Материалдар / "Алдар Көсе мен Шықбермес Шығайбай" ертегісі

"Алдар Көсе мен Шықбермес Шығайбай" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сахналық қойылым арқылы балалардың тіл байлығын, көркем сөйлеуін дамыту.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Мақсаты:

• Балаларды ертегідегі кейіпкерлердің мінез-құлқы арқылы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.

• Сахналық қойылым арқылы балалардың тіл байлығын, көркем сөйлеуін дамыту.

• Достыққа, қонақжайлылыққа, жомарттыққа баулу.

Автор: Ерте заманда, құйрығы келте заманда Шықбермес Шығайбай дейтін бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Қөңілі жай болыпты. Сол Шықбермес Шығайбай үйіне ешкімді қондырмайды екен, қондырса, дәм бермейді екен. Тіпті тастан да қатты сараң, өзі тойса да, көзі тоймайтын адам екен. Үйіне кісі келсе оның жауабы:

Шық, әй! — екен. Осыдан жұрт оны Шығайбай атап кеткен екен. Шықбермес Шығайбайдың аты естілмеген ел болмайды екен. Оның «Шық-әйін» естімеген жан болмайды екен.

Қайтсем де, қалай болса да Шығайбайдан дәм татам деген талайлардың тауы шағылған болады екен.

Алдар қу! Алдардың алдамайтыны, арбамайтыны жоқ деген атақ ел-елге жайылды. Ел аузындағы мәтелге айналады.

Әй, Алдарың қанша қу болса да, Шықбермес Шығайбайды алдай алмас, — дейді жұрт. Осы сөз Алдарға жетеді. Шықбермес Шығайбайдың атын Алдар да есітеді.

Шықбермес Шығайбайды мырза бай етпесем Алдар деген атым құрысын, — деп, Алдар аттанады. Шықбермес Шығайбайдың елін іздеп сапар шегеді. Күн-түн жүреді. Ақырында елден іргесін аулақ салған, ен далада жалғыз үй қонған Шығайбайдың үйіне келеді.

«Не істеп отыр екен бұл қу» деп, атын алысқа тұсап, өзі білдірмей келіп, жабықтан сығалайды. Сығаласа: Шығайбай қазы тіліп отыр екен. Бәйбіше нан илеп отыр екен. Тоқалы бас үйтіп отыр екен, қызы тырнаның жүнін жұлып отыр екен.

Алдар: «Осыдан татпасам Алдар атым құрсын»,

(деп жылмаң етіп; — Кеш жарық! — деп кіріп барады.)

(Бұлар да жылдам екен, Алдар «кеш …» дегенді айтып болғанша қолдарындағыларын жасыра-жасыра қойып, Шығайбай таспаны, бәйбіше ұр-шықты, қызы тігіліп жатқан көйлекті, тоқалы көсеуді қолдарына алып отырыса қалады, Түк білмегенсіп, қолдарындағы іспен болып отырғансып, жайбарақат бола қалады.)

Алдар: «Әй, әбден-ақ әккістеніп алған екенсіндер, мызғымас қу екенсіңдер», — дейді Алдар ішінен. Амандасқансып, қол алысқансып, байға сүйкене барып төр алдына отырып алады.

Бай: «Ай көсе екенсің, жұртты құртқан қу ма екенсің! Жүрісің жылмаң екен. Жырынды болған сұм ба екенсің! Қу болсаң да, сұм болсаң да менен дәм тата алмассың», (дейді бай ішінен.)

Бай: Қайдан жүрген сұмсың? Қайда барасың? Не естіген-білгенің бар?

Алдар: Көрген білгенім көп. Жолда келе жатып үл кен сары жылан көрдім. Жуандығы тап өзіңнің астындағы қазыдай.

Артық-кем қып асырмай,

Шын айтқанда жасырмай:

Таспен ұрдым жіберіп,

Күң астындағы басындай.

Былыш етті иленіп,

Бәйбіше астындағы нанындай.

Өтірік болса сақал жұлынсын,

Қыз астындағы тырнадай.

Бәрін де осының көріп келдім,

Асыңды асшы ұрламай.

Бай: Шоқ түссін тіліне!

Бәйбіше: Тілің кесілсін!

Тоқал:  Жағың қарыссын!

Қыз:  Ішің толсын,

Бай: Қазыңды аса бер бәйбіше

(Бәйбіше қазанға ас салады да)

Бәйбіше: Піс қазаным бес ай– десе.

 Алдар: Отырайын он ай! (— дейді Алдар, етігін шешіп тастайды да.

Кер тағының терісін келер жылы киермін, – деп төрге орнығып отырады.)

(Қазан түнімен қайнайды, бірақ түсірілмейді. Алдар да отырады. «Мынау кәпір қашан жатады» деп, үн жоқ қасарып бай да отырады. Ақырында ұйқыдан шаршап шыдай алмай:)

Бай: Әй кемпір төсек сал

(Бәйбішесі төсек салады. Үй ішімен ұйықтаған кезде Алдар орнынан тұрып, қазандағы етті сүзіп алып, оның орнына тулақты турап салып қояды.

Бір уақытта бай тұрып бәйбішесін оятады)

Бай: Мына ит ұйықтады білем. Түсір асыңды тез. Уақытымен асымызды жегізбеді-ау ит

Бәйбіше қараңғыда асты түсіреді. Бай пышақты қолға алып жіберіп.

Бай: Жат жігітім, жат! Сазайың осы!

(деп, аузына бір кесегін асап жіберсе, тісі өтпейді. Олай қыйдалайды, бұлай қыйдалайды, болмайды.)

Етін не болып кеткен. Өңкей шандыр!—деп, қатынына ұрсады.

Таңертең Шығайбай жолға кетпек, болып, бәйбішесіне қонаққа көрсетпей маған нан беріп жібер, — дейді. Әйелі ошақта пісіп жатқан нанды оттан ала салып байдың қойнына тыға қояды, Мұны көре салып Алдар жүгіріп шығады.

Алдар: Е, байеке! Енді будан бұлай жолығамыз ба, жоқ па? Ақтық рет қазақ дәстүрімен достарша көрісіп айрылысалық,

(деп, бара сала байды құшақтайды. Оттан жаңа шыққан нан байдың кеудесін күйдіріп кетеді.)

Ау, жарайды енді! — деген сайын қаттырақ қыса түседі.

Бай: Ау, мына ит жегірді ит жесін! Мә деп, қойнынан нанды лақтырып тастайды.

Алдар: Ә, байеке, ит жегенше мен жейін, — деп, Алдекең барып нанды қолына алады.

Бай анадай, жерге шыққан кезде жақындап барып, Алдар:

Алдар: Етігім жыртылып шұлғауым шығып жүр, Бізіңді беріп кет дейді Байдың бергісі қелмейді. Алдар жабысып жібермейді: Ақыры болмаған соң:

Бай:  Ә, алсаң алшы, аңтұрған! Ал да қараңды жоғалтшы, кәпір — дейді.

Алдар «алғысты жаудырмалатып, күліп, қала береді. Бай кетісімен оның бәйбішесіне жүгіріп келіп:

Алдар: Ал қызыңыз «Бізбикені киіндіріңіз, — дейді.

Бәйбіше: Е, не үшін?

Алдар: Баймен келісіп, мен қызыңызды алып кететін болдым.

Бәйбіше: Жоғал әрі, сұм! Саған қыз беретін бе еді бай, — дейді.

Алдар: Әйтпесе өз құлағыңмен естіп қал деп, сыртқа шығып, көп жерге барып қалған байдың артынан айқайлайды:

Алдар:  Әй, бай! Бізбикені бермей жатыр мына бәйбішең, — дейді.

Бай:  Әй, қатын! Бер бізді! Жоғалт сол кәпірдің көзін, — деп айқайлайды бай.

Алдар: Әні, естідің бе? — дейді Алдар қасында тұрған әйелге.

Бәйбіше: Мына кәрі ит алжыған ба өзі! Елді құртқан бір қуаяққа беріп құтырған ба? — деп, таң қалады әйелі.

Қатын-қалашқа бой берген Алдар ма? Анау-мынау дегенге көнбестен жасауын буып, қызды атқа мінгізеді.



ЖИ арқылы жасау
26 Ақпан 2025
137
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі