жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Алдар көсе, Қожанасыр, Асан қайғы туралы аңыздар
Сабақ жоспары
Мерзімі:17.09.2018 жыл Пән аты: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 9 "А"
Тақырыбы |
Алдар көсе, Қожанасыр, Асан қайғы туралы аңыздар
|
|
Мақсаты |
Аңыз әңгімелер туралы түсініктерін кеңейеді. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, өз ойын еркін жеткізудегі іскерлік дағдысын анықтау |
|
Жалпы мақсат |
Аңыз кейіпкерлерін талдай отырып, халық ауыз әдебиеті үлгілеріне деген қызығушылықтарын ояту |
|
Күтілетін нәтиже |
Оқушылар тақырыптың мағынасын біледі, түсінеді, өз ойларын еркін дәлелдейді, топпен жұмыс істеуде оқушылар жан-жақты қырынан танылады
|
|
7 модульдің қолданылуы |
АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”
|
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер |
Миға шабуыл, «Джигсо», «Топтастыру» әдісі
|
|
Қолданылатын ресурстар |
Флипчарт, маркерлер, портреттер, стикерлер, Роwer point таныстырылымы, 9-сынып қазақ әдебиеті, хрестоматиясы, қосымша ғылыми, әдеби материалдар, ТОҚ 4.1, ДМ.3.2.18
|
|
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг |
Оқушыларды «Джигсо» әдісі арқылы топқа бөлу
–Көңіл-күйін сұрау арқылы психологиялық ахуалды жақсарту
Әр топқа бағалау парағын таратып беру |
Оқушылар топқа бөлініп, өз топ басшыларын сайлайды. Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.
Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады. Әр топ басшысына смайликтер таратып беріп, өз тобындағы оқушыларды бағалап отыруы тапсырылады |
Сабақ кезеңдері |
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
Білу
Қызығушылық тарын ояту |
Үй тапсырмасын сұрау |
Үйге берілген Аңыз әңгімелер. Мифтік аңыздардың тарихы тақырыбынан әр топтың оқушыларынан сұрақтар қойып, жауап алу, диалогқа түсіру
Күй аңыздары жайлы шолу жасата отырып, қазақтың күйлерінің шығу тарихы жайында сұрау |
Берген тапсырмаға жауап ала отырып, жаңа сабаққа қадам жасалады, оқушылардың сабаққа дайындықтары тексеріледі Аңыз әңгімелердің кейіпкерлері мен түрлерінен (Қорқыт, Асан қайғы, Қожанасыр, Алдар көсе, Жиренше шешен мен Қарашаш, Күй аңыздары) жайлы шолу жасайды
Амангелдіге «Қаражорға» күйін шертеді. «Қаражорға» күйінің шығу тарихынан да хабардар болады |
Түсіну |
Жаңа сабаққа көшу мақсатында миға шабуыл
Сабақтың тақырыбына байланысты топтарға өз аттарын беру 1-топ Асан қайғы 2-топ Қожанасыр 3-топ Алдар көсе |
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында баланың күлкісін естірту. Балалар, жаңа сабақтың тақырыбы қалай аталады?
Сабақтың тақырыбы дәптерлеріне жаздыру Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Қазақ аңыздарындағы Қорқыт ата, Асан қайғы, Қожанасыр, Алдар көсе, Жиренше шешен мен Қарашаш барлығы қарапайым адамдар ретінде суреттеледі. «Дала данышпаны» атанған Асан қайғы туралы аңыздар халық арасында көп сақталған. Түркі халықтарына ортақ көп тараған әңгімелердің бірі – Қожанасыр. Ол ақылды, тапқыр. Қожанасыр қарапайым халық өкілі, сондықтан оның сөзі – халық даналығы. Ол ойдан шығарылған кейіпкер емес, прототипі бар тарихи адам. Прототип дегеніміз кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын өмірде болған адам.Қожанасырдың шын есімі – Қожа Насреддин. Халық ауыз әдебиетінде күлкі кеңінен пайдаланылған. Қазақ аңыз әңгімелерінің тағы кең таралған тобын Алдар көсе атына байланысты туған аңыздар. Алдар – тапқырлығымен, айла-амалдарымен, қулық істерімен халыққа кең танымал кейіпкер, атына сай қулықтың, таптырмас тапқырлықтың иесі. Алдар көсе туралы аңыздар мен Қожанасыр әңгімелері мазмұн, тақырып жағынан ұқсас болғанымен, өзіне тән ерекшеліктері бар. Қожанасыр туралы әңгімелердің басым бөлігі қаланың, отырықшы елдің тұрмысымен байланысты болса, Алдар көсе туралы аңыздар көшпелі елдің тұрмыс-тіршілігімен бейнеленеді. Қожанасыр сырттай аңқау болып көрінсе, Алдар көсе атымен де, ісімен де алдамшы-қуды бейнелейді. |
Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айтып, сабақтың тақырыбын ашады.
|
Қолдану |
«Топтастыру» әдісі бойынша кластермен жұмыс арқылы жалпы бүгінгі сабақты меңгерту іс-әрекетіне байланысты сабаққа қолдану
|
Интербелсенді тақтадан мәліметтер көрсету Қожанасыр туралы ертегілер ашып көрсету «Қыңыр көршілер», «Алдар көсе мен ұры», «Алдар көсе мен бай» Жерұйық іздеген Асан қайғы Сыр бойында жерленген
«Алдын-ала оқыту» стратегиясы бойынша ізденіс жұмыстары берілген.
Әр топқа өз аттарымен берілген кейіпкерлер туралы постер жасап, жаңа тақырып төңірегінде алған білімдерін толықтыру. Әр топ өз беттерінше ақылдасып, нәтижесінде топтаса отырып, ортақ жауап табады, сол арқылы тақырыптың мағынасын ашады |
Керекті мәліметтерді дәптерлеріне түртіп алып отырады.
Әр топтан дайындап келген көріністері және слайдтарын ортаға шығып қорғайды.
Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, өзара пікір алмасады, топпен, жеке дара тапсырмаларды орындайды, нәтижесінде топтаса отырып, ортақ жауап табу керек |
Талдау |
Постермен жұмыс Асан қайғы, Қожанасыр, Алдар көсе |
Топтарға жаңа тақырып бойынша толық меңгерту мақсатында өз пікірлерін постерге түсіру арқылы қорғайды |
Әр топ өздерінің алған білімдерін постерге түсіріп отырып, сабақтан түйген ойларын ортаға салады |
Жинақтау |
Жасыл, сары, қызыл конверттерден тапсырмалар алып, сабаққа кері байланыс және үй тапсырмасын алу
|
*Мен бүгінгі сабақты толық меңгердім деген оқушы жасыл конверттен *Білгім келеді дегендерің сары конверттен, *Әлі білетінім көп дегендерің қызыл конверттен тапсырмалар алып, дайындалып келеді Қызыл конверт сұрағы Аңыз әңгімелердің кейіпкерлері тарихи тұлғалар деуге бола ма? Алдар көсе қандай мінезімен ерекшеленеді? Сары конверт сұрағы * Қазақ әдебиеті хрестоматиясында берілген аңыздарды оқып, жанрларына талдау жасау. * Ертегі мен аңыздық прозаның ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстыру Жасыл конверт сұрағы * «Аңыздық проза жанрларының түбінде ақиқат бар» немесе «Ойдан шығарылған көркем туынды» деген тақырып төңірегінде ойтолғау жазу * Аңыздағы оқиғаның шешілуі адамды жақсылыққа жетелейді деуге бола ма?. |
Оқушылар өз деңгейлеріне қарай тапсырмалар алып, сол бойынша дайындалады |
Бағалау |
Өзін-өзі бағалау (2 мин) бағалау парақшалары |
Бағалау парақтарын жинап алу Бір-бірін бағалауды қадағалау |
Топты бағалау Өзін - өзі бағалау |
Рефлексия |
Кері байланыс |
Қолдарында тұрған смайлик арқылы сабаққа кері байланыс |
Оқушылар смайлик арқылы сабаққа кері байланыс орнатады
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген