«Әлемнің
сегізінші кереметі»
Бәрімізге
мәлім әлемде 7 керемет бар.Мен әлемдегі сегізінші
кереметті ұсынбақшымын.Ол Оңтүстік Қазақстан облысы,Түркістан
қаласында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.Себебі Ахмет
Яссауиғимараты-орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші.Ол
ХІІ ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны,
софизмді уағыздаушы.
Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған.
Халық аңыздарына Түркістандағы Әулиенің аруағын атақты
қолбасшы,бүкіл Шығысты тітіреткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап
өткені айтылады.Оның әмірімен Ахмет Яссауи қайтыс болғаннан кейін
екі жүз жыл кейін қырап бітуге таянған кішкене ғана мазардың
орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші
орнатылды.АхметЯссауикесенесі коптеген оқулықтарда жарық көрген.
Құнды деректер жазып қалдырған. Айта кететін болсақ Темірдің әмірін
Зафарнама“Жеңіс кітабы”
авторы Шараф – ад Дин Әли Мазди
растайды.Ескерткіштің салынуын оның Ахмет Яссауидің қабырына зиярат
етіп қайтқан 1397 жылдың аяғындағы оқиғалар мен
байланыстырады.“Жеңістер кітабында”
Темір,сол жылы Яссыда болған кезінде, мұнда өзіне
қарайтын елдердің тегінде Ахмет Яссауидың атына лайық зәулім
ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді.Ол ислам дінінің
даңқын асыруда, оның кең таралуына, аса үлкен өлкені басқаруды
жеңілдетуге тиіс болған.XIV ғасырдың аяғында бүл күмбез біткен соң
Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы
қол қойып бекіткен. Дегенмен,қазандықтың ішкі істерін біріндегі
һалқаға жазылған 1394-1395 жылдар Темірдің өзі белгілеп
берген.
Бүл
ғимарат басқа бөліктерінің кіндігі.Темір үйдің ішкі сәні мен
салтанаты қалай бояуы керектігінде айтқан “Қолхаты”
жазылған. “Қолхатта”
Әмір Темір Көрегендікпен жаңа біткен ғимарат
туралы ешқашан да, қандай болған жағдайда сатуға, жекеменшік
секілді ұрпақтан – ұрпаққа уақытша немесе түбегейлі біреуге беруге
болмайтынын қатты ескерткен. Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі
маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған жазудан мынандай
сөздерді оқуға болады: Бүл әулие мекен алла тағаланың рахымы жауған
падиша Әмір Темір Көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды...Алла
Тағала оның әмірін ғасырлар жасауына нәсіп етсін!
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі талай ғасырдан бері
мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді.Оны бүкіл қазақ жұрты,
түркі әлемі ерекше қасиет тұтады. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі –
түркі әлемінің рухани орталығы.
Қорық – мұражай алып жатқан жердің жалпы көлемі
90 га. Қорық – мұражай Қожа Ахмет Яссауи кесенесі бірге. Үлкен
қылует (жерасты мешіт,ХІІ ғ) Сегіз қырлы кесене (XIV –XVI ғ )
Ұлықбектің қызы,Әбілқайыр ханның зайыбы Рабиға Сұлтан Бейім
кесенесі (XV ғ),Шығыс моншасы (XVI – XVII ғ ),баспалдақтармен
жалғасып жатады.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – аса үлкен порталды –
күмбезді құрылыс, оның ені – 46,5 метр, ұзындығы - 65 метр. Оның
орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме
салынған. Жамағат хана күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі
ғимараттың биіктігі – 37,5 метр.Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы –
1,8-2 метр, қазандық қабырғаларының қалыңдығы – 3 метр. Келген адам
орталық залға бас порталдың сәнді есігі арқылы кіреді.Қазандық
Қазақстан мен Орта Азиядағы кірпіштен өрген күмбездердің ішіндегі
ең үлкені , диаметрі 18,3 метрлік күмбезбен
көмкерілген.
Бүл
бөлмеден өткен соң оюмен өрнектелген ағаш есік арқылы Қожа Ахмет
Яссауи мүрдесі жатқан бөлмеге кіруге болады. Онда Қожа АхметЯссауи
мүрдесі жатқан бөлмеге кіруге болады. Онда Қожа АхметЯссауидің
сағана – құлпытасы орнатылған. Ғасырдан бастап кесененің жекеленген
бөлмелеріне әйгілі адамдардың сүйектері қойыла бастады. Онда
Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Әмір Темірдің шөбересі Бабыр
хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр тағы басқа белгілі
адамдар жерленген.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ғимаратының
құрылымындағы тағы бір ерекшелік – Тайқазан. Тайқазан 1399 жылы
Яссы қаласынан 25 шақырымқашықтықтаорналасқанҚарнақелді – мекенінде
құйылған. Оның биіктігі 158,3, ернеуінің диаметрі 243,4см.Қазанның
салмағы екі тонна, сыйымдылығы 3000 литр.Қожа Ахмет Яссауи
кесенесіне Темірдің тапсырысы мен 1399 жылы 25 маусымда
құйылған.Бір кездері тайқазанға дәмі келтірілген.су құйылып,жұма
намаздан соң кесенеге келгендерге таратылған екен.Тайқазан
бетіндегі жазулар үш бөліктен тұрады.Жоғары бөлігінде кіріспе
сөзбен басталатын Құран Кәрімнің 9- сүресін үзінді берілген,одан
кейін Пайғамбар хадисімен жалғасқан, одан соң қазанды кім жасатқаны
және жасалған жылы көрсетілген.Екінші белдеуді қазанның он құлағы
мен он өрнекті томпағы жиырма картушқаболеді.Қатар орналасқан екі
картушта шебердің өз аты – жөні жазылған. Үшінші қатарда 22 рет
қайталанған Құдайдың құдіреті жайлы ескерту
жазылған.
Қасіетті Түркістан қаласының исі қазаққа,бүкіл
түркі жұртына рухани Астана болуы Машайыхтар Ұлығы – Әзірет Сұлтан
бабамыздың шарапаты. Қазақ халқының рухани бір тұтастығының символы
Қожа Ахмет Яссауи екендігін “Ясауидің ұстазы Арыстанбабтың Отырардағы кесенесі
мен Қожа Ахмет Яссауидің Түркістандағы кесенелері – қазақтардың
ұлттық руханиятының аса маңызды
орталықтары” деген Елбасымыз Н Назарбаевтың сөздерінен айқын
көреміз.Ата жолын ардақтаған әулие аталарымыз да
“Хақ
Расулдың сүннетін Қожа Ахметтің міндетін – өшіре көрме
жүректен!”-
деп бізге аманаттайды.Кесене ЮНЕСКО – ның Қызыл
кітабына енгізілген.Мен осы олкенің азаматы
болғанымды мақтан тұтамын, себебі бұл өлкенің ашылмаған
ғажайыптарымен кереметтері сансыз деп
ойлаймын.
Халықаралық “Әлемнің жаңа
кереметі” байқауына сұраныс
|
№
|
Аты-жөні
|
Жетекшісі
|
Мекен-жайы,телефоны
|
Байқау
атауы
|
|
1
|
Эргаштаев
Шахзод
|
Сайдалиева
Гузал
|
Оңтүстік Қазақстан
облысы,Сайрам ауданы СРахимов
ЖОМ
|
“Әлемнің сегізінші
кереметі”
|