазы шежіресінде Алаша ханның әкесі Көк хан болғандығы, ұрпақтарының бірінің есімі Қара хан,ал немересінің есімі-оғыздардың түп атасы-Оғыз хан болғандығы айтылады. Рашид әд-Дин мен Әбілғазы Алаша ханның өмір сүрген жері-Дешті Қыпшақтың орталық бөлігі деп көрсетеді. Алаша ханның ордасы сонау Ұлытау өңірінде болғандығы көрсетіледі.Алаш атауы-түрікмен,қырғыз,ноғай халықтарының жадында жақсы сақталған. Тіпті кеген тас жазуында: « алты бөрі» деген сөздің алты алаш деген атауды білдіретіні бекер емес[3;252б]. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері,тарихымызда жабық тақырыптарға жол ашылды.Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп,қайта зерттеуді талап етіп отырған Алашорда үкіметі, Алаш партиясының қызметі, және XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының қызметі мен қайғылы тарихы. Алаш партиясы 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен Бірінші бүкілодақтық съездің шешіміне байланысты құрылған еді. Бұл съезге Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан делегаттар қатысқан. Алаш автономиясы 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен Екінші жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық мемлекеті.Съезді М.Шоқай басқарды. Съезде Алаш автономиясын құру туралы шешім қабылданды.Автономия орталығы-Семей қаласы болды[4].
Қазақтың жеткен игі жетістіктерінің барлығы да Керей мен Жәнібек хандардан бастау алып, Бұрындық, Қасым, Мамаш, Тахир, Бұйдаш, Хақназар, Шығай, Тәуекел, Есім, Тұрсын, Жәнібек, Жәңгір,Тәуке,Болат және қазақтың соңғы ханы Кенесары жалғастырған, кейін Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа жалғасып, Алаш қозғалысын тудырды. Осыдан соң мемлекеттілігіміздің іргетасы қаланып,батырлардың білек күшімен, даналарымыз бен бабаларымыздың ақыл-өнегелерімен, халқымыздың еңбегімен қаланып келді.[5]
Жалпы,1928-1932 жылдары орын алған бұрынғы Алаш партиясы мен қозғалысының жетекшілеріне қарсы ұйымдастырылған алғашқы саяси сот процестерінен кейін,бұл тақырыпты нақтылы зерттеуге тиым салынған болатын. Бірінші процесстің барысында 47 адам тергеуге алынып,ОГПУ-дің сот коллегиясының1930 жылы 4 сәуірдегі үкімімен 35 адамға әртүрлі жаза кесілді. Атап айтсақ,Ахмет Байтұрсынов бастаған 10 адам әуелі ату жазасына бұйрылып,кейін ол үкім 10 жылдық мерзімге концлагерьде отырумен алмастырылды. 1932 жылғы екінші сот процесінің үкімімен Мұхаметжан Тынышбаев,Халел Досмұхамбетов,Жаһанша Досмұхамбетовтар бастаған алаш қозғалысы басшыларының екінші тобы 5 жылдық мерзімге Россияның Орталық қара топырақты облысына (қазіргі Воронеж облысы) жер аударылды. ОГПУ-дің осы екі үкімі құрбандарының тірі қалып,елге оралғандары 1937-1938 жылдары түгелге дерлік «халық жауы» деген жалған айыппен ату жазасы кесілді[6]. Сондықтан да Алаш туралы шындық айтылмайтын болды да,бұл тақырып ресми жабылды. Осының салдарынан 60жылдай уақыт бойы (30-жылдардың ортасынан 80-ші жылдардың соңына дейін) ғылым және саяси әдеби баспаларда ,көркем шығармаларда мәселенің байыбына бармай,шындыққа сай келмейтін Алаш қозғалысын жаппай қаралайтын,жетекшілерін «буржуазияшыл ұлтшылдар", «халық жаулары» деп айыпталып,әртүрлі мінбелерден сөздер айтылды.
Жалпы,Алаш үкіметінің құрылуы туралы,олардың Совет үкіметімен қатынасы туралы алғашқы пікірлер большевиктік бағыттағы баспасөзде 1919-1920 жылы жариялана бастады. Осы мәселелерді тілге тиек етіп көтерген-Ахмет Байтұрсынов пен қазақ зиялыларының қатарынан шыққан боьшевиктердің бірі-Сәкен Сейфуллин еді.Әлихан Бөкейхановтың қайраткер ретінде қалыптасуына мына екі негізді жатқызуға болады.Ең бірінші-Әлихан әркез еркіндік пен дербестікті,теңдікті ту еткен ордада өсті.Оның қоғамдық көзқарасының,өз дүниетанымының қалыптасуына халықтың бай ауызәдебиет өкілі Абайдың және басқа да жыраулардың жыр-жауһарларлары арқау болғаны даусыз.Ол шын мәнінде саясат дегеннің не ұғым екендігі туралы,Санкт-Петербургте орман шаруашылығында оқып жүргендегі кезімен тұспа-тұс сәйкестенді.Осы жерден оның саяси пікірталасқа деген өз пікірі қалыпттасып,Ресей туралы қақтығысты қайшы пікірлері қалыптасты.Осы тұста «Степной край», «Иртыш», «Сибирские вопросы» атты бағдарламаларында Әлиханның әртүрлі тақырыпта,орыс тілінде жазылған еңбектері жарық көрді. «Қазақ», «Сарыарқа» , «Айқап» сияқты журналдарында қазақ тілінде халықтың мұң-мұқтажын ,арманын көрсетті. «Алаш» қозғалысының да іс-шаралары басылып тұрды.Бөкейханов өзінің отызға жуық еңбектерін бүркеніштік атпен жария етіп отырды.
Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің іс-әрекеттеріне коммунистік идеология мен таптық тұрғыдан баға берген С.Сейфуллин өз ойын былай тұжырымдаған: «Октябрь төңкерісінен кейін солшылдардың соңынан ерген қазақ зиялылары-біртіндеп солшылдана түсті. Өз тағдыры мен қоғамдық және шығармашылық қызметін социализм мен коммунизм идеясымен тығыз байланыстырған С.Сейфуллин бұл мақаласында Алаш партиясы мен Алашорда қозғалысы қазақтардың мақсат-мүддесіне жат құбылыс екенін аңғартады.
Бұл ойларын С.Сейфуллин «Қызыл Қазақстан» атты журналында 1922 жылдан жариялай бастап,1927 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап етіп шығарған «Тар жол,тайға кешу» деп аталатын кітабында ашып көрсеткен. С.Сейфуллиннің Алашорда Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдрында ұлтшылдық позицияда болып,контреволюциялық роль атқарды деген тұжырымын 1923 жылы Ә.Әйтиев өз мақаласында жариялаған.
1922 жылдың күзінен бастап алашордашылардың көпшілігін Қазақ АССР-нің мемлекеттік және басқару органдарынан жаппай қуу науқаны басталған еді.Сонда «Алашорда» іс жүзінде 1918 жылдың ортасынан 1919 жылдың аяғына дейін,бас-аяғы жыл жарымдай ғана өмір сүрген.Алашорда сол кездегі аса қиын жағдайларға байланысты өлі туған автономия жариялағанда тікелей Росссиядан бөлініп шығу туралы сөз қозғалмаған,олардың көздегені-«ұлттық жер»,яғни национально-территориальная автономия алуды ғана көздеді,ал Россия мемлекеті құрама республика болсын деді[7].
Онда «Алашорданың тарихи рөлі» деген тақырып бойынша негізгі баяндаманы институт қызметкерлері С.Брайнин мен Ш.Шафиро жасады. «1916 жылғы көтерілістегі алаш интеллигенциясының рөлі», «Алаш қозғалысы Февраль мен Октябрь аралығында», «Алашорда-ұлтшыл контреволюцияның үкіметі», «Алаш қозғалысының тарихын дәріптеушілікке қарсы» деген бөлімдерден тұрады.«Правда» газетіндегі сын мақалада Алашорда идеологиясын ашық түрде насихаттау деп бағаланды.1935 жылы мамыр айында «Казахстанская правда» газетінде басылған Т.Рысқұловтың мақаласы да негізінен «Правдада» жарияланған рецензиямен сарындас болып келеді.
Алаштың ұлт болып қалыптасу ұранын алға тартқан,азаттықтың ақ таңының атуын көздеген азаматтардың оншақты жылға созылған қажырлы іс-әрекетінің арқасында 1917 жылдың желтоқсан айында «Алаш» партиясы құрылды.Алашордашылардың жиырма бес мүшеден тұратын Уақытша кеңесі құрылды. Үкіметтің 15 мүшесі түгелдей Ресейдің жоғары оқу орындарын тәмамдаған,өз өмірлерін өздерінің ұлттық мүддесінен төмен санаған жандар.1917 жылғы құрылтайдың күн тәртібінде 10 мәселе қаралды. Олардың ішіндегі ең негізгілері:қазақ-қырғыз автономиясын жариялау,милиция,һәм Ұлт кеңесі(Үкімет) құру. Ә.Бөкейханов өз сөзінде: «съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген анархияны болдырмау,өлкеде большевизмніңдамуына(қазақтар үшін жат таптық жіктелу)-ді болдырмау. Үкімет төрағалығына үш қайраткер:Бөкейханов,Құлманов,Тұрлыбаев ұсынылды. Екінші жалпықазақ съезінің делегаты Әлімхан Ермеков бұл туралы былай жазды: «Желтоқсанның 12-сі күні,түс ауа,сағат үште алаш автономиясы дүниеге келіп,азан шақырылып ат қойылды. Алты Алаштың баласының басына Ақ Орда тігіліп,Алаш туы көтерілді.Бүгінде,аңсап күткен тәуелсіздігімізге мерейлі 27 жыл толғалы отыр. Еліміз сан ғасыр бойы осы күнді күтті,1991 жылдың 16 желтоқсанында егемендікке қол жетіп,экономикасы дамған алпауыт 50 елдің қатарына енді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. - Алматы: Ататек баспасы. -1995. - 256 б.
2. Сатпаев К.И. Доисторические памятники в Джезказганском районе //
Народное хозяйство Казахстана. - 1941. - №1.
3. «Айбын» энциклопедия.- «Қазақ эциклопедиясы» баспасы,2011жыл,880бет
4. Қарағанды облысы: энциклопедия.-Алматы:Атамұра. - 2006ж;515 б
5. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. -Алматы, - 2008ж-344 б.
6. Қазақстан тарихы.Очерктер.-Дәуір.-Алматы,1994жыл
7.Қазақстан этностары. Фотокітап. — Алматы, 2013 ж. (бірлескен авторлық, қазақ, орыс және, ағылшын тілдерінде);

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген