«Алдар көсе бізде қонақта»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Алдар көсе бізде қонақта»

Материал туралы қысқаша түсінік
: Алдар көсе туралы ертегілері мазмұны бойынша сөздік қорын байыту. Балалардың өз бетінше ойлап, ізденуін дамыту, ой-қиялын, шығармашылық қабілетін шындау. Әр кейіпкерлердің өзіндік ерекшелңктерін зерттеуге үйрету.Балаларды достыққа, адал болуға, мейірімділікке, қайырымдылыққа баулу, қамқорлық қасиеттерін қалыптастыру, жақсыдан үйреніп, жаманнан –жиренуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Алдар көсенің туралы мультфильмдер, ертегі кейіпкерлердің суреттері, слайд, бейнетаспа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастырылған тәрбие сағаты


Білім беру саласы: Әлеуметтік

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Алдар көсе бізде қонақта».

Мақсаты: Алдар көсе туралы ертегілері мазмұны бойынша сөздік қорын байыту. Балалардың өз бетінше ойлап, ізденуін дамыту, ой-қиялын, шығармашылық қабілетін шындау. Әр кейіпкерлердің өзіндік ерекшелңктерін зерттеуге үйрету.Балаларды достыққа, адал болуға, мейірімділікке, қайырымдылыққа баулу, қамқорлық қасиеттерін қалыптастыру, жақсыдан үйреніп, жаманнан –жиренуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Алдар көсенің туралы мультфильмдер, ертегі кейіпкерлердің суреттері, слайд, бейнетаспа

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотива-циялық-қозғаушы

Сәлемдесу

Күннің көзі ашылсын

Көкке шашу шашылсын.

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал кәнеки бәріміз

Сәлем дейік үлкенге.

Балалар бүгін ерекше күн, бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Бәріміз жайғасып отырамыз, денелерімізді түзу ұстаймыз.

Балалар сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

Ал кәнеки мен сендерге жұмбақтар жасырамын, ал сендер ертегі кейіпкерді атайсындар, және қандай ертегіден екенін айтасыңдар.

Жұмбақ

Қашып кеткен атадан,

Қашып кеткен ападан

Орманда кеше жүр едім

Домалап шықты алдымнан.

/бауырсақ/

Жұмбақ

Кедей еді бұл бала,

Айы туды оңынан.

Жын шығады керемет,

Сиқырлы оның шамынан.

/Синбад/

Жұмбақ

Үй жинаған ұқыпты

Бір қыз бопты ертеде.

Тыңдамаған мысықты

Салыпты ғой әлекке.

/ Мақта қыз/

Жұмбақ

Джунглиде өскен жасынан

Епті бала болыпты.

Багира , Балу достары

Шерхан оның қас жауы.

/Маугли/

Жұмбақ

Кішкене қыз орманға

Жалғыз өзі барады.

Апасына қартайған

Дәмін салып алады.

/ Қызыл телпек/

Жұмбақ

Аяғынан тұсаулап

Кемпір оны ұстайды.

Желмен ұшып желпілдеп

Босап кетсе бұл шалы.

/Қанбақ шал/

Жұмбақ

Көңілді ол әрқашан

Күлкі кетпейді бетінен.

Сараң байды, саудагерді

Алдап кетеді, күледі.

/Алдар көсе/

Бейнетаспадан Алдар көсені көрсету, әні орындалады

Балалар бұл кім?

Дұрыс,бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Алдар көсе бізде қонақта».

Балалар сендер Алдар көсені қайдан білесіңдер? Ол қандай кейіпкер?

Балалар қайталайды, амандасады:

Сәлеметсіз-дер бе




















Балалар жұмбақтар-дың шешуін табады, ертегі кейіпкерлердің суреттерін тауып коврографқа жабыстырады.























Балалардың жауабы


Ұймдас

тыру-шылық-ізденіс

Иә, балалар Алдар көсе әрқашан көңілді болып жүреді, оның үй, күйі, малы, дүниесі де болмаса да, ол ешқашанда мұнаймайды. Оның бетінен күлкі кетпейді. Сонымен қатар ол өз тапқырлығымен , тілінін үштарлығымен ынғайсыз жағдайлардан шығып кетеді. Ол ақылды айлакер.

Балалар Алдардың мұрты да, сақалы болмады, содан соң оны Алдар көсе деп атады. «Көсе» деген сөз сақалы, мұрты жоқ адамды атайды

Балалар ол кімдерді алдайды?

Иә, сараң байларды, қу саудагерлерді жалқау адамдарды.

Алдар көсе туралы сендергі аңыз оқып берейін, мұқият тыңдандар.

Алдар көсе туралы аңыз./слайд арқылы/

«Баяғы өткен заманда, хан Жәнібек тұүсында Қожыр деген бір кедей шал болыпты. Үш баласы болыпты. Күндерден күн өтеді, шалға кәрілік жетеді. Кәсіп етуден қалады Ақырында, шал балаларын жинап алып: -Жасым келді, кәрілік жетті. Сендер болсаңдар ержетіңдер. Мал тауып,тамақ тауып, тамақ асырайтын менен әл кетті. Мал табу, тамақ әздеу енді сендерге жетті. Ай, балалар! Кәсіп етәңдер, мал табындар. Мені асыраңдар. Кәне, қайсың қандай кәсіппен мені асырайсыңдар, айта беріңдер,-дейді.

Сонда әрі-бері ойланып тұрып балалары мынаны атады:-

Үлкені: -Дұрыс айтың, ей,ата!

Егінді сүйер көңілім.

Мұнымда жоқ еш қата,

Егінмен өтсін өмірім.

Ортаншы:

-Егіннен басқа тағы да:

Көңілімде қой бақсам.

Маған берген бағы да

Мал дегенде зар қақсам.

Кенжесі:

Ей, ата, мен алдасам,

Болса да, шын арбасам.

Жұрт әстейтін кәсңп көп,

Алдауды мен қаласам.

Шал балаларыныңиберген жауаптарына ырза болады. -Олай болса Алла беттеріңнен жарылқасын, тұнғышым, сен жер кәсібін істе, егін сал. Ортаншым-қой бақ, малшы бол, кенжем-сенің қалағаның алдау болса, басқа кәсіпті көптің бәрі істейді,бұл бәр ерекше кәсіп екен. Сенің де Алла алдыңнан жарылқасын. Алдар бол,-дейді. Қол жайып, батасын береді. Содан үлкен баласы егіншілікке түседі, ортаншысы мал бағуға кіріседі, кенжесіалдау жолына түседі. Алдаушының тұрақты жері бар ма?

Ел кезіп, жер шарлап, кете барады.»

Мультфильм «Сиқырлы қасық» /бейнетаспа/


Сергіту сәті

Көтеріліп шанырақ

Уықтары шаншылар,

Керегелер керіліп

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.

Көрініс «Алдар көсенің сиқырлы тоны»

Орындайтын: Алдар көсе- Айбек,

Бай-Марден

Қыстың бір күні, қақаған аязда Алдар көсе арық атының үстінде тонып, жаурап келе жатады. үстінде жыртық, жамалған шапаны, басында жүқа тақиясы. Ойында тезірек бір ауылға жетсем екен. бір кезде алдында алыста келе жатқан байды көреді. Алдар басындағы тақияны бір құлағына қисайтып, жыртық шапаның ашып тастап, дауыстап өлең айта бастайды. бай жанына келіп сұрайды. Ой Алдар сенің басын істейме? Мына қақаған аязда ән айтып, мына жыртық шапанында қалай тоңбайсың?

Ой байеке!Мен ыстықтап келе жатырмын! Менің шапаным сиқырлы ғой!

Ол қалай екен? бай сұрайды.

Шапанымың сиқыры жел мен аяз бір тесікке кіріп, екінші тесіктен зу етіп шығып кетеді.

Бай қызығады. Шапанынды айырбастайық.

Жоқ , айырбастамаймын, сенің түлкі тонында үсіп қалатыным жоқ.

Бай: Мен қосып ақша берейін.

Алдар: Қосып атынды берсен, айырбастайын

Бай келіседі.

Бай мен Алдар көсе киімдерін ауыстырып, өз жолдарымен кетеді.

Байдан алыстаған кезде Алдар айғалайды: Эй байеке, алдандын ғой! алдандын ғой! бай екі санын соғады.

Рақмет, Айбек пен Марден жақсы өз рөлдерін ойнады.

Алдар көсенің әні естіледі.

Алдар көсе ән айтып кіреді.

Амандасады. Алдар көсе қош келіпсіз, қайдан жүрсіз?

Менің құлағым шулап, сендер мен туралы айтып отырсыңдар, мені мақтап жатырсыңдар , соны естіп шыдай алмадым.

Алдар көсе өтірік өлеңдер айтады.

Біздің де балалар өтірік өлеңдер біледі










Жарайсыңдар, бізде Алдар көсені алдадық.





Ал енді шығармашылық бұрышына барып Алдар көсеге арнап балалар сыйлық жасағылары келеді.

Алдар көседе үйіде, малы да жоқ. Алдар көсенің шапаны тозып қалыпты, әдемі шапан сыйлайды.



Ұл балалар малыңыз болсын деп, көп болсын деп осындай қошақандарды жасады

Алдар көсе ризашылығын білдіріп, әнің орындап, қоштасып кетеді.

















Балалар тыңдайды




















































Қимыл-қозғалыспен қайталайды










Көріністі тамашалайды


































Таңырқай қарайды




Марден

Мініп алып шыбынға

Ұштым таудың шыныңда.

Көбелекпен күресіп

Жетпедім шамам жығуға.

Айбек

Қанылтырдан қалпақ киіп,

Қыстың күні қойға бардым

Аяз екен ыстықтап

Жейдемді де шешіп алдым.

Темірлан

Мініп алып араға,

Барып келдім қалаға.

Кесірткенің жүйрігін

Жектім жазда шанаға.

Рамис

Айға бардвм өгізбен

Түйем туды егізден.

Қақапан құрып түбіне

Аң ауладым теңізден.

Диляра

Кит пен сазан ойнайды,

Ойынауына тоймайды.

Екеуін де әп-сәтте

Алабұға шайнайды.

Шынар

Ұнтап-ұнтап кесегін,

Отты қолмен көседім.

Тым қызынып кетпесін

Астына мұз төседім.

Шығармашылық бұрышында қыз балалар қағаздан қиылған т.рлі-түсті шапандарды оюлармен әшекелейді. Ұл балалар қиылған қошақандарды жіппен орайды.

Рефлексиялық-түзету

Балалар бізге қонаққа кім келді?

Алдар көсе қандай?

Сендер ол туралы ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

Ертегілер бізді неге үйретеді?

Иә, ертегілер бізді жақсылыққа, достыққа, мейірімділікке үйретеді. Кішіге қамқор болуға, үлкендерді сыйлауға тәрбиелейді.

Тәрбиелік сағатымызды аяқта отырып «Ертегілер әлемі» әнің орындауға шақырамын.

Келген қонақтармен қоштасайық

Балалардың жауабы


Балалар «Ертегілер «әлемі» әнің орындайды

Сау болыңыздар

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Алдар көсе -қазақ ертегі кейіпкерлерінің ақылды кейіпкері;

Игереді: сүйікті ертегілер кейіпкерлерінің міңез-құлықтары, іс-әрекеттері туралы білімдерді; Меңгереді: жақсы және жаман адамдардың міңез-құлықтарын ажырату,Алдар көсенің міңез-құлықтарының, іс-әрекеттерінің ерекшеліктері туралылы түсініктерін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
2216
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі