Материалдар / ӘЛЕМДІК СПОРТ ОЙЫНЫ - «ФУТБОЛ ТАРИХЫ»

ӘЛЕМДІК СПОРТ ОЙЫНЫ - «ФУТБОЛ ТАРИХЫ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұңғыш Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсеткендей, Футбол — (ағылш. foot — аяқ, ball — доп) спорттың командалық ойын түрі. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2021
410
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1

Picture 1

Нұр – Сұлтан қаласы

Ж.Жабаев атындағы

4 мектеп – гимназиясының

дене шынықтыру пәні мұғалімі

Акжанов Батырбек Акынгазыевич



ФУТБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ ТАРИХЫ

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті.

Футбол — (ағылш. foot — аяқ, ball — доп) спорттың командалық ойын түрі. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады.

Әр командада максималды 11 ойыншы (қосалқы ойыншыларды санамағанда), оның біреуі - қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды.[6]. Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді.

Бір ойынның аты - матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар

Ойын мақсаты - команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады.

Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей гол салса - тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан екі тайм) берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса - матчтен кейінгі пенальти жүптары өткізіледі

Ойын ұзындығы 100-110 м, ені 64-75 метрлік тіктөртбұрышты алаңда өткізіледі. Биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7 м 32 см-лік қақпасы бар. Қақпаның сыртына тор керіледі. Футбол добының салмағы 396-453 г, диаметрі 68-71 см

Бұл спорт түрін сүймейтін халық жоқ шығар. Қазақ жерінде де футбол ойыны  қарқынды түрде дамып, көптеген адамдардың сүйікті спорт түрі болып, түрлі кездесулердегі, той-жиындардағы талқылаулардың басты тақырыптардың біріне айналды. Бірақ, бұл спорттың еліміздегі даму тарихын көптеген адамдар біле бермейді. Сондықтан, біз бүгін қазақ спортының даму тарихы жөнінде әңгіме өрбітеміз.

 1913-16 жылдар аралығында Семей қаласында “Ласточка”, “Ярыш”,“Орлята” мен “Олимп” атты футбол командалары құрылады. Кейбір деректерге сүйенетін болсақ, футболды қазақ жеріне ағылшын саудагері әкелген. Мұхтар Әуезов “Ярыш” командасының құрамында өнер көрсеткен деген деректер де бар. “Ярыштың” құрамында Әуезовпен бірге Кәрімов, Мұхаммедов, Хисматуллин, Рыспаев, Сайдашев, Нигматуллин, Сыздықов, Ғаббасов, Құрманов, Ямбушев пен Ахмедшин сынды қазақ футболының негізін қалаушылар доп теуіп, бұл спорт түрінің елімізде дамуына өз үлестерін қосқан.

1913 жылы жас Мұхтар ойнаған еліміздегі алғашқы футбол командасы 

Евгений Один футбол жылнамашысының деректеріне сүйенсек, “Ярыш” халықаралық сахнада өнер көрсеткен алғашқы қазақ командасы еді. Футбол ойыны күннен -күнге дамып, халықтың сүйікті спорт түрлерінің біріне айналған. Осылайша, бұл ойын Павлодар қаласына да жеткен. Павлодарда 1915-16 жылдары “Ястреб” және “Звездочка” командалары құрылып, олар көршілес жатқан губернияларының командаларымен бақ сынасып, бірнеше рет жеңіске жеткен болатын. Бұл кездесулердің нәтижесінде футбол ойыны Орта Азия мен Сібірге таралып кетеді. 1928 жылы Петропавлда Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының губерниялары арасында алғаш рет ресми түрде жарыс ұйымдастырылады. Жарысқа қатысқан футболшылар ішінен қазақ тарихындағы алғашқы футбол құрамасы ұйымдастырылып, осы ұжым I Бүкілодақтық жұмысшылар спартакиадасының іріктеу ойындарында өнер көрсеткен. Осы жарыс аясында қазақ құрамасы бес кездесу өткізіп, ұпайлар саны бойынша екінші орынға ие болған. 1937 жылы қазақ командасы тұңғыш рет кәсіпқой клубтар арасынан КСРО чемпионатына қатысып, Кеңес Одағының III Чемпионатында алматылық «Динамо» командасы үшінші орынды еншілеген болатын. 1948 жылы спорттық ұжымдар арасынан алғашқы Қазақстан Кубогі турнирі ұйымдастырылған еді. Бәсекелестерінен басым болып шыққан қарағандылық «Динамо» командасы тамаша өнер көрсетіп, ақтық сында жеңіске жетіп, Қазақстан Кубогін қоржындарына салған. 1951 жылы  Кеңес үкіметі «ВЦСПС Кубогі» атты жарыс ұйымдастырып, бұл додада бүкіл Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен келген ондаған командалар өнер көрсеткен. Қазақ футболы халықаралық деңгейге шыққан кез 1957 жылға тап келген. Осы жылы алматылық «Қайрат» командасы Финлядияның «Вааса» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, нәтижесінде қарсыласын 4:0 есебімен тізе бүктірген. Екі жылдан кейін Қазақ КСР футбол федерациясы өз жұмысына кірісе бастады. 1968 жылы қазақ футбол тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі орын алды.

Негізгі факторлары  

Өмір көрсеткендей ешқандай ойын, егерде жақсы ойыншылары болмаса нәтиже бермейді.

Футболшы көптеген қажетті қасиеттерге ие болуы керек. Футболдағы әр ойыншы доп алып жүру, дәл пас, қақпаға допты тура бағыттай білуі керек. Осылармен бірге ол бүкіл ойын бойы түсетін ауыртпалыққа шыдай білуі керек. Футболда басты, маңызды ол ойыншылардың өз денесі мен допты игеруі.

Міне осыларға байланысты ойыншы, егерде жарыстарда жақсы жетістіктерге жеткісі келсе, өзінің дайындығына басты назар аударуы керек. Ал осындай дайындық өзіне жоғары физикалық дайындықты, әр түрлі техникалық ойды қажет етеді. Осындай дайындықтың әр бір бөлігі бір бүтіндей болуы керек.

Физикалық дайындық ол физикалық жұмыс жасау қабілеті немесе футболшының физикалық жағдайы немесе күш, ептілік, икемділік, жылдамдық және шыдамдылық секілді физикалық қасиеттердің жиынтығы.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ