Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қаншалықты үлес қосты? 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жалпы орта мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары: Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қаншалықты үлес қосты?

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер

Мектеп: Шымкент қ. ФМБ НЗМ

Күні: 03-08.12.2018 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Жамелов Б. А

Сынып: 7 сыныптар

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы


Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қаншалықты үлес қосты?

Кәсіби даму

Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың айтылым дағдысын дамыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау;

Ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру;

Түркі ғалымдарының, соның ішінде әл Фарабидің орта ғасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеу үшін М.Қашғари, және Ж.Баласағұни еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру

«Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін анықтау

Сабақ мақсаттары

Түркі халықтарының әлем өркениетіне қосқан үлесін бағалайды.



Бағалау критерийлері




Білу және түсіну: Түркі кезеңдегі қоғамды бейнелейтін тарихи, философиялық және әдеби шығармаларды біледі;

Қолдану: 1.Түркі ғұламаларының математика, астрономия, география, медицина, логика ғылым салаларына қосқан үлесін анықтайды;

2.М. Қашғаридің «Түркі тілдерінің сөздігі» мен Ж. Баласағұнидің «Құтадғу білік» еңбектерін орта ғасырлық құнды әдеби жәдігерлер ретінде біледі;

Бағалау: Түркі халықтарының әлем өркениетіне қосқан үлесін қорытындылап бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені

Біздің анықтағанымыз...

Қорытындысында...

Құндылықтарды дарыту




- патриотизм

- өз елі үшін мақтаныш

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

Пәнаралық байланыстар

Дүниежүзі тарихы, География, Әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту. (ноутбук, интербелсенді тақта)

Бастапқы білім

Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қалай әсер етті?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы Ұйымдастыру; 3 минут

5 минут

10 минут





4 минут



5 минут



20 минут



















10 минут











15 минут

Сәлемдесу,ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Серпілген сауал» әдісі бойынша үй тапсырмасын пысықтау (сыныпта жағымды ахуал орнайды).

Суреттер мен илюстрацияларды көрсету арқылы тақырыпқа шығу.

Б Сабақ барысында оқушыларға бұл сабақта зерттеу жүмыстарын жүргізетінің айту.

Зерттеу жұмыстарының тақырыбы: «Түркі халықтарының әлем өркениетіне қосқан үлесі».

Зерттеу сұрақтары:

Түркілер қандай мәдени жетістіктерге қол жеткізген?

Түркі өркениеті туралы түркілердің төл дерегі, қытай дерегі, византиялықтардың деректері қандай құнды мәліметтер береді?

Т Топтарға зерттеуге арналған тақырыптар аясын беру және әр оқушы зерттеу алдында берілген тақырып аясында өздеріне мақсат қою керек (нені білуім керек).

Зерттеу

1 топ: Түркі халықтарының дүниетанымы, діні, Тәңірлік. Бұл тақырыпта оқушылар түркі халықтарының дүниетанымын, жерлеу ерекшеліктерін, наным-сенімдерді зерттейді;

2 топ: Көшпелілер өркениеті мен отырықшы мәдениеттің жетістіктері. Бұнда оқушылар көшпелілердің тұрмыста қолданатын ыдыс-аяқ, қару-жарақ, ер тоқымның, ер адам киетін шалбардың және т.б. ойлап табуларын зерттеулері мүмкін;

3 топ: Ғылым мен білім. VIII-IX ғғ. жататын «Қорқыт ата», «Оғызнама» әдеби шығармаларына сипаттама береді, Әбу Наср әл-Фарабидің ғылымның дамуына қосқан үлесін зерттейді, М. Қашғаридің «Түрік тілдерінің сөздігі» атты мұрасының ерекшеліктерін анықтайды. Ж. Баласағұнидің «Құтадғу білік» еңбегінің сол заманның қоғамдық саяси өмірі, әдет-ғұрпы, наным-сенімдері жайлы құнды мәлімет беретінін зерттейді;

4 топ: Қала мәдениеті және сәулет өнері. Оқушылар мүсін, діни сәулет, бейнелеу өнерлерінің ескерткіштерін зерттейді.

Талдау және талқылау.

Т Оқушылар зерттеу жүргізу барысында өздерінің тақырыптарына сай зерттеуді жүйелі түрде жүргізу қажет.

Әр топ зерттеудің жоспарын құрастырулары керек. Топ мүшелері өздерінің қызметтерін бөліп алып, үйлесімді жұмысты көрсетулері қажет.

Зерттеліп болған тақырыпқа, суретке, сәйкесінше ат қойып, оған қысқаша баяндама секілді түсінік хат жазуға болады. Хаттың мазмұны қысқа да нұсқа, неге таңдалғанынның негіздемесі нақты сипатталуы қажет.

Интерпретация

Топтар өздерінің зерттеулерін аяқтағаннан кейін сынып алдында жұмыстарын қорғайды. Барлық сынып оларға дауыс береді және ең көп дауысты жинаған топ жеңімпаз болады.

Б Сіздің ойыңызша, Түркі халықтарының қандай мәдени жетістігі әлемдік өркениет үшін ең маңызды болып табылады? деген сұраққа пікірсайыс өткізу.


Бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысын алу

Түркілер әлем өркениетінде.

http://www.kazakhstanzaman .kz/3698/t-rkiler-lem-rkenietinde


Қазақ тарихы - түркілердің далалық өркениетінің құрамдас бөлігі http://bankreferatov. kz/madenittany/1147-aza-tarihi- trklerd-dalali-rkenietn-ramdas- blg.html


http://www.vostlit.info (Восточная литература. Средневековые исторические источники Востока и запада)


Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. I-ІІт. – Алматы:«Атамұра»,2010 ж.


Масанов Н.М. Кочевая цивилизация казахов (основы жизнедеятельности номадного общества). – Алматы; Москва, 1995.


Махмұт Қашқари. Түрік тілінің сөздігі: (Диуани лұғат-ит-түрік): 3 томдық шығармалар жинағы- Алматы: Хант, 1997.


Қайдар Ә, Оразов М. Түркітануға кіріспе. –Алматы: Арыс, 2004. 

Байпаков К. М.Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья (VI—начало XIII в.).—Алма-Ата, Наука КазССР, 1986.


ЖанайдарО. Көркемсуретті Қазақстан тарихы. 1 том. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2006.

құраст.: Əлібекұлы А., Дəуітұлы С., .

Сабақтың соңы

бағалау: 4 минут

рефлексия: 4 минут

Б өзін - өзі бағалау

Рефлексия. Мақсаттарыма қаншалықты жақындадым. Жеттім бе, талпындым ба?

Үйге тапсырма: «Түркі халықтарының әлем өркениетіне қосқан үлесі» тақырыбын зерттеу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Берілген тапсырмаларды талдап, бағалау.

Сабақ барысында бақылау және талқылауды үйлестіру, ал сабақ аяқталғанда сол мақсатқа жеткендігін анықтау.

АКТ – оқушылар жоғарыда келтірілген сілтемелер бойынша жұмыс істей алады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылар саяси картада болған өзгерістерді анықтады және кескін картаға түсірді.

2: Оқушылар берілген деректерден барынша ақпарат алып, оны талдап, қорытынды шығарып дәйекті дәлелдер келтірді

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: оқушылардың белсенділігі

2: материалдардың сапалылығы

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Берілген тапсырмаларды оқушының түсінісіп жасағаны, топ және жұп жұмыстары, жеке жұмыстар жетістіктерге және бірін бірі оқыту арқылы толықтырып отыруы жақсы болды, кемшіліктері уақытты үнемдей алмауымыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.01.2019
1966
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12