Материалдар / Әлем таныған ұлы Абай!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әлем таныған ұлы Абай!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты "Әлем таныған ұлы Абай!" 1. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу; 2. «Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек» демекші ақын қарасөздерін жатқа айту; 3. «Әнді сүйсең менше сүй» ақын әндерін нақышына келтіре орындау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2021
485
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы Тараз қаласы №57 орта мектебі

Сценарий құрастырушы: Динжанова Айнұр Тұрсынбайқызы


Тақырыбы: Әлем таныған ұлы Абай!

Хор.»Көзімнің қарасы» (бір топ оқушылар)

Мұғалім сөзі: Армысыздар Абайдай данасы бар, әлем таныған дарасы бар қазақ елі!

Бүгінгі «Әлем таныған ұлы Абай!» атты Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына кош келдіңіздер. Бүгінгі кешіміз 3 бөлімнен тұрады.

1. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу;

2. «Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек» демекші ақын қарасөздерін жатқа айту;

3. «Әнді сүйсең менше сүй» ақын әндерін нақышына келтіре орындау.

Олай болса бүгінгі «Әлем таныған ұлы Абай!» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

(сахнаға бір топ оқушылар шығады)


Сахна: Абайдың «Көзімнің қарасы» әні естіліп тұрады. Ортаға Абай рөлін сомдаушы окушы шығады.

(Нұрғиса )Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен- бір жұмбақ адамның ,оны ойла.

Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар,окушылар, ата-аналар ! Бүгін осы бір кішкене залда қазақ сахарасының өзіндей алып, өзіндей ұлы ғажайып таланттың иесі, қасиетті де аруақты, әлем әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі – Абай туралы сыр шертпекпіз.


(Құралай )Қай елдің болса да тәңірдей табынып, құдайдай мінәжат ететін киелері болады ғой .Абайдың сөзі- халқымыздың, ұлтымыздың ұраны. Абай – алты алаштың, иісі қазақтың пайғамбары.

:

-Кош келдіңіз, талапты дос, дарынды,

«Абайдың окуына» қос барынды.

Жермен келіп, көкпенен қайтасыңдар,

Бұл оку байытады жас жаныңды.


«Әділет» Атадан алтау, анадан төртеу"

Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы, реформатор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шыңғыс тауды жайлаған Тобықты руында дүниеге келді.


Абайдың арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. . Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болған деседі. Осы Өскенбайдың әйелі Зереден Абайдың әкесі Құнанбай туады


Құнанбайдың төрт әйелі болған.. Ал Ұлжан – Құнанбайдың інісі Құттымұхамбетке айттырылған қалыңдық. Інісі қайтыс болғаннан кейін Құнанбай келінін әмеңгерлікпен алған. Ұлжаннан Тәңірберді, Ыбырай (Абай),Ысқақ пен Оспанды дүниеге әкеледі.

1. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу кезеңі бойынша көрініс пен мәнерлеп оқуға кезекті берейік.

Көрініс (Қараша желтоқсанмен сол бір екі ай) (9-сынып оқушылары)

Сауқымов Әділет «Жазғұтұры»

Шәдібек Нұрғиса «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма»

Шырынбек Әділет «Өлсе өлер табиғат адам өлмес»

Сәти Дилназ «Сегіз аяқ»

Құрал Гүлназ «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей»

Шырынбек Аружан «Қараша желтоқсанмен сол бір екі ай»

Ержан Шапағат «Әсемпаз болма әрнеге»

Әлімбек Айсұлу «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы»

Шәдібек Мереке «Есіңде бар ма жас күнің»

Азамат Дана «Ғылым таппай мақтанба»

Амангелді Әнел «Қыс»

Серік Баянсұлу «Қартайдық қайғы ойладық ұйқы сергек»

Хор «Желсіз түнде жарық ай» «Мөлдір, Мерей, Айдана, Нұрғиса, Аяулым, Сұлтан»

Ақнұр:

Білімге құштарлық

Болашақ ақын ел анасы атанған Зере әжесінің таусылмайтын аңыз-ертегілерін естіп, сөзге шебер Ұлжан анасының тәрбиесін көріп өсті. Абай алдымен әкесінің өз туыстарының балаларын окытамын деп, "Ескітам" деген қоныста салдыртқан медреседе сауат ашты..

Жазушының сөзіне қарағанда, Абай бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдерін кәрілікке жеткен уақытына шейін ұмытпаған.


Ерлік

Жастай ел басқару ісіне араласты

Құнанбай баласының зеректігін бірден байқап, оған жан-жақты білім беруге тырысады. Ал 13 жасында оны оқудан алып кетіп, ел басқару жұмысына салады.


Мөлдір:

Абайдың шығармашылығы

Абай алғашқы өлеңін 10 жасында жазған. Ал ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы – "Қансонарда". Абай өлеңдерінің ішінде мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар көп. "Сегіз аяқ", "Қан сонарда бүркітші шығады аңға", "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым", "Желсіз түнде жарық ай", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?" сияқты өлеңдерінің әрбіреуі тың дүние, шығармашылық жаңалық.


Александр Пушкиннің "Евгений Онегин" шығармасынан "Татьянаның хатын" және "Ленскийдің сөзін", Михаил Лермонтовтың "Ой", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Теректің сыйы" және тағы басқа өлеңдерін казақ тілінде сөйлетті.


2. бөлім бойынша «Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек» демекші ақын қарасөздерін жатқа айту;

Көрініс (8-сынып оқушылары)

Шәдібек Мерей 31 қарасөзі

Иманбекова Нұрай 2 қарасөзі

Мырзаберген Мөлдір 4-қарасөзі

Серік Жайна 16 қарасөзі

Досымбек Сәния 19 қарасөзі

Дәулет Айдана Шәкәрімнің әні «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»


Құралай.

Абайдың іргелі еңбектерінің бірі әрі бірегейі – қара сөздер. Осы сөздердің бірнешеуі алғаш рет 1918 жылы Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Артынан Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз және тағы басқа әлемнің көптеген тіліне аударылды.




Абайдың философиясы

Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған. Ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысты. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Ол өзінің пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысын, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.


"Адам өмірінің мақсаты – кемелдену мен жетілу", - дейді Абай.


Әділет

Абайдың айтуынша, жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді.


Ақнұр

Отбасы – ошақ қасы

Абай үш әйел алған. Бәйбішесі Ділдәдан 6 ұрпақ екінші өйелі Әйгерімнен – 4 ұрпақ, барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Ал келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.


Ерлік

Сол жылдары бас қайғысымен қатар Абай өзінің дос деген адамдарының қиянатын, алдауын, өтірігін де көреді. Бір сайлауда өзінің інісін болыстыққа сайлаймын деп келгенде бұрын ешбір сыр бермейтін достары бір-ақ түнде жат болып шыға келеді. Оның інісін құлатып, өз кісілерін сайлап кетеді. Онымен қоймай, Тобықты ішінде бұрыннан онымен сілкісіп келген басшы жауы Оразбай бір сайлауда Абайды өз кісілеріне сабатып та алады. Осы іспетті соққылармен күресіп келе жатқанда ең жақсы көрген баласы Мағауия өледі.


Абай ешкіммен сөйлеспей, үндемей қалады. Ал 1904 жылы 23 маусымда Мағауияның өлімінен кейін тура 40 күн өткен соң өзі де қайтыс болады. Бір жарым айдан кейін Абайдың ақын баласы Ақылбай Семейде дүние салады.

Мөлдір

Абай мұрасын кімдер зерттеді

Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады.


Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы "Қазақ" газетінде басылған "Абай — қазақтың бас ақыны" атты мақаласында "Одан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ" — деп Абайды аса жоғары бағалады.


1909 жылы Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңі, сондай-ақ, "Ескендір" мен "Масғұт" поэмалары енді. Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын. Кәкітай Ысқақұлы бірінші болып ақынның өмірбаянын жазды.



қаласына жақын Қазақтар ауылында туған. Қытай тіліндегі мектептерде оқыса да, қазақ тілін жетік меңгерген. Абайды бала күнінен жаттап өскен екен.


.

Абайдың өміріне қатысты қызықты деректер

Абай Құнанбайұлының шын есімі - Ибраһим. Әжесі Зере "Абай" деп еркелеткеннен кейін "Абай" атанып кеткен;

Құнанбайұлы көптеген өлеңіне өзі ән жазған. Олардың ішінде кеңінен тарағаны – "Көзімнің қарасы";

Барлығы

Абай Құнанбайұлы алғашқы өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялап жүрген;

Абай Құнанбайұлы 13 жасында ел басқару жұмысына араласқан;

Абай Құнанбайұлының алғашқы махаббаты – Тоғжан;

Абай Құнанбайұлы 1860 жылы Ділдәмен отау құрған. Ол кезде Абай 15 жаста болды;

Абай Құнанбайұлы 16 жасында әке болды;

Абай Құнанбайұлы 21 жасында болыс болып сайланды;

Абай Құнанбайұлы екінші әйелі Әйгерімге 30 жасында үйленген;

Еркежан - Абайдың әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі. Ол Абайдың інісі Оспанның қалыңдығы болған. Еркежан Абайға өз қалауымен тұрмысқа шыққан;

Абай Құнанбайұлының 36 жасында тұңғыш немересі Әубәкір дүниеге келді.


Келесі Абай атамыздың «Сегіз аяқ» әнін Нұрғали Зейнептің орындауында тыңдаңыздар


Осымен « Әлем таныған ұлы Абай!» атты кешіміз аяқталды. Сөз кезегін мектеп директоры Абдуллаева Күлаш Мұхтарқызына береміз










Ұяламын дегені көңіл үшін,
Ұсақ қулық бір ғана өмір үшін.
Татымды достық та жоқ, қастық та жоқ,
Жігері жоқ, маңызы жеңіл үшін.
Жалығу бар, шалқу бар, іш пысу бар,
Жаңа сүйгіш адамзат, көрсе қызар.
Ар мен ұят ойланбай, тән асырап,
Ертеңі жоқ, бүгінге болған құмар.
Туысқаның, достарың - бәрі екіұшты,
Сол себепті досыңнан дүшпан күшті.
Сүйсе жалған, сүймесе аянбаған,
Бұл не деген заманға ісім түсті?!
Өзің үлкен, қылығың - бала-шаға,
Балаша мәз боп жүрсің тамашаға.
Әкесі ұрысса балаға, ол да - достық,
Баласы ұрысса әкеге, жараса ма?


Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап,
Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап.
Қыран шықса қияға, жібереді
Олар да екі құсын екі жақтап.
Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан,
Күйкентайы үстінде шықылықтап.
Өзі алмайды, қыранға алдырмайды,
Күні бойы шабады бос салақтап.
Тиіп-шығып, ыза қып, ұстатпаса,
Қуанар иелері сонда ыржықтап.
Не таптық мұныменен деген жан жоқ,
Түні бойы күпілдер құсын мақтап.
Басқа сая, жанға олжа дәнеме жоқ,
Қайран ел осынымен жүр далақтап.


































Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеші

Ақмола облысы Бурабай ауданының Ә.Ы. Досов атындағы ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қазтаева А.С.

Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай дайындалған Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеш.

Ма
қсаты– Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!