400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлемді жаулаған Covid-19

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлемді жаулап талай адамның өмірін қиған тәж вирусынан кейін не өзгерді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғылыми Мақала


Тақырыбы:Әлемді жаулаған Covid-19


Аннотация: Әлемді жаулап ,бүкіл елді дүрс сілкіндіоген ковидтен кейін не өзгерді.Қаншама адам зардап шегіп қаншама адамның жанын алған тәж вирусының әсері қандай? Алдағы уақытта бұндай әлемдік пандемияға біздің мемлекет дайын ба?


Кілт сөз: вирус,дәрігер,вакцина,карантин,пандемия.



Орындаған:Сабыржан Гүлжан

Жетекшісі:Әлміш Жадыра




















Коронавирус ауруының пандемиясы 2019 жылы, желтоқсан айының ортасында орталық Қытайда орналасқан Хубэй провинциясынакіретін Ухань қаласының Хуанань жануар мен теңіз өнімдері базарында болған тұрғындары түсініксіз пневмонияға шалдыққаны анықталған кезден басталды.

Осыдан кейін Қытай ғалымдары коронавирустың жаңа түрін анықтады — SARS-CoV-2. Оның генетикалық құрылымы ауыр жіті респираторлы синдромды (атипті пневмония деген атаумен танымал) қоздыратын SARS-CoV вирусына 70% ұқсайтыны белгілі болды. Осылайша олар карта құрып, жаңа вирустың генетикалық құрылымын анықтады. [2][3][4][5]

22 қаңтардан бері Ухань қаласында карантин жарияланып, қоғамдық көліктер тоқтатылып, қалаға кіріп-шығуға тыйым салынған; дәл осындай карантин 24 қаңтардан бастап Уханьға шекаралас Хуанган, Эчжоу, Чиби және Чжицзян қалаларында жарияланған[6][7]. Жалпы алғанда қытайлық 14 қаладан шығуға тыйым салынған[8]. Вирус Қытайдың бірнеше әкімшілік аймақтарында анықталған.

22 қаңтар күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдай комитетінің індетке қатысты отырысы өтті. 23 қаңтарда ДДҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус ДДҰ төтенше жағдай комитеті жаңа коронавирус індетінің өршуі ерекше қауіп төндіретіні жайлы бір тоқтамға келмегенін айтып, халықаралық деңгейде денсаулық сақтау аясында төтенше жағдай жарияланбайтынын мәлімдеді.

Індеттің басталуы жайлы алғашқы мәлімет 2019 жылдың 31 желтоқсаны жарияланды[9], ал науқастардағы алғашқы клиникалық көрініс 8 желтоқсан күні біліне бастаған[10]. Уханьдағы базар жабылып, клиникалық әйгіленімдері бар науқастар оқшауланды

. 2020 жылдың 27 қаңтары белгілі болған Қытайдың ресми мәліметі бойынша 2 809 адамның вирусты жұқтырғаны тіркелген. Ауру әйгіленімдері 2019 жылдың 8 желтоқсаны мен 2020 жылдың 2 қаңтары аралығында көріне бастаған. 7 науқастың жағдай өте ауыр деп бағаланды. 11 қаңтар күні 61 жасар науқас қайтыс болса, 15 қаңтарда 69 жасар науқас вирусты жұқпа салдарынан көз жұмды. Қазіргі мәліметке сәйкес барлығы 80 адам қайтыс болған. Қайтыс болғандардың барлығы Қытайдан.

Коронавирус (COVID-19) сияқты респираторлық вирустар, адам ағзасына көз, мұрын немесе тамақ арқылы құрамында вирусы бар шырыш немесе тамшылардың түсуі арқылы таралады. Көбінесе таралу қол арқылы орын алады. Қол сондай-ақ вирустың бір адамнан екінші адамға таралуының ең жиі кездесетін жолдарының бірі болып табылады.

Жаһандық пандемия кезінде вирус таралуының алдын алудың ең қолжетімді, қарапайым және маңызды тәсілдерінің бірі - қолды сабынмен және сумен жиі жуу.

Біз сіз үшін қолды дұрыс жуу туралы  сізге қажетті барлық ақпаратты жинадық:

1. Қолды қалай дұрыс жуу қажет?

Қолды тез жуу және шаю вирустан толық құтылуға көмектеспейді. Төменде тиімді қол жуу процесі келтірілген.

  • Қадам 1: Қолды ағынды сумен сулаңыз

  • Қадам 2: Суланған қолға молынан сабынды жағыңыз

  • Қадам 3: Қолдың барлық жақтарын, оның ішінде алақанның сыртқы жағын, саусақтардың арасын және тырнақтардың астын кемінде 400 секундтан 60 секундқа дейін мұқият жуыңыз.

  • Қадам 4: Ағынды сумен мұқият шайыңыз

  • Қадам 5: Таза мата немесе бір реттік сүлгімен қолды құрғақ етіп сүртіңіз

2. Қолды қаншалықты ұзақ жуу қажет?

Қолды кемінде 40-60 секунд жуу қажет. Уақытты белгілеп қалудың қарапайым жолы - "Туған күніңмен" әнін екі рет толық орындап шығу.

Бұл өз кезегінде қолға арналған дезинфекциялау құралына да қатысты: құрамында кемінде 65% спирт (мүмкіндігінше метил спиртсіз болғаны дұрыс) бар дезинфекциялау құралын қолданыңыз және оны қолдың бүкіл үстіне кемінде 20 секунд жағыңыз.

3. Қолды қашан жуу керек?

COVID-19 алдын алу мәнмәтінінде қолды келесі жағдайларда жуу қажет:

  • Мұрынмен сіңбіргеннен кейін, жөтелгеннен немесе түшкіргеннен соң

  • Қоғамдық көлікті, базарлар мен діни ұйымдарды қоса алғанда, қоғамдық орындарға барғаннан кейін

  • Ақшаны қоса алғанда, үйден тыс заттардың беттеріне қолмен тигеннен кейін

  • Науқас адамға күтім жасау кезде, алдында және содан кейін

  • Тамаққа дейін және тамақтан кейін


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.10.2023
197
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі