400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлем ғажайыбы: Александрия шамшырағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала әлемнің жеті кереметі болып есептелген,ежелгі Александрия қаласының маңына салынған шамшырақтың тарихы, маңызы туралы баяндайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әлем ғажайыбы: Александрия шамшырағы

Александрия маягі өз дәуіріндегі өнер мен ғылымның ғажайып туындысы болып есептеленіді.

Александр Македонскиймен байланысты болған классикалық ғажайып-

тардың ең бийігі және ең соңғысы- Александрия маягі.

Александрияның іргетасы біздің заманымыздан бұрынғы 332- жылы Ракотис деп аталатын Египет қалашығының орнынасалынып, Нілдің атырау-

на жайыла салынған. Бұл қала эллинизм заманында біртұтас жоспармен салынған алғашқы қалалардың бірі болатын. Александрия қаласында Александр Македонскийдің табыты (cаркофаг) тұрған, сондай-ақ осында музаның ордасы, ғылым мен көркемөнердің ордасы – мусейон болған. Негізі «музей» атауының шығуы осы муза орталығымен байланысты болды. Мусейон – әрі мектеп, әрі техникалық орталық, әрі ғылым академиясы, әрі ғалымдардың жатақханасы, әрі жарты миллиондай жазулы орамы бар кітапхана болған. Қазіргедей хабар-ошардың саны тасқындаған,техника дамыған заманның өзінде әлемде осыған теңдесетін кітапхана санаулы ғана.

Ал, 200 жыл бұрын мұндай кітапхана әлемде болмаған.

Александрия мекені әлемдегі ең бір халқы сапыраласқан, балықшылары, іскерлері көп аймақ болғандықтан да қолайсыздау болды. Нілдің өзенінің жойқын лай көшкіндерінен пайда болатын құмқайрақ пен тас шөгінділерінің ортасынан жол тапқыш шебер лоцмандарға ұдайы зәру болатын. Ақыры теңіз жолының қауіпсіздігі үшін Александрияға кірер жеріндегі Фарос аралынан шамшырақ салуға шешім қабылнанды. Біздің заманымыздан бұрынғы 285 жылы арал мен құрлықтың арасына бөген (дамба) салынады да, архитектор Книтскийлік Сострат іске кіріседі. Құрылыс жұмысы бес жылға созылады. Өйткені, Александрия сол кезде әлемдегі ең озық техникалық орталық, әрі ең бай қала болатын. Құрылысшыларға көмек көрсету үшін қыруар флот пен тас қопарушылар және мусейон академиясының жетістіктерін қолданады.

Шамшырақтың биіктігі 120 метрлік, үш қабатты мұнара сияқтанып салынады.Сондай ақ, бұл шамшырақ Египет пирамидасының ең алғашқы қауіпті «бәсекелесі» болды. Оның шаршы іргесінің әр қабырғасы отыз метрден болады, мұнараның алғашқы алпыс метрлік қабаты тас тақталардан қаланды. Одан кейінгі қырық метрлік сегіз қырлы мұнараның әр қыры колонналармен бекітіліп, сырты ақ мәрмәрмен қапталды. Үшінші қабатының мұнар бөлігі колонналармен шеңбер жасай көтеріліп, оның үстіне мәңгілік өшпейтін от лаулап, аса күрделі әйнектер жүйесі нұр шашып тұратын. Күмбез төбесіне өте алыстан анық көрініп тұратын теңіз құдайы Посейдонның жеті метрлік қоладан жасалған мүсіні қойылған. 100 метрлік биіктікке көтерілетін кең және тегіс айналма сатымен есектерге артылған арбалармен отын тасыған.

Маяк Александрияның әрі қарауыл мұнарасы, әрі бекінісі болған: оның сәулесі ондаған шақырым алыстықтан көрінсе, төбесінде тұрып дұшпандың кемелерін қалаға жақындаудан әлде қайда бұрын байқай алған.

Бекіністің ішінде ауыз су құйылған құтылар сақталатын болған. Ішкі айналмалы баспалдақтар арқылы отқа керекті мөлшерде жанармай құйылып тұрған. Темірден жасалған әйнектерді шебер қолданудың нәтижесінде алаудың көлемі бірнеше еселеніп, өте алыстан көрінетін болған.

Мұнараға астрономиялық жабдық, желбағар (флюгер), сағат сияқты то-

лып жатқан техникалық тапқыр жабдықтар қойылған.

Маяктың ғажайыптылығы соншалық, осындай құдіретті салғанда, бір кездері ұмыт болам-ау деген ойда болған Сострат Книтскийдің өзі тәуе-

келгебарып, Птоломейдің жарлығын жоққа шығарды.Сол үшін, «Книдтен шыққан Декстифонның ұлы Сострат теңізшілер үшін желеп-жебеуші құдайға арнады» деп шамшырақтың іргесіне қашап жазады. Бұл жазудың үсті сылақ-пен сыланып жабылады да, сылақ үстіне Птоломей Сотердің аты ойыплып жазылады. Әлбетте, бұл айланы істеген Сострат сылақтың түсуіне өмірім жетеді-ау деп үміттенбеген, сол үшін патшаның қаһарына ұшырармын-ау деп қам жемеген.

Кезінде Рим саяхатшылары Состраттың бұл жазуын көрген. Ол кезде маяк бүтін кейпінде болған. Рим империясының құлауымен маяк та атрабына жарық шашуын тоқтатты. Бұдан кейінгі 100 жылда әбден тозығы жеткен, үстінгі мұнарасы құлайды. Ал, ең астыңғы қабатының қабырғалары ұзаққа дейін тұрып, тек XIV ғасырдағы болған жер сілкінісінің нәтижесінде қийраған. Соңында арабтар Александрияны басып алғаннан кейін, қала құлдырап, кеме тоқтайтын жер ми батпаққа айналып, өмір сүруін тоқтатты. Фаростың қажеті ендігәрі болмады. Жер сілкіністерінің толқындары нәтижелірінде ғимараттың қалған бөліктері қирап, теңізге құлаған. Көне маяктың қалдықтарын араптардан кейін келген түріктер бекініс салуғақолданады, ол бекіністі қазіргі уақыттада байқауға болады.

1700 жыл бойы бой көтеріп тұрған Александрия маягі осы уақытқа дейін салынған маяктардың ішіндегі ең биігі болып табылады және ол дүниенің 7 кереметінің бірі ретінде тарихтың беттерінде қалды.

Біздің заманымызда Александрия шамшырағының қайта салынған үлгісіне Нью-Йорктегі аспанмен таласқан Эмпайр Стейтс Билдингті салыстыруға келеді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17.03.2025
242
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі