Әлемде баланы тәрбиелеуден асқан игі іс жоқ...
Еліміздің болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесімен өлшенеді.Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «Біз өз өміріміздің басқа салаларына кең жол бере отырып,барлық өзгерістердің негізгі мәні адам тәрбиесі, адамның дамуы екендігін естен шығарып алмауымыз керек»,-делінген.Мұның өзі оқу тәрбие үдерісінің барысында адамдық бейнесіне көп көңіл бөлудің қажеттілігін көрсетеді.
Бүгінгі таңда жас ұрпақты қазақ халқының өзіндік болмысына сай етіп тәрбиелей отырып,руханият әлеміне енгізу арқылы оның жан-жақты қабілеті мен мүмкіндігін оятып,өзін-өзі тану арқылы толық ашылуына білім беру үлгісінің жаңа форматы жүзеге асырылып жатыр.
Бүгінгі күні кез келген білім ордасы тәрбие жұмысының жүйесін жаңартудың жолдарын іздестіруде.Қоғам өзгереді,тәрбие қашан өзгереді,тәрбиенің жаңашылдығы неде?-деген сұрақ төңірегінде тәрбие жұмысын жаңаша ұйымдастыру,оқыту мен тәрбие жұмысын жүйелеу,тәрбиенің нәтижелі,тиімді жолдарын іздестіруде талпынушылықтар бар.
Тәрбие мәселесі адамзат баласын ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін қатты ойландырып келеді.Өйткені қоғам дамып өзгерген сайын тәрбиенің мақсаты да өзгеріп,жаңарып отыратыны мәлім.
Философ ғалымдардың адам туралы тұжырымдамасында бала оның ең жоғарғы рухани құндылығы болып саналады.Адам мәдениетті меңгеріп және оны өмірде пайдалана отырып өзінің рухани мәніне ие болады. Мәдениетті адам-рухани тұлға. Рухани жеке тұлғаның әлемдік және ұлттық рухани мәдениетке бағытталған өмірлік ұстанымы,дүниетанымдық деңгейін анықтайтын сапалық құндылықтары болуы шарт.Мәдениетті адамның тұлғалық қасиеттерінде:адамның табиғи ерекшеліктері (денсаулығы, ойлау, сезіну,әрекеттену қабілеттері) оның әлеуметтік қасиеттері(азамат,отбасы иесі,еңбек адамы болу,қарым-қатынас жасау) көрініс тапқан.Жеке адамның өзгешелігі қандай оғаш,қандай көзге түсерлік болса да,оның өскен төңірегінен,әлеумет қатынасынан бөлек алып,бұларды есептемей қарауға болмайды.Бұл адам мінез-құлқының тәрбиеленуінде әлеуметтік ортаның аса маңызды болып есептелетінін айқындай түседі.
Әлеуметтену көптеген жағыдайлардың өзара әрекеттену нәтижелерінде жүзеге асады.Жеке адамның әлеуметтену үрдісінің басталуы мен өтуін тудыратын жағыдайлар әлеуметтенудің факторлары болып есептеледі.Жеке адамның өзін іс-әрекетке әлеуметтік тұлға ретінде дайындауы,оның болмыстық ортада референтті және индереферентті адамдармен қатынасқа кіре отырып,өзін-өзі дамытуынан көрінеді.Адам өзін тұлға ретінде белгілі бір этностың өкілі ретінде бағалай алады.Ендеше әлеуметтенудің мезафакторы болып табылады.Ал тұлғаның әлеуметтену үрдісі отбасында басталады.Отбасы-адам өміріндегі тарихи қалыптасқан,оның әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыратын негізгі фактор.Себебі бала дүниеге келген соң кездестіретін әлеуметтік ортасы –оның отбасы.Ендеше адам ұлт өкілі ретіндегі барлық ұлттық-психологиялық ерекшеліктерді отбасындағы әлеуметтену үрдісінде бойына қалыптастырады.Осыған байланысты адам әлеуметтік және мәдени құндылықтармен сусындайтын әлеуметтенуінің негізгі өзегі ата-анасы болып табылады. «Алтын мүйізді ортеке ойнауы үшін алтын тұғыр керек»- деген халық нақылы бар.Ол алтын тұғыр бала дүниеге келген күннен басталуы керек.
Отбасының берекесі,ата-ана,туған-туыстардың шуағы арқылы сіңетін рухани байлық,ата-анасының бірін-бірі сыйлауы,отбасындағы қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінуі,балалардың әке-шешеге деген қарым-қатынасы т.б.Осы айтылған мәселелердің теориялық айғағы ретінде «ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің»,«ата көрген оқ жонар,ана көрген тоң пішер»-деген сияқты терең философиялық мәні бар қанатты сөздерді алуға болады.Ендеше ата-ана өнегесі-қайырымдылық пен әділет үлгісі,ол бала жүрегінде берік орын тебеді.
Отбасында ата-ананың балаға берген тәрбиесі,баланың жас кезінен есейгенге дейінгі өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауы,мектеп барлығы ұлттық-әлеуметтік құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатына бағытталады.
Осы тұста тәрбие жүйесі нәтижелі болуы үшін әрбір мұғалім тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіреді,жүйелейді,мақсаткерлікке бейімдейді,зерттейді,әдіс-тәсілдерді талғап,таңдайды.
Өйткені, тәрбие тиімділігі көзін аша білгенде ғана артады. Үнемі дамып, өзгеріп отыратын баланың ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ерекше ықпалы бар.Балаға мұғалімнің әр айтқан сөзі өтімді,әр әрекеті мәнді болуы керек.Егер мұғалім өзінің осы бір үлкен жауапкершілігін шын сезініп,өзіне-өзі есеп бере отырып жұмыс жүргізсе,оны оқыту ісі өзі ойлағандай жүйемен дамитыны сөзсіз.Сөзі басқа,ісі басқа,талабы мүлдем бөлек жатқан оқытушының беделі де төмендейді, әрекеті де нәтижесіз болып қала бермек.Оқушыға дем беріп қуаттайтын да, жүрегіндегі жалынды шырақтандыратын да-мұғалім қарым-қатынасы.Өз ойын сабырмен сыпайы жеткізе алатын мұғалім ғана шәкіртінің ойына қозғау салады,оның жан дүниесін тербете алады.Ал жан дүниенің тепе-теңдігі адам денсаулығының кепілі.Бұл мұғалім еңбегінің шығармашылық қыры деген мәселенің астарында ең бірінші адамдық қасиеттердің жатқанын дәйектей түседі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әлемде баланы тәрбиелеуден асқан игі іс жоқ

шағым қалдыра аласыз