Турсынгожин
Д,Қ
№ 1
Алматы қазақ мемлекеттік
гуманитарлық
- педагогтік колледжі
Алматы
қаласы
Әлем
өзгеруімен бізде өзгереміз
Қазіргі
таңда, Қазақстан Республикасының білім
беру саласы түрлі өзгерістерге,
инновацияларға иеленіп отыр. Олардың
бірі деңгейлі бағдарламаның 7 модульге
бағытталған стратегиясы. Инновациялар
күн санап артуда, себебі қоғамның талабы
сол. Егер біз бәсекеге қабілетті, рухани
адамгершілік құндылығы жоғары, жан-жақты
дамыған азаматтарды тәрбиелегіміз
келсе онда бізде, мұғалімдер, сол талапқа
сай болуымыз өте қажет. Әрине, білім
саласындағы болып жатқан өзгерістер,
жаңа технологиялар бұрыннан келе жатқан
өзіміздің дәстүрлі әдістерімізді
тиімсіз деп табу, шетке сырып, жоққа
шығару емес, бұл дегеніміз дәстүрлі
және дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерімізді
бірі-бірімен ұштастырып, дәл осы таңда,
нақты өзіміздің сабағымызға қажеттісін,
тиімдісін, ұтымдысын пайдалану.
Қазақстан
Республикасының педагог қызметкерлерінің
біліктілікті арттыру деңгейлі курсы
мұғалімнен үнемі ізденісті, шығармашылықты,
жаңа идеяларға толы болуды талап ететін
бағдарлама. Осынау, қарқынды дамып
жатқан заманда бізге бір сәтке де
кідіруге болмайтынын аңғардым. Өзімнің
іс-әрекеттерімді, сабақ өткізу
әдіс-тәсілдерімді курс өткенге дейінгі
кезбен салыстырсам, арасы жер мен көктей.
Бұрынғы өтіп жүрген сабақтарым тиімсіз
болғаны дегенім емес, мен көбінде сабақта
өзім үстемділік, басымдылық көрсетіп
отырғандаймын. Себебі, сабақ кезінде
білімалушыларымның емес, өзімнің
іс-әрекетім басымырақ болғаны өзіме
мәлім. Өзім түсіндіремін, өзім сөйлеймін,
өзім сұрақтар қоямын, ол сұрақтардың
жауабын таппай жатса, жауабын бірден
өзім айтып қоямын. Сонда студенттің
өзіндік жұмысы, өздігінен білім алуы,
білімге деген құштарлығы, ізденіс жұмысы
қайда қалды?
Курсқа
келіп мен осы және тағы да басқа
сұрақтарыма жауап алдым.
Түрлі
әдіс-тәсілдерді, жаңа технологияларды
пайдаланып студенттерді сабақта
қызықтыра білсек, әр сұрақты, әр
тапсырманы бір қырынан емес, жан-жақты
қарастырып жауабын алып, топта талқылап,
бір шешімге келіп, өз білімдерін,
сабақтағы белсенділігін қалыптастырушы
және жиынтық бағалаулармен бағалап
отырсақ, әрине нұр үстіне нұр болар еді.
Білім саласы жаңалыққа бет бұрып, терең
тыныс ала бастаған кезінде, мұғалім
өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда
ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен
оның мұғалімдігі де жойылатынын
ұмытпағанымыз жөн. Ұстазыңды атаңнан
да әзіз тұт деген халық даналығына сай
болайық!
Міне,
әлем өзгеруімен, бізде өзгеріп, заман
талабына сай ілгері жүріп отырмасақ,
оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді
меңгеріп, оқушыларды сын тұрғысынан
ойлауға үйретіп, оқытуда
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
пайдаланып, өзімізде жетік меңгеріп
отырмасақ біз алға қарай дамымай бір
орында қалып қоя беруіміз, хақ.