Әлемді таны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлемді таны

Материал туралы қысқаша түсінік
факультатив
Материалдың қысқаша нұсқасы
  • Хеопс пирамидасы

  • Египет астанасы - Каирден оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшаңқан және сарғылт таулар көрінеді. Бұл төбесі сүйірленіп келген жасанды таулар-пирамидалар.

  • Ең үлкені-Хеопс перғауынның пирамидасы, оның биіктігі 147метрдей, біздің заманымыздан бұрынғы 28 ғасырда, бұдан 5 мың жылдай бұрын салынған. Хефрен пирамидасы бұдан екі-ақ метр аласа.

  • Бұл перғаунға таудай мазар жеткіліксіз болып көрінгенде, ол пирамиданы үлкен жартастан қашап жасалған тас мүсінге күзеттіріп қойыңдар деп жарлық еткен.Оның басы адам бейнесінде де, денесі арыстан тұлғалы. Ол “Сфинкс” деп аталады. Адамдай данышпан, арыстандай айбатты Сфинкс бейнесі жоққа сенгіш ырымшыл жандардың зәресін алған, сондықтан жұрт оны үрей атасы деп кеткен.



Семирамида аспалы бағы

  • Әлемнің ендігі бір «кереметі» -Семирамиданың аспалы бағы. Ол Ежелгі Шығыстың ең үлкен әрі дәулетті қаласы-Вавилонда болған. Ел аузында қалған аңызға қарағанда бұл бақты патша ханым Семирамида салдырса керек.

  • Ал шындығында ол жаңа заманға дейінгі 6 ғасырда Навуходоносор патшаның жарлығы бойынша салынған.

  • Бұл патша өз сарайын алты қабат үйдің биіктігіндей етіп қолдан көтерген жасанды алаң үстіне салдырды. Cарай алаңына көтерілген алты текпішек айнала кірпіштен өрілген аркалар тізбегімен аркада﴿ көмкеріліп, топырақ төселген әр текпішекке жайқалған бақ орнатылған.



Артемиданың ғибадатханасы

  • Грек әйел пірі Артемиданың Кіші Азияның Эфес қаласындағы ғибадатханасы әлемнің үшінші «кереметі» деп есептелген.

  • Ол кілең мәрмәр тастан 120 жыл бойы салынып,жаңа заманға дейінгі 550 жыл шамасында аяқталған. Ғибадатхананы көз тартарлық әдемі салып, ішінде бағалы заттар мол болады. Сондықтан атағы жер жүзіне жайылып кетеді.

  • Біздің заманымызда бұрынғы 356ж. Герострат деген біреу атын шығармақ оймен ғибадатхананы өртейді. Ақыры оның есімі ақылға қонымсыз зиянкестіктің белгі-бейнесі болып мәңгілікке ел аузында қалады.



  • Зевс мүсіні 

  • Грецияның оңтүстүгінде, Олимпиялық ойындардың орталығы Олимпиядағы ғибадатханадағы ежелгі гректердің сыйынатын жоғары пірі - Зевстің мүсін бейнесі болған.Олимпиа Зевстің бұл мүсінін бұдан 2 мың жылдай бұрын, біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырда ұлы мүсінші Фидий жасаған. Бұл - төртінші «керемет».
    Биіктігі он төрт метрлік Зевс мүсіні піл сүйегі , қара емен, асыл тастармен әшекейленген алтын тақта отырғызылған. Басында осынау құдіретті тәңірдің рақымшылығын білдіретін зәйтүн ағашының өрілген бұтағына ұқсас алтын шеңбері болған. Мүсіннің басы, иығы, екі қолы, кеудесі піл сүйегінен ойып жасалған.Зевстің сол жақ иығына жамылған шекпені, шашы мен сақалы алтыннан құйылған.



Галикарнас мавзолейі

Кіші Азияда Карий патшалығы деп аталатын шағын мемлекеттің астанасы – Галикарнаста қазіргі Түркияның Бодрум қаласы﴿ бесінші «керемет» Мавсол патшаның мавзолейі болған.Оны біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырдың орта шенінде патшаның жесірі - патша ханым Артемисия салдырған.

  • Мавзолейдің ақ мәрмәр тастан бедерлі белдеу тартылған тұғырына мәрмәр, бағаналармен тізбегімен нақышталған негізгі қабырға орнаған. Оның төбесі сүиірленіп келген. Мәрмәрден пирамида іспетті жасалған мавзолей төбесінің ұшар басында төрт арғымақ жегілген екі доңғалақты күймеге мінген Мавсол мен Артемисияның мүсіндері болған ﴾ Мавсол мен оның әйелі Артемисияның мүсіндері, сол сияқты мавзолейдің басқа да әшекейлері осы күнде Лондондағы Британ музейінде сақтаулы.﴿

  • Міне, «мавзолей» деген сөз Мавсол есімімен байланысты шыққан.



Родос алыбы

  • Жаңа заманға дейін 3 ғасырда Родос аралына атақты қолбасшы Деметрий шабуыл жасайды. Алайда Дметрий еркіндік сүйгіш родостықтарды жеңе алмайды. Аралды жанқиярлықпен қорғаған қаһарман ерлер құрметіне олар жер бетінде ең үлкен мүсін-ескерткіш орнатады.

  • Бұл - алтыншы «керемет» Родос алыбы деп аталады. Теңіз бен қала қақпасының аралығындағы сауда алаңында биіктігі 36 метр жас жігіттің қола мүсіні болған. Осынау алып ескерткіш екі алшайта басып, қалаға жау жолатпас қаһарлы сақшыдай алысқа көз тігіп тұрған. Басында күн шапағын бейнелеген тәжі болған. Арал тұрғындары күн тәңірі Гейлосты өзендердің қамқорлығы деп білген, сондықтан да мүсін басына тәж кигізілген.



Александрия маягы

Бәрінің білетін «фара»(үлкен шам) атауы әлемнің жетінші «кереметінен»шыққан.Ніл өзенінің сағасындағы Фарос аралында, Алексрандия қаласының қасында, жаңа заманнан бұрынғы 280 жыл шамасында ежелгі дүниенің үлкен маягышырақ﴿ орнатылған.

  • Бұл үш қабат мұнараның биіктігі 120 метр болған. Оның үстінде жан жағы ашық тас күркеде лапылдап от жанып тұрған, ол кемелерге жол көрсеткен...

Александрия шамшырағы — “Әлемнің жеті кереметінің” бірі саналатын, б.з.б. 280 ж. салынған архитектуралық құрылыс. Александрияшамшырағын Ніл аңғарына таяу, Фарос аралының шығыс бөлігіне Мысыр патшасының (Птоломей әулетінің өкілі) бұйрығымен Книдтік Состраттұрғызған. Кейінгі ұрпаққа өз атын қалдырғысы келген сәулетші шамшырақтың мәрмәр қабырғасына “Книдтен шыққан Декстифонұлы Сострат, теңізшілердің амандығы үшін құтқарушы-құдайларға бағыштайды” деп жазған. Бірақ патшаның қаһарынан қорқып жазудың үстін сылап бетіне әміршінің атын жазған. Уақыт өте келе сылақ түсіп қалып, ел сәулетшінің өз атын білді.

  • 2006 жылғы зерттеу бойынша қайта құрылған моделі.

  • Александрия шамшырағы өз заманындағы өнер мен ғылымның ғажайып үлгісі болып табылады. Биіктігі 120 м шамасындағы үш қабатты мұнараның бірінші қабаты орасан зор шаршы көлемде әктастан тұрғызылған. Екінші қабат сегіз қырлы мұнарадан тұрады, оның сегіз қыры белгілі сегіз желдің бағытына қарай орналастырылған. Бізге жеткен деректерден осы екінші қабатта флюгер желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын құрал) міндетін атқарған ескерткіш-мүсіндердің болғаны анықталды. Мәрмәрмен қапталған мұнара зәулім шамшырақпен аяқталады. Осы үшінші қабат гранит колонналар тіреп тұрған күмбезбен жабылған. Күмбез басына өте алыстан анық көрініп тұрған теңіз құдайы Посейдонның 7 метрлік қола мүсіні қойылған. Александрия шамшырағы өзінің негізгі міндеті — теңізшілерге жол көрсетуден басқа, бекініс қызметін де атқарған. Құрылыстың ішінде ауыз су құйылған күбі сақталған. Ішкі бұрама баспалдақ арқылы алауға жанармай беріліп тұрған. Темір айналарды шебер қолдану нәтижесінде алау оты бірнеше еселеніп, өте алыстан көрінетін болған. Александрия шамшырағы 14 ғ-да жер сілкінісінен қираған.



Зевстің алтын мүсіні

 – кезінде Ежелгі Грекиядағы Олимп тауында Зевс құдайға орнатылған ескерткіш, “әлемнің жеті кереметінің” бірі. Б.з.б. 5 ғ-да өмір сүрген белгілі афиналық мүсінші Фидий сомдаған. Ежелгі гректер құдайлардың құдайы деп сенген Зевске арнап ақ мәрмәрдан зәулім сарай тұрғызған болатын. Фидий өзінің мүсінін осы сарай ішіне сомдаған. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м болған, ол сарай төбесіне сәл-ақ тимей тұрған. Зевс отырған тақ түгелдей алтын және піл сүйегінен жасалған. Негізгі ағаштан істелген құдай мүсінінің беті, қолы, аяғы және ашық төсі өте нәзік зергерлікпен өңделген піл сүйегімен түгелдей қапталған. Мүсіннің белден төм. бөлігі гүлдермен, жұлдыздармен, әр түрлі хайуанаттар бейнесімен көркемделген алтын жамылғымен жабылған. Мүсінші Зевстің бір қолына ұстатқан жеңімпаздық құдайы Никабейнесі де, екінші қолындағы қыран қонған тұғыр да алтын мен піл сүйегінен жасалған еді. Ал Зевстің басына таза алтыннан өрілген тәж кигізілген болатын. Ежелгі гректер ең үлкен бақытсыздық – Зевс құдайдың алтын мүсінін көрместен бұрын өліп кету деп есептеген. Сондықтан да ес білген әр адамға бұл бейнені көру арман болған. Б.з. 5 ғ-нда Зевс мүсінін Грекиядан Константинопольге (қазіргі Стамбұлға) көшірген. Мүсін сонда өртте қалып жоқ болды. Бірақ оны көрген адамдардың жан-жақты суреттеп, сипаттап қалдырған көптеген қолжазбалары арқылы Зевстің алтын мүсінінің қандай болғанын көзге елестетуге болады.[1]

Семирамида аспалы бағы

— Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс, Әлемнің жеті кереметінің бірі. Бұл сәулет туындысы ежелгі дәуірде билік жүргізген патша Навуходоносор ІІ-нің бұйрығымен өзі тұратын сәулетті сарайдың кең ауласында тұрғызылған. Тарихи деректерге қарағанда, Навуходоносор б.з.б 605-562 жылдар аралығында патшалық етіп, Вавилон империясын құрып, кейін Вавилон қаласының атағын шығарған. Табаны төртбұрышты, төрт қабатты алып құрылыс тепкішектері жоғары көтерілген сайын қусырылып биіктей береді. Семирамида аспалы бағының әрбір террасалы тепкішектері үстіне қалың құнарлы топырақ төгіледі, әрі соның бетіне Вавилонияның, Мидияның және басқа елдерден арнайы алдырған алуан түрлі жеміс ағаштары мен көк желекті бұталар отырғызылады. Шөлді, ауа-райы ыстық Вавилония елінде көкке шаншыла, жапырақтары жайқалып өскен ағаштардың саясынан ескен салқын самалды аспалы бақ жергілікті тұрғындарды таң-тамаша қалдырады. Сол дәуірдің куәгерлері қалдырған деректерге қарағанда, осындай таңғажайып тамаша аспалы бақ дүние жүзінің ешбір елінде болмағанға ұқсайды. Сонысымен ол “әлемнің жеті кереметінің” біріне айналса керек. Бұны Бағдадтың оңт. жағынан 88 км қашықтықтағы Вавилон қаласының орнына жүргізілген археологиялық қазбалар кезінде бақ террасаларын суаруға арналған алып конструкциялы құрылыстардың табылуы да дәлелдей түседі.

Артемида храмы

 — әлемнің жеті кереметінің бірі. Кіші Азияның Эфес қ-нда салынған. Зевстің қызы Артемида ежелгі гректерде аңшылық құдайы ретінде танылған. Көне заманда ең маңызды күнкөріс көзін жебеуші Артемиданың қаншалықты сыйлы, құрметті екені өзінен-өзі түсінікті. Мұндай мәртебелі ғибадатхананы салу сәулетші Херсифронға тапсырылды. Ол құрылыс орнына Кайстра өз-нің бойындағы батпақты алаңды таңдады. Бұл жер сілкінісінен сақтаудың қамы еді. Ғибадатханаға Артемиданың аңшы киімінде, қолына садақ ұстатып таза ақ мәрмәрдан жасалған мүсіні қойылды. Шымыр денелі жас қыздың жүзінде батылдық, салқынқандылық бейнеленген. Салынуы 120 жылға созылған ғибадатхана құрылысын сәулетшілер Пеонит пен Деметра б.з.б. 450 ж. аяқтады. Б.з.б. 356 ж. Александр Македонскийдің туған күні Эфес тұрғыны Герострат деген біреу храмды өртеп жіберді. Сөйтіп, әлемнің “жеті кереметінің” бірі болып А. х. және оны жоюшы болып Герострат аты қалды.



Аңыз

Артемида ғибадатханасы салынған уақытта Эфест 200 мың халқы бар, құдайға құлшылық ететін маңызжы орталық болған. Херсифрон атты сәулетші ғибадатхананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі- ионика ордерінің стилімен тұрғызылған. Сол кездегі қарапайым құралдар мен көліктер көмегімен Артемида сяқты ғибадатхана салу үлкен жетістік еді. Ғибадатхана салу үшін бірнеше жылдар бойы сәулетшілер, тас қалаушылар, құлдар армиясы еңбек етті. Олар діни орынның құрылыс жұмысын керемет құлшыныспен істеп, нәтижесінде таңғаларлық ғимараты дүниеге әкелді. Храмның көркі сол замандағы барша адамзатты таңғалдырды. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стилі жағынан ұқсас құрылыстар салына бастады. Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Геростат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын құшағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ескендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір берді.

Ғибадатхана туралы

Сәулетші Дейнократтың басқаруымен салынған жаңа құрылыс алғашқы ғибадатхананың жобасын сақтағанмен, одан сәл биіктеу болады. Ғибадатхананың ауданы- 110* 55 метр, құрылысты қоршап тұрған бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған. Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекейленген. Әйгілі грек шеберлері құрылысқа белсенді түрде ат салысқан: бағаналарды безендіру жұмысымен Скопас айналысса, ғибадатхана ішіндегі картиналар Апеллес суретшінің қолынан шыққан.

Галикарнастағы Мавзолей

әлемнің жеті кереметінің бірі болып саналады. Өзінің керемет сәулеттілігі және ұлылығы үйлесімін тапқан Галикарнастағы Мавзолей бір кезде керемет адамдар тамашалайтын орындардың бірінің қызметін атқарған. Ол б.э.д. 4- ғасырда Түркияның оңтүстік-батысындағы мемлекеттің басты тұлғасы - патша Мавсолдың моласы ретінде жасалған. Мавсол (б.э.д. 377-323 жж.) Кари патшалығынжәне оған тәуелсіз Парсы империясының бір бөлігінің басшысы болды. Оның атаққұмар жобаларының арқасында Галикарнас Эгей теңізі жағасындағы ұла қала болды. Оның құрылысы Мавсолдың тірі уақытында басталған. Мавзолейдің жобасын атақты сәулетшілер СатирПифейЛеохарСкопасБриаксидТимофей жасады. Мавсол өлгеннен кейін б.э.д. 353 ж. құрылыс жұмысын билік тізгінін өз қолыны алған әйелі Артимисия III басқарды. Артимисия III де құрылыс жұмысы аяқталмай тұрып өлген, өз даңқтарын мәңгі қалдыру мақсатында мүсіншілер жұмысты аяғына жеткізу керек деп шешкен. Ақырында мемориал қирап, археологтар Мавзолейдің көптеген құпияларын ашқан. Галикарнас аты кейін Бодрумға өзгертілген, Мавзолейдің қалдықтары осы қаланың мұражайында сақталған.

Галикарнастың жоба сұлбасы

Галикарнас жеті шақырым қорғаны, қақпасы бар мәртебелі қала болатын. Қаланың назар аударарлықтай жерлеріне: Марс Шіркеуі және әйгілі көпшілік ойын-сауықтар өткізілетін амфитеатр, Мавсолдың отбасы және қызметшілері тұратын сарай кірді. Мавзолей Галикарнастың негізін қалаушы Мавсолдың маңыздылығын көрсету мақсатында қаланың ең басты көшесінің бойына, базар алаңының жанына салынды. Биіктігі 6м мүсіндер тобы – төрт ат жегілген екі аяқты арба, пирамиданың бас жағында тұрады. Өз көлемімен екі есе үлкен ол мәрмәр тастан істелінген еді, аттардың ауыздығы қоладан жасалған, ал жүгені алтынмен жалатылды. Арбаны Мавсолдың мүсіні «басқырып тұр». Арбаның тұғыры жан-жағы фриз деп аталатын гректердің кентавр – жартылай адам, жартылай аттармен соғысын бейнелейтін әшекейлі жиектастармен безендірілді. Баспалдақ түрінде жасалған биіктігі 7м мәрмәр тастан жасалған пирамида пішініндегі бөлігі шатырын құрайды. Археологтардың есебі бойынша баспалдақтың әр басқышының биіктігі 30см. Шатырды айналдыра мәрмәр тастан жасалған арыстандар қатарланып тұрулары мүмкін. Олрадың моланы күзетулері де мүмкін. Шатырдың фризде арбалардың жарысы бейнеленді. Ол Мавсолды жерлеу кезіндегі төрт ат жеккен арбалардың жарысын бейнеленген көрініс болуы мүмкін. Биіктіктері 12м мәрмәр бағандар шатырға тірек болды. Екі шиыршықтан құралған (қошқардың мүйізіне ұқсаған) волюта деп аталатын, иондық стильде жасалған ою, бағандардың бас жақтарының сәнін келтіріп тұрды. Мавсолдың отбасы мүшелерінің мүсіндері бағандардың аралығында тұрды. Сақталып қалғаны – екі алып еркек пен әйелдің мүсіндері. Олар қазір Лондондағы Британия музейінде тұр. Кейбір адамдар бұлар Мавсол мен Артемиссияның мүсіндері деп есептейді. Подиумның жоғарғы бөлігіндегі (бағандардың арасын қосып тұрған) фризде гректердің амазонкалармен соғысы беунеленген. Амазонкалар – мифтік күрескер-әйелдер нәсілі.

Мавзолейдің құлауы

Мавзолей жер сілкінуі салдарынан бүлінген, бірақ оны бір-жола 1522 ж. крес жорығының жауынгерлері жойып жіберді. Олар оның материалдарын түріктерден қорғану мақсатында өздерінің бекінісін нығайтуға пайдаланды. 1846 жылы қалдықтарды Британияның музейі Чарльз Томас Ньютон басқарған экспедиция зерттеді.

Жерлеу камерасы

Мавсолдың денесі өртеліп, күлі жердің астындағы қабірге қойылды. Сүйек жерленген соң, кіретін жерге адам орнынан қозғалта алмайтындай үлкен тас қойып, үстін топырақпен жауып тастаған. Нәтижесінде басқыншылар молаға баратын жол қазып, оны тонап кеткен. Жақында археологтар сақталып қалған кейбір асыл қазыналарды тапқан, мысалы, киімге тағылатын алтын бұйымдар.

Қызықты мағлұматтар

  • Мавзолей Хеопс пирамидасынан басқа, әлемнің кейбір кереметтеріне қарағанда ең ұзақ сақталды.

  • Бірнеше мүсіндер ғимарат құлаған кезде топырақтың астында қалып сақталып қалған. Дренажды (құрғатқыш) жабу үшін пайдаланылған фриз, бірнеше жылдар бойы белгісіз жата берген.

  • Мавсолдың атына байланысты шыққан «Мавзолей» сөзі қазірге дейін үлкен кесененің аты ретінде пайдаланылып жүр.

  • Мавзолей жер сілкінуі салдарынан бүлінген, бірақ оны біржола 1522 жылы крес жорығының жауынгерлері жойып жіберді. Олар оның материалдарын түріктерден қорғану мақсатында өздерінің бекінісін нығайтуға пайдаланды.

Родостағы алып мүсін (колосс)

  • - Артемида мавзолейі мен ғибадатханасының кіші замандасы болатын. Біздің жыл санауымызға дейінгі 304 жылы Александр Македонский державасының мұрагері, Алдыңғы Азия мен Сирия билеушісінің ұлы – Деметрий Полиоркет Кіші Азия жағалауына тиіп тұрған шағын аралдың тұрғындарын ұзақ уақыт қоршауға алған соң кейін шегінеді.

  • Родостықтарға тізе бүктіру үшін Полиоркет сол кездің ең жетілген әскери техникасын қалаға әкеледі. Қаланы қоршаған әскердің мақтан тұтары гелеополид деп аталатын аттамалы көпірі бар, тас ата алатын, шабылушыларын түсіретін алаңқай бар қамал бұзғыш қару болатын. Темірмен қаптап тастаған гелеополидтіүш мың төрт жүз жауынгер қозғалысқа келтіретін.

  • Полиоркет сәтсіз шабуылдан соң гелеополидті аралдың жағасына тастап кетеді. Міне, осы керемет қалаға қыруар пайда келтіріп қана қоймай, даңқа да бөлейді. Қалаға ағылып келіп жатқан саудагерлар гелеполидті сатып алу үшін мол қаржы ұсынады. Одан түскен қаржыға Родостың желеп- жебеушісі – Гелиостың мүсінін орнатуға пәтуаласады.

  • Мүсінді құюды Лисипптің шәкірті, мүсінші Хареске тапсырады. Харес Гелистың тұрған қалпын бейнелеуді ұсынады. Сол қолынан сусып төгілген жамылғының бір ұшы жерге жетіп, оң қолын маңдайына тигізген қалпы қиырға қарау керек болды. Рас, мұндай тұрыс дәстүрліүлгімен үйлеспейтін, алайда, құдайдың қолын алға создырса алып мүсіннің орнықсыз болатынын Харес біледі.

  • Отыз алты метрлік зор мүсінге иығана деңгейлес темір арқалықпен бекітілген үлкен үш тас бағана негіз болды. Бағаналардың түбі мүсіннің екі аяғы мен жамылғы арқылы тұғырға орнатылады. Ал, иықпен және белмен деңгейлес тұстары көлденең діңгектермен ұстатылған.

  • Алып мүсін айлақтың жағасында ақ мәрмәрмен өрілген жасанды төбемен бірге көтеріледі. Он екі жыл бойы ешкім көре алмайды. Өйткені, мұсіннің қаңқасына кезекті қола жапырағы кигізілгенде, шеберлерге ыңғайлы болу үшін төңірегіне үйілген топырақ биіктетіліп отырған. Кейін бос топырақ алынғанда ғана родостықтар өздерінің желеп жебеуші құдайын көріп, басындағы нұр шашқан шірге сұқтана қарайды.

  • Жарқыраған құдай мүсіні Родосқа келе жатқан жолаушының көзіне қиырдан шалынатын. Алайда, жарты ғасыр өткенде Родосты қиратқан аса зор жер сілкінісі алып мүсінді де құлатқан. Мүсіннің ең осал жері қос тізесі болып шығады. Осыдан «балшық аяқты мүсін» деп келетін мәтел қалған.

  • Родостықтар алып мүсінді тұрғызбақ болады, бірақ ештеңе өнбейді. Алып мүсін келімді кетімді қызықтайтын аралдағы ең басты белгі болып айлақ жағалауында жата береді. Бағы тайған алыпты біздің заманымыздың бірінші ғасырында Үлкен Плиний келіп көрген. Мүсіннің бас бармағына ілеуде біреудің ғана құшағы жететіні Плинийді қайран қалдырады. Рим әдебиетіндегі аңыз бойынша, ол алғашқыда айлақ үстінен асқақтап көтеріліп тұрғанда, үлкендігі соншалық, қалаға келетін кемелер оның екі аяғының ортасынан өтеді екен дейді.

  • 977 жылы ақшаға мұқтаж болған араб билеушісі бір көпеске сатқанға дейін қақ бөлінген алып мүсін Родос аралында мың жыл жатады. Ал, көпес мүсінді қайта балқыту үшін бірнеше бөлікке бөліп, таза қоланың өзін 900 түйеге теңдеп әкетеді.



1. Ұлы Қытай қорғаны

 Әлемнің ең ұзын қорғаны Қытайда орналасқан. Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы 8850 километрден асады. Бұл жер радиусынан да ұзын. Қорған құрылысы б.з.д. ІІІ ғасырда салына бастады, екі мың жыл бойы қытай халқы қорғанды жалғастырып, оны одан әрі ұзартты. Қытай қорғанының кей жерлері эрозияға ұшырап, қиратылды. Саяхатшыларға ең танымал жері Бадалин Мао Цзе Дун заманында күрделі жөндеуден өткен. Бадалин Бейджин (Пекин) қаласынан 75 километрден қашықтықта орналасқан. Қорғанға Қытай астанасынан темір жол және автобус  арқылы қатынауға болады.

2.  Колизей

 

Б.з.д І ғасырда салынған Рим қаласындағы Колизей әлемдегі ең үлкен амфитеатр болып саналады. 50 мыңнан астам орны бар Колизейде бірнеше ғасыр бойы гладиаторлық айқастар мен Рим тұрғындарына арналған мерекелік іс-шаралар қойылады. Қазіргі кино құрылымындағы сюжет бойынша Колизейде өткізілетін гладиаторлық айқастар көлемі жағынан екінші орын алатын Тунистегі амфитеатрда түсіріледі. Себебі, Колизей жақсы түсірілім үшін сақталмаған.



3. Мачу-Пикчу

  Көне әлемдегі жеті керемет Еуропа мен Азия елінде орналасса, жаңа кереметтердің географиясы кеңейіп, Америка елін де қосып алды. Оңтүстік Америка еліндегі асқар тау баурайында Мачу пикчу қаласы орналасқан. Теңіз дейгейінен 2,5 километр биіктікте орналасқан бұл қала 400 жылға жуық өмір сүрді. Белгісіз себептермен 1532 жылы инктер қаладан жырақ кетті. Ал испан конкисдаторлары биікте орналасқан қалаға шыға алмады. 1911 жылы америка ғалымдары көне қаланы табады.  Ғибадатханалардың қираған үйінділері, екі қабатты үйлер мен қоймалар сақталған. Мачу Пикчуға жету оңай емес. Агуас-Кальентес қалашығына темір жол көлігі арқылы жеткен соң, автобуспен Мачу-Пикчуға жетуіңізге болады.



4. Петра

  Петра – биік тас үйінді жартаста орналасқан Иорания қаласы. Әр кезеңде қала әр түрлі шапқыншыларға тиесілі болды. Б.з.д идумей, набатей, бертін келе орта ғасырда Рим, Византия, Араб шапқыншылары жаулап алды. Әр шапқыншы қаладағы сәулет өнерінің өзіндік жаңа айшықтарын әкелді. Қала шөлді даланы кезіп жүрген керуен сарай жолаушыларына арналған демалыс орны болатын. Тар каньонда керуеншілер шөлдерін қандырып, ұзақ сапарға аттанғандар өздеріне молынан су толтырып алатын. Жартастағы ойылған үйлер мен ғибадатханалар суық күндері пана болатын. Көне қала бұл күндері саяхатшыларды өзінің айшықтарымен таң қалдыруда. Петра қаласында танымал «Индиана Джонс и последний крестовый поход» киносы түсірілген.



5.  Тадж-Махал

  Әлемнің дәстүрлі жеті кереметінің қатарында Галикарнастағы кесене бар. Жаңа кереметтердің қатарында да кесене бар. Ол - Үндістанның Агра қаласында орналасқан Тадж-Махал кесенесі. Бұл кесенені ΧVІІ ғасырдың ортасында Шах-Джахан сүйікті жары Мумтаз-Махалдың құрметіне салған. Мумтаз-Махал 14 баласын дүниеге алып келген кезде өмірден өтеді. Айналасы субұрқақтарға толы саябағы бар, ақ мәрмәр тастардан қашалған ғимарат жыл сайын 5 миллионға жуық саяхатшыларды қабылдайды. Алдын ала ұйымдастырылған «Алтын үшбұрышы» саяхат бағыты бойынша, Дели-Агра-Джайпур қалаларын аралаған кезде, Тадж-Махал кесенесіне баруға болады.  Сондай-ақ, Үндістан астанасы Дели қаласынан автобус немесе темір жол көлігі арқылы Агра қаласына барып,  Тадж-Махалды көруге болады.



6.  Христос мүсіні

  Рио-де-Жанейро қаласында бой көтерген Христос мүсіні темірбетон мен сабынды тастан қашалған. Қолдарын екі жаққа қарай жайған Христос биіктігі 38 метрге дейін жетеді. Мүсін құрылысы 1922 жылы басталып, 9 жылға созылды. Жыл сайын бұл мүсінді көру үшін Бразилия еліне 300 000  адам келеді. Коркаваду тауында орналасқан Христо мүсініне кішкентай поезд арқылы немесе эскалатор арқылы көтерілуге болады.

7.   Чичен – Ица

 Мексикада орналасқан Юкатан жартылай аралда көне қала Чичен-Ица майя өркениетінің дамуында мәдение және саяси рөл атқарды. Бірақ, белгісіз себептермен Чичен-Ица қаласы иесіз қалды. Испан конкистадорлары құпия жермен байланысты барлық манускрипттерді жойып жіберді. Биіктігі 30 метрге жететін 9 сатылы Кукулькана пирамидасы Чичен-Ица қаласының басты нышаны болып табылады. Пирамида ішінде ягуар тағы бар. Мысыр елінің пирамидаларымен салыстырғанда Кукулькана айтарлықтай кішкентай.











Қазақстанның жеті кереметі

Мазмұндама

  1. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

  2. Тайқазан

  3. Айша бибі мазары

4. Тамғалы кешеніндегі жартасқа салынған суреттер.

5. Алтын адам

6. Домбыра

7. Күлтегін ескерткіші





1-керемет: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

Атақты шығыс қолбасшысы Ақсақ Темір салғызған. Оның көлемі – 46,5х 65,5 метр. Орталық залдың айналасына әртүрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан



2 – керемет: Тайқазан. 

Қожа Ахмет Яссауи ғимаратындағы бағалы ескерткіштердің бірі – тайқазан. Өзі екі тонналық қазанға үш тонна су сыяды



3- керемет: Айша бибі мазары. 

Кесене ХІІ ғасырда салынған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі болған. Күмбезді Қарахан салғызған, сәулетші туралы нақты дерек жоқ.



4-керемет: Тамғалы кешеніндегі жартасқа салынған суреттер.

Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады



5-керемет: Алтын адам.

1960 жылы Есіктен табылған бұл ескерткіштің ерекшелігі: осыдан 2500 жыл бұрын жерленген адамның киімі түгелдей алтынмен апталған.



6 – керемет: Домбыра. 

Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі қос ішекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында кең тараған аспаптың бірі болғандығын дәлелдеді.

7 – керемет: Күлтегін ескерткіші. 

Күлтегін – көшпенділер тарихындағы ең көрнекті көсем, баһадүр тұлғалардың бірі.



"Мен үшін әлемнің жеті кереметі бұл –  1. Көру. 2. Есту. 3. Қозғалу. 4. Түйсіну. 5. Сезіну. 6. Күлу. 7. Сүю".





Сабақтын тақырыбы: «Әлемнің жеті кереметі».
Сабақтын мақсаты:
Білімділік: Адамзат мәдениетінің ғажайып ескерткіштерімен, яғни сәулет және мүсін өнерінің керемет тамаша үлгілерімен таныстыру. Әлемнің кереметтері халықтардың мұрасы екендігін үғындыру.
Тәрбиелік: Дүние жүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін және ол жасаған бүкіл әлемдік құндылықтарды білетін, оларды өз отаны - Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан-жақты жетілген азаматтарды қалыптастыру, тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие беру.
Дамытушылық: Білімге құштарлықтарын арттыру. Өз бетінше
ізденуге үйрету.
Көрнекіліктер: 1. «Әлемнің жеті кереметі»
2. Карта
3. Ұлағатты сөздер:
а) «Жаратылыстың қолынан бәрі де келеді және ол бәрін де жасайды». (Мантень)
ә) «Өткеніңді зерттемесең анықтап,
Болашаққа ұша алмайсың шарықтап».
(Тұрсынзада Есімжанова)
Сабақтын түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Саяхат сабақ
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
II. Кіріспе - мұғалім.
Бүгінгі сабағымызда мәдениеттің негізгі түп қазығы болған антик дүние елдеріне саяхаттап, бүкіл әлемдік құндылықтардың ең алғашқылары туралы аз да болса мағлұматтар алсаң деген ой болды «Әлемнің жеті кереметі» антика/латынның ежелгі деген сөзі/заманында сәулет пен мүсін ескерткіштерінің сол кездегі ең даңқты жетеуі осылай аталған.
Б.ғ.д. ІІІғ. кереметтің үлгісі деп:
1. Мысыр /Египет/ пирамидалары;
2. Вавилонның Семиралиданың/аспалы бағы;
3. Эфес Артемидасының ғибадатханасы;
4. Галикарнас мовзалейі;
5. Александрия маягі;
6. Олимпиядадағы Зевс мүсіні - осы жетеуі аталады.

«Керемет» деген ұғым бағзы заманнан бері орныққан дәстүр бойынша кең мағынасында қолданылады. Жоғарыда аталған кереметтерді дүниеге келтірудегі атқарылған жұмыстың мінсіздігі мен ауқымының жерден ақылға сыймаса да, керемет атаулының бәрі сырттың көмегінсіз жер бетіндеғі адамдардың қолынан шыққан.
Көркем шығармашылық мүмкіндігінің өзі еңбекпен тығыз байланысты. «Еңбек өнерден көне деген» Плеханов. Демек, бүкіл дүнне жүзіндегі өнер өзінің пайда болуымен еңбекке борышты. Өйткені Ф.Энгельс жазғандай, тек еңбектің және еңбек туғызған өзгерістердің арқасында «адам баласының қолы жетілгендіктен сондай бір жоғарғы сатысына жетті, міне осы сатыда адам баласының қолы бейне бір сиқырдың күшімен жасалғандай Рафаэльдің суреттерін, Торвальдсеннің статуяларын, Паганинидің музыкасын дүниеге келтірді».
«Жұлдызыды аспанның кең байтақтығы ғажап емес, адамның соны өлшеп білгендігі ғажап» /Франс/.
«Жаратылыстың қолынан бәрі де келеді және ол бәрін де жасайды» /Монтень/.
«Егер сен өмірден ләззат алғың келсе, онда өнерден білімдар адам болуың керек» /К. Маркс/.
Гете архитектураны «үнсіз музыка» деп атаған.
Атақты грек философы Демокрит: «Ләззаттың бәріне құмар болма, тек әсемдікке байланысты құмарды ғана таңдай біл» - деген.
«Әсемдікті сезіну» адамдық қасиет шарты. Онсыз, осынау сезімсіз кемеңгірлік те, талант та, ақыл да жоқ, тек үй ішіндегі тірлік үшін ғана емес, өзімшілдіктің күйкі есебі үшін ғана қажет құрғақ ақыл» қалмақ. Тек би музыкасына үн қататындар жүрегімен емес, аяғымен үн қатады, музыка көңіл сарайын әлдилеп, жанын тербемейтін, суретті тек бөлменің сәнін кіргізетін галантериялық зат деп біліп, оның жақтауын ғана тамашалайтын, өлеңді жастайынан сүйіп өспеген, драманы тек театр пьесасы деп білетін, романды еріккенде ермек үшін керек ертегі деп білетін пенде - адам емес. Эстетикалық сезім - ізгілік негізі, адамгершілік негізі» - деп жазған болатын Белинский.
Бірақ осындай сезімді адам өз бойында қалай дамыту керек?
Мұның ең жақсы жолы - өнерді жан-тәнімен сүйетін, әрі сол бір таңданысқа толы түсінігін басқаларға жеткізе алатын адамның басшылығы арқалы ғана өнермен қауышу. Кезінде Белинский жазғанда «адамның бойындағы нәзіктікті сезінуді сол нәзіктіктің өзі тудырады....» Мұның өзі Маристің «өнер туындысы... өнерді түсінетін және әсемдіктен ләззат алуға қабілетті адамдарды туғызады» - деген белгілі қағидасына сәйкес келеді.
Әлемнің кереметтері халықтардың мұрасы, сондықтан оларға барша халық ие.
Тарихи ештеңе із-түссіз құрып кетпейді. Тарихи құбылыс архивте де, жылнамаларда да із қалдырмауы мүмкін, бірақ жерде қанша із қалады, археология ғылымы мен археологтардың міндеті соларды табу, жазба мағлұматтар баяу толығады... Ал, археология 20-30 жыл ішінде өз мағлұматтарын және де негізгі мағлұматтарын молайтады.
Өткен заманның көптеген мәдени дүниелерін археологтар әлі де беретіндіктеріне күмән жоқ және олардың өнері әсемдік нұсқалары қазынасын толықтыра түседі.
«Әлемнің жеті кереметі» өшпес сұлулықтың, табиғат өзі жасай алмай, адамның жасауына қалдырған архитектуралық алқасы. Сонымен, қорыта келгенде - Адамзат мәдениетінің ғажайып ескерткіштері - бірақ ол жұртшылықтың бәріне бірдей мәлім емес, дегенмен игілікті болашақтан қайтады деген ниетпен жұртшылыққа білгенімізді айтуды жөн көрдік.

III. Негізгі такырып бойынша: (антин дүниеге ойша саяхат).


1. МЫСЫР ПИРАМИДАЛАРЫ
Ежелгі Египет. Ғажайып пирамидалар
Сәулетшілер. Олардың көпшілігінің есімдері өздері жасаған ескерткіштерде тасқа қашалған. Бұл ескерткіштердің ой жетпес асқаралы міндетінің өзі египеттіктердің көз алдында оларды жасаушыларды да тұлғаландыра түсті. Және олар өз еңбегі мен даңқын түсінетін. М: б.ғ.б. ХҮІ ғ. өмір сүрген атақты сәулетші Иненидін бұйрығы бойынша храмға ойып жазылған мынадай сөздерді оқуға болады: «Мен жасай алған нәрсе - ұлы нәрсе болды... мен ұрпақтарым үшін іздендім, бұл менің жүрегімнің шеберлігі болды... Мен жүзеге асырғанның ізіне түсушілер келер күндерде мені білімім үшін болды».
5 мың жылдай бұрын тұрғызылған ең көне Египет пирамидасы - перғауын Джосердің пирамидасы. Оның негізін қалаушы тамаша сәулетші, данышпан Имхотеп еді. Джосер пирамидасы тепкішекті болып келеді. Ол құмның арасынан «аспан басқалдақтары» сияқты көтеріледі. Перғауын Джосет өз мазарының «бірінің үстіне бірі қойылған орындық» сияқты аспанға өрлеуін қалады. Имхотеп бүкіл Египет тайпаларының ақсүйектерінен патшаның артықшылықтарын тас арқылы бейнелеуге тиісті мұндай құрылысты қолға алған сәулетші болды. Биіктігі 60 метр бұл пирамида жоғарылаған сайын кішірейе беретін бірнеше мастабадан/орындық/ тұрады. Бұған дейін болмаған ұлылық әсетіне осылай қол жетті. Одан кейінгі пирамидалар енді толассыз үшкірлене беретін, шыбын тайып жығылатындай жылтыр, жоғары нүктеде бір деммен табысатын қабырғалары арқылы ешбір тоқтаусыз көкке өрлей береді. Солардың ішіндегі ең атақтысы, биігі Хеопс пирамидасы. Бүкіл әлемдік өнерде ұлы мақсат мейлінше дәл, мейлінше айбынды, сонымен бірге мейлінше мүлтіксіз бейнелеген сәулет ескерткіші. Таста мәңгі бейнеленген керемет күш, ғаламат геометриялық абстракция. Ақылға сыймас ажалды тәлкек етудің өжет дәлелі жүздеген мың адамадрдың коллективтік еңбегімен осындай зәулімдер жасаған адамзат кемеңгерлігі ұлылығының өшпес куәсі. Олар патшаларды мадақтау үшін салынды, бірақ оларда тұтас халықтың қуатты, мүмкін саналы түрде болмаса творчестволық еркі өз бейнесін тапты.
Ішіне кез-келген Еуропалық собор еркін сиятын Хеопс пирамидасының биіктігі 147 метрдей, оның әрбір көлбеу бетінің ұзындығы 235 метрдей. Ал, ол алып тұрған жердің көлемі елу бес мың шаршы метрдей. Ол әрқайсысы екі жарым, үш тонналық әктастардан салынған. Оның құрылысына барлығы екі млн. Үш жүз мыңдай блок қажет болды. Бүл блоктардың бір-бірімен тығыз қиюластырылғаны соншалық, жігіне ине де сұға алмайсың. Пирамиданың бүкіл сыртқы қабаты тамаша етіп тегістелген әктас тақталармен қапталған. Пирамиданың өзі 20 жыл, ал Ніл өзені бойындағы тас қазғаннан тас таситын жол 10 жыл салынаған. Құрылыстың беріктігі ғажап. Ғасырдың ішінде тек ұшар басы ғана шетілген.
Қүрылыс жұмысымен бір мезгілде 100 мың адам айналысып, олар эрбір үш ай сайын ауыстырылып отырған.

I Пирамида. Ежелгі Египет перғауындарының қабіріне ескерткіш белгі ретінде орнатылған ерекше алып құрылыс. Ежелгі Рим мен Жаңа Еуропа өнерінде пирамида үлгісі мемориалды құрылыстар тұрғызу ісінде қолданылды. Архитектуралық ерекшелігі жағынан теңдесі жоқ атақты Египет пирамидаларының негізімен АҚШ I қалаларының көк тіреген құрылыстары, Франция, Париждегі Эйфель мұнарасы дүниеге келді.

Саккарадагы Джосер пирамидасы.

2. ВАВИЛОНДАҒЫ АСПАЛЫ БАҚ
Вавилонның аспалы бағы пирамидаға қарағанда жастау. Бұл аспалы бақ грек әлеміне қарағанда Мысырдың көне дүниесіне жақын.
Егер пирамидалар талайдың ғұмырына куә болып, ғасырларды көктей өтер, аспалы бақтың құдіреті де боркемік қыш қабырғасы кешікпей Вавилонмен бірге құлады.
Вавилонның құрылысшылары салған аспалы бақ төрт қабаттан тұрады. Әрбір қабаттың жаппасы 25 метрлік колонналарға жалғасып жатыр. Қабаттардың табанына тас тақталар төселіп, оның үстіне қамыс жайылған. Су өтпес үшін қамыс үстіне асфальт пен қорғасын қүйылған. Оның үстіне зәулім ағаштың тамыры жайылып шығатындай етіп топырақ төселген.
Әрбір қабатта түрлі-түсті етіп тақталы саты салынған. Ең үстіңгі қабатта күндіз-түні тоқтамай ағып тұратын су және оның жағалауында неше түрлі ағаштар отырғызылған. Бүл аспалы бақ дүние жүзінде түңғыш рет махаббаттың құрметіне салынған монумент болатын. Ассирияны әйел патшасының есімімен атаса, аспалы бақты сол әйел құрметіне арнап, «семирамида бағы» деп атаған. Бұл аспалы баққа Мидия баурайындағы саялы мекеннің елесін орнатты. Бұл аспалы бақты Новуходоносор өзінің сүйікті әйеліне арнап салған. Аспалы бақ ондағы хош иісті гүлдер, ағаштың сыбдырлары – бұл адамның көңілін тартар бақ болатын. Тіпті, Александр Македонскийдің өзі де өлер алдында сол аспалы баққа апаруын бұйырады.
Төрт қабатты аспалы бақ және сылдырлап аққан су, сыбдырлаған ағаш дәл Мидия қаласының елесін береді. Кейіннен бұл аспалы бақ қабырғасын су шайып, Вавилонмен бірге құлады. Ондағы өрнек сынықтарын аспалы бақ қалдығы деп көрсететін болды.

Иштар тәңіриясының қақпасы
3. ЭФЕСТЕГІ АРТЕМИДАСЫНЫҢ ҒИБАДАТХАНАСЫ

Сонымен Эфес Артемидасының ғибадатханасына қысқаша тоқталар болсақ. Біздің айтылар әңгіме екі ғибадатхана, екі сәулетші және екі қылмыскер туралы айта кеткен жөн болар. Мұнда зұлымдық пен мейірімділіктің қайсысының бел алғандығын айыру да оңай емес. Грек әлеміндегі ең дамыған, байлыққа бөккен, оған қоса Шығыс мәдениетімен толыға құлпырған Эфес қаласы. Иониядағы грек қалаларыньщ ішіндегі көрнекіліктерінің бірі болатын. Сонымен тереңірек танысар болсақ, соңғы уақытта ғибадатхана әлденеше рет салынады. Алайда ағаш тез тозып, өртке шалынып немесе осы төңіректе жиі болып тұратын жер сілкінісінен зардап шеге беретін. Сондықтан да біздің жыл санауымызға дейінғі ҮІ ғасырда қаржы мен уақыттың бет жүзіне қарамастан қамқоршы құдай атаның құрметіне айтулы тұрақ салу үшін шешім қабылданды. Осы ғибадатхана туралы салынып біткен соң бірнеше жүз жылдан кейін қалам тартқан Плений былай дейді: «Мұны 27 патшаның сыйын білдіретін 127 қаланы қоршаған». Қалай болғанда да Лидияның дәулеті тасыған үстем патшасы Крездің ерекше үлес қосқаны анық. Бұл құрылысты саларда архитекторға, суретшіге немесе мүсіншеге тапшылық болмаған. Ең үздік жоба ретінде әйгілі Херсифронның еңбегі қабылданған. Ол ғибадатхананы мәрмәрдан салуды және сол кездегі Иония шартымен үйлесе бермейтін қос мәрмәр калонамен қоршауды ұсынады. Шешім батыл болып ғибадатхананы өзен жағасындағы ми батпақ үстіне салмақшы болады. Ал салмағы ауыр мәрмәр құрылысы ми батпаққа батып кетпес үшін терең апан қазылып оған бірнеше метр қалыңдықта ағаш көмірі мен жүн-жұрқа қоспасы төселді. Бұл төсеніш шын мәнінде архитектордың ойынан шығып ғибадатханаға ұзақ өмір сыйлайды. Қанша әрекеттенсе де Херсифрон тас табалдырықты орнына қоя алмайды. Ол бұл тасты ең соңғы серперіне балап өзін-өзі өлтірмекші болады. Сөйтіп табалдырық түнде өзі жылжып орнына түседі. Сол күні түнде Хелсифрон кенеттен қайтыс болады. Ол табалдырықты да ғибадатхананың біткенін де көре алмай қалады. Енді оның бас архитектор міндетін баласы Метагон басқарады. Ол өлгеннен кейін Пеонит - Деметрий аяқтады. Ғибадатхана 450 жылда салынып болды. Херсифронның істегені мен баласының аяқтағаны Геростраттаң кесірінен жоқ болған. Бұл тек қана өзінің байлығы үшін атағын даңқын мәңгілік атақ үшін ғибадатхананы өртеп жібереді. Бұл біздің жыл санауымызға жетпей 350 жылғы оқиға. Бұл дәл Александр Македонский туған күн болатын. Гибадатхананың күн құрғатқан ағаш бөліктері, жер асты бөліктеріне төгілген астық қоры, алуан түрлі сый- сыяпаттары, суреттер мен абыздардың киімдері міне, осының бәрі де оттың тіліне тез көнетін дүиелер еді. Лап еткен жалын әп сәтте от құшағына орап, ғибадатхана жанып кеткен. Сөйтіп Геростраттың көзін жояды. Ал, эфестіктер болса ғибадатхананы қайта салуға бел буады. Екінші ғибадатхананы архитектор Хейрократ салады. Афон тауын Александр Македонскийдің мүсініне айналдырғысы келген, оның қолындағы құмырасынан өзен ағып тұрады деп армандайды. Сөйтіп бұрынғыша салып тек көлемін үлкейтеді. Ұзындығы 109м., ені 50м. жетті. Ал 27 метр 127 калона қос қатар болып қоршай орналасқан әрбір калонаға ою-өрнек салынып, бедер бейнелері әйгілі мүсінші Скопастың өз қолынан шықты. Ғибадатхананың күміс тостағандары сатылады деген сыбыс шықты. Александр деді ол, - құдай тектес ханның басқа құдайға ғибадатхана салуы жараспайды. Қолбасшы езу тарта иығын бүлк еткізіп: «Қалауларың білсін» деген-ді. Ал, эфестіктер Александрдың көңіліне келтірілген кірбіңді жуып-шаю үшін суретші Апимеске оның портретін салуды тапсырды. Суретші қолбасшы Зевс сияқтандырып, қолына найза ұстатып бейнелейді. Тап найза ұстаған қолы полотнодан шығып келе жатқандай еді дейді. Авторға еңбегі үшін 25 алтын талант берілді. Сірә, содан бергі 23 ғасырды бір ғана суреті үшін бірде-бір суретші мұндай гонарар алып көрмеген болар. Сөйтіп, бірте-бірте калонаның мәрмәрларын алып, жаңа құдай Эфеске готтарды қаптатып, 263 жылы Артемиданың қасиетті ғибадатханасы талауға түсті. Одан кейін екінші күйзеліске түседі. Мәрмәр қүрылысқа 
салынып, шатыры бұзылып, тұтастығы жоқ аңғал-саңғал күйге түсті. Бір кездерде демеу болған калоналар енді терең құрдымға тартып кете барды. Арада ондаған жыл өткенде ғибадатхана көзден ғайып болды. Ағылшын археологы Вуд ғибадатхананың орнын табу үшін талай айларын құрбан етті. 1869 жылы 31 октябрь күні ақыры болды. Ғибадатхананың іргетасы тек қана 20 ғасырда толық аршылды. Бүл іргетастың астында бір кездері Герострат өртеген ғибадатхананың да сорабы бар.
Эфес Артемидасы мүсінінің римдік көшірмесі.


4. ГАЛИКАРНАСС МАВЗОЛЕЙІ.
Кейінгі классикалық грек архитектурасының ең ғаламат зор ескерткіштерінің бірі – парсы провинциясының билеушісі Галикарнас қаласындағы (Кіші Азияда) мазары еді. «Мавзолей» сөзі де соның атынан келіп шықты. Мовзалейді сәулетшілер Сатир мен Пифий салды, ал оның мүсіндік безендірілуі бірнеше шеберлерге тапсырылды. Олар Скопас (басшылық етті), Пракентель, Лисипп - кейінгі классикалық ең үлы грек мүсіншілері еді. Бүлардың әрқайсысы өзінің дүние жайлы жарқын да, дара түйсігін, өзінің сұлулық мұратын, өзінің мінсіздік жөніндегі бейнеледі. Сөйтіп олар жеке, өздері ғана ашқан жаңалық арқылы мәңгілік - жалпы адамзаттың асқар биікке жетті. Олардың, әрқайсысының творчествосындағы бұл жеке қасиеттер дәуірмен үндесіп жатты, сөйтіп олар замандастарының өздерінің жеке сезімдерімен, аңсаған армандарымен сай келетін жай күйін бейнеледі.
Галикарнасс мовзалейінде үш бірдей әйгілі үлгілер тоғысқан. Ол қос қабаттан тұрады:
1. Төменгі қабаты - мазар камерасы - дориялық үлгідегі 15 колоннамен тірелген.
2. Мазар храмы — ішкі колонналары коринф үлгісінде, сыртқы колоналары иониялық үлгіде жасалған.
Биіктігі 60 метр. Оның ұшар басындағы 4 ат жегілген күймеде 2 м. мавсол мен Артемисияның мүсіні асқақтайды. Мазардың төңірегіне арыстандар мен шауып келе жатқан салт аттылардың мүсіні орнатылған. Бір кездері әйгілі Герадот дүниеге келген қала, Нарияның астанасы Галикарнас туралы айта келіп, Проспер Мериме былай деп жазды: «Мавзол өз қарауындағы елдің қаққанда қанын, соққанда сөлін шығаратындығы сонша, Герадоттың өзімен айтсаң, оның қойшылары қойды жылан жалағандай етіп қырыққанда басқа елдің қойшылары жіп есе алмай калушы еді. Ол қол астындағыларга қырық сылтауды көлденең тартып пайда түсіре алатын; керек болса жерлеуге ерекше салық шығарған, шаш салығын жүргізгенін қайтерсің. Осылайшы қыруар салық жинаған. Неге Мавсолдың бейіті әлемнің жеті кереметінің санатына кірді дегенде, осынау мол байлықты және нариялықтар мен гректердің ұдайы аралас-құралас болғанын айтса лайық».


Галикарнас мавзолейі.
5. РОДОС АЛЫБЫ.

Родостықтарға Поликраттың шабуылы өтіп кеткесін өздерінің желеп, жебеушісі ретінде Гелистің мүсінін салуға пәпу жасады. Родостықтар өздері тұрақ еткен арал осы құдайдың тілегімен теңіз түбінен көтерілді дейтін. Мүсінді қоюды шәкірті, мүсінші Хареске тапсырды. Хорес Гелистің тұрған қалпын бейнелеуді үсынады. Сол қолынан сусып төгілген жамылғының бір шеті жерге тиіп, оң қолын маңдайына тигізген қалпы қиырға күн сала қарау керек болды. 36 метрлік зор мүсінге иығына деңгейлес темір арқалықпен бекітілген үлкен үш тас бағана негіз болады. Бағаналардың түбі мүсіннің екі аяғы мен жамылғы арқылы тұғырға орнатылады., ал иық және белмен деңгейлес тұстары көлденең діңгектермен ұстатылады. Бағандар мен діңгектердің сырты темір қаңқамен қоршалып, оның сыртына қапталған қола жапырақ кигізілген болады. Алып мүсін айлақтың жағасында ақ мәрмәрмен өрілген жасанды төбемен бірге көтеріледі. Он екі жыл бойы мүсінді ешкім көре алмайды. Өйткені мүсіннің қаңқасына кезекті қола жапырағы кигізілгенде, шеберлерге ыңғайлы болу үшін төңірегіне үйілген топырақ биіктетіліп отырған. Кейін бос топырақ алынғанда ғана родоятықтар өздерінің желеп-жебеуші күдайын көріп басындағы нұр шашқан сұқтана қарайды.
Жарқыраған құдай мүсіні Родосқа келе жатқан жолаушының көзіне қиырдан шалынатын. Кешікпей-ақ ол жөнінде небір алып-қашпа сөз бүкіл көне дүниені кезіп кетеді. Алайда жарты ғасыр өткенде Родосты аса күшті жер сілкінісі алып шығады. Осыдан «балшық аяқты алып мүсін» деп келетін мәтел қалған.
Родостықтар алып мүсінді түрғызбақ болады. Осынау игі ниетті жүзеге асыруға көршілерінің де тілеулес болғаны мәлім. Мысыр патшасы
жүздеген Мысыр таланттары мен шеберлерін жібереді. Бірақ ештеңе өнбейді. Алып мүсін келім-кетімді кісілер қызықтайтын аралдағы ең басты белгі болып айлақ жағалауында жата береді. Бағы тойған алыпты біздің заманымыздың I ғасырында үлкен Плений келіп көрген.

Родос алыбы.


Мүсіннің бас бармағына ілеуде біреудің ғана құшағы жететіндігі Пленийді қайран қалдырған. Жер құшып жатқан алып мүсінді тот басып аңызға айналады. Көз көргендердің әңгімесіне қарағанда оның үлкендігі тіптен зор болатын. Рим әдебиетіндегі аңыз бойынша, ол алғашқы да айлақ үстінен асқақтай көтеріліп түрғанда үлкендігі соншалық, қалага келетін кемелер оның екі аяғының ортасынан өтеді екен дейді. 977 жылы ақшаРа мұқтаж болған араб билеушісі бір көпеске сатқанға дейін қақ бөлінген алып мүсін Родос аралында 1000 жыл жатады. Ал, көпес мүсінді қайта балқыту үшін бірнеше бөлікке бөліп, таза қоланың өзін 900 түйемен әкетеді.

6. АЛЕКСАНДРИЯ МАЯГІ

Александр Македонский есімімен байланысып жатқан кереметтердің бірі - Александрия маягі. Александрияның ірге тасы біздің жыл санауымызға дейінгі 332 жылы Ракотис деп аталатын Мысыр қалашығының орнына қаланып, Нілдің атырауына жайыла салынған.
Александрия аймағы дүние жүзіндегі ең бір халқы сапырылысқан, іскерлері көп мекен болғандықтан да қолайсыздау еді. Нілдің жойқын лай ағындыларынан пайда болатын құм қайрақ пен тас шөгінділерінің ортасынан жол тапқыш шебер лоцмандарға ұдайы зәру болатын. Ақыры теңіз жолының қауіпсіздігі үшін Александрия кірер ауыздағы Фарус аралынан маяк салуға шешім қабылданады. Біздің жыл санауымызға дейінгі 285 жылы арал мен қүрлықтың арасына бөген салынады да архитектор Сострат Книдский іске кіріседі. Құрылыс жұмысы бар-жоғы 5 жылға созылады. Себебі: Александрия сол кезде дүние жүзіндегі ең озық техникалық орталық әрі ең бай қала болатын. Құрылысшыларға көмек көрсету үшін қыруар флот пен тас қопарушылар және мусейн академиясының жетістіктерін пайдаланады. Маяк биіктігі 120 метрлік, 3 қабатты мұнара секілденіп салынады. Оның шаршы іргесінің әр қабырғасы 30 метрден болады. Мұнараның 60 метрлік алғашқы қабаты тас-тақталардан қаланады. Одан әрі 40 метрлік 8 қырлы мұнараның әр қыры колонналармен бекітіліп, сырты мәрмәрмен қапталады. Үшінші қабатының мұнарасы колонналармен шеңбер жасай көтеріледі де, оның үстінде мәңгілік от лаулап, аса күрделі айналар жүйесі сәуле шашып тұрған. Бұл жүйе күмбезде жанған оттың жарығын күшейтіп, ол от 60 км жерден көрінетін болған.
Маяктың ғажаптығы соншалық, осындай құдіретті салғанда бір кездері ұмыт болмау деген ой шектелгенде, Сострат Книдскийдің өзі тәуекелге бел буып, Птолемейдің жарлығын аттаған. Сөйтіп Маяктың іргесіне «Книдтен шыққан Декстифонның ұлы Сострат теңізшілер үшін желеп-жебеуші құдайға арнады» - деп қашап жазады. Бұл жазудың үсті сылақпен жабылады да, сылақ үстіне Птолемей, Сотердің есімі ойып жазылады. Бұл қулықты істегенде Сострат сылақтың түсуіне өмірім жетеді-ау деп үміттенбеген, патша қаһарына ұшырармын-ау деп ойламаған. Состраттың жазуын Рим саяхатшылары көрген. Ол кезде маяк бүтін қалпында болатын, Рим империясы қүлаған соң маяк та төңірегіне жарық шашуын тоқтатты. Мұнан кейін 100 жылда әбден тозығы жетіп, үстіңгі мұнарасы құлайды, ал төменгі қабатының қабырғалары ұзақ уақыт тұрып, XIV ғасырдағы жер сілкінісінің құрбаны болады. Көне маяктың қалдықтары кейін түрік бекінісін салуға пайдаланылады.

Александрия маягінің қайта
салынған үлгісіне Нью-Йорктегі көкпен таласқан Эмпайр Стейтс Билдинг аздап ұқсайды. Маяк жағалауды бағдарлауға арналған мұнара шам: жол сілтеп, бағыт нұсқап тұрған жарық «маяк» деп аталады.


Александрия маягі

7. ОЛИМПИАДАҒЫ ЗЕВС МҮСІНІ

Олимпиадағы Зевс мүсіні - Еуропа құрлығындағы әлемнің жалғыз ғана кереметі. Зевстің Олимпиаға тікелей қатынасы болған. Бұл өңірдің әрбір тұрғыны дәл осы жерде билікті балаларынан қызғанып, оларды тірілей жұтқысы келген қанішер Кронды туған ұлы Зевстің жеңгенін жақсы білетін. Әр халықтың қиял-ғажайып ертегілерінде мейірбан жанның ұшарасатыны сияқты, нәресте Зевске де бір қамқор тап болып аман қалады. Кронның әйелі Фея күйеуінің алдына Зевс деп, тас кесекті қойғанда Крон сол тасты жұтып жіберген. Сірә, Крон өз балаларын бітеудей жұтса керек.
Кейін Зевс ер жетіп, әкесін жеңгенде бұрынғы тірідей жұтылған бауырларының бәрін қайтадан құстырады. Сонда Зевс деп жұтқан ораулы тас та шыққан дейді.
Олимпия ойындары ішінара осы оқиға құрметіне өткізіліп, Зевске құрбандық шалынатын болған. Олимпиядаға ең басты ғибадатхана болатын. Фидий Афиныда туып-өскен. Б.з.б.. 500 жыл туылып, 430 жылы қайтыс болады. Ұлы ойшыл, ұлы суретші Фидий өнерде грек философиялық даналығының, грек рухының ең жоғары орнының мүддегері болды. Автор өзі жасаған бейнелерде адам мүмкіндігінен тыс ұлылықты бейнелей алған. Сондай ғаламат бейне, олимпия адамына арналған Зевстің 14 метрлік мүсіні пілдің сүйегі мен алтыннан жасалған. Бұл мүсін «Әлемнің жеті ғажабының» бірі саналған. Материалы синкретті (құранды) осынау мүсінді жасау үшін Фидий бірнеше жыл Олимпияда болады.

Зевс мүсіні тұрған ғибадатхананың биіктігі 64 метр, ені 28 метр болса, бөлме ішінің биіктігі 20 метрге жуық. Залдың төрінде тақта отырған Зевстің басы төбеге жетіп тұрған. Кеуде жағы жалаңаш отырған Зевс ағаштан қашалған. Желеп-жебеушінің денесі әдемі қызғылт түсті піл сүйегімен қапталып, киімі алтын жапырақпен апталған. Бір қолында жеңіс құдай - Никаның алтын мүсіні, келесі қолымен биік аса таяққа сүйеніп отыр. Ендігі қалғаны - піл сүйегінен қашаған бедерлі суреттері бар құдайлардың алтын мүсіні орнатылған. Зевстің орындығын сипаттау ғана. Тақтың бүйірлерін Фидийдің туысы әрі көмекшісі суретші Панэн безендірген. Кейін Византия императорлары мүсінді аса мұқияттылықпен Константинопольге алдыртады. Олар християн болғанымен, Зевске қол көтеруге ешқайсысының батылы жетпейді.

Аладйда, християн діні уағыздаушылардың қалауы бойынша пұтқа табынушылардың бәсекелестерін күнәға тартып, жолдан тайған императорларды жазалап отырған гой. Біздің заманымыздың V ғасырында император Феодосий II сарайы өртенеді. Сонда алып мүсінді от шалып, Фидийдің мүрасынан күйген сүйектер мен алтын балқымасы ғана қалады. Әлемнің жетінші кереметі осылай қүрылган.


Олимпиядагы Зевс мүсіні

IV. Сабақты қорытып, аяқтау.
Қазақ жері. Мыңдаған жылдар бұрын да қазіргі қазақ жерінде гүлденген қалалар, әсем сарайлар болған. Өнері мен мәдениеті жағынан Еуропадан бірде-бір кем емес елміз. Оның айғайы – әлемді тамсандырған есіктен табылған «Алтын адам». Бұл өнер туындысы біздің жыл санауымыздан бұрын 5-ғасырда дүниеге келгең. Өнер - өмір бұлағы, ізгілік пен әсемдік басатуы. «Әлемнің жеті кереметі» туралы мағлұмат ала отырып Алматы, Республика алаңында орнатылған «Тәуелсіздік монументі» (авторы Шотаман Уалиханов) туралы айтпай кетуге болмас. Күндердің күнінде кереметтер қатарынан орын алары с

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.12.2017
1667
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі